Реферат Пәні: Қазақстан тарихы



бет1/2
Дата11.12.2023
өлшемі45,68 Kb.
#137660
түріРеферат
  1   2

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
Махамбет Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан университеті
Шет тілі кафедрасы
Реферат
Пәні: Қазақстан тарихы
Тақырыбы: Түркі халықтарының мәдениеті. Орта ғасырдағы ғылым мен білімнің дамуы: Әбу Насыр Әл-Фараби, Юсуф Баласағұни, Махмуд Қашқари, Қожа Ахмет Яссауи т.б ғалымдардың мұраларының әлемдік мәдениеттегі маңызы

Орындаған: ИЯ-17 тобы студенті Туякова А.Е


Тексерген: Оқытушы, магистр Ғұбай А.С

Мазмұны
Кіріспе.........................................................................................................................3 б
I тарау. Түркі халықтарының мәдениеті
1.1.Ортағасырдағы жазу мен білімнің дамуы…………………………….…....4-5 б
1.2.Әбу Насыр Әл-Фараби……………………………………...……………...…...6б
1.3.Жүсіп Баласұғұни……………………………………….………………………7б
II тарау. Ортағасырлық ғалымдар
2.1.Құтты білік…………………………………………………...………………….8б
2.2.Махмұд аль-Қашқари ………………………………………………….……9-11б
2.3.Қожа Ахмет Ясауи……........……………………………………………….12-16б
Қорытынды...............................................................................................................17б
Пайдаланылған әдебиеттер......................................................................................18б

Кіріспе
Түркілер мәдениеті ежелгі түркі елінің қалыптастырған мәдениет түрі болып табылады. Тарихы сонау VI ғасырдан бастау алып, Орта Азия жерінде тарала бастаған бұл мәдениет-қазіргі тарих сахнасына ерен рөл ойнады. Халықтың іргесін қалап, болмысын қалыптастырды.


Түркі елі-Алтай тауларынан Шығыс Монғолияға дейін созылған аймақта өмір сүрген тайпалық одақ. Қазіргі таңда көне түркі ұрпақтары жер жүзінде көптеп кездеседі. Олардың құрамының басым көпшілігін түріктер,өзбектер,қазақтар құрайды. Бұл халықтар өздерін ежелгі ұлы түркілердің ұрпағымыздеп санайды. Түркілердің қазіргі таңдағы ұрпақтары Еуропа елдерінде де белгілі бір дәрежеде кездестіруге болады. Бұдан біз ежелгі түркі тамырының тереңге және кеңге бойлағанын байқаймыз.
Тарихы бір болғандықтан болса керек, тамыры түркілерден бастау алған ұлттардың ұқсастықтары да көптеп кездеседі. Барлығы да түркі атауымен тығыз байланысты елдердің діні,ділі тіпті тілдері де ұқсас келеді. Өздерінің ұқсастықтарынан тыс, түркі халқының ұрпақтары бейбітшілігімен, мәдениетімен ерекшеленеді. Олардың байсалдылығы мен батылдылығы басқа ұлт өкілдерінен ерек әрі өзгеше.
Түркі өркениеті оңтүстік және солтүстік екі бөлікке бөлінеді.Оңтүстігін Ұйғыр, Өзбек мәдениеттері құраса, солтүстік бөлігін қазақ, қырғыз басқа да Орта Азия халықтары құрайды.Солтүстік бөлігі өркениеттің негізгі тірегі болса, оңтүстік бөлігі сол мәдениеттің жетілдірушісі болып табылды. Екі бөлінгенімен ұқсастықтар көп болды. Мысалы: тұрмыстық заттарында, аспаптарында,өмір сүру үлгісінде бірдей тұстары кездесіп жатады. Тіпті Түркі мемлекеттерінің туларында да ұқсастықтары аз емес [1].

3
I тарау. Түркі халықтарының мәдениеті


1.1. Ортағасырдағы жазу мен білімнің дамуы
Түріктердегі жазбаның болғандығы алғашқы болып Қытай деректерінде айтылады. Одан тыс Еуропа мен Азия ғалымдарыда көне түркі халқында жазу өнерінің болғандығын мойындағандай. Әрине, барша дүниежүзі тарихта болды деп мойындау үшін айнымас дәлелдер керек екені анық. Олардың бірі Моңғолияның солтүстігінде Орхон өзенінен табылған көне түркі жазбаларының ескерткіштері - стелалар, яғни тас плиталар. Көне түркі халқының тағы бір ауыз толтырып айтар ескерткіштері, ел билеген қаған мен батыр Білге - қаған және Күл -Тегіннің құрметіне тұрғызылған ең ірі руна жазуы бар ескерткіштері.
Көне түркілерден бері келе, тарихта даму сатысында болған ғылым салалары да көп. Әдебиет және ғылым: жазудың пайда болуымен бірге Моңғолияның және Енисейдің әдеби жанрлары, руникалық мәтіндері - тарихи құжаттар ғана емес, көрнекті әдеби шығармалар да дамиды. Бұл ғылым салалары тек халықтың мәдениетінің қалыптасуына ғана емес, тілдер мен адам санасының дамуынада әсер етті. Исламды таратумен араб тілі кеңінен қолданылады,онда әдеби және ғылыми шығармалар жасалады. Бұлар біз мәдениет пен тілдің бірге тармақтаса қалыптасқанын байқаймыз.
Жазу мен ғылымның дамуы. VI-VIII ғасырларда түрік қағанатына бағынған Орталық және Орта Азияның түркі тілдес халықтары, сондай-ақ Хазар қағанатын құрған төменгі Еділ бойының, Дон жағалауы мен Солтүстік Кавказдың түрік тайпалары өздерінің жеке жазуларын қолданды. Жазу негізінен әкімшілік және елшілік тәжірибелеріне қатысты, сондай-ақ мемлекеттік актілерді бекіту қажеттілігінен туындаған тәрізді. Діни қатынастардың да белгілі бір рөл атқарғаны анық. Шежірелерде айтылғандай, ертедегі түріктер ағаш тақтайларға "қажетті адамдардың аттарын, салық пен малдың санын" есептеу мақсатында ойықтар салатын болған. Сонымен қатар түрік елшілері грамотамен жабдықталды. 567 жылы Константинопольге II Юстианиан императоры сарайына келген елші соғды Маниах қағаннан "скиф жазуымен" жазылған хатты әкелген. "Мұның не жазу" екендігін түрік қағанатының - Бугут көне жазуы ескерткішіне қарап білуге болады. Бағананың үш жағында соғды тілінде жазыл-ған жазу бар. Оның бір жағындағы брахма жазуымен санскриттегі жазба толығымен өшкен. Сөйтіп, руна әріпі пайда болғанға дейін түріктер соғды әліппесін кеңінен қолданғанын, ол Түрік қағанатының бірінші
4
ресми жазуы болғандығын білеміз. Жаңа жазба - көне түрік әліппесі түріктердің арасында VII ғ. бірінші жартысында пайда болған. Әліппе алғашында бір-бірінен бөлек жазылатын геометриялық белгілерден құрылып, 37 немесе 38 әріптен тұрған, оның соғды әліппесінен айырмашылығы ағаш пен тасқа жазуға қолайлылығымен ерекшелінеді. Руна ғаріптері түркі тілінің ерекшеліктерін дәл бере білді. Әдеби және тарихи тұрғыдан алғанда, руна ескерткіштері тіл мен әліппеге қатысты біркелкі емес. Аймақтық белгісіне орай ескерткіштер бірнеше топқа бөлінеді. Моңғолиядан табылған руна ескерткіштері Орхон, Тола және Се-ленга өзендері алқаптарында шоғырланған. Бұл жазулар "орхон ескерткіштері" деп аталады. Тува және Минусин аймағындағы Енисей ескерткіштеріне жататын құлпытастарда, тастарда, алтын және күміс ыдыстарда, теңгелерде қазіргі таңда белгілі болған жазудың 150 түрі белгілі болса, Лена-Байкал жағалауындағы ескерткіштер тобында тұрмыс заттарына жазылған, әлі күнге дейін оқылмаған 16 қысқа жазу кездеседі.Алтай тобының ескерткіштері: бір тас бағана мен тасқа жазылған жазулар және молалардан табылған күміс ыдыстағы жазулар (барлығы 50-ге жуық жазулар).
Шығыс Түркістан ескерткіштеріне Тұрфандағы көне құрылыстың қабырғасында жазылған 4 жазу, үңгір ғимараттарындағы 2 жазу, Миран мен Дуньхуандағы қағазға түсірілген бірнеше ірі мәтіндер, қоладан жасалған қол айнадағы жазу жатады. Ал Жетісулық деп аталған Орта Азиялық ескерткіштер тобына - Талас алқабындағы құлпытастардағы, теңгелердегі, тұрмыстық заттар мен ағаш таяқтардағы 12 жазуды, ал Ферғана ескерткіштеріне жататын қосалқы тобы керамика мен металдағы 17 қысқа жазу жатады. Көне түркі мәдениетіндегі адамзат өркениетінің өлмес қазыналарының бірі - баға жетпес асыл мұрасы - жазудың пайда болуы мен жазба әдебиетінің байлығы. Білге-қаған мен Күлтегіннің және басқа түрік елінің көрнекті қайраткерлерінің құрметіне арналған руна мәтіндері ең құнды әдеби шығармалар ретінде жоғары бағаланады. Бірақ біртіндеп оңтүстік өлкелерді арабтардың жаулауы, ислам дінінің көшпелі ақсүйектер арасына терең тамыр жаюы нəтижесінде ежелгі түріктердің руна жазуы ығыстырылып, араб графикасы негізінде жаңа түрік жазбасы қалыптасқан
[2; 55-56].

5
1.2. Әбу Насыр Әл-Фараби


Ортағасырлық мәдениеттің қаншалықты деңгейде дамығандығына философ, ғалым энциклопедист, Отырардан (Фарабтан) шыққан Әбу Насыр ибн Мұхаммед ибн Тархан ибн Узлак әл-Фараби ат-Түріктің (870 950) ғылыми еңбектері куә. Немістің шығыстанушысы Ф.Дитеритстен бастап Дж.Сартонға дейінгі мәдениет пен ғылымның көрнекті өкілдері, тарихшылар әл-Фарабиді кереметтеп, ұлы тұлға екендігін ерекше баяндайды. Ол астрономияны, логиканы, музыка теориясын, математиканы, социология мен этиканы, медицина мен психологияны, философия мен құқықты зерттеді. Оған "Муаллим ассана" "екінші ұстаз" деген атақ берілген. Бұл жерде "екінші" деген Аристотельден кейінгі дегенді білдіреді. Әл-Фараби шын мәнінде әлемдік дәрежедегі ғалым болды, ол өзінің шығармаларында араб, парсы, грек, үнді мәдениетімен түрік мәдениетінің жетістіктерін бір-біріне жақындастырып, біріктіре білді. Ол атақты "Китаб аль-музык аль-кабир" атты еңбегінде музыка мәселесіне ерекше мән береді. Ол ғылымды, білімді жаңғыртушы болды, бұл оның "Ғылымды топтау туралы сөз" деген еңбегінде қамтылды.
Әл-Фараби саяси философия мен этикаға ерекше мән берді. өйткені, солардың арқасында шын мәніндегі бақытқа қол жеткізуге болады, бұл бақытты алдамшы бақыттан ажырата білу керек деген, Әл-Фараби жақсылық тілеуші қаланы надан, адасқан қалаға қарсы кояды, ақ ниетті адамдар үшін өтірік айту, алдап-арбау және астамшылық жат нәрсе деген. Рухтың еркіндігі туралы Әл-Фараби шығармаларында өте анық жазылған. Фарабидің қолжазбалары элемнің көптеген кітапханаларында сақталған, Әл-Фарабидің осы еңбектері арқылы ортағасырлық ғылым қалыптасты, оның ықпалымен Ибн Руштің, Ибн Синаның, Омар Хайямның, Роджер Бэконның, Леонардо да Винчидің және өзге де ойшылдардың дүниетанымы қалыптасты [3; 57-58].

6
1.3.Жүсіп Баласағұни


Өмірі туралы мәліметтер аз сақталған. Философия, математика, медицина, астрономия, астрология, өнертану, әдебиеттану, тіл білімі, тағы басқа ғылым салаларының дамуына зор үлес қосқан. Жүсіп Баласағұнидің есімі әлемдік әдебиет пен мәдениет тарихында «Құтадғу білік» ("Құтты білік") дастаны арқылы қалды. Жүсіп Баласағұни бұл дастанын хижра есебімен 462 жылы, қазірғі жыл санау бойынша 1070 жылда жазып бітірген. Дастанды «хандардың ханы» —Қарахандар әулеті мемлекетінің (942 - 1210) негізін салушы Сүлеймен Арслан ханға (908 - 955) тарту етеді. Сол үшін хан өз жарлығымен Жүсіп Баласағұниға «хас хажиб» — «бас уәзір» немесе «ұлы кеңесші» деген лауазым берген. Дастанның бізге жеткен үш нұсқасы бар. Біріншісі, Герат қаласындағы 1439 жылы көне ұйғыр жазуымен (қазір ол Вена қаласындағы Корольдік кітапханада сақтаулы), екіншісі, 14 ғасырдың 1-жартысында Египетте араб әрпімен (Каирдың Кедивен кітапханасы қорында) көшірілген. Ал Наманған қаласынан табылған үшінші нұсқа 12 ғасырда араб әрпімен қағазға түсірілген. Бұл қолжазба Ташкенттегі Шығыстану институтының қорында сақтаулы тұр. Ғалымдар осы үш көшірме нұсканың әрқайсысына тән өзіндік ерекшеліктерді жинақтай отырып, «Құтты білік» дастанының ғылымының негізделген толық мәтінін жасап шықты. Венгер ғалымы Герман Вамбери (1832 - 1913) "Құтты біліктің" бірнеше тарауын неміс тіліне аударып, 1870 жылы Инсбрук қаласында жеке кітап етіп бастырып шығарды. Бұл шығарманы зерттеу, ғылымының мәтінін дайындау және аударма жасау ісімен орыс ғалымы В.В. Радлов (1837 - 1918) жиырма жыл бойы (1890-1910) айналысқан. Түркия ғалымдары 1942-43 жылдары "Құтты біліктің" үш нұсқасын да Стамбұлдан үш том кітап етіп шығарды. «Құтты білік» дастаны орта ғасырларда бүкіл түркі әлеміне түсінікті болған Карахан әулеті мемлекеті түріктерінің тілінде жазылған. Оны Қаримов өзбек тіліне (1971), Н.Гребнев (1971) пен С. Иванов орыс тіліне (1983), А. Егеубаев қазақ тіліне (1986), бір топ аудармашылар ұйғыр тіліне (1984) тәржімалаған. "Құтты білік" дастаны белгілі бір мағынада елдегі Ата заң (Конституция) қызметін атқарған. Дастанның басты идеясы төрт принципке негізделген. Біріншісі, мемлекетті дұрыс басқару үшін қара қылды қақ жаратындай әділ заңның болуы. Автор әділдіктің символдық бейнесі ретінде Күн туды патшаны көрсетеді. Екіншісі, бақ-дәулет, яғни елге күт қонсын деген тілек. Бақ-дәулет мәселесі патшаның уәзірі Айтолды бейнесі арқылы жырға қосылған [4].

7
II тарау. Ортағасырлық ғалымдар


2.1.Құтты білік
Дамыған орта ғасырлар кезеңіндегі тағы бір ірі әдеби поэтикалық шығарма Құтадғу білік" немесе"Кайырымды білім поэмасы болып табылады. "Құтадғу білік" ежелгі Түркістанның батысы мен шығысында бірдей IX ғасырдан бастап-ақ ықпалды, іргелі елдік құрған қарахандар әулетінің билігі дәуірлеп тұрған заманда Жүсіп Хас-Хаджиб жазған. Ол Х ғ. соңы мен XI ғ. алғашқы жылдарында қазіргі қазақелінің жер ауқымына енетін ежелгі Баласағұн шәһарында туып өскен. Жүсіп Баласағұн айтулы этикалық-философиялық еңбегін 54 жасында жазған. Баласағұн қаласында бастаған бұл шығармасын Қашқарда аяқтап, Қарахандар мемлекетінің сол кездегі әмірі Сатұқ Боғра ханға тарту етеді. "Құтадғу білік" 6520 бәйттен тұрады және 124 бәйттің қосымшасы бар.
Шығарманың жалпы көлемі 13 мың екі шумақтан құралған өлең. Поэманың 3 түрлі қолжазбасы сақталған: ұйғыр жазуымен венгерлік, сондай-ақ араб қарпімен жазылған каир мен намангандық нұсқалары. "Қайырымды білім" тек әдеп-мораль трактаты ғана емес, терең философиялық шығарма, онда идеалдық қоғамның нормаларын, бұл қоғамдағы әртүрлі тап өкілдерінің мінез-құлық ережелерін суреттейді. Білім - билеуші үшін де, халық үшін де игілікке қол жеткізудің бірден-бір қайнар көзі деген идея оның мазмұнына арқау болған. Жүсіп Баласағұнның осы еңбегі арқылы Қарахандар дәуіріне барлау жасап, тарихи-этнографиялық құнды пайымдаулар түйіндеп, пікір қорытуға болады. Шығармада ел басқарудың экономикалық, әлеуметтік-тұрмыстық ахуалы, әскери істі ұйымдастырудың, шаруашылықты, тағы басқа да мемлекеттің әл-ауқатын жақсартудың ерекшеліктері суреткерлік-философиялық тілмен баяндалады. Еңбекте сол заманғы ғылым мен мәдениеттің жетістіктері де аңғарылып отырады. Құтты білік" атты даналық дастаны ғұлама атын күллі Тұран еліне, Шығыс әлеміне танытты, Батыс пен Шығысты кең шарлап кеткен бұл әдеби жәдігер он ғасырдай мерзім өткенде өз атамекеніне оралды. 1986 жылы қазақ жерінде өз ана тілімізде алғаш рет жарық көрді. Сол X XII ғасырлардың өзінде-ақ Орта Азия, Қазақ елі аумағын мекендеген халықтардың мәдени даму биіктерінің бірі болған философиялық поэманың даналық ойлары күні бүгінге дейін аса құнды, өміршен, "Құтты білік" сжелгі түркі тіліндегі классикалық поэзияның түңғыш шығармасы [5; 59-60].

8
2.2.Махмұд аль-Қашқари



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет