Психотикалық жағдай (психоз) мінездемеленеді көрсетілген бұзылыстарының біреуімен (сана сезімінің алжасуы, сандырақ идеялары, галлюцинациялар) және өз жағдайын сын ретінде бағаламауымен.
Психотикалық емес (шекаралық) психикалық бұзылулар мінездемеленеді эмоциональды және ерік-қозғалыстық өзгерулері мен, бірақ науқастар сын ретінде бұзылуларды бағалайды.
Дефектілі-органикалық бұзылулар мінездемелінеді интеллектуальдік өзгерістермен, бұл ес, назар және ойлау сфералары.
Психогенді аурулар (невроздар және реактивті психоздар)
Бұл психикалық зақымдану кезіндегі клиникасы әр түрлі және күрделі топты аурулар. Аурудың пайда болуы мен білінуі адамның жеке басындағы психикалық зақымданудың қарқыны,ұзақтығы мен мәні,организмінің жағдайына байланысты.
Балалар мен жасөспірімдерде инфантилизм,мидың органикалық кемістігі,дамуда үйлесімдік болмаған жағдайда психогенді аурулар оңай пайда болады. Холерик және меланхоликтерде де жылдам пайда болады. Реактивті психоздар күшті психикалық зақымданудан кейін пайда болады.
Аффективті естен тану реакциясы - жарылу,өрт,ауа-теміржол транспорт апаттары, су тасқыны, жер сілкіну т.б. өмірге қауіп келтіретін күшті, кенеттен әсер етуден кейін пайда болады. Аффекті естен танудағы қозу – ойдың күңгіттеніп алмасуы болатын күшті психомоторлы қозу. Адам ұшып тұрып белгісіз бір бағытқа жүгіреді. Терезеден секіріп, кейде ұйықтап қалуы да мүмкін. Соңынан болған жағдайды есіне түсіре алмайды.
Аффективті естен танудағы ступор – тежелу мен қозғалмай қалу қауіпті жағдайларда мутизм (үндемей қалу), афония (дауыс шықпау), астазия-абазия (тұра алмау және жүре алмау), энурездермен бірге кездеседі. Бұл жағдай бірнеше сағаттан бірнеше аптаға дейін созылуы мүмкін.