Шона Смаханұлы атындағы негізгі мектебі кмм



бет1/3
Дата16.05.2023
өлшемі46 Kb.
#93847
  1   2   3
Байланысты:
Жат діннен сақтан, жасөспірім!


Тақырыбы: Жат діннен сақтан, жасөспірім!
Мақсаты:
Дәстүрлі діндердің құндылықтары мен қасиетін түсіндіру және діни сенімдерді насихаттау, теріс пиғылды діни ағымдар бойынша діни терроризм мен эктремизмнің алдын алу.
Жастар санасына және қоғамға ірткі салатын дәстүрлі емес, теріс пиғылдағы, деструктивтік діни ағымдардан сақтанудың жолдарын оқушылар санасына ұғындыру.
Көрнекілігі: Суеттер, мәнжазбалар.
Қанатты сөздер: Жат діннен сақтан, жасөспірім!
Түбіміз – Түрік,
Тіліміз – Қазақ,
Дініміз – Ислам!
1. Діннің адамзат тарихында алатын орны ерекше. Өз тарихында діни санасы болмаған халық жоқ. Сонымен бірге дінге деген көзқарастар да әр дәуірде, әр қоғамда әрқилы болып келген. Сондықтан дін дегеннің не екенін, оның қысқаша тарихын танып, білу әрбір оқушыға мәдени қажеттілік. Егемен ел атанған Қазақстан мемлекетінің азаматтары үшін бұл қажеттіліктің өзіндік ерекшеліктері де жоқ емес. Елімізде жүзден астам этностар мен ондаған діни конфессиялар бар. Ислам және православие діндеріне сенетін халық саны республикада басым болғанымен, қоғам өмірінде өзге діндер ықпалы да айтарлықтай.
Дін – қоғамның рухани өмірінің маңызды саласы. Ол Құдай мен адамның байланысы арқылы адам өмірінің мәніне айналған сана формасы. Бұл мәнде дін қай халықтың болмасын мәдениетінің рухани негізі. Дін адамдардың жеке сеніміне қатысты анықталғанымен, оның белгілі әлеуметтік топтарда және қоғамда алатын орны ерекше.
Дінді философиялық-әлеуметтік тұрғыдан түсіну дегеніміз – оның қоғамдық сана мен дүниетанымның формасы, діни мәдениет, белгілі әлеуметтік жағдайда қызмет атқаратын құбылыс екендігін мойындау.
2.Ресми дереккөздерден алынған мәліметтерге сүйенсек, Қазақстан халқының 70 пайызы – мұсылман, 22 пайызы – христиандық православие дінін ұстанушы ұлт өкілдерінен, қалған 8 пайызы - әртүрлі діни ағымдарды ұстанатын адамдардан құралған. Діни фактордың барған сайын қоғамдағы ішкі үдерістерге пәрменді күшке айналып келе жатқаны күн өткен сайын анық байқалуда. Осындай жағдайда еліміздің жас жеткіншектерінің парасатты ой - өрісінің, ізгілікті сана – сезімінің, жоғары рухани – адамгершілік қасиеттерге, гуманистік дүниетанымға негізделген толерантты тұлғасының қалыптасуына жағдай жасау, қауіпті діни ағымдар менэкстремистік топтардың ықпалынан қорғау маңызды болып отыр. Сондықтан елімізде өзара түсіністік пен дінаралық татулықты сақтай отырып мемлекеттілікті нығайту және отаншылдық сезімді күшейту үшін өскелең ұрпаққа дәстүрлі діндер, олардың рухани құндылықтары және шығармалары, халқымыздың рухани қазынасына айналған дін ғұламалары жайлы ғылымға негізделген білім жүйесін беру, оқушылар бойында теологиялық сауаттылықты қалыптастыру аса өзектілікке ие.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет