Реферат тақырыбы: Жер құқығының негіздері



Дата30.01.2023
өлшемі21,91 Kb.
#63805
түріРеферат
Байланысты:
гармонизация (копия)


М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті

РЕФЕРАТ


Тақырыбы:Жер құқығының негіздері

Орындаған:Жұмабай Ақжан


Қабылдаған:Телесбаев Х
2022-2023 оқу жылы
ҚР Жер құқығының негіздері
Жоспар:
Жер құқығының түсінігі;
Жер құқығының пәні;
Жер құқығының жүйесі;
Жер құқығының қайнар көздері;
Жер құқық қатынастары.
Жер құқығы — құқықтың мемлекеттегі жер қатынастарын реттейтін саласы. Жер құқығы Қазақстан Республикасында дербес құқық саласы болып табылады.


ҚР-ның жер заңдары мына принциптерге негізделеді:

  • ҚР аумағының тұтастығы, қол сұғылмаушылығы және бөлінбейтіндігі;

  • жерді (табиғи ресурс), ҚР халқының өмірі мен қызметінің негізі ретінде сақтау;

  • жерді қорғау және ұтымды пайдалану;

  • экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

  • жерді нысанды пайдалану;

  • ауыл шаруашылығына арналған жердің басымдылығы;

  • жерді ақы төлеп пайдалану және т. б.

  • Жер құқығының пәні

Жер құқығының пәні болып жерге меншік құқығын орнықтыруға, жерді басқаруға, пайдалануға және қорғауға байланысты пайда болатын, жер туралы заңнаманың нормаларымен реттелетін қатынастар табылады.
Жер құқығының әдістері
Диспозитивтік:

  • Ұсынушы

  • Санкциялаушы

  • Құқық беруші

Императивтік:

  • Құқық қатынастары

  • субъектілерінің құқықтары

  • мен міндеттерін

  • орнықтырушы

  • Тыйым салушы

  • Экологиялық: - жер құқықтық - жер экологиялық

Жер құқығының жүйесі
Жер құқығының жүйесі - өзара тығыз байланысты жер құқық институттарының жиынтығы. Өзге құқық салалары сияқты жер құқығының жүйесі келесі бөлімдерден тұрады:

  • жалпы бөлім,

  • ерекше бөлім

  • арнайы бөлім.

Жалпы бөлім

  • Жер құқығының түсінігі, пәні, әдісі

  • Жер құқығының қағидалары

  • Жер құқығының тарихы

  • Жер құқығының қайнар көздері

  • Жер құқық қатынастары

  • Жерге меншік құқығы

  • Жер пайдалану құқығы

  • Жер телімдерінің құқықтық тәртібі

  • Жерге меншік құқығы мен жер пайдалану құқықғын қорғау

  • Жер төлемдері

  • Сервитуттар

  • Жер қорын мемлекеттік басқару

  • Жерді қорғау, жерге орналастыру,

  • жер мониторингі, жер кадастры

  • Жер заңдарын бұзған үшін заңды жауаптылық

  • Жер даулары


Ерекше бөлім


  • Ауыл шаруашылық мақсатындағы

  • жерлердің құқықтық тәртібі

  • Елді менеке жерлерінің құқықтық тәртібі

  • Өнеркәсіптік, көлік, байланыс, қорғаныс және ауыл шаруашылығынан өзге мақсатқа арналған жерлердің құқықтық тәртібі

  • Ерекше қорғалатын аумақтар жерлерінің құқықтық тәртібі

  • Су қоры жерлерінің құқықтық тәртібі

  • Орман қоры жерлерінің құқықтық тәртібі

  • Босалқы және пайдалануға жарамсыз жерлердің құқықтық тәртібі


Жер құқығының қайнар көздері
1. Жер қатынастарын реттейтін н/е жеке жер-құқық нормаларынан тұратын халықаралық-құқықтық шарттар
2. Қазақстан Республикасының Конституциясы
3. Қазақстан Республикасының Конституциялық заңдары
4. Қазақстан Республикасының Заңдары (соның ішінде ҚР Жер кодексі)
5. Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік жарлықтары
6. Атқарушы билік органдарының заңға тәуелді нормативтік-құқықтық актілері: а) ҚР Үкіметінің нормативтік актілері б) салалық және салаарлық басқару органдардың нормативтік актілері
7. Жергілікті өкілдік және атқару органдардың нормативтік актілері
8. Конституциялық Кеңеспен ҚР Жоғарғы Сотының нормативтік-құқықтық актілері
9. Жер-құқықтық дәстүрлер
10. Жерді қорғау стандарттары мен нормативтары

Жер құқық қатынастары
Жер құқық қатынастары дегеніміз – жерге меншік құқығын және өзге де құқықтарды жүзеге асыра отырып, жер ресурстарын басқаруға, жекелеген субьектілерге жер учаскелерін бекітіп беруге байланысты жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі қатынастар болып табылады.
Жер құқық қатынастарына тән белгілер:

  • бұл қатынастар жерді пайдалану мен қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған;

  • бұл қатынастар жерді меншік обьектісі, пайдалану обьектісі, аумақтық кеңістігі және табиғат байлығы ретінде қарастырады;

  • бұл қатынастар жер құқық нормаларымен қатар, өзге құқық салаларының нормаларымен реттеледі;

  • бұл қатынастар тек жер учаскесін пайдалану емес, сонымен қатар, жер учаскесінде орналасқан жылжымайтын мүлікті де пайдаланумен байланысты қатынастар;

Пайдаланылған әдебиеттер: https://melimde.com/prezentaciyar-jer-ifini-negizderi-abildafan-sadibekova-m.html

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет