Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогика университеті
Рефарат
СӨЖ
Тақырыбы:
“Үңгір аллегориясы:қазіргі оқылу”
Орындаған:Жоланова Ақмоншақ
ПиП 2курс олигофренапедагогика
28.09.2021
Жоспар:
I.Кіріспе:Аллегория жайлы жалпы түсінік.
II.Негізгі бөлім:
1)Филасофиядағы объективтік идеялизімнің көрнекті өкілі-Платон
2)Үңгір аллегориясы
III. Қорытынды
“Үңгір аллегориясы:қазіргі оқылу”
Аллегория-дерексіз нәрселерді деректі түрінде суреттеу,яғни көзге көрінбейтінді бейнелер арқылы беру.Аллегория көрерменнің не оқырманның санасына,қиялына ерекше әсер ететіндей,образ жасаудың бейнелеуіш құралы,көркемдік тәсіл.
Платонның ағарту туралы ең танымал метафорасы болып табылатын Үңгірлер аллегориясы - VII ғасырдағы грек пәлсапашысы Платонның « The Republic » туындысы, б.з.д. 517 жылы жазылған әңгіме. Платоның ең әйгілі оқиғасы. Платон шамамен б.д.д 427 жылы Афинаның маңында, ақсүйектер отбасында дүниеге келді. Ол демократиялық үкіметті сынға алды, «кеме-мемлекетті» басқару үшін мықты билік керек деген саяси көзқарас ұстанды. Шамасы, осының бәрін Платон ақсүйек тегінен шыққандықтан емес, аянышты халге түскен және қираған демократиялық үкіметтің тұсында өмір сүруге тура келгенінен пайымдаған болар. Бізге жеткен деректер бойынша, Платон мығым азамат болған. Ол Пелопоннес соғысының соңғы бірнеше майданында шайқасқа түскен сияқты. Ол әуелі поэзияға, сурет өнеріне, әдебиетке құмар болды, бірақ уақыт өте оның шығармашылыққа ұмтылысы басылып қалды.
Платон бізді қоршаған заттардың мәнін солар туралы терең ойлағанда, соларды өзіміздің ақыл-ойымызбен игергенде ғана түсінетінімізге сенімді болды. Бұл біршама қиын шаруа және аз ғана уақыт ішінде жузеге асыру мүмкін емес. Платон нақты дүние біздің қабылдауымыз бен түсінуімізден сыртқары жатқанын көрсеткісі келді. Платонның ойынша, адамдардың басым көпшілігіне қоршаған ортаны алғашқы сәтте қалай байқаса, сол күйінде қабылдау дағдысы тән. Платон мұны қанағат тұтпады. Ол қарапайым адамның әдеті саналатын қандай да бір объектінің сыртқы қасиеттерін бейқам да үсгірт қабылдау дағдысы мен философтың әдісі саналатын нақты дүниенің мәні туралы терең пайымдау дағдысы арасындағы айырмашылықтарды көрсетуге ұмтылды. Үңгірдегі Аллегорияда әділ және интеллектуалды рухқа жету мен қолдаудың қиындықтарын түсіндіру үшін қараңғыда ұсталған тұтқындардың метафорасы қолданылады. Платон хикаяны баяндады. Кейде ол «игі өтірік» деп көрсетіледі. Бұл - осы хикая қоспасыз шындық емес, бірақ жағдайдың қалай болғанын көрсетеді деген сөз. «Үңгір аллегориясы» деген осы.Платон адамдардың көбі үңгірдегі адамдарға ұқсайтынын айтады. Олар үңгірдің артқы қабырғасына қарайды. Адамдардың артында аласа қабырға бар. Заттардың бәрі соны жағалай орналасқан. Осы аласа қабырғаның арғы жағында от жанып тұр. Үңгір қабырғасына қарсы отырған адамдар не көреді? Олар үңгірдің артқы қабырғасына осы заттардан түскен көлеңкені көреді. Бірақ бұлай емес қой. Заттардың қандай екенін көру үшін адам күн сәулесі түсіп тұрған жерге шығуға тиіс. Бірақ біздің жарыққа шыққымыз келе ме? Адамдардың көбі үңгірде отыра беруге үйреніп алған. Олар сыртқа шығуға қорқады. Өздеріне салсаңыз, олар аса жайлы жерде отыр. Оларға нақты дүниенің сыртқы белгілері жеткілікті.
Қорытындылай келе олар заттарды шынайы күйінде көргісі келмейді. Олар көздеріне күн сәулесінің шағылысқанын қаламайды. Нақты дүниенің сыртқы белгілерін қабылдау мен олардың шынайы мәнін саналы түрде үғыну үшін өмірін сарп етуге дайын философтар ғана - тіпті өздері алғашқыда елестеткендей болмаса да, жарқыраған күн астында әлемді өз бейнесінде көретін адамдар.
Достарыңызбен бөлісу: |