Реферат тақырыбы: Халықаралық қатынастардың жаңа жүйесінің қалыптасуы



Дата14.10.2023
өлшемі34,71 Kb.
#114848
түріРеферат

Коммерциялық емес акционерлік қоғам
“М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан
университеті”
«Заң» факультеті
«Халықаралық қатынастар және Халықаралық құқық» кафедрасы


РЕФЕРАТ
Тақырыбы:Халықаралық қатынастардың жаңа жүйесінің қалыптасуы.
Орындаған:Сагиндикова.А
Тобы:Юм23-3к2
Қабылдаған:Мамашарипова.Г

2023ж.

Жоспар:
Кіріспе
Халықаралық қатынас ұғымына анықтама
Негізгі бөлім
Халықаралық қатынастардың жаңа жүйесінің қалыптасуы
Қазіргі халықаралық жүйе: проблемалары мен даму тенденциялары
Қорытынды ой
Пайдаланылған әдебиеттер
Халықаралық қатынас -XX ғacыр соңғы он жылдығында халықаралық қатынастардағы жағдай түбегейлі өзгерді. 1980-ші жылдардың соңына дейін олардың басты сипатына әлемдік қауымдастықтың екі қарама-қарсы одаққа жіктелуі тән болды. Халықаралық қатынастар эволюциясы екі өзара байланысты процесcтердің елеулі әсеріне үшырады - капиталистік сипаттағы әлеуметтік қатынастарға негізделген әлемдік нарықтың бірлігін қалпына келтіру және жаһандану проңесінің қарқынды дамуы. Нәтижесінде елдер мен халықтардың өзара тәуелділігі артуда, шешімін табу үшін халықаралық әріптестікті дамытуды талап ететін жалпы әлемдік, ғаламдық сипаттағы мәселелердің көбеюі орын алып отыр. Қазіргі халықаралық қатынастардың экономикалық негізі - әлемнің метериалдық базасындағы елеулі өзгерістердің негізінде қалыптасушы жаңа әлемдік еңбек бөлінісі. Жаһандану нәтижесінде өнеркәсібі дамыған елдер өздерінің экономикалық орталық үстанымын нығайтуда, ал дамушы елдер одан тәуелді шет аймақ күйіне түсуде. Өнеркәсібі қарқынды дамыған елдер арасында АҚШ басым орын алуда, алайда Еуропалық Одақ онымен иық теңестіріп, кей жағдайларда одан басым түсіп отыр. Жапония бүрынғыдай үшінші келеді. 20-25 жылдан кейін Қытай әлемдік экономиканың бас алпауытына айналуы мүмкін. Үндістан да одан қалыспауда. Осы кезде аймақтандырудың қарқынды проңесі жүріп жатыр - Еуропада (Еуропалық Одақ), Азияда (АСЕАН және өзге де тар шеңбердегі қүрылымдар), Африкада (Африкалық одақ), Солтүстік Америкада (НАФТА). Бүл аймақтық ұйымдар өз кезегінде халықаралық қатынастар сахнасының белсенді әрі ықпалды ойыншы- ларына айналуда. Қалыптасып келе жатқан әлемдік азаматтық қоғамның үстанымдарын білдіретін үкіметтік емес үйымдар Халықаралық қатынастар саласында елеулі ықпалды рөл атқаруда.
Халықаралық қатынастардың жаңа жүйесінің қалыптасуы

Халықаралық қатынастардың дәстүрлі Вестфаль жүйесінің өзгеруі, бүгінгі таңда әлемдік саясаттың мазмұнын ғана емес, сондай-ақ оның субъектеріне де әсерін тигізуде. Үштен астам ғасырлар бойы, халықаралық қатынастардың басты акторлары ретінде мемлекеттер болып келіп, ал әлемдік саясат -


мемлекетаралық қатынастардың құралы ретінде қызмет етсе, соңғы жылдары
белгілі бір ұлтқа тән емес, көбінесе космополиттық болып келетін трансұлттық компаниялар, халықаралық жеке қаржы институттары мен мемлекеттік емес қоғамдық ұйымдар оларды ығыстырып жатыр.
Егер бұрын экономикалық гиганттарды белгілі бір мемлекеттің құрылымына қатыстыруға болса, қазір олар мұндай анықтамаға келуден қалды. Себебі, олардың қаржы капиталы трансұлттық, менеджерлері - әр-түрлі ұлттардың өкілдері, ал өнеркәсіптері, штаб-пәтерлері мен маркетинг жүйелері жиі әр түрлі континенттерде орналасады.Олардың көбісі өзінің ұлттық емес, керісінше өз корпарациясының жалауын желбірітіп көтереді. Үлкен немесе кіші дәрежеде, космополитизация немесе оффшоризация үрдісі, әлемнің анағұрлым барлық дерлік корпорацияларына өз әсерін тигізді. Соған сәйкес, олардың белгілі бір мемлекетке қатысты патриотизмі де азайды. Әлемдік трансұлттық қауымдастықтардың тәлімін мен әрекеттерін, маңыздылығы бойынша Халықаралық Валюта қоры мен Үлкен Сегіздіктің шешімдерімен теңестіруге болады.
Бүгіңгі таңда, "Greenpeace" халықаралық мемлекеттік емес ұйымы"жаһандық экологиялық сақшы" ролін сәтті ойнап, осы саладағы барлық мемлекеттер қабылдауға мен мойындауға мәжбүр болатын басымдықтарды қоғамдық ұйымы, БҰҰ-ның адам құқығы жөніндегі мемлекетаралық орталығымен салыстырғанда ықпалы көбірек. Ал CNN теледидарлық компаниясы, өз
белгілейді. "Халықаралық амнистия" бағдарламаларында “шетелдік” терминін қолданудан бас тартты, себебі бұл компания әлемнің көптеген елдерін "отандық" деп санайды. Әлемдік шіркеулер мен діни ұйымдардың ықпалы
кеңейіп, олардың беделі де өсуде. Көптеген адамдар бір мемлекетте дүниеге келіп, басқа елдің азаматтығын алып,мүлдем басқа мемлкетте жұмыс істеуде
Адамдарға жиірек, үйдегі көршілермен қарағанда, басқа континенттегі адмдармен интернет арқылы сөйлескенге ыңғайлырақ. Алайда космполитизация, адамзат баласының ең жаман бөлігіне де өз әсерін тигізді. Халықаралық террористтік ұйымдар, трансұлттық қылмыс пен наркомафияларда отан жоқ, ал олардың халықаралық ахуалға әсері жыл сайын өсуде. Осының барлығы, Вестфаль жүйесінің негізгі принципін — егеменділік,яғни мемлекеттің ұлттық шекаралар шеңберінде жоғарғы төреші мен халықаралық қатынастарда ұлт атынан жалғыз өкіл ретінде шығу құқығын бұлғаңдатады. Бұл өз кезегінде "ұлттық егеменділіктің шайылуына" алып келуде. ЕҚЫҰ, Еуропа Кеңесі сияқты халықаралық ұйымдардың шеңберінде немесе аймақтық интеграция үрдісінің барысында мемлекеттер өз егеменділігінің бір бөлігін мемлекетаралық институттарға ерікті түрде береді. Мұның барлығы, соңғы жылдары жаһандық масштабтағы "егеменділіктің диффузиясы” атты стихиялы үрдісіпен толықтырылып жатыр.
Қазіргі кезде пайда болған көзқарас бойынша, халықаралық қауымдастық
Әлем Құрама Штаттарының ұзақ мерзімді қалыптасу перспективасымен бірге,
әлемдік саясаттың жаңа жоғары деңгейіне шығуда. Басқа сөзбен айтқанда, әлем Демократиялық принциптердің құрылуы мен қызметі бойынша Интернетке ұқсас жүйеге ауысады. Халықаралық қатынастардың болашақ жүйесінің прообразы ретінде Еуропалық Одақты қарастырған жөн. Қалай болмағанымен де, әлемдік саясаттың жаһандануы мен космополиттық компоненттың маңыздылығының өсуі,жақын арада мемлекеттерді олардың әлемдік қауымдастықтағы орны мен ролін қайта қарастыруға мәжбүрлейді.
Шекара транспаренттілігінің өсуі,трансұлттық сұхбаттың
интенсификациясының күшейуі, ақпараттық революцияның технологиялық
мүмкіндіктері әлемдік қауымдастықтың рухани салада жаһандануына алып келеді. Басқа салалардағы жаһандану халықаралық экономикалық және саяси үрдістердің жаңа сапасын түзеді. Бүгінгі күнде адам құқықтарының доктринасын ұлттық егеменділіктен жоғары қоюға болады. Капитализм мен коммунизм арасындағы жаһандық идеологиялық күрестің аяқталуы,ғалымдар мен зерттеушілер арасында қазіргі кездегі халықаралық қатынастардың жүйесі жайлы бірқатар кзөқарастар мен пікірталастарды туғызды.
Әзірге халықаралық қатынастар ғылымында жүйелілік көзқарас ішкі және
сыртқының қарапайым дилеммасынан аспайтын эмпиризмнің (тәжіребиеге сүйенушілік) әлсіз ғана талпынысы болып отыр. болып отыр. Негізінен халықаралық жүйелердің классикалық түсінігі халықаралық субъектілердің (ең алдымен мемлекет) белгілі бір жиынтығы дегенді білдіреді. Соңғы кездегі ғылыми ой бұған көп жаңалық қоса алған жоқ.Дегенмен жүйелілік көзқарас халықаралық қатынстарды сараптаудың оңтайлы тәсілдерінің бірі ретінде саналады.
Қазіргі заманда жаһандық халықаралық жүйе дүниежүзілік үрдістерде анықтаушы фактор болып отыр. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін КСРО мен АҚШ арасындағы өткір бақталастыққа негізделген екі полюсті жүйенің қалыптасуы және отаршылдық жүйенің ыдырауның арқасында көптеген Азия, Африка елдерінің еркін акторларға айналуы жаһандық жүйені өміршең құбылысқа айналдырды. Бүгінде бұл жүйе үлкенді-кішілі мемлекеттердің ішкі және сыртқы саясатына ықпалын тигізетін, шектеу қойып, қысым жасайтын күш екені белгілі.
Қазіргі кездегі халықаралық қатынастарды жүйелеу мен болжау көптеген
ғалымдар арасында пікір талас пен Дауларды тудырып отыр. Мәселен орыс ғалымы Уткин болашақ халықаралық жүйенің дамуының 4 сценарийлерін атап көрсетеді:
Бір полюсті жүйе - АҚШ көшбасшылығымен;
Биполярлы жүйе — АҚШ және ЕО пен Қытай арасындағы басшылықпен;
Көпполюсті әлем — Ресей, Қытай,Германия, Үндістан, Бразилия
басшылықтарымен;
Өркениеттер әлемі.

Ал әйгілі американдық саясаткер және геосаясаткер Фрэнсис Фукуяма өзінің аты-шулы "Тарихтың ақыры" еңбегінде, Қырғи қабақ соғыстың қорытындыларын факт ретінде келтіре отырып, ол бүкіләлемдік тарихты либералды демократияға жетуімен аяқтады. аяқтады. Өзінің концепциясында ғалым либералды демократияны, либералдык иституттарды, нарықтық экономиканы, халықаралық құқық пен жалпы либерализмді әмбебап ұғымдар ретінде атап шықты. Яғни, қазіргі кездегі халықаралық жүйе мен оның болашақ формасы Демократиялық тұрғыдан дамып жатқанын көрсетті. Оған қоса, автор барлық мемлекеттердің дәстүрлі либерализмнің легитимизм, демократия және т.б. принциптеріне сүйену қажет екендігін атап көрсетті. Яғни, бір сөзбен айтсақ:


"Адам баласының идеологиялық эволюциясының аяқталуы және адамзат басқаруының ақырғы формасы - батыс либералды демократиясының универсализациясы".
Әрине халықаралық қатынастардың болашғы жөнінде Гарвард университетінің профессоры С.Хантингтонның"Өркениеттер қақтығысы” атты концепциясы ерекше қызық болып табылады. Бұл концепция бойынша болашақта халықаралық қатығыстар жекеленген мемлекеттер немесе блоктар арасында емес,мәдениеттер яғни өркениеттер арасында өтеді. Ол конфликттердің себебіне идеология мен тіпті экономиканы жатқызбайды.
Ғалымның айтуы бойынша болашақта әлем келбеті жеті-сегіз өркениеттердің әсерінен өзгереді: батыс, конфуцийлік, жапондық, мұсылман, индуисттік, православиялық-славяндық,латынамерикалық және мүмкін африкандық. Міне болашақ халықаралық қатынастардың табиғаты, сипаты мен даму тенденциясы осы акторлардың арасында шешіледі.

Қазіргі халықаралық жүйе: проблемалары мен даму тенденциялары


ХХ ғ. аяғы әлемдік сахнадағы түбегейлі саяси өзгерістермен тұспа-тұс


келді. Бұл 1980-1990 ж. демократизация толқыны, Еуропадағы қақтығыстар мен Дағдарыстар арқылы өткен дезинтеграциялық үрдістер. Дезинтеграциямен қатар, Батыс Еуропадағы интеграциялық процесстердің ары қарай дамуы. Сонымен қатар, белгілі халықаралық ұйымдардың белсенділігінің жоғарылауы. Мысалы, НАТО-ның Косово қақтығысындағы ықпалы мен БҰҰ-ның әрекетсіздігі. Сонымен қатар, ғаламдық, аймақтық және белгілі бір мемлекеттердің ұлттық қауіпсіздіктеріне төніп тұрған жаңа қауіп-қатерлер бар. Бұл -халықаралық терроризм, ЖҚҚ мен ядролық қарудың тарату-таратпау мәселесі.Бүгінгі таңда бұл мәселеге қатысты көптеген пікірталастар мен даулар бар. Маңыздылығы жоғары өзгерістердің ішінде, екі тенденцияның орны ерекше:
Қазіргі әлемнің жаһандануы;
Әлемдік сахнада мемлекетаралық пен мемлекеттік емес акторлар саны мен рөлінің өсуі.
Бұл екі тенденция бір-бірімен тығыз байланысты болғанымен, олар дербес дамып, әрекет етеді. Қалған тенденциялар осы екеуінің туындысы болып
табылады. Мәселен, ішкісаяси және халықаралық өмірдің Демократизациялану мүмкіндігі, бір жағынан, ақпараттық жүйелер мен байланыс құралдарының, ал екінші жағынан саяси шешімдерді қабылдау үрдісіндегі мемлекеттік емес қатысушылардың рөлінің өсу есебінен жүзеге асты.

Қазіргі таңда халықаралық преблемаларды келесідей топтастыруға болады:


Қоршаған орта. Адамдарды қоршаған ортаның нашарлауы оның барлық компоненттеріне өз әсерін тигізді: атмосфера және климат, су ресурстары мен


Әлемдік мұхит, Жердің топырақ қабаты мен оның құнарлығы, жануарлар мен өсімдіктер әлемі.Энергетикалық қамтамасыз ету. Адамзат баласының тарихында энергиямен қамтамасыз етудің мәселесі алғаш рет пайда болған жоқ. Өз уақытында көптеген мемлекеттер ағаштың сарқылуына байланысты отын дағдарысын басынан кешірген. Алайда проблеманың мәні мен негізі келесі факторлармен түсіндіріледі:
Біріншіден, минералды отын өндірісінің табиғи-географиялық шарттарының нашарлауындағы жалпы алғанда, геологиялық барлау және өте алыс жердегі
энергия жұқтырушыларының тасымалдауына шығындардың түбегейлі өсу салдары.
Екіншіден,әлемнің энергетикалық қорлардағы қажеттіліктерді қанағаттандыру көбінесе экстенсивті жолымен өтті — яғни, айналымға жаңа энергетикалык қорлардың көлемдерін тарту жолымен жүзеге асырылды.
Осылайша кез-келген отын немесе энергия көзі үнемсіз, қалай болса солай өңделіп, жұмсалды.
Үшіншіден, әлемдегі энергияны тұтыну масштабтардың кеңейуімен табиғи ортаның ластануы да кенет өсті. Азық-түлік қауіпсіздігі. Тұрғындардың үлкен массаларының ашаршылықтың периодты жарқ етулері, созылмалы жеп бітірмеу, азық-түліктің тапшылығына әкеп соғады.
Ғаламдық мәселелердің шешімін табуда халықаралық ынтымақтастықтың тиімділігі, көпшілігінде халықаралық жағдайдың ортақ күйінен тәуелді болатын негізінен халықаралық қатынастардың өзінен тікелей байланысты.
Әлемнің түкпір-түкпірінде жергілікті және аймақтық қақтығыстар жалғасуда.
Азаматтық соғыстардың қаупі де әлі сақталуда. Яғни, бір сөзбен айтқанда адмзат баласының алдында әлі де көптеген қиындықтар мен шешілмеген мәселелер бар. ХХІ ғ. Басында жалпы ғаламдық проблемалар мен халықаралық тұрақтылықтың проблемалары бір- бірімен тығыз байланысқан. Әлемдік қауымдастық жаһандық қауіпсіздікті қажет етіп отыр, алайда тек саяси мен әскери қауіпсіздікті ғана емес, оған қоса экологиялық, экономикалық және әлеуметтік.
Қорытындылай келгенде, бірыңғай әлемдік қауымдастықтың құрылуы, Демократизацияның жаһандық толқындары, әлемдік экономиканың жаңа сапасы,радикаолды демилитаризациялау мен күш қолдану векторының өзгеруі,
халықаралық қатынастардың жаңа мемлекеттік емес акторлардың пайда болуы қазіргі кездегі халықаралық жүйені күрделендірумен қатар, оның жалпы нақты анықтамасын белгілеуін қатты қиындатады:
Халықаралық қатынастар онымен қоса халықаралық жүйе уақыт өтуімен күрделене береді, соған сәйкес оларды болжау ғалымдар алдында үлкен қиындықтар туғызады.
Халықаралық қатынастардың дамуы тұрақты үдеріс емес, сондықтан қазіргі кездегі жүйені бір сөзбен анықтауға мүмкін емес.
Қазіргі кездегі халықаралық жүйе кең ауқымды ұғым, ол өзінің бойына мыңдаған жылдардың тарихын мен тәжірибесін сіңірген, ол адамзат баласымен бірге дамып келе жатыр.
Соншалықты қиыншылықтарға қарамастан, болашақ халықаралық қатынастардың тағдыры Самюэль Хантингтонның концепциясы бойынша шешілеуі ықтимал. Себебі бүгінгі күнде-ақ көптеген қақтығыстар идеологиялық емес мәдени, өркениет деңгейінде өтіп жатыр. Ал мәдениет пен өркениеттің негізінде әрқашанда дін жатты.
Барлық соғыстар дін себебінен туындаған. Бұл ежелден келе жатқан процесс. Сондықтан халықаралық қатынастардың ғана емес жалпы болашақ өмірдің бейнесін уақыт көрсетеді. Уақыт өз атына қарамастан шексіз категория болып табылады.

Пайдаланылған әдебиеттер:


1. Цыганков П. А. Международные отношения. - М., 1996;
2. Гаджиев К. С. Введение в геополитику. - М., 1997.
3. Современные международные отношения Учебник / Под. ред. А.В. Торкунова. — М.: «Российская политическая энциклопедия» (РОССПЭН), 1999;
4. Мировая политика и международные отношения на пороге нового тысячелетия. М.: Московский общественный научный фонд; ООО "Издательский центр научных и учебных программ"., 2007;
5. Международные отношения: социологические подходы / Под ред. проф. П.А. Цыганкова. М.: Гардарика, 1998;
6. Страны и регионы мира в современных международных отношениях / Институт мировой экономики и политики при Фонде Первого Президента РК. - Алматы, 2006;
7. Международные отношения в Восточной Азии. Угрозы и надежды / Л. Г. Арешидзе. - М. : Международные отношения, 2007;
8. Политические системы и политические культуры Востока / МГИМО; ред.: А. Д. Воскресенский. - 2-е изд., переработано и дополнен. - М.: АСТ: Восток-Запад, 2007;
9. www.easttime.ru — Новости и анализ политической, экономической и социальной обстановки в государствах Центрально-азиатского региона, Среднего и Дальнего Востока;
10. http://russian.cntv.cn — Международный телеканал на русском языке ЦТК;
11. Современные международные отношения. Под ред. А.В. Торкунова М.: МГИМО, 1998;
12. http://ru.wikipedia.org — свободная энциклопедия, которую может редактировать каждый;
13. Энциклопедия нового Китая. — Москва: «Прогресс», 2009;
14. Современный Китай: экономика, демография и внешняя политика. — Москва: «ИМЕП», 2007;
15. http://www.kaztag.kz — Казахское Телеграфное Агентство;
16. http://www.azattyq.org — Азаттық радиосы, Жаңалықтар, хабарлар, апталық бағдарламалар, мұрағат.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет