Реферат тақырыбы Қазақ халқының ұлттық психологиясы мен ұлттық мінез бітістері



бет1/4
Дата26.11.2023
өлшемі69,06 Kb.
#128484
түріРеферат
  1   2   3   4


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНСТРЛІГІ

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педогогикалық университеті







РЕФЕРАТ
тақырыбы Қазақ халқының ұлттық психологиясы мен
ұлттық мінез бітістері

Оқытушы Дюсембина Г.


Студент Орынбасар Д.

Алматы 2023


РЕФЕРАТ ЖОСПАРЫ

КІРІСПЕ
1. ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ МІНЕЗ БІТІСТЕРІ


1.1 ОТАНСҮЙГІШТІК
1.2 НАМЫСҚОЙЛЫҚ
1.4 БАУЫРМАЛДЫҚ
ҚОРЫТЫНДЫ
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


КІРІСПЕ

Бүкіл халық ұстанатын тәлім-тәрбиелік нормаларды жан жүйесі тұрғысынан баяндау- барлық адамзатқа ортақ халықтық психологияның зерттеу нысанасы болып табылады.


Мұнда ғасырлар бойы сұрыптала жинақталып, жүйеге түскен ұлттық дәстүр, салт-сана, әдет-ғұрып, ұрпақтан ұрпаққа біртіндеп жалғасатын адамгершілік, ақыл-ой, эстетикалық, еңбек, дене, т.б. тәрбие түрлеріне қатысты таптаурынды нормалап мен принциптер, яғни белгілі бір этностың, жалпы мінез-құлқы, іс-әрекетінің ішкі астарлары сөз болады. Халықтық психология-психика мен мінез-құлықтың қанға «сіңген», тез өзгеріп, не жоғалып кетпейтін ұлттық бітісі, мезгіл мөлшерімен алғанда ұзақ дәуірдің жемісі.
Халықтық психология - адамдардың қоғамдық және жеке тәжірибесінен, өмірдегі пайымдауларынан туындайтын қарапайым психологиялық білімдердің жүйесі. Бұл - адам мінез-құлқының көптеген жақтарын қамтып, белгііл этностың өзіне тән психикасы жөнінде біршама мәнді мағлұматтар беретін ілім-білімдердің жүйесі. Әйтсе де, бұлар арнайы ғылыми жүйеге негізделмегендіктен, жеке тұлғамен этнос психологиясын ажыратуға жөнді жарай бермейді. Мұндай жағдайда біз тек ғылыми психологияның деректеріне ғана сүйенеміз. Халықтық психологияның теориялық мәселелерін зерттеумен этнографиямен астарласа дамыған этнопсихология атты ғылым саласы шұғылданады.
Этнопсихология - әрбір халықтың рухани әрекетін (миф, фольклор,тіл, дәстүр, салт, әдет-ғұрып, діл, дін, т.б.), жемісін сол халықтың психологиясын, сана сезімін көрсететін негізгі өлшемдер деп санайды. Этнопсихология жеке ғылым ретінде 19 ғ. орта шенінде Ресейде, кейінірек Батыс Еуропа елдерінде (Лацарус, Штейнталь, Вундт, т.б.) пайда болды. Қазақ топырағында бұл мәселемен көбірек айналысқан Шоқан Уәлиханов еді. Оның еңбектерінде «халық рухы» дейтін ұғым жиі кездеседі. Мұны «халықтық психология» ұғымының синонимі деуге болады. Бұдан біртуар ғұлама-ғалымның еуропалық этнопсихологтардың еңбектерінен біршама хабардар болғаны білінеді. Этнопсихология зерттейтін проблемалар «этностереотип, этноцентризм, ұлттық тұрпат, ұлттық сана, дәстүр, салт, т.б.) сан алуан.
Мен осы рефератымда солардың бірі-ұлттық мінезге, дәлірек айтсам, қазақтың ұлттық мінезіне тоқталмақшымын.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет