Реферат тақырыбы: Қазіргі заманғы Қазақстанның үшінші модернизациясын жүзеге асырудағы философияның рөлі


Қазақстанда   саяси  жүйені  модернизациялау   ерекшеліктері



бет3/4
Дата04.04.2022
өлшемі37,11 Kb.
#29821
түріРеферат
1   2   3   4
1.2. Қазақстанда   саяси  жүйені  модернизациялау   ерекшеліктері  
  Батыста демократия проблемасы, оның жеке тұлғаға деген қатынасы өте күрделі болады. Батыс елдеріндегі тарихи процестер демократия идеясын осындай түсінікшегі байлап еді. Саяси формалар ауысып, тіпті ойлардың түбі көрініп қалған кездер де бастан өтті.

   Империяның уысынан шыққан бізге демократия әуелі ап – айқын әрі оп – оңай құбылыс болып табылады. Большевизм үстемдігінің орнын ауыстырған демократияняң кейбір даусыз шындықтарын қошеметпен қарсы алдық. Бірақ Руссо айтып негіздеген Робеспьер жүзеге асырған демократия діннің де жеке тұлғаға материалдық бостандық әпере алмайтынын, қоғамдық құқығын толық бекітуге шамасы келмейтінін түсіну қиын болды. Ең бір өрескел монархиядағы секілді демократия қоғамда да мемлекеттік абсолютизмнің болуы мүмкін екенін естен шығармасқа керек.

    Қалай десек те, демократия принциптері темірқазық болған ашық қоғам құру идеясы өгіз аяң эаолюциямен іргелілеп келе жатыр. Адамзат тарихы огсыны көрсетеді. Демократияға бет алғанымызға біраз уақыт болды. Бірақ қоғамды толық либералдауға жеткізетін саяси модернизацияның көші қозғалса да, әуелгі белестен аса алмай жатқанымыз рас еді.

   Осыны қолға аламыз деп демократияландыру және азаматтық қоғам мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылды. Бір жарым жылдай жұмыс істеп қалды, төрт – бес отырыс болды. Бұл ғана емес, саяси реформалардың жобасын әзірлеу, азаматтық қоғамды демократияландыруға және дамытуға қатысты ұсыныстар әзірлеу жөнінде кеңес құрылды. Мемлекеттік комиссия Қазақстан Республикасының Президентінің 2006 жылғы мамырдағы жарлығымен құрылған болатын. Оның құрамына мемлекеттік органдардың өкілдері елімізде қызмет ететін барлық саяси пакртиялардың, ірі қоғамдық бірлестіктерлің басшылары кірді.

 Мемлекеттік комиссияның алты ашық отырыс болып, оның үшеуі – мемлекеттік басшысының төрағалығымен өтті. Одан басқа мемлекеттік комиссияның жұмысын қамтамасыз ету мақсатында жұмыс тобының отырыстары, конференциялары «дөңгелек үстелдер», қоғамдық тыңдаулар барлығы отыз бес іс – шара жасалды. Олардың барысында саяси партиялардың, үкіметтік емес ұйымдардың, ғылыми топтардың Қазақстанның саяси жүйесін одан әрі реформалау туралы ұсыныстары кеңінен талқыланып жиналды.

    Елбасы Қазақстан Республикасында демократиялық реформалар бағдарламасын әзірлеу және нақтылау жөніндегі мемлекеттік комисияның VI – шы қорытынды мәжілісінде: « Бүгінгі күні мемлекетіміздің алдында тұрған үлкен міндетердің бірі Қазақстанның әлемінің бәсекелестікке қабілетті елу елдің қатарына ену стратегиясын жүзеге асыру баршамыздың міндетіміз. Үкімет пен Ұлттық банк бірлесіп, 2007 жылдың болжамды көрсеткіштері белгіленген құжат қабылданды. Сол болжам бойынша жан басына шаққандағы ішкі жалпы өнім үстіміздегі жылы жеті мың долларға жетпекші. Демек бұл дегеніңіз – Қазақстанның орта деңгейлі елдермен иық теңестіруіне мүмкіндік береді деген сөз. Халақтың әл – ауқатаның өсуі – олардың санасының сергек болып қоғамдық өмірдің бар саласына, оның ішінде саясатқада белсене араласуына өз - өзіне құлшыныс туғызады. Осы айтып отырған бәсекелестікке қабілеттілік мәселесі экономикада ғана қарыштап даму емес, сонымен қатар еліміздің саяси тұрғыда да кемелденуінен айқындады. Сол себепті еліміздің ұзақ мерзімді әрі тұрақты даму мүдделерін есепке алумен қатар, саяси жүйемізді ұдайы жетілдіріп, оны модернизациялап отыру да бәсекелестікке қабілеттіліктің кепілі екенін естен шығармау керек», - дей келіп мемлекет басшысы елімізде саяси реформалардың кезең – кезеңімен, біртіндеп эволюциялық түрде өмірге енгізіліп жатқандығына тоқталды.



  • Саяси реформалар бағдарламасы – бұл уақыт сыны, Қазақстан дамуының заңды белесі. Еліміздің бәсекелестікке қабілеттілігі мен оның саяси мәдениетінің деңгейі сосын «демократиямыздың сапасы» арасында тікелей байланыс бар.

Сонымен қатар халықаралық  тәжірибені електен өткізе отырып, өзіміздің сарапшыларымыздың ой – пікірлерін саяси реформаның қажеттілігін анықтаудағы жан – жақты жасалған зерттеу мұмыстарын атап айтқан жөн.

Саяси реформа жасауда  біз бөтеннің тәжірибесін көшіруге ұмтылғанымыз жоқ. Өтпелі кезеңде ұлттық ерекшелігімізді ескеріп, әрдайым бүгінгі нақты жағдайымызды есепке ала отырдық. Сондықтан да біз қазір саяси жүйемізді модернизациялаудың Қазақстандық жолын қалыптастырып жатырмыз деп айтуға құқығымыз бар. Осыдан барып демократиялық реформаларды әзірлеу мен нақтылау жөніндегі мемлекеттік комиссия жұмысының маңыздылығы шығады.

     Бұдан әрі қарай Мемлекет басшысы комиссияның саяси қорытындысы мен ұсыныстарына қорытынды шолу жасап, алдағы атқарылатын демократиялық үрдістерге назар аударады. Мемлекеттік комиссияның қызметінің саяси қорытындысымен енгізілген ұсыныстарғав тоқталмсақ, олардың бәрі мемлекеттік комсиссия мүшелері дайындаған « Қазақстан Республикасының 2007 – 2008 жылдарға арналған саяси реформалаудың басты  бағыттары» құжатында біріктіріліп отыр.

     Елбасы Н.Ә.Назарбаев қазірдің өзінде елдің саяси жүйесінде нақты әрі сапалы өзгерістер жүргізіліп жатқанын атап өтті. Атап айтқанда, аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерінің сайлауы өткізілді. Қазықстан Республикасында азаматтық қоғамды дамытудың 2006 – 2011 жылдарға арналған тұжырымдамасы әзірленіп, Президент Жарлығымен бекітілді. Үкіметтің Қазақстан Республикасында демократиялық реформаларды тереңдету жөніндегі 2006 жылға арналған іс – қимыл жоспары жүзеге асырылды. Мемлекеттік комиссия Қазақстан Республикасының Үкіметі ел Парламентінің қарауына ұсынған «Қазақстан Республикасындағы өзін - өзі басқару туралы» ҚР – ғы заңының жобасын жетілдіруіне қатысты.    

   Мемлекет басшысы ел Конституциясына өзгерістер енгізу туралы ұсыныстар мен айналысатын жұмыс тобын құру туралы шешім қабылдады.Оның құрамына мемлекеттік органдардың өкілдері, депутаттар, заңгер – ғалымдар Конституциялық құқық саласы мамандары кірген болатын.

   Сөйтіп, Қазақстанда демократиялық және саяси жаңарудың жаңа кезеңі басталды. Саяси жаңартудың жаңа кезеңі мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара қатынасының жаңа идеологиясының белгісі астында өтетініне сенімдімін. Бұл мемлекеттік және қоғамдық құрылымдардың белсенді өзара ықпалдастығына арқа сүйейтінін теңдестірілген саяси жүйе түзуді білдіреді.

  Бүгінде осы заманғы, саны жағынан жинақты, жақсы жарақтандырылған және ұрысқа қабілетті құқықтағы әскерлер әуе қорғанысы күштері және әскери - теңіз  күштері құрылды. Олар елдің қарулы күштерінің бірнтұтас жүйесін құрайды.

  Сондай – ақ Ішкі әскерлер, осы заманғы шекара қызметі құрылып құқық тәртібі күштің нығайтылды. Біз әскерлердің кәсіпқойлығын арттыру саясатын жалғастырамыз. Сондай – ақ, келісім шарт негізінде әскерлерді жасақтау, армияны осы заманғы қару – жарақпен жарақтандыру одан әрі дамытылады. Осымен бір мезгілде тағдырларын армиямен байланыстыруға шешім қабылдаған азаматтар үшін қолайлы әлеуметтік жағдайлар қалыптастырылатын болады. Біз ешқашан ішкі қауіасіздікті қамтамасыз етумен шектеліп қалмадық, тұрақтылыұ үшін мүмкін болғанша әлде қайда кең ауқымды негіз қалауға ұмтылдық. Елдің сыртқы саяси қызметі, Қазақстанның халықаралық қауіпсіздік құрылымдарына, ең алдымен ҰҚШҰ – ға, ШЫҰ – на қатысуы нақ осыған бағытталған.

  Маңызды нәтижелердің бірі мынадай, біз өз айналамызда достас мемлекетердің белдеуін құра алдық. Содан да осы жылдары Қазақстан бірде – бір рет әлемнің бірде – бір мемлекетімен жанжалды жағдайында болғакн жоқ.

  Қазақстанның бүгінгі жоғары халақаралық беделі – бұл ішкі жетістіктеріміздің дәйекті бейбіт сүйгіш саясатымыздың, сондай – ақ ядролық қарудан бас тарту, Азиядағы өзара ынтымақтастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес, әлемдік діндер лидерлерінің съездерін өткізу, Тәжікстандағы, Ауғаныстандағы, Ирактағы антитеррорлық күреске және бейбітшілік миссияларға секілді ірі халықаралық бастамалардың тікелей нәтижесі.

   Нәтижесінде тәуелсіздік жылдары азаматтық қоғам инститтуттарын – саяси партияларды, Үкіметтік емес ұйымдарды, тәуелсіз БАҚ – ды дамыту үшін барлық құқықтық және саяси жағдайлар жасалды. Олармен үн қатысу алаңдарының тұтас желісі қалыптастырылды.

          Жаһандастыру дәуірінде БҰҰ – ң қызметін жетілдіру тұрғысында оның құрылымында ахуалды ғаламдық талдау негізінде туыа кележ атқан қақтығыстар туралы алдын – ала ескеріп, бастапқы кезеңдерде ахуалға араласу үшін және алдын – алып дипломатиясын тиімді пайдалаеа отырып, қақтығыстарды шешудің әскери әдістеріне жол бермеу үшін ұсыныстар талдап, жасп алатын институттарды дамыту дұрыс болар еді. Олар тұрақсыздықтың көзі болып табылатын әлеуметтік және экономикалық проблемалардың шешудің таптырмас құралына айналар еді.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет