Реферат Тақырыбы: Франк мемлекеті Орындаған: Қозыбек Шұғыла Қабылдаған: Амирханов Азамат



Дата10.02.2023
өлшемі34,08 Kb.
#66717
түріРеферат

Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Педагогиқалық Университеті

Реферат

Тақырыбы: Франк мемлекеті


Орындаған: Қозыбек Шұғыла
Қабылдаған: Амирханов Азамат

Шымкент 2022


Жоспар
1. КІРІСПЕ

2. ФРАНК МЕМЛЕКЕТІНІҢ ҚҰРЫЛУЫ


2.1 Герман тайпалары
2.2 Франк мемлекетінің құрылуы
2.3 Франк мемлекетінің заңдары, Сали ақиқаты

3. ФРАНК МЕМЛЕКЕТІНІҢ ЫДЫРАУЫ


3.1 Мойордом билігі
3.2 Ұлы Карл билігі
3.3 Империяның ыдырауы

4. ҚОРЫТЫНДЫ




  1. КІРІСПЕ

Тақырып өзектілігі: Франктер - герман «варвар» тайпаларынан шығып, ұлы Рим империясына қарсы тұрып,империя дәрежесіне дейін жеткен тайпалар. Олардың өз тұрақтарын тастап ,Галлияға бет бұруына шығыстан келген тайпалар себепші еді.Франктердің жаулап алу жорықтары нәтижесінде орта ғасырлардағы ең күшті державалардың бірі қалыптасты. Ең алғашқы билеушілері Хлодвиг кезінде мемлекет гүлденіп,шекарасын кеңейтті.Кейіннен оның ұрпақтары билік үшін талас-тары нәтижесінде мемлекет ыдырап,жеке жер иеленушілер басқара бастады.Осы кезде мойордомдар билігі күшейіп,олар билікті корольдерден тартып алды.Уақыт өте келе 751жылдан бастап мойордомдар король ретінде мемлекетті басқарды.Осы кезең Каролинг кезеңі деп аталды.Каролингтердің ең атақты корольі Ұлы Карл мемлекетті гүлдендірді әрі мәдениет жағынан дамытты. Карл қайтыс болғаннан кейін ұрпақтары Верден қаласында империяны үшке бөліп,үш корольдік құрды.Осылай Верден келісім шарты Европаның үш болашақ мемлекетінің негізін салды деп айта аламыз.Олар:Франция, Германия,Италия.
Жұмыстың мақсаты: Франк мемлекетінің құрылуын және ыдырауына себепші болған алғышарттарды зерттеу.Франк мемлекетінің қазіргі Еуропаға әсерін зерттеу.
Жұмыс міндеттері:
1 Герман тайпаларының қоныстануы мен өзара қарым-қатынастарын қарастыру;
2 Франк мемлекетіндегі феодализмнің алғашқы белгілерін анықтау;
3 Франк мемлекетінің ыдырау себептерін ашып көрсету;

2 ФРАНК МЕМЛЕКЕТІНІҢ ҚҰРЫЛУЫ

2.1 Герман тайпалары

Рим империясы Еуропаның ең ескі әрі күшті мемлекеттерінің бірі болатын,бірақ онымен қатар күшті жаңа мемлекеттер пайда болды. Жаңа халықтар бір - біріне ұқсамайды, олардың құрылысы тайпаларға ұқсайтын. Олар бір-бірімен жиі соғысатын. Парсылардың және римдердің империялары ыдырап, әлсіресе, дала тайпалары күшейіп, өрлеудің жаңа кезендеріне аяқ басты. Бұл тайпалар: ғұн, алаңдар, дала көшпенділері Батыс Еуропаға жылжыды. Еуропада герман тайпалары: франктер, лангобардтар, вандалдар, всстготтар және остготтар туған жерлерін қалдырып, басқа жаққа қоныс ауыстыра бастады. Олар Рим империясының Рейн және Дунай өзендерінің арғы жағалауындағы жерлеріне қызығып жүретін. Герман тайпалары бұл жерлерге бұрын да шабуыл жасаған болатын. Бірақ шығыс тайпалары қыса бастағаннан кейін, олардың белсенділігі күшейді. Герман тайпалары бұрыннан Рим империясының шекарасын қорғайтын әскерлерде қызмет атқаратын, бірақ бірсыпыра уақыт өткеннен кейін Рим императорлары герман халқынан шыққан әскерлерсіз өз жерлерінің шекарасын қорғай алмайтынын түсінді. Германдардан құрылған әскерге толық сенуге болмайтын. Оларды басқарған бастықтары өздерін Рим императоры ретінде мәлімдеп, азаматтық соғыс ашатын болды. Рим азаматтары әскерге қызмет істегісі келген жоқ.


Рим халықтары герман тайпаларының бәрін "варвар" жабайы деп атайтын. Бұл сөз гректерден рим халықтарына көшті, олар римдіктерден басқаның бәрін "варвар" деп атады.
Варварлар Рим империясын солтүстік шекарасы жағынан, франктер Рейн өзені жағынан, готтар Дунай өзені жағынан қыспаққа алды. Осы кездегі олардың негізгі мақсаттары Галлия еді. вввввГаллия - Римнің ең бай провинциясы. Біздің дәуірдің бас кезіндегі V ғасырда ол өте терең дағдарысқа ұшырады. Құлдар, колондар, шаруалар, қаланың кедейлері көтеріліп, өздерінің жаулары германдық тайпалармен тізе қосып, билеуші таптарға қарсы шықты. Осы кезде герман тайпаларының ең күштісі - салистік франктер жорыққа дайындала бастады. Олар небәрі жиырма жылдай гана уақытта мемлекеттің көп жерлерін бағындырып, басып алды.Негізінен Франктер — орта ғасырлардың бас кезінде Орталық Еуропада тұрған батыс герман тайпалар тобы. Оларға хамава, бруктер, усибет, тенктер, сугамбар, т.б. тайпалар кірген. Франктер 2 топқа бөлінген: 1) Төменгі немесе Солтүстік Франктер (кейінірек Батыс Франктер) деп аталған сали Франктері; 2) Рейн өзіні жағалауынан жоғары Майн өзініне дейін қоныстанған Франктер.
486 жылы Суассон деген жерде франктерден Галлиядағы Римнің соңғы наместнигі Сиагрий жеңілді. Салистік франк тайпаларын белгілі Меровинг руының өкілі, он тоғыз жасар Хлодвиг басқарды. Бұдан соң Хлодвиг вестготтардан Галлияның оңтүстігін де жаулап алды. Сөйтіп Рим империясының осы провинциясының орнына өзінің корольдігін құрды. ииииГаллияны жаулап алған франктер бұрынғы жер иелерін орындарынан қуған жоқ, бос жатқан жерге ғана қоныстанды. Жаулап алушылардың билігін мойындаған римдік және Галлиялық байлар аз уақыттың ішінде франк ақсүйектерімен араласып,туыстасып кетті.
Франк мемлекетінің құрылуы
2 Франктердің бірінші королінің есімі Хлодвиг (486-511). Ол Меровингтер руынан шыққан көсем. Хлодвиг әскерге басшылық еткен уақытта бүкіл Галлияның жерлерін франктер басып алған болатын. Оның ақылды іс-өрекеттері аз емес. Айталық, ол христиан дінін қабылдап, Рим католик шіркеуінің қанатының астына кірді. Христиан дініне ену үшін Хлодвиг өзінің әскерінің келісімін он жылдай күтгі. 496 (497) жылы Рим католик шіркеуімен одақ құрғаннан кейін ғана өзінің жағдайын нығайтты. Суассон жеңісінен кейін 22 жыл өтті. Енді Хлодвиг мемлекетінің шекарасы Пиренейден Жерорта теңізіне дейін созылды, Рейн өзенінің оң жағалауы да оған кірді.
Франктер Галлияны басып алғаннан кейін оларда таптық қоғамның құрылуы мен мемлекеттің пайда болу процестері жедел өтті.Король атағы оның ер балаларына мүралықпен берілетін. Сондықтан франк мемлекетінің корольдеріааХлодвигтіңььтұқымдарыртболатын.
Бірақ олардың қоғамдық құрылысында әскери демократияның қалдықтары өте көп сақталған еді. Осылай франк державасының тарихтағы бірінші V ғ.аяынан VII ғ.аяғына дейінгі уақытты қамтитын кезеңі – меровинг кезеңі басталды. Хлодвиг кезінде Аквитания,кейін оның ұрпақтары кезінде –Бургундияны жаулап алынды.Франктер өздеріне герман тайпаларының біразын жаулап алады,олар:тюрингтер,аламандар,баварлар,псакстармжыл сайын оларға салық төлеуге мәжбүр болды. Франк мемлекеті Еуропадағы басқа варвар тайпаларына қарағанда ұзақ өмір сүрді.Франк қоғамының феодализациясымен қатар ерте феодалдық мемлекеттің пайда болу процессі жүріп жатты.Франк мемлекетінің аумағында жазба заңдардың шығуы өкімет билігін нығайтуға үлес қосты. Ал мемлекет адамның байлығы мен жерін басқыншылардан қорғап отыру үшін керек болды. Қуатты мемлекеттің көмегімен ел басшылары халық бұқарасын қабылданған тәртіп шеңберінде ұстап, салықты уакытында жинап алатын жағдайға жетті. Әскер басшыларының ішіндегі әрі батыл, әрі тапқыр Хлодвиг король деп жарияланды. Король - барлық халық бағынатын, өкімет билігін өзінің әулетіне мұраға қалдыра алатын, ең жоғарғы мемлекет басшысы. Жоғарғы сот билігін де корольдің өзі атқарды. Барлық мемлекеттік маңызы бар мәселелерді жақын достарымен ақылдаса отырып, корольдің өзі шешетін болды. Король сарайы елді басқарудың орталығына айналды. Сарайда корольдің жақын туыс-достары, кызметкерлері мен жасақшылары орналасты. Тұрақты жасақ салықтар мен соғыста түсетін олжаның есебінен өмір сүрді. Франктердің тұрақты әскері болған жоқ. Соғыс бола калған жағдайда барлық ерікті азаматтардан халық жасақтары құрылатын. Негізгі әскери күш корольдің жасағы болды. ааааЕл бірнеше аймақтарға бөлінді. Оларға салық жинайтын, әскерге басшылық жасайтын, сот ісін жүргізетін басшы - граф тағайындалыпммқойылды. ааааФранктер Галлиядағы бос жатқан жерлерді бөліп алып, өз иеліктеріне айналдырды. Ең үлкен үлес Хлодвигке тиді. Онан кейінгі үлкен үлес оның жақын жасақ басшылары мен нөкерлеріне берілді. Қатардағы қарапайым жасақшыларға шағын үлестер тиді. Жасақ басшылары мен нөкерлер ірі жер иеленушілерге айналды. Олардың иеліктері аллод, яғни толық иелік деп аталды. Аллодтың иесі оны басқа адамға сыйлауға, мұраға калдыруға, қызметкерлеріне уақытша пайдалануға бере тұруға ерікті болды. Ірі жер иеліктерінде құлдар мен колондар (ірі және орташа жер иелерінен шағын жер үлесін алып, заттай салық төлеушілер) жұмыс істеді. ааааГаллияны жаулап алғаннан кейін қатардағы франктер өзара туыс отбасыларынан құрылған кауымға бірігіп, шаруашылық жүргізді. Олар қауым иелігінде бірлесе еңбек етіп, тапқан табыстарын өзара бөлісіп алатын. Бірте-бірте қауым мүшелерінің арасында мүліктік жіктелу пайда болды. Осыған байланысты қауымнан оның ауқатты мүшелері бөлініп шыға бастады. Қауымдық құрылыс ыдырап, франктер коғамында байлар мен кедейлер болып жіктелу басталды. Меровинг дәуірінде франктердің қоғамдық бөлінулері енді ғана пайда болып келе жатыр еді.Бұл «Сали ақиқатындағы» еркін адамдар үшін төленетін вергельд саны жағынан байқаймыз.Вергельд (нем. Wergeld, Wёr — адам және Gёlt — баға) — герман варварлық ережелеріндегі еркін адамды өлтіргені үшін төленетін ақшалай айып пұл.Вергельд өлген адамның отбасына өлтірген адам отбасысы төлейді.Вергельдты адамның қоғамдық орнына,жасына және ұлтына байланысты төленген. Мысалы жай еркін франктер үшін төленетін вергельд саны 200 солидті құрайды.Король әскерінде қызмет қылатындарға және мемлекеттік тұлғаларға немесе король қызметшілеріне төленетін вергельд саны - 600 солид болған. Жартылай еркін адамдар – литтардың өмірлері төменірек бағамен қорғалған,небәрі 100 солид ғана . Франктерде құлдары да болған,олардың өмірі мүлдем вергельдпен қорғалмайтын ,өлтіруші тек құл иеленушіге шығының ғана өтеген. сссФранктерде құлдардың пайда болуы а Галлияны жаулап алғаннан басталды.Кейіннен құлға өз қарыздарын немесе вергельдты төлей алмаған адамдар айналған.Олар өздерінің қарыздарын төлеп жатқан адамның құлы болған. Бірақ құл еңбегі өндірістің басты күші болған жоқ,олар көбіне сарай қызметшілері,қол өнершілер немесе малшылар ретінде қолданған. Хлодвиг жаулап алу ж орықтары кезінде –ақ императорлық фисктың жерлерін өзіне иемденіп алған еді.Оның ұрпақтары уақыт өте келе бүкіл бос жатқан ,басында халық иелігі болғанажерлерді жаулап алды.Осы фондтан франк корольдері шіркеуге және өз қызметкерлері мен жақындарына жомарт үлестірді. Осылайв VI ғасыр аяғына таман франк қоғамында ірі жер иеленушілер қабаты қалыптаса бастады.Ірі жер иеліктерінің пайда болуы ірі жер иеленушілердің билігінің күшеюіне алып келді,бұл өз кезегінде феодалдық құрылымның қалыптасуына алып келді.Ірі жер иеленушілер,шіркеу мекемелері мен корольдің қызметкерлері арасында қысымға түсу еркін франктерді ақсүйек немесе діни ірі жер иеленушілердің қол астына кіруге мәжбүр етті.Бұл қз кезегінде жер иеленушілердің олардың «сеньорларына» айналды. ьььь Франктердің пұтқа табынушылығы ол ардың Галлиядағы билігін нығайтуына көмектесе алмады. Ондай көмекпен халық арасындағы ықпалы мен беделі күшті христиан шіркеуі ғана қамтамасыз ете алатындығын франк басшылары түсінді. Сондықтан Хлодвиг 498 жылы өзінің жасақшыларымен бірге христиан дініне енді. Алғашында бұл дінді қабылдағысы келмеген франктер оған Хлодвигтен қорыққанынан кірді. Христиан діні франктер мен римдіктерді жақындастырып, бір халыққа айналдырды. Шіркеу басшылары жарлықтар шығаруға көмектесіп отырды. Хлодвигтің кеңесшілеріне айналып, оның беделін көтеріп, билігін нығайтты.Хлодвиг оның қарымтасы ретінде шіркеудің байлығын қорғап, оған жер үлесі мен бағалы сыйлықтар беріп отырды. Әрбір елді мекенде шіркеулер ашылды. Дінбасылары халыққа құдай сөзін жеткізіп, оларды құдайға құлшылық етуге шақырды. Христиан дінінің арқасында франктер римдіктердің бай мәдениетін меңгерді.

2.3 Франк мемлекетінің заңдары



Франк мемлекетінің халқы латын және герман тілдерін араластырып сөйледі. Жазу саласында тек латын тілі қолданылды. Хлодвигтің тұсында осы тілде франктердің ең алғашқы coт саласындағы заңдары жазылды. Ол «Сали ақиқаты» деп аталды. «Сали ақиқаты» ежелгі франк мемлекетінің меровинг дәуірін зерттейтін деректердің маңызды көзі болып табылады.Рим әсері бұл заңда едәуір байқалады,себебі заң латын тілінде жазылған,әрі айып пұлдар римдік ақша бірліктерімен салынған. -IX ғасырлар арасында франк корольдері «Сали ақиқатына» көптеген өзгерістер енгізіп отырды.Ол заңдар бүкіл мемлекет аумағындағы бірыңғай тәртіпті нығайтуға үлес қосты. Франктердің заңы бойынша қылмыстың көпшілігі ақшалай айыппен өтелетін. Адамдар заң алдында тең болмады: адам өлтіргендігі үшін салынатын айып мөлшері кімді, кандай адамды өлтіргендігіне байланысты әр түрлі болды. Франктің өмірі галлдар мен римдіктердің өмірінен кымбат бағаланды. Жауапқа тартылған адамның кінәсі дәлелденбесе, оны «құдай сотына» салатын. Мысалы, жалаңаш қолмен қазанда қайнап тұрған судан сақина алуға мәжбүр етілді. Егер кінә тағылып отырған адамның қолы көп күймесе, ол адамның ақ екендігінің белгісі деп саналды. Сондықтан оған құдай жақ болып отыр деген тұжырым жасалатын. VI ғасырда франктердің басты шаруашылығы болған егін шаруашылығында екі егістік теориясы шамамен басым болған. «Сали ақиқаты» бойынша қоныстар көлемі бойынша әр түрлі болған.Қоныстарда көбіне туыс отбасылар тұрған және бір адам қайтыс болған жағдайда оған тиесілі жер оның ұлына көшіп отырған,ұлы жоқ болған жағдайда көршісіне көшкен.Әйел адамдардың мұрагерлік құқығы болмаған. чччч«Көшу» туралы тарауында әрбір адам өз қонысынан кетіп өзге озіне ұнаған виллаға(ауыл мағынасында)барып тұруына құқылы.Бірақ ол барған вилла адамдарының бәрі де сол адамды қабылдауға келісуі керек.Егер бір адам ,онда рұқсат берілмеген,қуылған. 561- 584 жылдары билік құрған король Хильперик «Сали ақиқатына» өзгерістер енгізді.Осыдан былай жерді мұрагерлікпен тек қана ер адамдар емес әйелдер де ала алатын болды. «Сали ақиқатындағы» туыстық қатынастардың ерекшелігін көрсетеді. «Бір уыс топырақ» тарауында кедейленіп қалған туысы егер өз салығын төлей алмайтындай жағдайда болса,онда өзінің бай,ауқатты туысына бір уыс топырақ шашуына болатын.Бұл бай туысын салығын төлеуге мәжбүр қылдыратын. лллрБесінші гасырдан бастап варварлар өздерінің әдеттерін кодификацияға жатқызып, оларды "Шындықтар" ретінде таратты. Сөйтіп, Салистік, Рипуарлық, Алемандық және басқа қүқықтарооодамыды.
"Шындық" деп аталатын қүжаттардың ең ежелгісі "Франк шындығы". Бұл қүжатшң нормалары көбіне германдардың бүрыннан келе жатқан әдет-ғүрыптары. Меншіктің екі түрі болды: қауымдық және жеке меншік. Пайдаланбайтын жерлер, жайылым және ормандар бәрінің бірлескен меншігі болатын. Сонымен бірге жеке меншіктегі жерлер де кездеседі, олар әрбір отбасынаттбекітілген.
Неке заңдары. Неке кесу көшпелі халықтардың некелеріне үқсас бол-ды. Неке алып-сату шарты бойынша жүзеге асырылды. Күйеуі әйелі үшін қалыңмал төледі. Бүл сыйлық "таңғы сыйлық" деп аталды. Ол тек қана кіршіксіз қызға беріледі де жаңадан отау тіккен отбасында қалады. Әйел адамға жасау беріледі. Бірақ әйел адамды зорлап алып қашуға тыйым салынды. Туысқандар арасындағы неке туралы айтылмаған және неке бүзу туралы да анық нормалар жоқ. Германдардың әдеттері бойынша ажырасуға рүқсат етілген еді, бірақ христиан діні күшейгеннен кейін ажырасуғаввтыйымвввсалынды.
Қылмыс туралы. Қылмыс дегеніміз - адамға және мүлікке зиян келтіру және корольдің тыныштығын бүзу деп есептелген. Жазаның негізгі мақсаты жәбірленуші адамға және оның туысқандарына жөбіршілеуден зиянын өтеу және корольдің тыныштығын бүзғаны үшін оған айып төлету болды.
3 ФРАНК МЕМЛЕКЕТІНІҢ ЫДЫРАУЫ.

3.1 Мойордомдар билігі



Франктер әскери шабуылдармен өз жерлерін кеңейте берді, Бесінші ғасырда бүкіл франк корольдері Меровинг руының тұқымдары болатын. Ірі жер иеленушілердің пайда болуы Хлодвиг ұрпақтарының кезінде –ақ кароль билігін әлсірет ті.Ірі жерлердің барын үлестіріп тастағандықтан,олар өз табыс көздерінен айырылады да қарсы шыққан күштерге төтеп бере алмай қалады .VII ғ. Франк мемлекетінің құрамындағы тәуелсіз саяси бірліктер бөліне бастайды.Олар: Нейстрия, Австразия,Бургундия. VII ғ аяғында Аквитания да бөлініп шықты.Осы төрт аумақтың корольдері,ірі жер иеленушілері өзара қырқысумен болатын.511 жылы Хлодвиг өлгеннен кейін оның мұрагерлері жер мен билік үшін қиян-кескі күрес жүргізді. Ел біресе бөлшектеніп, біресе қайта бірігіп, тұрақсыз жағдай орнады. Меровингтер әулетінен шыққан корольдердің билігі әлсіреп, майордомдардың ықпалы күшейе түсті. «Майордом» латынша «үйдің үлкені», «басшысы» дегенді білдіреді. Король майордомдарды сарай шаруашылығын басқаруға тағайындайтын. Біртіндеп майордом қызметі әкеден балаға мұра ретінде кала беретін мемлекеттегі ең жоғарғы лауазымды қызметке айналды.VII ғ. аяғында корольдіктің территориясындағы аумақтардағы биліктің шамамен барлығы мойордомдар қолында шоғырланды.Мойордом жергілікті ақсүйектердің әскери басшысы ретінде болды.Меровинг әулетінің корольдері қолдарындағы билікті жоғалтып алғаннан кейін мойордомдардың қалауымен королдікке тағайындалып,алынып тасталып жүрді.Оларды замандастары «жалқау корольдер» деп атай бастады. Майордом Карл Мартелл 715-741 жылдары корольмен санаспай-ақ өз билігін жүргізді. Оның билігі кезінде араб әскерлері Испаниядан өтіп, Галлияға шабуыл жасады. Бірақ оларды франктер 732 жылы Пуатье түбінде талқандады. Арабтар тарапынан төнген қауіп Карл Мартелді күшті атты әскер құруға итермеледі. Атты әскер қатарына қабылданғандар майордомнан тұрғылықты шаруаларымен қоса жер үлестерін алды. Ол жерден түсетін табысқа иесі өзіне ат пен қару-жарақ сатып алуға міндетті еді. Алғашында жер жауынгердің меншігіне мәңгілік емес, тек әскерде қызмет атқарып жүрген кезінде ғана берілетін. Кейін ол жер үлестері әкеден балаға мұра ретінде берілетін болды. Сөйтіп оның балалары да әскери қызметті жалғастыруға міндеттенді. Атты әскерлеріне жер үлестіру үшін Карл шіркеу иеліктерінің біраз бөлігін тартып алды.
. Карл Мартелл майордом қызметін атқарған кезінде оның реформаларын жер реформалары болады. Король ретінде ол өзінің ісін саяси қарсы тұрған адамдардың жерлерін тәркілеуден бастады. Бүдан кейін шіркеудің де жерінің бір бөлегін тартып алып, секуляризацияға ұшыратты. Ол корольдің жер қорын құрды. Бүл жер қорын ол "жаңа ақсүйектерге" бенефиций ретінде таратып берді. Бенефиций – бұл феодалдық үстемдіктің бірінші түрі. Жерді берген адам бүл шарт бойынша "сеньор, вассал" деп аталады. Ал жер алған адам "бенефициарий" делінеді. Вассал екеуінің арасындағы шарт бойынша шаруа жерді алғаны үшін әскери міндетін өтеуге тиісті. Бенефициарий керек кезінде жылына бір рет қырық күн вассалдың әскерінде соғысуға міндетті еді.
Бенефиций жерлерін алған феодалдар корольдің әскеріне қызмет істеуге тиісті еді. Олар әскерге өзінің қаруланған адамдарымен келуге мәжбүр болды. Бенефициарийге берілген жердегі тәуелді шаруалар. Бенефициарийлерге салық төлеуге тиісті еді. Сонымен, бенефиций шарттары өмірге вассалитет қарым-қатынастарын әкелді . Ал феодалдық тәуелдіктің екінші түрі – прекарий. Бұл шаруа өзінің экономикалық тәуелсіздігін қорғай алмайтынын көріп, меншігіндегі кішкентай жер үлесін әміршіге беруге мәжбүр болады. Әмірші сол жерді оған кері қайтарып, қосымша жер кесіп берді. Бірақ ендігі жерде шаруа өзінің феодал әміршісіне қарыздар болып қалды. Оны өтеу үшін жұмыс істеп, салық төлеуіне тура келді. Прекарлық қағаздарда (шарттарда) шаруаның жеке басының міндеті туралы ештеңе айтылмады. Бірақ бұл шарт шаруаның жеке басын феодалға бағындыруға жағдай туғызды. Карл Мартелдің жерді сыйлыққа үлестіріп беруі Еуропада жаңа қоғамдық құрылыс - феодализмнің қалыптасуының бастауы болды. Ол жерлерді үлестіргендегі мақсаты көтеріліп жатқан феодалдарға беріп,кейін сол жерлерді тартып алумен қорқыту болатын. Карл Мартель бенефициялы 741 жылы Карл Мартелл өлген соң майордомдық оның баласы Қортық Пипиннің қолына тиді. Ол Меровингтерді құлатып, король атағын алуды аңсады. Пипиннің корольді тақтан күшпен құлатып, өзін король деп жариялауына да болатын еді. Бірак ол таққа заңды жолмен отыруды дұрыс деп үйғарды. Бұл мақсатына жету үшін ол кұдай атынан сөйлеуге құқы бар Рим папасын пайдаланды. Лангобардтардан қысым көріп жүрген Рим папасы франктердің көмегіне зору еді. Сондықтан ол Пипиннің король атағын алуына келісім берді. 751 жылы папаның келісімі бойынша, франк ақсүйектерінің Суассондағы жиналысында Пипин ресми түрде франктер королі деп жарияланды. Ол 768 жылға дейін корольдік етті. Меровингтер әулетінің ең соңғы королі III Хильдерик монастырьға қамалып, сол жерде қайтыс болды. Қортық Пипин папаның жақсылығына жақсылықпен жауап қайтарды. Ол Италияға, Лангобард корольдігіне карсы екі рет жорық жасап, жаулап алған жерлерін Рим папасына сыйлады. Ол жерде 756 жылы Папа мемлекеті құрылып, 870 жылға дейін өмір сүрді. Римдегі қазіргі Ватикан мемлекеті сол «Пипин сыйлығының» жұрнағы болып табылады.751 жылы Карлдің баласы Пипин феодалдар мен шіркеу қызметкерлерінің жалпы жиналысында король болып сайланды.
Король сарайы бүкіл мемлекеттің басқару орталығына айналды. Бірак франк монархиясын шексіз монархияға жатқызуға болмайды. Көктемде феодалдар өздерінің Ұлы жиналыстарына қатысатын, бұл жиналыс "Наурыз дала" деп аталды. Корольдің қызметкерлері минестериалдар деп аталды және тағыда жаңа атаулар енгізді.Олар:
Басты қызметкердің лауазымы – майордом болды.
Пфальцграф-корольдің сарайындағы сотты басқаратын лауазым иесі. Тезаурарий - дөулетті сақтаушы, ол бүкіл материалдық игілікке иеболып, соның сақталуына жауап береді. Ол мемлекет қазынасының сақталуына да жауапты болды. Франк мемлекетінде корольдің жәнемемлекеттің қаражаты бірге сақталатын.
Маршал-корольдің атты өскерін басқаратын адам.
Архикапеллан-корольдің діни қызметкері. Сарайдағы шіркеу қызметкерлерінің ішіндегі ең жоғары дінбасы. Ол міндетті түрде королькеңесінің мүшесі болды.
Камерарий-король қазынасына салықтың түсуін бақылаушы және сарай мүлкінің сақталуына жауапты адам. Аталған қызметкерлердің арасындағы биліктердің бөлінуі өлі де зертгей түсуді қажет етеді. Себебіқызметтік иерархия әлі жеткілікті анықталмаған.
Мемлекет жерлері паги деп аталып, аудандарға бөлінетін.
Паги жүздікке бөлінді. Жүздікті басқаратын адамды халық сайлайтын. Жүздік қауымға бөлінді, қауымда жергілікті өзін-өзі басқару принциптері сақталды.
Бірнеше округтер герцогтіктерге бірікті, оларды герцог басқарды. Герцогтер басқару қызметінен басқа шекараны қорғауға тиісті болды. Өмірдің басқа саласында оның функциясы графтың қызметіне үқсас.
Сот. Жоғарғы сот билігі монархтың қолында болды. Ол сот қызметін ақсүйектердің өкілдерімен бірлесіп атқарды. Корольдің кеңесі ең ауыр қылмыстарды қарайтын.
Жүздіктің сотын тунгин басқаратын. Сот қызметкерлері соттың рахинбургтері деп аталды. Сот мүшелігіне бай әрі құқық мәселелерін жетік білетін адамдар сайланды.
Франк мемлекетінің халық әскері феодалдық әскерге айналды.

3.2 Ұлы Карл билігі



Қортық Пипин франктер мемлекетіндегі жаңа әулеттің негізін қалады. Бірақ ол Пипиннің емес, оның әкесі Карл Мартелдің атымен Каролингтер (Карлдың латынша аты Каролус болатын) әулеті деп аталды.Пипин өлімінен кейін 768 ж карольдік оның екі ұлы Карл мен Карломан арасында бөлінді.Ағайынды екеуі аналары Бертраданың соншалық тырысқанына қарамастан өз ара тіл табыспайтын.Олардың араларындағы татулықтары үлкен күшпен сақталып отырды,себебі Карломан маңындағылардың барлығы да оларды араздастыруға,тіпті соғысқа дейін жеткізуге тырысқан. 769 жылы оңтүстік – батыстағы Гунольд атты сеньор батыс аквитандықтар мен гаскондық басктарды көтеріліске алып шығарады,сол кезде Карл көтерілісті басу үшін жалғыз баруға мәжбүр болады,себебі Карломан оған өз әскерімен қосылудан бас тартады. Бұған қарамастан Карл өз жорығын жалғастыру туралы нық шешім қабылдады және ол өз қалағанына жетті де.Ол Гунольдты Гасконьға қашуға мәжбүр етті.Оны қуып,Гаронна өзенінен өтіп,герцог Лупа Гаскондықтан қашқынды беруді талап етті. Карломан мен лангобардтар королі Дезидери арасындағы келісімнен қорқып, Карл олардын алдын алды.Ол өзінің туысы әрі лангобард королінің күйеубаласы Бавария герцогы Тассилмен жақындасып қана қоймай,анасы Бертраданың кеңесімен 770 жылы Дезидеридің қызы Дезидератені әйелдікке алып өзінің заңды әйелі Химильтруданы екінші рөлге ысырып қойды. 771 ж Карломан қайтыс болады да,бүкіл билік Карлдың қолында жинақталады.Ағасының мұрасын басып алғаннан кейін Карломанның әйелі Герберга мен ұлы Пипин Дезидери қол астында пана тапты. Ол 768-814 жылдары билік кұрды. Карл ұзын бойлы, алып денелі, батыл адам болған делінеді.Биограф Карл Эйнхардтың еңбегі бойынша Карл «зор әрі күшті дене иегері болған.Оның бойы өте ұзын болған» делінеді.Карлдың түрін ашық түсті шаш,ұзын мұрын,тірі жарығы бар көздер ерекшелейтін.Қартайған шағында Карл ақсай бастады.Сүретшілер Карлды өздерінің фантазиясына қарай әр түрлі қылып салған. Көптеген адамдар Карлдың алып дене бітімін суретшілер жағынан тым әсерлеп жіберген деп санаған,бірақ Карл мәйітін эсгумациялау оның шынымен де 192см. екендігі анықталды. Оның ерліктері мен тапқырлығы жөнінде көп аңыздар мен өлеңдер жазылды. Тіпті «король» деген сөздің өзі соныңмсатынан шыққан. 772 ж бастап Ұлы Карл сакстары жаулап алып,жерлерін франк мемлекетіне қосты.Шамамен сол уақыттарда Карл лангобардтарды бағындырып,солтүстік Италияны өзіне қаратты.Папалықтарға өз қамқолығын берді. Осы кезеңнің өзінде франк шекарасы үлкен аумақты алып жатты.Ол Эбро және Барселона өзендерінің ортанғы ағысынан оңтүстік-батыста Эльба,Салы,Богем таулары мен Вендік орманға дейін созылып жатса,солтүстігінде Ютландия шекарасы мен орталық Италияға дейін аралықты қамтыған.Карл тіпті Франк мемлекетін Рим империясымен теңестіріп,императорлық атақты армандайды.Папа Лев III өзі жек көретін рим ақсүиектерінен тығылу үшін франк корольдігінің сарайына барды.Карл Римге папаны қорғау мақсатымен барады.Осы ісіне риза папа Ұлы Карлды 800 жылы Римдағы Әулие Петр храмында императолық тәж кигізеді.Осылай Батыста жаңа империя пайда болды.Бұл Карл мен Византия арасындағ өшпенділікті өршітті. Ұлы Карлдың билік кұрған жылдарының бәрі соғыспен өтті. 53 әскери жорықтың 27-сін Карлдың өзі басқарды. Оның жорықтары Испанияға, герман тайпаларына және Италияға бағытталды. Франктер Рим папасына көмектесу үшін Италияға екі рет жорық жасап, лангобардтарды талқандады, Италияның көпшілік бөлігін өз иелігіне қосып алды.778 жылы Карлдың Испанияға жасаған жорығы сәтсіздікке ұшырады. Тек 801 жылы арабтарға қарсы соғыста жеңіске жетіп, Испанияның шағын аймағын жаулап алды. 772-804 жылдары Карл сакстарға қарсы сегіз рет қанды жорық жасап, әрең дегенде олардың аксүйектерін өз дегеніне көндірді. Саксония бірнеше графтықтарға бөлінді. Графтықтар басшылығына король ақсүйек франктер мен сакстарды тағайындады. Сакстар Карлдың күштеуімен христиан дінін қабылдады. 788-803 жылдары франктер славян тайпаларымен одақтаса отырып, VI ғасырда қалыптасқан аварлар қағанатын Паннонияда (қазіргі Венгрия аумағы) талқандады. аааааҰлы Карл билігінің соңына қарай Франк корольдігі өзінің жер көлемі жағынан бұрынғы Батыс Рим империясына жақындады. Карл империясының астанасы Аахен қаласы болды. Карлдың дәрежесінің өскендігі соншалық, Шотландия мен Аустрий корольдері,ирландық княздер,тайпа көсемдері оның қолдауын өте қажет етті,тіпті 812 жылы Византия императоры болып мойындалды. Өзінің табысты жорықтарымен Карл Франк мемлекетінің көлемін үлкен қашықтыққа кеңейтті.Дәл осындай талпыныспен Карл мемлекеттік құрылымға,мәдениеттің дамуына зер салды. Ол әскери істерін реттестіріп,шекараларды маркграфтар деп аталатын әскери ұйыммен күшейтті.Ол корольге қатері бар деген герцогтардың көзін жоғалтып отырды.Жеке аймақтарды графтар басқарған.Жылына екі рет – көктемде және күзде император айналасында жиналыстар болып отырған. Көктемдегі жиындарға еркін адамдар келіп,қатыса алған.Ал күздегі жиынға тек король «кеңесшілерімен» , дін басылары және мемлекеттік маңызы бар адамдар жиылған.Күздік жиында көбіне мемлекет өміріндегі қиындықтар мен проблемалар қаралған және соларға шешім қабылданған,бұл негізінен капитуляри атауын алған. Карл ауыл шаруашылығына көп көңіл бөлген. Оның бұйрықтарымен болоталар кептірілген,ормандар шабылған,шіркеулер мен қалалар салынған,әрі неше түрлі әсем сарайлар салынды. Христиандықтың таралуына қызу кірісіп,дінге қолдау көрсетіп,оған жер үлестерін бөліп,папамен жақсы қарым-қатынаста бола отырып,Карл шіркеуде толық билігін сақтап қала алды,ол епископтар мен аббаттарды тағайындап,жиындарда шіркеу ісіне қатысты мәселелерді шешіп отырған. ввввКарл бұйрығымен сарай биографтары халық әндерін жинаған.Ол өзі ғалымдармен араласып,олардың кеңестері арқылы дін басылар мен халықтың сауатын ашуға тырысты.Негізінен ол шіркеулер ішіндегі мектептердің дұрыс жұмыс атқаруына көп көңіл бөлді.Сарай ішінде өз балалары , сарайдағылар мен олардың ұлдары білім алу үшін академия ашты. 794 жылы Ахенедегі кельттер мен римдіктердің термальдік курортының орнына Карл үлкен сарай комплексінің құрылысын бастап,ол 798 жылы аяқталады. Ең алғашында Ахен Карлдың қыстық ордасы болады да,уақыт өте келе тұрақты ордасына айналды. 807 жылдан бастап Ахен елдің астанасына айналды.Карл 1,7 грамм салмағы бар ақшаны бекітті. 806 жылы ақпанда Карл империяны өзінің үш ұлының арасында бөлуді өсиеттеді.Людовикке - Аквитания мен Бургундия,Пипинға - Италия мен Дунайдың оңтүстігіндегі Германия,Жас Карлға Нейстрия,Австразия мен Дунайдың солтүгіндегі Германия берілуі керек еді.Алайда 810 жылы Пипин, 811 жылы Жас Карл қайтыс болды.Өзі қайтыс болардың алдында Карл өзіне Людовикті,тірі қалған жалғыз ұлын , сол уақыттағы Аквитания корольін,шақыртып алып,сол арада жиын жинап, 11 қыркүйектен бастап Людовикті өз мұрагері ретінде жариялап,басына тәж кигізіп,енді бұдан былай Людовикті император және август деп атауға бұйық берді де екеуі мемлекетті бірге басқара бастады. Осыдан кейін қатты лихорадкадан ауырғаннан кейін ол төсек тартып жатып қалды.Қаңтардың басында лихорадкаға плеврит қосылып,28 қаңтарда 814 жылы император қайтыс болды.Өзі салдырған Ахенедегі сарай шіркеуіне жерленді. Карл империясы замандастарына мәңгілік, мықты империя болып көрінді.Сол себепті Карл бейнесі көптеген аңыздарға енген. Ертедегі орта ғасырлардағы Еуропа мәдениетінің дамуына IV ғасырда мемлекеттік дін деңгейіне көтерілген христиан діні елеулі үлес қосты. Жаңа дін сауатты қызметшілерге мұқтаж болды. Сол себепті монастырьлық мектептер көптеп ашылды. Халықтың сауатын ашып, білімін көтеруге Ұлы Карл қамқорлық жасап отырды. Ол өзінің білімі аз болса да, ұлан-ғайыр мемлекетті дұрыс басқару үшін сауатты адамдар керек екендігін жақсы түсінді. Император өз сарайына Италиядан Павел Диакон, Испаниядан гот Теодульф сияқты көрнекті оқымыстыларды жинады.Білім беру саласында, әсіресе ағылшын-сакс Алкуин көрнекті рөл атқарды. Ол тек оқыту ісін үйымдастырумен шектеліп қоймай, оқулықтар жазумен де айналысты. VI ғасырдағы ойшылдар Боэций мен Кассиодор антикалық мектептегі білімнің негізін құраған «жеті ерікті өнерді» тривиум (грамматика, тіл өнері, диалектика) және квадривиум (геометрия, арифметика, астрономия және музыка) деп екіге бөлді.Карлдың сарайында да мектеп болды. Ол мектепте императордың жан-жақтан жинаған окымыстылары сабақ берді. Сондай-ак сарайда Академия деп аталған үйірме құрылды. Аңыз кейіпкері Академнің атымен аталған бұл философиялық мектептің негізін б.з.б. IV ғасырда Платон қалаған еді. Оның мүшелері өлеңдер жазды, философиялық мәселелерді талқылады, ежелгі авторлар мен шіркеу басшыларының еңбектерін оқып үйренді.Ертедегі орта ғасырлардағы еуропалық мәдениеттің жетістіктері жинақталып, кітаптарға жазылды. Ол кітаптардың сапасын жақсартуға Ұлы Карл көп көңіл бөлді. Осы кезде кітаптардың сапасы да жақсара бастады. Кітаптар арнаулы өңделген бұзаудың немесе қойдың терісі - пергаментке жазылатын.Ұлы Карл тарихқа, тарихи шығармаларға зор мән берді. Оның сарайында аннал (латынша «жыл») деп аталған маңызды оқиғалардың шежірелік тізбегі жазылып отырды V ғасырда Рим империясын жаулап алған варварлар ежелгі мәдениетті құлдыратып жіберген еді. Ұлы Карл ол мәдениетті, әсіресе ежелгі Рим мәдениетін қалпына келтіруге, одан әрі жетілдіріп, дамытуға үлес қосты. Сондықтан да Карл мен оның мұрагерлері билік жүргізген кезең тарихта «Каролингтердің қайта өрлеуі» деп аталып кетті.

3.3 Империяның ыдырауы



Қарудың күшімен және Ұлы Карлдың беделімен ғана құрылған Франк империясы ұзақ өмір сүре алмады. Ұлы Карл өлгеннен кейін-ақ оның империясы ыдырай бастады.Федализмнің дамуынан ірі жер иеленуші феодалдар өз аймақтарының сеьорларына айнала бастады.Ал шаруалар және басқа тұрғындар вассалдарға айналды. ПпппррКаролингтер басшылығымен жиналып,бір орталыққа бағынып отырған әр түрлі тайпалар мен ұлттар өз араларында не экономикалық,не діни бірлік болмаған кезде араларындағы бірлік тек ұсақ және орташа феодал-вассалдар король билігін қолдап отырған кезде ғана мүмкін еді. XMNXI ғасырдың аяғында феодалдық құрылымның негіздері салына бастаған кезінде ірі жер иеленушілердің орталық билік жөніндегі ойлары өзгерді. Ірі феодалдар тәуелсіз болды,ал ұсақ және орташа жер иеленушілер олардың вассалдарына айналды.Шаруалар негізінен көбі тәуелді болды.Шаруа көтерілістері мен қозғалыстарын феодалдар өз күштерімен басып отырды. Карлдың ұлы Людовик 817жылда ақ империяны өз ұлдарының арасында бөліп тастайды да ,өзіне тек жоғарғы билікті қалдырады.Осыдан кейін тағы бөліністер болды,тек олар түсініспеушілікке алып келді.Ақырында 843 жылы Людовиктің өлімінен кейін Карл немерелері Верден қаласында империяны бөлісу жөнінде келісім жасады. Кіші ұлы Карлға Франк империясының батысы,яғни Шельд,Маас,Рона өзендерінен батысқа қарай қазіргі Франция территориясы берілді;ортаншысы Людовик Неміс – Рейннен шығысқа қарай,Альпылардан солтүстікке қарай жерлерді иемденді.Бұл корольдік Шығыс Франк ,кейіннен Неміс деп аталып кетті. ал ең үлкен немересіне Италия және Рейн бойындағы аймақтар берілді.Осымен қатар императорлық атақты иеленіп қалды.Сөйтіп Ұлы Карлдың империясы үшке бөлініп, үш корольдік пайда болды. Кейіннен олардың орнында Франция, Германия және Италия мемлекеттері дүниеге келді.
4 Қорытынды

Негізінен тарих құрылу мен құлдыраудан тұрады.Талай ғасырлар бойы көптеген ұлы империялар құрылып,жоғалып жатты.Франк мемлекеті осының дәлелі.486жылы Галлияны жаулап алғаннан кейін құралған да,ең алғашқы корольі Хлодвиг болады.Франк мемлекетінің пайда болуы көптеген мемлекеттер мен тайпалардың тағдырында үлкен өзгерістерге алып келді. Франк мемлекетінің ыдырауы ол қайтпасс процесс еді. Бірақ, дегенмен тарихшы болған соң өткен тарихты оқып білу, онымен танысып зерттеу біздің міндетіміз бен мақсатымыз болғандықтан оқиғаның барысын, нәтижелерін қортындыламай қоя алмаймыз. Жоғарғыда негізгі бөлімдегі материалдарды қортындылай келсек Франк мемлекеті варвар тайпаларының ішіндегі ең мықтысы, өз мемлекетін құрып,шекарасын кеңейтіп,гулденген,империя дәрежесіне жеткен держава. Хлодвигтің саясаты бойынша мемлекет құрылып, Ұлы Карл жүргізген саясат бойынша Византия империясына дейін мойындаған алып империя құрылды.Ұлы Карл кезінде білім жан жақты дамыды. Халықтың сауатын ашып, білімін көтеруге Ұлы Карл қамқорлық жасап отырды. Ол өзінің білімі аз болса да, ұлан-ғайыр мемлекетті дұрыс басқару үшін сауатты адамдар керек екендігін жақсы түсінді. Император өз сарайына Италиядан Павел Диакон, Испаниядан гот Теодульф сияқты көрнекті оқымыстыларды жинады.Білім беру саласында, әсіресе ағылшын-сакс Алкуин көрнекті рөл атқарды. Ол тек оқыту ісін үйымдастырумен шектеліп қоймай, оқулықтар жазумен де айналысты. VI ғасырдағы ойшылдар Боэций мен Кассиодор антикалық мектептегі білімнің негізін құраған «жеті ерікті өнерді» тривиум (грамматика, тіл өнері, диалектика) және квадривиум (геометрия, арифметика, астрономия және музыка) деп екіге бөлді.Карлдың сарайында да мектеп болды. Ол мектепте императордың жан-жақтан жинаған окымыстылары сабақ берді. Сондай-ак сарайда Академия деп аталған үйірме құрылды. Аңыз кейіпкері Академнің атымен аталған бұл философиялық мектептің негізін б.з.б. IV ғасырда Платон қалаған еді. Оның мүшелері өлеңдер жазды, философиялық мәселелерді талқылады, ежелгі авторлар мен шіркеу басшыларының еңбектерін оқып үйренді.Ертедегі орта ғасырлардағы еуропалық мәдениеттің жетістіктері жинақталып, кітаптарға жазылды. Ол кітаптардың сапасын жақсартуға Ұлы Карл көп көңіл бөлді. Осы кезде кітаптардың сапасы да жақсара бастады. Кітаптар арнаулы өңделген бұзаудың немесе қойдың терісі - пергаментке жазылатын.Ұлы Карл тарихқа, тарихи шығармаларға зор мән берді. Оның сарайында аннал (латынша «жыл») деп аталған маңызды оқиғалардың шежірелік тізбегі жазылып отырды. V ғасырда Рим империясын жаулап алған варварлар ежелгі мәдениетті құлдыратып жіберген еді. Ұлы Карл мәдениетті, әсіресе ежелгі Рим мәдениетін қалпына келтіруге, одан әрі жетілдіріп, дамытуға үлес қосты. Сондықтан да Карл мен оның мұрагерлері билік жүргізген кезең тарихта «Каролингтердің қайта өрлеуі» деп аталып кетті.Ұлы Карлдың тек Рим империясына ғана емес дүние жүзі мәдениетіне қосқан үлесі зор. Карл империясы ыдырағаннан кейін сол территроияда үш корольдік құрылды.Олар :Франция,Германия және Италия.Осылардың негізінде француз,неміс және итальян ұлттары қалыптасты.Осылай Франк мемлекеті дүние жүзінде өшпес із қалдырып кетті..

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет