Педагогика кафедрасы



бет1/4
Дата04.02.2023
өлшемі1,45 Mb.
#65124
  1   2   3   4
Байланысты:
Улттык тарбие. Лекция 1


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫ
ПЕДАГОГИКА КАФЕДРАСЫ
Алматы, 2023
Магистр, оқытушы Жекеева Аққалам Есимбекқызы
№ 1 ДӘРІС
Ұлттық тәрбие пәнінің мақсаты мен өзектілігі. Болашақ мамандардың ұлттық өзіндік санасы құрылымындағы «Ұлттық тәрбие» пәнінің нәтижесі
ДӘРІС ЖОСПАРЫ
1. Ұлттық тәрбие. Ұлттық тәлімдік мұраттың мінездемесі.
2. Қазақстанның қазіргі әлеуметтік жағдайында келешек маманның ұлттық тәрбиесінің мәні, мақсаты мен міндеттері. Ұлттық тәрбиенің көкейкесті мәселелері.
3. Болашақ мамандардың ұлттық өзіндік санасы құрылымындағы «Ұлттық тәрбие» пәнінің нәтижесі. «Ұлттық тәрбие» пәнінің өзекті міндеті ретінде қазіргі заман жастарының ұлттық өзіндік санасы, тәрбиесіндегі, жаңа қазақстандық патриотизм, азаматтық пен әлеуметтік жауапкершіліктің қажетті шарттары.
«Ұлттық тәрбие» пәнінің мақсаты мен өзектілігі.
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті жариялаған стратегиялық ұлттық жобаларында және Жолдауларында студент жастарға, тұтас Қазақстан халықтарына ұлттық тәрбие берудің мақсаты мен міндеттерін анықтағанын дәлелдейді.
Материалдар мәліметтерінен, «Ұлттық тәрбие» пәнінің мақсаты:
ұлттық сана-сезімнің, ұлттық рухтың, патриотизм рухының, тарихи сана мен әлеуметтік жадының, кәсібилік пен бәсекеге қабілеттілік рухының жоғары даму деңгейі,
Қазақстан халқының тәуелсіздігін, қауіпсіздігін, тұрақтылығын, дамуы мен тұрмысын жақсарту жөніндегі белсенді де шешімді іс-қимылдарға дайын болатын,
ұлттық мәдениеттің рухани құндылықтарын дамытып сақтауға жауапты,
өзге мәдениеттер өкілдерімен сындарлы келісім құруға дайын мамандардың жаңа буынын, қоғамның әлеуметтік белсенді мүшелерін тәрбиелеу екені айқындалды.
3. Болашақ мамандарда (ұлттық қатыстылығына қарамастан) Қазақстан халқы тарихы мен тағдырының дамуының басты қозғаушы тетігі ретіндегі, халық рухы күшті болған сайын оның мемлекеттілігінің болашағы да жоғары деген біріктіруші және нығайтушы негіздер ретінде ұлт рухын, бірігу рухын қалыптастыру, нығайтып дамыту.
4. Студенттерде (ұлттық қатыстылығына қарамастан) қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде, қазақ халқының, қазақ жерінде тұратын барлық халықтар мен ұлыстардың ұлттық сана-сезімінің базалық руханилығы мен бірігуінің өзегі ретінде, тұтастай алғандағы ұлт рухын дамыту негізі ретінде белсенді түрде үйренуге дайын болуды қалыптастыру.
5. Студенттерде (ұлттық қатыстылығына қарамастан) бірге өмір сүріп жатқан халықтар мен ұлыстардың салт-дәстүріне, ұлттық мәдениеті мен тарихына қазақ халқының озық дәстүрлері негізінде (қонақжайлылық, барлық адамдарға қамқорлық, төзімділік) құрметпен қарауды қалыптастыру.
1. Болашақ мамандарға (ұлттық қатыстылығына қарамастан) негізгі құрамдас бөліктері тарих, тіл, салт-дәстүр, өзіндік ерекшелік болып табылатын, әлем мәдениетінің табиғи бөлігі ретіндегі қазақ халқының ұлттық мәдениетіне терең ену арқылы ұлттық сана-сезім мен ұлттық рухты, сонымен бірге қазақ халқының ұлттық мүдделерін, ұлттық құндылықтары мен құнды бағдарларын ұғынып қабылдауды қалыптастыру.
2. Мемлекет құраушы ұлт студенттерінде жеке ұлттық негіздерді, өз халқының қалыптасу мен даму тарихын ұғына білуді оның өткенімен, бүгінімен және болашағымен бірлікте және өзара байланыста ұлттық рух, жеңіс рухы, патриотизм рухы, тарихи сана мен әлеуметтік жады негіздері ретінде қалыптастыру.
Осы мақсатқа сәйкес қазіргі заман жағдайында болашақ мамандарға ұлттық тәрбие берудің негізгі міндеттері төмендегілер болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет