Реферат Тақырыбы: Автомобильдердің типтік бөлшектерінің өндіру технологиясы Орындаған: Беделбай. Б қабылдаған: Қозбағаров. Р алматы 2023



бет1/4
Дата15.11.2023
өлшемі29,62 Kb.
#122942
түріРеферат
  1   2   3   4
Байланысты:
Беделбай Бекасыл Қозбағаров реферат




Реферат
Тақырыбы: Автомобильдердің типтік
бөлшектерінің өндіру технологиясы
Орындаған:Беделбай.Б
Қабылдаған: Қозбағаров.Р


Алматы 2023
Мазмұны:
1. Машина жасау, құрылысы.
а) Негізгі бөліктер және агрегаттар.
ә) Негізгі агрегаттардың орналасуларының жалпы сұлбасы.
2. Технологиялық үдерістің ерекшеліктері.
3. Бөлшектердің материалы.
4. Бөлшектерді есептеу.
5. Беріліс.
a) Беріліс түрлері.
6. Қорытынды.

Машина бөлшектері
Машина жасау, кұрылысы
Машина жасау - ауыр өнеркәсіптің еңбек құралдарын, тұтыну заттарын және қару-жарақ өнімдерін жасайтын негізгі саласы. Машина жасау өндірісі энергетикалық, электртехникалық, станок жасау және құрал-саймандар өнеркәсібі, аспап жасау, ауыл шаруашылық машиналарын жасау, т.б. салаларға бөлінеді. Қазақстанда машина жасау 2-дүниежүзілік соғыс жылдарында басқа республикалардан көшіріліп келген жабдықтар негізінде жасалды. Соғыстан кейін бұл сала жоғары қарқынмен дамып, көптеген жаңа өндіріс түрлері пайда болды. Республиканың машина жасау кәсіпорындары күрделі әрі металды көп қажет ететін машиналар, тау-кен, көмір, мұнай, металлургия, тамақ кәсіпорындары мен жеңіл өнеркәсіпке қажетті жабдықтар, сондай-ақ ауыл шаруашылығына, көлікке, құрылысқа арналған машиналар мен құрал-саймандар және электртехникалық аппараттар мен станоктар - барлығы мыңнан астам өнім түрлерін шығарады. Алматыда металл кесу станогін, созу станын, электр аппаратурасын, гидротехникалық жабдықтар, Қарағандыдатау-кен шахтасы жарағын, кокс-химия техникасын, Шымкентте пресс-автоматтар, карданвал, Өскеменде түсті металлургия жабдығын, конденсатор, Павлодарда трактор, Астанада ауыл шаруашылығы техникасын, Қостанайда дизель моторын, Ақтөбедерентген аппаратурасын, Атырауда мұнай өндірісіне қажетті машина мен жабдықтар, Талдықорғанда (Алматы облысында) аккумулятор, Кентауда экскаватор шығаратын өндіріс орындары жұмыс істейді.
Машина, Мәшине (франц. machіne, лат. machіna) - механикалық қозғалысқа түсіп, энергия, материал және ақпарат түрлендіруге арналған құрылғы. Мәшиненің негізгі міндеті - еңбекті жеңілдету және оның жұмыс өнімділігі мен сапасын арттыру үшін адамның өндірістік қызметін ішінара немесе толықтай алмастыру. Атқаратын қызметіне қарай: энергетикалық, жұмыстық және ақпараттық мәшинелер болып ажыратылады. Энергетикалық мәшинелер кез келген энергия түрін механикалық энергияға түрлендіреді. Оларды мәшине-қозғалтқыштар деп те атайды. Бұларға электр қозғалтқыштары және электр генераторлары, іштен жанатын қозғалтқыш, турбиналар, піспекті (поршеньді) және бу мәшинелері, т.б. жатады. Жұмыстық мәшинелер заттың (материалдың, т.б.) пішінін, қасиетін, күйін, орналасу қалпын өзгертуге арналған. Оны технологиялық мәшине (металл кесу станогы, тоқыма станогы, құрылыс мәшинесі, т.б.), көлік мәшинесі (автомобиль, ұшақ, т.б.) және тасымалдау мәшинесі (конвейер, элеватор, көтергіш кран, т.б.) деп ажыратады. Ақпараттық мәшинелерғе есептеуіш мәшинелер мен құрылғылар, механикалық интеграторлар, т.б. жатады. Адамның тікелей әсер етуінсіз жұмыс істейтін мәшине түрі мәшине-автоматтар немесе автоматтар өндірісте кеңінен қолданыс тапты. Белгілі бір технологиялық процесті орындайтын әрі өзара тізбектей жалғасқан мәшине-автоматтар автоматтық желі құрайды.
Машина бөлшектері - 1) машиналардың, приборлардың, аппараттар мен тетіктердің, т.б. одан әрі бөлшектеуге жатпайтын тұтас тетігі (бұранда, білік, тегершік, күпшек, серіппе, муфта, т.б.). Машина бөлшектерінің саны машинаның күрделілігіне байланысты өзгеріп отырады (бірнеше ондаған мыңға жетеді). Әр түрлі машиналарда пайдаланылатын бөлшектердің кейбіреулері өзара ұқсас, ал кейбіреулері тек жеке машина түрлеріне ғана тән. Осыған байланысты машина бөлшектері негізгі екі топқа (ұқсас және арнайы бөлшектер) жіктеледі.
Автомобиль - механизмдер мен жүйелер жиынынан тұратын күрделі машина. Олардың құрылысы әркелкі болуы мүмкін. Дегенмен, көпшілік автомобильдерде негізгі механизмдердің жұмыс әрекеті мен құрылыс принциптері бірыңғай болып келеді.
Машина - кемдегенде 4 доңғалағы бар, өз энергия көзімен қозғалысқа келтірілетін рельсті қажет етпейтін доңгалақты көліктік құрал. Сонымен қатар троллейбустер, үш доңғалақты 400 кг массалы көлік құралдары да автомобиль болып саналады. Әдетте автомобиль деп жеке автомобильді және автопоезды айтады.
Механизмдердің қызметі мен өзара орналасуына байланысты автомобильдерді құрастыру жағы көбіне ортақ болып келеді.
Негізгі бөліктер және агрегаттар
Әрбір автомобильде негізгі бөліктер үш жұпқа бөлінеді: кузов, қозғалтқыш және шасси.
Шанақ - тасымал жүкті орналастыру қызметін атқарады және таситын жүктің түріне қарай әртүрлі болады. Жеңіл автомобиль мен автобуста шанақ жолаушыларды және жүргізушіні орналастыру үшін қызмет атқарады. Жүк автомобильдерінің шанағы жүк тиейтін платформадан (жүктік шанақ) және жүргізуші кабинасынан тұрады.
Қозғалтқыш - автомобильдің жүруіне және басқа қызметтерді атқаруға арналған қажетті қуатты тудыратын бөлік. Оның негізгі жұмыс принципі энергияның бір түрін (көбінесе жылу энергиясын) екінші түріне (механикалық энергияға) айналдыру болып табылады. Қозғалтқыштан алынған механикалық энергия механизмдер қатары арқылы автомобильдің жетекші дөңгелектеріне жеткізіледі де автомобильді қозғайтын күш тудырады. Көпшілік автомобильдерде поршеньді бензинді немесе дизельді қозғалтқыштар қолданылады.
Шасси - трансмиссия, аспалы жүйе, белдік, аспа, дөңгелек, рульдік басқару және тежеуіш жүйелері сияқты, әрқайсысы белгілі бір жұмысты атқаратын, бірнеше механизмдер мен жүйелерден тұратын күрделі қондырғы болып табылады.
Негізгі агрегаттардың орналасуларының жалпы сұлбасы
Автомобильдер жетекші дөңгелектерінің орналасуы мен санына байланысты алдынан жетекті, артынан жетекті және толық жетекті болып бөлінеді.
Жетекші дөңгелектердің санын анықтауға автомобильдің дөңгелек формуласы көмектеседі. Дөңгелек формуласындағы бірінші сандық белгі автомобильдің жалпы дөңгелектер санын, екінші сандық белгі автомобильдің жетекші дөңгелектер санын білдіреді. Алдынан немесе артынан жетекті автомобильдің дөңгелек формуласы 4x2, толық жетекті автомобильдің дөңгелек формуласы 4x4 деп жазылады.
Сонымен жетекші дөңгелектер қозғалтқыштан механизмдер қатары арқылы алған механикалық энергияның күшімен автомобильді тартып немесе итеріп қозғалтады. Қозғалтқыштан алынған айналу моменті алдыңғы дөңгелектерге берілсе алдынан жетекті, артқы дөңгелектерге берілсе артынан жетекті, барлық дөңгелектерге берілсе толық жетекті деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет