Реферат тақырыбы: «Академиялық жазу -зерттеушілік құзыреттілікті қалыптастырудың негізгі құралы»



бет1/5
Дата29.09.2023
өлшемі32,09 Kb.
#111753
түріРеферат
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Реферат тақырыбы «Академиялық жазу -зерттеушілік құзыреттілікті-emirsaba.org


Реферат тақырыбы: «Академиялық жазу -зерттеушілік құзыреттілікті қалыптастырудың негізгі құралы»

РЕФЕРАТ
Тақырыбы: «Академиялық жазу –зерттеушілік құзыреттілікті қалыптастырудың негізгі құралы»


ЖОСПАР:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Академиялық сауаттылықтың зерттелуі
2.2 Академиялық жазылым мен оқылым
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер


І. Кіріспе
Жаңа технологиялардың дамуы және «жаңа бұқаралық ақпарат құралдарының революциясы» (new media revolution) қарым-қатынастың мәтіндік, жазбаша формаларының басымдығы түбегейлі өзгерістерге алып келді. Осы мәселеге арналған көптеген халықаралық пәнаралық зерттеулердің нәтижесінде жаңа мыңжылдықта сауаттылықтың жаңа тұжырымдамасы пайда болды. Ол әртүрлі мәтіндік және сандық ақпаратты өңдеу мен сыни ойлауға және соның арқасында кәсіби қоғамдастық пен жалпы қоғам үшін қызметтік, практикалық мәні бар жаңа білім құруға мүмкіндік беретін аналитикалық біліктер кешенін қамтиды. Бұл тұжырымдаудың маңызды салдары «сандық сауаттылық» (digital literacy) ұғымы және оның «академиялық сауаттылық» (academic literacy) ұғымына иерархиялы бағыныштылығы болды [4,73].
Қазіргі уақытта барлық деңгейдегі білім сапасына қойылар талап күннен-күнге артып келеді. Осыған орай соңғы жылдары елімізде сапалы білім беру мәселесіне басымдық беріліп отыр, өйткені ХХІ ғасырдың стратегиялық ресурсы адамның алған академиялық білімін сауатты қолдана білуі болып табылады. Жаңа ұрпақта сандық сауаттылықтың дамуы өмір сүру барысында қалыптасатыны анық көрінді, ал академиялық сауаттылықты игеру тек білім беру жүйесінде ғана мүмкін екендігі анықталды [1]. Сондай-ақ, жастардың академиялық сауаттылықты игермей сандық ресурсты білікті қолдануы олардың ХХІ ғасыр қоғамындағы сәтті әлеуметтенуге қабілетсіз болатыны да анық көрінді. Осылайша, академиялық сауаттылық білім беруді дамытудың жаңа бағытын анықтай бастады және дамыған елдердің білім беру жүйесі реформасының негізіне қаланды. Бұл пікір-таластан қазақстандық білім беру де тыс қалған жоқ [4,74].
Екі онжылдық бойы Қазақстанда ақпараттық технологиялардың рөлі мен білім беру туралы тұрақталған дәстүрлі көзқарастарды қайта ойластыру бойынша жұмыс қарқынды жүргізілді. PISA сияқты көлемді халықаралық зерттеу жобасы білім беру жүйесінің құрылымын өзгертуге, оны жаңа әлеуметтік- экономикалық қатынас шегіне қосуға икемдеді. Қазір көптеген зерттеулер, конференциялар мен жобалар білім беру сапасына, қазақстандық білім беру бағдарламаларының халықаралық талаптарға сәйкес келу мәселесі мен жаңа стандарттарды ендіруге арналуда. Дегенмен, Батыста білім беру реформасының негізінде жатқан сауаттылық сұрақтары бойынша пікір-таластар осы уақытқа дейін қазақстандық мамандардың назарынан тыс қалып қойған, сонымен қатар академиялық сауаттылық туралы көзқарас мүлдем дамымаған. Дәстүрлі қазақстандық білім беру жүйесі көптеген онжылдықтардан бүгінге дейін ақпаратты түсінуге емес есте сақтауға, оқулық пен оқытушының сөзін қайталауға, жауапты өзбетінше іздеуге емес, дайын ақпаратты пайдалануға, эссеге емес ауызша емтиханға негізделген. Қазақстанда академиялық сауаттылық туралы көзқарас қана емес, өзбетінше жазу біліктерін дамыту бойынша қандай да бір жүйе, яғни жеке дәлелденген және логикалық реттегі мәтін жасау білігін дамыту жүйесі дамымаған. Реферат пен курстық жұмыстарды, диплом мен диссертациялық жұмыстарды жазу жөнінде ұсыныстар беретін еңбектерді кездестіруге болады, алайда ғылыми мәтіндерді қалай құрастыруға үйрететін еңбектер жоқтың қасы. Мектеп те, жоғары оқу орны да өз бетінше зерттеу жұмыстарын жазуды үйретпейді: мектепте академиялық жазылым дағдыларын дамыту жұмыстары жүргізілмейді, ал жоғары оқу орнында мәтіндердің сауаттылығына жауап беретін мамандар жоқ. «Сауаттылық» ұғымын орфография мен пунктуация ережелерін білу деп ұғынатындар көп немесе оны «тіл мәдениеті» ұғымымен алмастыру жиі кездеседі [4,74] .
Қазақстанда академиялық жазудың басқа түрі академиялық сауаттылық біліктерін кешенді дамыту жүйесіндегі арнайы бағдарламаларын жасау мен ендірудің қажеттілігі анық, себебі мұндай типтес бағдарламаларсыз сәйкес нәтиже алу мүмкін емес. Өз кезегінде, бұл жұмыс қажетті әдіснамалық құралдар мен оны сипаттаушы терминологияны ендіруді талап етеді және де бұл жүйені мамандардың деңгейлеп ендіруін қажет етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет