Реферат Тақырыбы: Алкоголизм және оның салауатты тұлғаның дамуына әсері. Орындаған : Ұзақбай Назерке



бет1/5
Дата17.04.2023
өлшемі25,1 Kb.
#83418
түріРеферат
  1   2   3   4   5

«Астана Медициналық Университеті» КеАҚ
Реабилиотология және спорттық медицина кафедрасы
Реферат
Тақырыбы: Алкоголизм және оның салауатты тұлғаның дамуына әсері.

Орындаған: Ұзақбай Назерке
Факультет: жалпы медицина
Тобы:104
Қабылдаған:Байтаев Серик

Мазмұны

  1. Кіріспе.......................................................................................................2

  2. Алкоголизм.............. ……………….................................................... 3

3.Жасөспірімдердің араққа салынуы ......................................................................................................4
4. Бауырдың алкогольді циррозы, алкогольді психоз, тұлғаның алкогольді деградациясы…………………………....................................................5
5.. Алкогольдік масаю.................................……………………………………………… .6
6. Қорытынды………………………………………………………………7
7. Қолданылған әдебиеттер тізімі…………………………………………7

Алкоголизм (маскүнемдік) - ауыр созылмалы ауру, көпшілік жаағдайда одан жазылу да қиын. Ол алкогольді тұрақты түрде және ұзақ қолдану негізінде дамиды және организмнің ерекше патологиялық жағдайымен сипатталады: спиртке тоқтаусыз әуестену, төзе алмаушылық дәрежесінің өзгеруі және тұлғалық тоқырау. Аурудың әрі қарай дамуы кезінде негізгі ағзалар қызметінің және психикасының бұзылуы пайда болады. Алкогольді пайдалану жасөспірімнің психологиясына мүлде үмітсіздендіру әсерін қалдырады. Сонымен қатар, тек ойлаудың жоғары формасының ғана дамуы тежелмейді, бар қабілетінен айырылады. Маскүнемдік тұқым қуаламайды, онымен күрес ішкен адамның еркі мен тәртібіне байланысты болады. Маскүнемдіктің пайда болуындағы тұқым қуалаушылықтың ролі жанама болуы мүмкін: «мас тұрмысқа» төменгі тұрақтылықты ықпал ететін генетикалық тұрғыдан қандай да бір мінез немесе ауру берілуі мүмкін. Созылмалы маскүнемдіктің үш сатысы бар.
Алкоголизмнің бірінші сатысының ұзақтығы ішімдікке салынудың карқынына қарай 1 жылдан 6 жылға дейін созылады. Алкоголизмнің ең ерте білінетін, елеулі белгілері көрінетін бастапқы сатысы алкоголизмге патологиялық құштарлық болып табылады. Мұның өзі жабысқақтық сипат алады. Әуелі ішімдікті, аз ішу, содан соң ішімдік мөлшеріне бақылауды жоғалту байқалады. Алкоголизмнің бастапқы белгісі - қорғанышты құсу рефлекісінің болмауы. Спиртті ішімдіктің барған сайын көп мөлшерін ішуге төзімділік жоғарыланды.
Екінші сатыда алкогольді ішу максималды шамасына жетеді, адам күніне 1-2 литрге дейін арақ ішеді. Адам ұзақ жылдар бойы күнделікті ішуін тоқтатпайды. Мас болуда үзіліс болады және ол әдетте сыртқы жағдайларға байланысты болады: ақшаның жоқтығы, қызметтегі қиындықтар, отбасылық шиеленістер және т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет