Реферат тақырыбы: «Ғылыми-педагогикалық зерттеулерді ұйымдастыру, оның мазмұны мен әдістемесі»



Дата31.03.2023
өлшемі77,5 Kb.
#78120
түріРеферат

С. Аманжолов атындағы шығыс қазақстан университеті

РЕФЕРАТ
Тақырыбы: «Ғылыми-педагогикалық зерттеулерді ұйымдастыру, оның мазмұны мен әдістемесі»
Дайындаған: Сайынқызы Мадина

Өскемен, 2023 жыл.
«Ғылыми-педагогикалық зерттеулерді ұйымдастыру, оның мазмұны мен әдістемесі»
Қазіргі уақытта педагогикалық зерттеулерге, білім жүйесі мекемелеріндегі тәжірибелік-эксперименттік жұмысқа ерекше көңіл бөлінуде. Зерттеуші – педагогтің, педагогикалық ұжымның, эксперименттік алаңдардың ғылыми ізденісінің бағдарламалары мен әдістемелері жазылып даярлануда. Нақты мәселенің зерттелу жұмысының тәжірибесі жинақталуда. Ғалымдардың іргелі еңбектерінде (Л.В.Занков, Ю.К.Бабанский, М.Н.Скаткин, Я.Скалкова, В.И.Загвязинский, В.И.Журавлев, В.М.Полонский және т.б.) педагогикалық зерттеулердің әдіснамасы мен әдістемесі кеңінен берілген. Дегенмен, осы уақытқа дейін ХХ ғасырдың екінші жартысында жан-жақты зерттелген, семинарларда талқыланғанмен де зерттеушінің әдіснамалық мәдениетіне енетін біліктіліктің мазмұны нақтыланбаған. Ғылыми-педагогикалық зерттеудің бағыттарын, тұжырымдамасын, әдістемесін анықтайтын ұғымдық-түсініктік терминологиялық аппараты жеткілікті деңгейде зерделенбеген.
Осы бағыттағы жетістіктерге қарамастан, бүгінгі күні жас зерттеушілер де, тіпті тәжірибелі ғылыми қызметкерлер де зерттеудің ғылыми аппаратын тұтасымен, сондай-ақ оның жеке бөліктерін құрастыруда қиналатыны байқалады. Әсіресе, зерттеудің әдіснамалық негіздерін анықтау мәселесіне келгенде ізденушілердің көпшілігі бұның құрамына не кіретінін іздестіріп, тек зерттеудің ғылыми аппаратын үлгілерден алып жазып қоюмен шектелетін жәйттер де кездеседі. Ғылыми-зерттеу практикасында зерттеушілер “осы әдіснамалық негізді біз жасаймыз” деген пікірде болады да, солай жазады да. Ал шын мәнінде, зерттеуші зерттеуд ің әдіснамалық негізін тек анықтайды. Демек, әдіснамалық негізді әдебиеттен қарастырып өз тақырыбының мәніне, мазмұнына сай таңдап алады. Әдіснамалық негіздің құрылымына, біздің пайымдауымызша, педагогикалық зерттеудің әдіснамалық негізінің алғашқы құрамдас бөлігі өз зерттеу пәнінің – философиялық заңдар, ұғымдардың және материалистік диалектиканың ұстанымдары мен әдістеріне қатысын ойластырады. Әдіснамалық негіздердің келесі бөліктеріне әдіснамалық тұғырлар, әдіснамалық ұстанымдар, зерттеудің тұжырымдамалық негізіне алынатын зерттеудің логикасы (зерттеудің ғылыми аппараты, зерттеудің түсініктік аппараты, зерттеудің өлшемдік аппараты) енеді. Әрине, зерттеудің әдіснамалық тұғырлары мен ұстанымдары зерттеудің ғылыми аппаратының құрамына да кіреді. Әдіснамалық тұғыр мен әдіснамалық ұстанымды бөліп көрсету себебіміз ізденушінің назарын ерекше аудару мақсатында болып отыр.
Педагогикалық зерттеудің әдіснамалық негізі бағытындағы ізденістерде зерттеудің логикасы, зерттеу әдістері, нәтижелері, зерттеу сапасын бағалау мәселелері қарастырылып жүр. Ал енді әдіснамалық тұғырлар туралы білімдер жиынтығы әдіснамашы ғалымдардың еңбектерінде, түрлі ғылыми басылымдар, ғылыми-практикалық конференциялар, әдіснамалық семинарлар, интернет-конференциялар, пікірталастар, дөңгелек столдар, пікірталастар материалдарында көрініс тапқан.
Сонымен, әдіснамалық тұғырлар дегеніміз – қайсыбір педагогикалық мәселені зерттеудегі қолданылатын ұстанымдар, әдістер, тәсілдер жиынтығы. Әдіснамалық ұстанымдар деп педагогикалық жүйелерді зерттей отырып, өзгерткенде негізге алынатын қағидаларды айтады. Ғылыми-педагогикалық зерттеуді ұйымдастыру ұстанымдары – жүргізілетін ғылыми зерттеулерге қойылатын жалпы талаптар, жетекші идея, түпкі қағида. Ғылыми әдебиеттерде жалпы ғылымилық ұстанымдар қатарына объективтілікті, ғылымилықты, жүйелілікті, тарихилықты, сабақтастықты және т.б. жатқызады. Демек, тұғыр ұстанымға қарағанда кең ұғым. Бұл тұғырлар мен ұстанымдар барлық ғылымға тән. Сондықтан педагогикада аталмыш тұғырлар мен ұстанымдарды зерттелетін объектілердің мәніне сай қолданып, ізденушілер өз зерттеулерін ұйымдастырады. Нақты тұғыр бірнеше ұстанымдар арқылы іске аспақ. Бұл ретте әдіснама негізінен ғылыми әрекеттің логикасына қатысты түсіндіріледі. В.В.Краевскийдің анықтауынша, әдіснама – педагогика ғылымының жасалу зертханасы, сол әдіснама арқылы зерттеудің қазіргі талапқа сай екендігі көрсетіледі және ғылыми қызметкерлердің кәсіби деңгейі бағаланады. Ізденушілерге біз 2007 жылы «Тұран» баспасынан жарық көрген «Введение в методологию и методику педагогического исследования» атты оқу құралындағы әдіснамалық тұғырлар, әдіснамалық ұстанымдар, зерттеу логикасы, зерттеу әдістемесі туралы мысалдармен тереңдетіле берілген әдіснамалық білім мазмұнын ұстанамыз.
Сонымен, зерттеудің әдіснамалық негізін анықтау үшін әдіснамалық негіздеме жасау қажет. Оның мазмұнына: ізденушінің тұжырымдамасының философиялық негіздері, педагогикалық мәселелерге сын көзқарас, зерттеу тұжырымдамасының ғылыми негіздері (мәселені тарихи-логикалық талдау, зерттеу пәнін диалектикалық жүйелі-құрылымдық талдау, оның сипаттамасын тұтастық тұғырдан қарастыру, зерттелетін педагогикалық құбылыстың дамуының негізі болатын жетекші қайшылықтарды анықтау, осы үрдіске тән заңды байланыстарды ашу әдіснамасына сипаттама), осы педагогикалық тұжырымдама негізіндегі түрлі ғылыми қағидаларды талдау енеді. Осыдан біз педагогикалық зерттеудің әдіснамалық негіздемесінің келесі логикалық тізбесін-алгоритмін қарастырамыз:

  • педагогикалық дәйектерді, құбылыстырды және үдерістерді, зерттеуге қажет нақты әдіснамалық тұғырларды анықтау;

  • әдіснамалық ұстанымдарды нақтылау;

  • зерттеу мәселелеріне тарихи-логикалық талдау жасау;

  • зерттеу пәнін сипаттауға тұтастық тұғырды пайдалану.

Педагогикалық зерттеудің әдіснамалық негізі оның теориялық базасымен тығыз байланыста беріледі.
Демек, педагогикалық әдіснама дегеніміз – педагогикалық теорияның негіздері мен құрылымы, педагогикалық болмысты бейнелейтін білімдерді жасаудың ұстанымдары, тұғырлары және тәсілдері туралы білімдер жүйесі, сондай-ақ, осындай білімдерді алу мен зерттеу жұмысының бағдарламасын, логикасын және әдістерін, сапсын бағалауды негіздеуге бағытталған әрекетінің жүйесі.
Әдіснама, әдіс пен теория әрқашан бір-бірімен тығыз байланысты. Теория педагогикалық құбылыстардың кез-келген әдіснаманың негізі болып табылады және сол әдістеменің көмегімен табылған фактілер арқасында кеңейеді. Теория- таным процесінің нәтижесі, ал әдіснама болса осы танымға жету мен оны құру тәсілі болып табылады. Бұл – теориялық және практикалық ғылыми-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру мен құрастырудың негізгі мен тәсілдер жүйесі, бұл-осы жүйені тану жолы. Таным теориясы тұтас таным іс-әрекеті процесін және ең алдымен оның мазмұндық негізін зерттейді. Әдіснама шынайы және практикалық түрде тиімді білімге жетудің әдістері мен жолдарына көп көңіл бөледі, осы білімді дамытудың тісілдерін іздестіру.
Қазіргі замандағы ғылымның әдіснамасы білімнің жеке бір саласы ретінде дамып келе жатыр, оған нақты – ғылыми деңгейде өткізілген зерттеулер сүйенеді. Кейде әдіснамның философиялық және нақты – ғылыми деңгейлері теңестіріледі, ал олардың шынайы мүмкіндікткрі мен шектерін ғылыми зерттеулердің әдіснамалық негізі болып табылатын материалистік диалектика ғана анықтай алады.
Педагогика ғылымы сияқты педагогикалық зерттеу әдістерінің қазіргі жүйесінің көлемі кең. Ғылыми-педагогикалық зерттеулердің әртүрлі әдістері мен зерттеуші ойлаудың шығармашылық сипаты ғылыми зерттеудің барлық әдістерінің мен олардың өзара байланысынң сипаттайтын ортақ теорияны құрастыруда біршама қиындықтарға әкеледі. Осыған орай, таным әдістерінің көптеген жіктемелері бар, оларды қолдану мақсатқа, объектігі және пәнге, сонымен қатар зерттеу әрекеттеріне және ғылыми іс-әрекет пен зерттеу жорамалдары жүзеге асатын жағдайларға негізделеді. Ғылыми зерттеулердегі әр түрлі әдістердің өзара байланысы мәселесі көкейтесті мәселеге айналып отыр. Бұл мәселе аспектілерінң бірі-ғылыми танымдағы философиялық әдістердің орны туралы мәселе.
Ғылымның қазіргі әдіснамасында, соның ішінде педагогикалық әдіснама да, теорияның негізін құратын бірнеше компоненттерден тұрады: а) факторологиялық материалдың бастапқы эмпирикалық негізі, ол теориялық түсіндірмені талап етеді; ә) бастапқы теориялық негіз, ол зерттеу объектісін суреттейтін алғашқы жорамалдардан, аксиомолардан, болжамалардан және теориялық ыңғайлардан тұрады; б) теорияның логикасы мен құрылысы; в) эмпирикалық дәлелдері бар теориялық пайымдаулар жиынтығы; г) педагогикалық теоияны қалыптастырудың әдіснамалық негізі, ол дәріптелген объект пен оның теориялық моделін суреттеумен байланысты. Бұл ретте дәріптелген объектіні құрастыруды кез- келген педагогикалық теорияны, оның байланыстарын, заңдылықтарын, жорамалдарын, дәріптешілігін, анық білімдерге жету принциптері мен механизмін құрастырудың қажетті шарты ретінде қарастыру қажет. Сонымен, зерттеу әдіс дегеніміз күрделі таным тәртіптері, ал олар болса зерттеудің таным операцияларының іске асуының белгілі бір тәртібін белгілейтін әр түрлі әдіс-тәсілдерінің жиынтығынан тұрады. Зерттеу әдістері педагогикалық ғылым дамуының басты құрамды бөлігі болып табылады. Ғылыми нәтижелердің анықтығы алғашқы ақпараттарды алудың жолдары мен тісілдеріне және зерттеу әдістерінің сенімділігіне байланысты. Кез-келген педагогикалық зерттеу белгілі ғылыми білімдерді дәлелдеу емес, ол- жаңа білімдерді табу процесі. Ол адамның зерттеу объектісі, заттары мен құбылыстарының мәнін ашуға бағытталған жан-жақты танымдық іс-әрекеттерінің бір түрі. Педагогиканың өзіне тән ғылыми-педагогикалық әдістерінің бірі бақылау әдісі. Ол зерттеуде жиі қолданады бақылау деп педагогикалық құбылыстарды қабылдау арқылы тануды айтады. Ғылыми бақылау арнайы жоспар бойынша жүргізіледі. Жоспарда бақылау мақсаты мен міндеттері, объектісі (сабақ, экскурция, табороториядағы, шеберханадағы, оқу- тәжірибе учаскесіндегі оқушылардың жұмыстары), жүргізілу әдістері мен техникасы дұрыс көтерілуі мүмкін. Оны жоспарлау зерттеу жұмысының нәтижелі болуына игі әсер етеді. Ғылыми бақылау зерттелетін педагогикалық құбылысты дұрыс және шын дәлдікпен жазып алуды талап етеді. Бақылау нәтижесі зерттеушінің педагогикалық іскерлігіне және оның жоғары дәрежелі сауаттылығы мен мәдениеттілігіне байланысты.
Педагогикалық бақылау-белгілі бір құбылысты ұзақ және жоспарлы түрде зерттеудің таным әдісі. Бақылауды жаппай және ішінара жүргізуге болады.
Жаппай бақылау әдісі- сабақ үстінде оқушылардың таным іс-әрекеті, оқушылардың зейін белсенділігін, балалар іс- әрекеті т. б. арқылы жүргізіледі.
Ішінара бақылау әдісі-кейбір оқушының кітаппен жұмысы, картамен жұмысы, мінез-құлқын бақылау.
Әңгіме әдісі- бақылауында алынған мәліметтерді толықтырады. Ол үшін арнайы жоспар жасалып онда негізгі және жанама сұрақтардың және әңгіме жасаудың әдістері мен тәсілдерінің нақты көрсетілгені жөн.
Педагогикалық құбылыстарды анықтау үшін әңгіме мұғаліммен сынып жетекшілерімен, мектеп басшыларымен, ата-аналармен және адамдардың дербес ерекшеліктерін еске алады. Әңгіме зерттеушіден үлкен дайындықты, зор шеберлікті, зейінділікті және әдептілікті талап етеді.
Әңгіме протоколға жазылады, магнитафон арқылы жазып алуға болады. Әңгіме әдісі эксперимент, бақылау т.б.әдістермен ұштастырла жүргізіледі
Мектеп құжаттарын зерттеуде кейбір күнделікті нәрселерді құжатарға сүйеніп зертеуге болады. Архив мәліметері, сынып жұрналдары, оқушы күнделіктері, сыныптық оқу-тәрбие жоспары үйірме жұмыстарының жоспары мен есеп; үйірме баяндамалары, педкеңестің протолколдары, мектептің жылдық есебі, мұғалімдердің озат тәжірибесі негізінде әдістемелік және тәрбие жұмыстарының тақырыптарына, жазылған байандамалармен ғылыми мақалалар жатады.
Оқушылардың жұмысын зерттеу. Оқушылардың жазба, бақылау және графикалық жұмыстары, суреттері, пәндер бойынша дәптерлері, әртүрлі тақырыптарға жазылған баяндамалары мен рефераттары мен және еңбек сабақтарында жасаған заттары зерттеушіні кейбір қажетті мәліметермен қаруландырады. Оқушылардың дербес қабілетін, оқуға және еңбеке көз қарасын, практикалық даярлығың, мұғалімдердің де іс-әрекетін зерттеп анықтауға болады. Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуін жаппай және дербес орындайтын жұмыстарын ұштастырып жүргізудің және осы сияқты дидактикалық проблемалардың қолданудың тиімді жолдарын іздестіреді.
Эксперимент деп нақты жағдайды есепке алып, педагогикалық процесті әдейі зерттейтін ғылыми тәжірибені айтады. Педагогикалық эксперменттерге сүйеніп, зерттеуші оқытудың және тәрбиенің тиімді тәсілдері мен әдістерін, түрлері мен мазмұнын тексереді. Сондықтан эксперимент мәліметтерін алмастыру үшін екі объекті алады. Олардың бірі-экспериментті, екіншісі-бақылау объектісі деп аталады. Эксперимени объектісінде-зерттеушінің ғылыми жазба ұсынысы бойынша, ал бақылау сыныбында – әдеттегі оқу бағдарламалары мен оқулықтарға сәйкес жүргізіледі. Эксперимент нәтижелі болу үшін екі топ тең болуы керек. Мұғалімдер де бір-біріне шамалас болғаны жөн. Активті экспериментті зерттеуші өзі жүргізсе, ал зерттеушінің ғылыми жазба ұсынысы бойынша екінші бір адам жүргізсе оны енжар деп атаймыз.
Табиғи эксперимент. Эксперименттің бақылаудан ерекшелігі-оның зерттеуді арнайы ұйымдастырылған жағдайда жүргізуді көздейтіндігінде. Эксперимент оқушылардың тәрбиелік дәрежесін, өмір мен қызметтің әр түрлі жағдайдағы өзара қатынасын, өзін қалай ұстайтынын, белсенділігін және мінезін, тағы басқа қасиеттерін анықтауға көмектеседі.
Табиғи эксперимент – бұл сыныпта бүкіл ұжымда оқу – тәрбие процесін бұзбай, педагогикалық проблемаларды зерттеу үшін әдеттегі жағдайда жүргізіледі.
Мектептегі озат тәжірибелерді зерттеу процесінде пайда болған болжамды анықтау үшін тексеру экспериментті қолданады.Мылалы, педагогикалық ғылыми-зерттеу институттары жаңадан жасалған оқулықтардың, бағдарламалардың тиімділігін тексеру эксперименті арқылы зерттейді.
Оқу мен тәрбиенің мазмұнын, ұйымдастыру түрлерін, принциптері мен әдістерін жаңадан құру үшін арнаулы эксперимент дейді.
Кейде жасанды жағдайда бақылау мен тексерудің нітижесінде оқыту мен тәрбиенің кейбір әдістері мен тәсілдеріне өзгерістер енгізуге болады. Педагогикалық құбылысты ұқыптылықпен бақылау үшін сынып ұжымының бір топ бала бөлініп алынады да олармен арнайы эксперимент жүргізіледі. Оны лабороториялық эксперимент деп атайды.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет