Құрметті turksoy халықаралық Түркі Мәдениет ұйымының Бас хатшысы Дуйсен Қорабайұлы Қасеинов мырза!



бет1/109
Дата10.05.2023
өлшемі0,89 Mb.
#91606
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   109

Құрметті ғылыми форумның қонақтары, қатысушылар!
Құрметті TURKSOY Халықаралық Түркі Мәдениет ұйымының Бас хатшысы Дуйсен Қорабайұлы Қасеинов мырза!

Елімізде бүгінгі күні рухани саладағы өзгерістер сананың жаңаруы, адами қүндылықтарды қайта бағамдау үдерістері нәтижесінде ғасырлар бойы жинақталып, ата-баба тарихынан бізге жеткен тәлім-тәрбиелік тағылымы мол мұраларды болашақ ұрпақты тәрбиелеуге пайдалану мүмкіндігі туып отыр.


Осы орайда 2016 жыл TURKSOY Халықаралық Түркі Мәдениет ұйымының ұсынысымен «Жүсіп Баласағұн жылы» болып жарияланды.
ХІ ғасырдың аса көрнекті ақыны, данышпан, ойшыл, қоғам қайраткері Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дастанының маңызы зор. Ұлтымыздың қоғамдық-философиялық ойының даму тарихына ерекше ықпал еткен қазақ даласынан шыққан ойшылдардың көрнекті өкілі Жүсіп Баласағұнның педагогикалық мұрасы қазақтың тарихымен, мәдениетімен сабақтастығымен, өмір шындығын баяндауымен дараланады. Тәуелсіз еліміздің әлеуметтік саяси жағдайларына байланысты қоғамымыздағы әртүрлі өзгерістерді шешу, ұлттық санамыздың өсуі кезеңінде Жүсіп Баласағұнның философиялық ойларының құндылығы арта түседі. Оның дәлелі кітаптың аса танымалдығы болып табылады. Бүгінгі таңда қоғамның дамуындағы басқару үдерісін ұйымдастыру мен жүзеге асыруда да түркі әлемінің ұлы ойшылы, философ, қоғам қайраткері Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дастаны – өзінің тарихи мәнін еш уақытта жоймайтын рухани мұра. Әділетті басшы басқарған, ізгілік орнаған қоғамда өмір сүру қай кезеңде болмасын, адам баласының ізгі арман- мұраты болған. Қай халықтың болмасын, өзге жұртқа ұқсамайтын бітім-болмысы, өзіндік тағдырын айқындайтын басты ерекшелігі болады. Қазақ халқындағы ұрпақ тәлім-тәрбиесінің құрсақ тәрбиесінен басталуы өзге халықтан ерекшелігімізді, тектілігімізді көрсетеді.
Жүсіп Баласағұн өзінің құнды мұрасында адамгершілікті, адалдықты, адамды сүюді жырлайды. Дастандағы негізгі идея – ел мүддесін ойлайтын адал басшының бейнесін көрсету арқылы әділетті қоғам орнату, мемлекетті дұрыс басқару, білімді игеру, ақылды, қанағатшыл және ізгілік, кісілік қасиеті бар тұлға тәрбиелеу. Дастанға тән ерекшелік – адамның кісілік қасиеті мен келбетін сақтауы. Әр түрлі адамдар арасындағы қоғамдық мінез-құлық ережелерін, билеуші мен бағынушы арасындағы қарым-қатынас туралы баяндайды.
Ұрпақтан-ұрпаққа мұра боп қалған бұл дастанда қоғам туралы, адам баласының асыл қасиеті ізгілік туралы айрықша жырланады. Ұлттық тәрбие құндылықтарын жас ұрпақ бойына сіңіруде Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дастаны үлкен рөл атқарады.
Өз заманынан озық туған ұлы тұлғаның «Құтты білік» дастаны – тәлім-тәрбиелік құндылықтың қайнар көзі. Бұл дастан адам баласын ізгілікке, имандылыққа үндейді, рухани тазалыққа шақырады. Жүсіп Баласағұн еңбегі – бүгінгі ұрпақ тәрбиесі үшін теңдесі жоқ қазына.
Құрметті қонақтар! Абай атындағы ҚазҰПУ-де өтіп жатқан «Мәңгілік Ел» ұлттық идея контекстінде Ұлы түркі ғұлама ойшылы Жүсіп Баласағұнның 1000 жылдығына арналған «Жүсіп Баласағұн: гуманистік педагогика негіздері және заманауи» атты Халықаралық Дөңгелек Үстел тарихи маңызды форум. Бүгінгі қатысушылар - Қазақстанның және Түркия, Әзербайжан, Қырғыз, Қытай шет елдерінің белгілі ғалымдары, түркі әлемінің қоғам қайраткерлері, Қазақстан Халықтар Ассамблеясының өкілдері.
Халықаралық Дөңгелек Үстел шеңберіндегі ғылыми сұхбаттасуға сәттілік пен нәтижелік тілеймін!




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   109




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет