Реферат Орындаған: Қабылдаған: Топ: ип-21- 6к2 Отбасы және қазіргі заман Отбасы



бет1/2
Дата28.04.2023
өлшемі27,15 Kb.
#87902
түріРеферат
  1   2

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ
ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемелекеттік университеті




<Есептеу техникасы және бағдарламамен қамтамасыз ету>

Реферат

Орындаған:


Қабылдаған:
Топ:ИП-21- 6к2

Отбасы және қазіргі заман
Отбасы - белгілі бір әлеуметтік нормалар, санкциялар, мінез-құлық, ерлі-зайыптылар, ата-аналар мен балалар арасындағы қарым-қатынастарды реттеушілікпен сипатталатын әлеуметтік институт болып табылады. Сонымен қатар отбасы - некеге немесе қаны бір туыстыққа негізделінген, ал оның мүшелері тұрмыстың ортақтығымен, өзара жауапкершілікпен және өзара көмек көрсетумен байланысқан шағын топ.
Отбасы некеге қарағанда күрделі жүйе, себебі ол жұбайларды ғана емес, олардың балаларын, басқа туыстарын да біріктіреді. Оның тұрақтылығы мен беріктігі де әр кезде өзгеріп отырады.Отбасының мемлекеттің бір бөлшегі ретінде жеке адамның ие болуында алатын орны орасан зор. Сондықтан отбасы қазіргі кезеңде де, кейінгі ұрпақта да жас жұбайлардың некелік өмірін қалыптастырудың, дүниеге бала әкеліп тәрбиелеудің, адамгершіліктің материалдық қажеттіліктің ұрпақтан-ұрпаққа берілу ортасы болып қалады. 
Отбасы құрылымы және оның іштей ұйымдастырылуы
көптеген факторларға байланысты. Отбасы құрылымы, ең алдымен, ерлі зайыптылардың типіне (яғни, үлгілі түріне) байланысты болады. Тарихта ерлі- зайыптылықтың моногамдық (біркелкілік) және полимамдық (көпнекелік) түрлері болған. 
Отбасының рөлдік қызметі, ондағы жеке мүшелердің белгілі бір қоғамдағы ереже – нұсқауларға, әдет ғұрыптарға, т.б. негізделген өзара іс-әрекет, қатынастардың жиынтығын айтады. Әдет – ғұрып, салт бойынша отбасында әйел адам үй шаруашылығын жүргізу, бала табу және баланы тәрбиелеу қызметін атқарса, ер адам үй және шаруашылық иесі, отбасының тұрақты тіршілігін экономикалық тұрғыдан қамтамасыз етеді. Сөйсе де еркек пен әйел функциялары өзгеріп отыруы мүмкін. Бүгінгі күні көптеген әйел адамдар өндірісте жұмыс істейді және жалпы отбасылық шешімді қабылдауға қатынасады. Мұның өзі отбасының атқартын қызметінің барлық жағына әсерін тигізеді, әсіресе, демографиялық (туу) тәртібіне зор ықпалын тигізіп, жаңа сәбилердің дүниеге келуін азайтты, некелік айырылысу көбейіп кетті.
Отбасының құрылымы былайша анықталады:
1) оның мүшелері арысындағы қарым-қатынастар жиынтығы;
2) рухани, ізгіліктілік қарым-қатынастар жүйесі;
Туыстық құрылым бойынша отбасы былайша бөлінеді:
3) нуклеарлы отбасы (балалары бар ерлі-зайыпты жұп);
4) кеңейтілген отбасы (балалары бар отбасы және отбасымен бірге күйеуінің не әйеленің туысы тұрады).
Жұбайлар арасында билікті бөлу құрылымы бойынша келесі
отбасыларды бөлуге болады:
1) эгалитарлы –тең құқықтылыққа негізделген;
2) авторитарлы- басты шешімді күйеуі (әйелі) қабылдайды.
Балалар саны бойынша – көп балалы, балалар саны орташа, аз
балалы, баласы жоқ отбасы болып бөлінеді.
Үй міндеттерін бөлу сипаты бойынша — дәстүрлі отбасы (міндеттерді көбінесе әйелі атқарады) және ұжымдық отбасы (міндеттер бірлесіп не кезекпен атқарылады) болып бөлінеді.
Отбасының қызметi функциясы-оның белсендiлiгiн көрсету
құралы. Барлық қоғамда отбасы өз мiндетiн орындайды: халық санын ұдайы өсiру, бұған физикалық (бала туу) және адамның отбасыда рухани- адамгершiлiктi ұдайы өндiру; Шаруашылық–тұрмыстық. Отбасының шаруа­шылық-тұрмыстық мiндетi жеке қосалқы шаруашылығымен, бау бақшасымен, отбасы мүшелерiнiң өз-өзiне қызмет етуiмен, тұрғын жайдағы санитарлық-гигиеналық тазалық, отбасы бюджетiн сақтаумен көрсетiледi; Тәрбие. Отбасының әлеуметтiк тәрбиелiк мiндетi ата- аналардың балаларға рухани – адамгершiлiк, саяси, әдептi тәрбие берумен айқындалады; Бос уақытты пайдалану мен ұйымдастыру. Оның мақсаты - отбасы мүшелерiнiң таланттарын, мұмкiндiктерiн жемiстi ету, рухани байлықтарын белсендi демалуға пайдалану.Әйелдiк қасиеттерге мейiрiмдiлiк, жұмсақтық, сезiмнiң әсемдiгi мен нәзiктiгi, аналық қамқорлығы, балаға ғана емес үлкендерге де, оқығандығы-тәрбиелiлiгi, берiлгендiгi, ұнемi ерiн моральдық жағынан демеп отыруға дайын болуы, ерiнiң бойына өзiне деген сенiмiн арттыру, өзiнiң және ерiнiң қасиетiне мәпелеп қарау.
Ерлерге тән қасиеттер деп мыналар болып танылады:
оқығандығы-тәрбиелiлiгi, әйелге (қызына, қарындас-аналарына) көмекке әрдайым дайын болуы, оларға физикалық және моральдық жағынан кеңпейлімен көомек көрету, жинақылық, салауаттылық, тұрақтылық, парасатты ой, өзiне сенiмдiлiк, мақсатқа ұмтылушылық т.б.
Отбасының тиiмдi және экономикалық іс әрекеті қоғам
өмiрiмен тығыз байланысты, сондықтан да мемлекет немқұрайлы қарап отырмайды. Егер ұзақ уақыт бала тәрбиесiне мемлекет онша қатысты болмаса, қазiр ол мемлекеттiк және отбасылық iс боп саналады. Отбасы балаға адамдар арасында өмiр сүруге үйретедi, оған белгiлi саяси-идеялық көзқарастарды, әлемдi танушылықты, адамгершiлiк нормалар мен ережелердi егедi. Бала отбасыда адамгершiлiк нормаларымен танысады, үйренедi. Осында балада мінез құлық қалыптасады, жеке адамгершiлiк- психологиялық жақтары қалыптасады.
Отбасы көптеген қоғамдық ғылымдардың: әлеуметтанудың, құқықтанудың, этнографияның психологияның, демографияның ерттеу обьектісі болып саналады.
Отбасы әлеуметтануы екі бағытта дамып келеді. Оның бірінші бағыты бойынша отбасының тарихы зерттеледі, екінші бағыт әлеуметтік институт ретіндегі қазіргі отбасының қалпын және шағын әлеуметтік топ ретіндегі жағдайын зерттейді .
Әлеуметтану отбасының функциялары, отбасы саласындағы келеңсіз құбылыстарға (ажырасу санының артуы, жалғыз бастылардың санының өсуі) талдау жасауға да үлкен көңіл аударады.
Отбасының локалдануы - бұл тек туыстық қарым-қатынастармен шектеліп қалмай туыстардың бірлесе өмір сүретіндігін де мойындайды , сондықтан олардың тұрмысында ортақ элементтердің болуы, отбасымүшелерінің экономикалық өзара көмек көрсетуі ұнемі ұшырасып тұрады. Отбасының құрылымы - бұл оның негізгі элементтерінің тұтастығын қамтамасыз ету тәсілі болып саналады.
Қазiргi кезде отбасыны әлеуметтiк-таптық белгiсiне – жұмысшы отбасыны, ауыл-шаруашылық қызметкерлерiнiң (фермер, кооператор, арендатор) отбасысы; екiншiден, қалалық, ауылдық (орналасу тұрiне қарай); ұшiншiден бiр ұлтты, ұлтаралық (ұлттық белгiсiне), төртiншiден, өмiр сүру кезеңiнде (жас отбасы, бала кұтiп отырған отбасы, орта жастағылар отбасысы, үлкен жастағылар отбасысы, қарттық жастағылар отбасысы т.б.); отбасы мүшелерiнiң санына қарай (баласыз отбасы, аз балалы, көп балалы отбасы т.б.) сипатталады.
Егер отбасының ұш тұрiнiң (әлеуметтiк-таптық белгiсiне, орналасу тұрiне, ұлттық белгiсiне) сипаты қарапайым болса, өмiр сүру кезеңi мен сандық құрамына байланысты түрлерi көп айырмашылыққа ие.
Жас жұбайлар отбасы. Бұл ендi ғана пайда болған отбасы.
Жас отбасы. Бұл көтпеген кедергiлерде (отбасылық) жұбайлық өмiрде кездестiрген олардың әрқайсысы өмiрде тек бiр махаббаттың аз екендiгiн тұсiнген отбасы.
Бала кұтiп отырған отбасы. Бұл кезеңде әйелдiң өзгеруi байқалады, болашақ әке де өзгерiстер болады. Бiр-бiрiне шектен тыс қамқорлық пайда болады. Мұндай қатынас болашақ ана мен балаға екi есе керек.
Жұбайлық өмiрдiң орта жасындағы отбасы (ұш жылдан он жылға дейiнгi бiрге өмiр сүргендер). Бұл кезең бұл отбасылар ұшiн жауапты да қиын кезең. Нелiктен? өйткенi тап осы кезеңде жұбайлық өмiрiне пыстырады, өзара қатынастағы бiрқалыптылық жалағастырады. Дау-жанжалдар туа бастайды, осы кезеңге отбасының ажырауы, бұзылуы тап келедi. Жұбайлық өмiрдiң үлкен жасындағы отбасы (он-жиырма жылдық бiрге өмiр сүргендер). Мұндай отбасылардағы ерлi - зайыптылардың моральды - психологиялық ахуалының сәттi болуы – көбiне олардың адамгершiлiк қасиеттерiнiң байлығына, өзара көнбiстiгiне, қажеттiлiктерi мен мұдделерiнiң сай келуiне байланысты.
Жұбайлық өмiрдiң қарттық жасындағы отбасы. Бұлар бiрнеше он жылдар бiрге өмiр сүргендер. Уақыттың екi қанаты бар: бiрi-қуанышыңды әкетедi, екiншiсi-көз жасыңда сүртедi, құрғатады. Мұндай жағдай олардың балалары некеге тұрып, немерелерiнiң пайда болуымен пайда болады. Ерлi-зайыптылар өмiрдiң жаңа кезеңiн бастайды, бiрi-ата, екiншiсi-әже болады, отбасыда жаңа мiндеттер қалыптасады.
Отбасының белгiлi бiр бөлiгi баласыз, аз балалы, көп балалы отбасыны құрайды.
Баласыз отбасы-мұнда он жылға дейiн бiрге тұрып бала болмағандар жатады. Мұндай отбасылардың әрбiр ұшiншiсi ерлер тарапының талабымен ажырасады.
1.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет