ҚР Білім және Ғылым Министрлігі
Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
«Сәулет және құрылыс өндірісі» кафедрасы
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Газ тәріздес отындардың құрамы.Жанғыш газдардың негізгі қасиеттері
Оқу тобы:ИСС-18-1
Орындаған:Әбу Н.Т
Қабылдаған:Жакапбаева Г.А
Қызылорда,2020
ГАЗ ТӘРІЗДЕС ОТЫНДАРДЫҢ ҚҰРАМЫ. ЖАНҒЫШ ГАЗДАРДЫҢ НЕГІЗГІ ҚАСИЕТТЕРІ.
Табиғи газ - газ тәрізді түрде немесе табиғи жер асты қаттарының мұнайымен ерітінді күйінде болатын көмірсутекті және аз мөлшердегі көмірсутекті емес қосылыстардың қоспасын білдіреді. Ол ішкі санаттарға жатқызылуы мүмкін, мысалы ілеспе газ (кен орындарындарынан сұйық күйінде, сондай-ақ газтәрізді көмірсутегі ретінде алынатын), ерітілген газ немесе ілеспе емес газ (тек көмірсутегі ғана қосылатын кен орындарынан газтәрізді күйде алынатын). Көмір шахталарынан алынатын метан (СН4), ақаба судың газы және тасымалдауға арналған табиғи газ, тасымалдау үшін сұйытылған газ қосылған. Мұнда бу серпімділігін және қысымды ұлғайту үшін қолданылатын газ, сондай-ақ қандай да бір басқа үлгіде шығарылатын немесе жоғалатын, фанельде сұйытылатын газ, табиғи газдан алынған сұйық заттарды ыдырату үрдісінде орын алатын жоғалымдар кірмейді.
Табиғи газдың негізгі бөлігін метан (CH4) құрайды — 92-ден 98 %-ке дейін. Табиғи газдың құрамына ауырырақ көмірсутектер -метанның гомологтары кіре алады.:
этан (C2H6),
пропан (C3H8),
бутан (C4H10).
Сондай-ақ басқа да көмірсутек емес заттар да кездесіп жатады:
сутек (H2),
күкіртсутек (H2S),
көміртек диоксиді (СО2),
азот (N2),
гелий (Не).
Генераторлық газдар – бұл байытылған немесе байытылмаған мұнай өнімдерін карбондау немесе газдандыру арқылы өндірілетін газ. Оған негізгі мақсаты өнеркәсіптік газ өндіретін кәсіпорындармен өндірілетін газдың барлық түрлері жатады. Оған табиғи газды крекингтеу және газды риформингтеу немесе қарапайым араластыру арқылы өндірілетін газ жатады.
Кокс газы – коксты пештерде кокс өндірісі кезіндегі карбонизация процесінің жанама өнімі болып табылады.
Колошникті газ – пештен қайта қалпына келіп шығар кездегі домндік пештердің жанама өнімі болып табылады.
Биогаз – биомасса бактериясы ферментациясының жанама өнімі болып табылады, бастысы түбі жануар қалдықтары. Ол негізінен метан газынан және көміртек екі окисінен тұрады.
Газ тәрізді отын. Бұл табиғи немесе жасанды газдар. Бірінші - жер асты суларын ұңғымаларынан газ кен орындарын немесе ілеспе мұнай өндіру кезінде. Жасанды газдарды, сондай-ақ қатты немесе сұйық отындарды термиялық ыдырату процесінде арнайы зауыттарда немесе ілеспе, мұнай өндіру кезінде алады. Екінші тәсіл - қатты немесе сұйық отындарды термиялық ыдырату процесінде арнайы зауыттарда немесе ілеспе, көмірді кокстеу немесе биогаз қондырғыларда органикалық қалдықтарды және сарқынды суларды (тұрмыстық, мал шаруашылығы және т. б.) өңдеу кезінде алады. Табиғи газдар көміртек оксидінің толық болмауымен ерекшеленеді. Газ түріндегі отынның басты артықшылығы оны құбыр арқылы алыс қашықтықтарға тасымалдау ыңғайлылығы және жағу қарапайымдылығы болып табылады. Мұнай-газ кен орындарының ілеспе газдарының құрамында улы және коррозиялық-белсенді күкіртті сутек бар.
Өнеркәсіпте, әсіресе тұрмыста мұнай және ілеспе мұнай газдарды бастапқы қайта өңдеу кезінде алынатын сұйытылған газ пайдаланылады. Атмосфералық қысымда бұл газдың конденсация температурасы әдетте, төмен 0°С, тиісінше 20°С кезінде бу қысымында бұл газдар0,2-ден 0,8 МПа құрайды, сондықтан бұл газдарды баллондарда аз қысыммен сұйық түрде тасымалдайды, қысым - кемінде 2,0 МПа болады.
Энергетикалық ресурстардың меншікті энергия сыйымдылығы энергия ресурстардың физикалық денесінің массасының бірлігіне келетін энергия мөлшері. Әр түрлі энергетикалық ресурстар мен барлық отын түрінің шығынын есептеу мүмкіндігін салыстыруға ыңғайлы болу үшін шартты отын ұғымы енгізілетінін айтып өттік. Шартты отын үшін, мұндай1 кг отын жанған кезде 29,3*10 6 Дж жылу бөлінеді, немесе 7000 ккал энергия.
Жанғыш газдар – жануға бейім газ тәрізді заттар. Жанғыш газдарға сутек, көміртек оксиді, күкіртсутек, газ тәрізді көмірсутектер (мыс., метан, этан, этилен) жатады. Көміртек (ІІ) оксиді, азот, су буы, инертті газдар сияқты жанбайтын газдармен сұйытылған жанғыш газдардың табиғи және жасанды қоспаларының маңызы зор. Табиғи жанғыш газдарды газ кен орындарынан немесе мұнаймен бірге алады. Жанғыш газдардың жасанды қоспалары сұйық және қатты отындардың термиялық ыдырауы нәтижесінде түзіледі. Қатты отынды кокстегенде алынатын кокс газы, отынды газдандырғанда түзілетін генератор газы, шойынды балқытқанда алынатын домна газы кең таралған. Табиғи жанғыш газдарға қарағанда жасанды жанғыш газдардың құрамында қанықпаған көмірсутектер, көміртек оксиді, кейде аз мөлшерде сутек болады. Жанғыш газдар отын ретінде пайдаланылады.
Қолданылатын газдардың басты қасиеттеріне олардың тығыздығы, тұтану температурасы, жану жылулығы, жануға қажетті ауа мөлшері, зияндылығы және т.б. жатады. Газдың қасиеттерін қалыпты физикалық шартқа келтіреді. Қалыпты физикалық шарт деп газдың 0°С температурадағы және 0,1013 МПа қысымындағы күйін айтады. Тұтыну температурасы мен тұтану шегі. Газды жағу дегеніміз оны ауадағы оттегі арқылы тотықтандыру. Жану барысында жылу бөлініп, тотығу реакциясы дамый түседі. Қоспаның температурасы өздігінше тұтану мөлшерінен асқан кезде, газ сырттан жылу келмесе де жана береді. Өздігінше тұтану температурасы әрбір газдарда әртүрлі болады. Мысалы: метан 654°С- та, пропан 466°С-та және бутан 490°С-та тұтанады. Сонымен қатар, тұтанудың төменгі деңгейіне газдың ең аз мөлшерінде жылу бермей- ақ өздігінен жануы жатады. Жоғарғы деңгей деп қоспадағы газдың тұтандырмай жанбайтын мөлшерін айтады. Бұл деңгейлердің болуы жану кезіндегі жоғалатын жылуға байланысты. Кейбір газдардың төменгі (алымында) және жоғарғы (бөлімінде) тұтану деңгейлері төмендегідей: метан 5/15; пропан 2/9,5, бутан 1,9/84. Жылу жылулығы дегеніміз толық жанған газдан бөлінген жылу мөлшері. Жану жылулығы жоғарғы және төменгі болып түрленеді. Жоғарғы жану жылулығының төменгіден айырмашылығы ондағы дымқыл булардың шықтану жылуымен қосып есептелуінде. Отындардың жану жылулығы 1 немесе 1 кг мөлшерінде көрсетіледі.
Жануға қажетті ауа мөлшері. Қандай да болмасын жанғыш газды жағу үшін оттегі қажет. Газды толық жағу үшін ауаны қажетті түрде қолдана отырып, газ-ауа қоспасын жақсылап араластыру керек. Қажетті ауаның мөлшері газ құрамына байланысты. Мысалға, жану жылулығы Qк т=35600 кДж/ табиғи газды жағу үшін газ көлеміне 9,5 ауа көлемі, ал 1 пропанды жағу үшін шамамен 24 ауа қажет. Газдың толық жанбауының салдарынан зиянды тек оксид пен күкірт қосындылары бөлінеді.
Жанғыш газдардың жану жылулығы
|