Реферат тақырыбы : Қазақстанның ортағасырлық қалалары Орындаған: Атиманова Г. К. Топ: дги-301в тексерген: Исин А



бет1/5
Дата16.12.2023
өлшемі35,1 Kb.
#139987
түріРеферат
  1   2   3   4   5

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«Семей қаласының Шәкәрім атындағы Университеті» КеАҚ
Жаратылыстану-математика факультеті

РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Қазақстанның ортағасырлық қалалары

Орындаған: Атиманова Г.К.


Топ: ДГИ-301В
Тексерген:Исин А

Семей, 2023 жыл


Жоспар:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Ғұндар
2.2 Ғұн империясы
2.3 Батыс Ғұндар
ІІІ. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер


Кіріспе

Ғұндар (ғұндар)-ежелгі замандағы еліміздің батыс өңіріндегі көшпенді ұлыстың бірі. 24 тайпадан біріккен көшпенді ғұндардың одағы б. ж. с. дейінгі 2-ғасырда дәуірлеп заманымыздың І-ғасырында ыдырады. ғұндар өзінің басшысы Мөте тәңіркұт тұсында төңірегіндегі толып жатқан ұлыстарды өзіне бағындырып, шығыста Лиаухы өзенінен батыста Памир тауына дейінгі, солтүстікте Байкал көлінен оңтүстікте ұлы қорғанға дейінгі ұлан-байтақ өңірге үстемдік еткен.


Тарихи деректердің дәлелдеуіне қарағанда, осы ғұндердің бір бөлегі ежелгі замандағы қазақ ұлыстарымен тоғысып, қазақ халқын құрған қайнардың біріне айналған.
Үйсін ұлысы Хыши тілігінде көшіп-қонып журген кезде, іргелес көрші ұлы иозылардың шапқыншылығына ұшырап, халқы азып-тозып, ғұндарғе барып паналаған. Осы жаугершілікте үйсін күнбиі Нәнді би жау қолынан қаза тапқанда, оның жаңа туып, жетім қалған баласы Елжау биді һұн тәңірқұты асырап ер жеткізіп, азып-тозып ғұндарғе келген үйсін халқын жинап өз қолына беріп, әкесінің тағына отырғызған. Үйсіндер ғұн елінде 20 жылдай тұрып, аралас-құралас өмір өткізді. ғұн тайпалары мен үйсін тайпаларының тоғысуы осы кезден басталған.
Онан соң үйсін ұлысы Іле өңіріне қоныс аударып, іргелі елге айналды. Б. ж. с. дейінгі 71-жылы үйсін билеушілері хан патшалығымен тізе қоса отырып, қазіргі Баркөл ауданында ғұндердің оң қанат ордасына тұтқиылдан шабуыл жасап ойсырата жеңді. Осы бір соғыста үйсін күнбиі Оңқай би ғұндердің 40 мың адамын қолға түсіріп өзіне қосып алды. Бұдан кейінгі соғыстарда үйсіндер ғұндардың қыруар адамын қолға түсірді. Олар үйсін ұлысына сіңісіп, олардың жан саны мен күш-қуатын молайта түсті.
Б. ж. с. дейінгі І-ғасырдың орта шенінде ғұндер одағы өз ішінен оңтүстік һұн (яки шығыс ғұн) және солтүстік ғұн (яки батыс ғұн) деп екіге бөлінді де, оңтүстік ғұндар хан патшалығына бағынды, солтүстік ғұндар батысқа қарай қоныс аударды. Осы батысқа қарай қоныс аударған солтүстік ғұндар Алтай тауы мен Іле өзені алқабы, Жетісу өңірі мен Сырдария бойына келіп, бір мезгіл қазақ даласын қоныстанып, жергілікті тайпалармен араласты, осы ғұндардың бір бөлегі ежелгі қазақ тайпаларымен тоғысып, оларға сіңіп кетті. Әсіресе күш-көлігі жоқ кедейлері шаршап-шалдыққан жерінде қалып отырды.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет