Реферат Тақырыбы: Жүннің физикалық-механикалық қасиеттері Орындаған: Рысбек Б. Тексерген: Долдашева Г. К курс: 4



бет1/2
Дата10.11.2022
өлшемі31,16 Kb.
#49128
түріРеферат
  1   2

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті
Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және өңдеу технологиясы кафедрасы


Реферат


Тақырыбы: Жүннің физикалық-механикалық қасиеттері
Орындаған: Рысбек Б.
Тексерген: Долдашева Г.К
Курс: 4
Тобы: 19-13
Астана, 2022
1. Жүннің физикалық-механикалық қасиеттері

Жүннің техникалық қасиеттеріне: ұзындығы, жуандығы, иректілігі, мықтылғы, серпінділігі,созылғыштығы,иілгіштігі, жылтырлығы және түсі жатады. Жүннің осы қасиеттері жүн өнімдері мен оның сапасына тығыз байланысты.


Ұзындығы – жүннің негізгі қасиеттерінің бірі. Ұзындықты табиғи және нақты ұзындық деп 2 түрге ажыратады. Табиғи жүн ұзындығын тұлымның табиғи жағдайында, яғни иректі түзетпей өлшейді. Нақты ұзындықты жүннің жеке, талшықтарын түзу, бірақ созбай өлшейді.
Жуандығы – жүн өнімдерінің сапасы енжіп жуандығына көп дәрежеде әсер ететін, жүн қасиеттерінің ең маңыздысы жүн жуандығын жүннің көлденең кесіндісін диаметрмен өлшеу жолымен анықтайды және ол микрометрмен сипатталады. Қазіргі уақытта біздің елімізде барлық бір текті жүндердің (биязы, биязылау) жуандығын нақтылайтын біріңғай жіктеу жүйесі қабылданған. Бұл жүйе бойынша бір текті жүндердің 13 негізгі класы бекітілген, оны немесе жүн сапасы деп атап, сандармен белгілеген: 80,7,64,60,58,56,50,48,46,40,44,36,32. Әрбір сапаға белгілі бір жүн жуандығы сәйкес келеді.Жүн иректілігі белгілі бір мөлшерде шашқынабы пішініне, байланысты. Түбіт өте ұсақ иректілігімен ерекшеленеді. Аралық талшықтың иректілігі неғұрлым, ірі болады. Қылшық толқынды иректілікпен сипатталады. Жалпақ иректілік – доға биіктігінің өз негізінен кішіректігімен сипатталады. Кейбір жағдайларда осы доғалдардың қатты созылғыштығынан иректілік көзге әзер білінеді, мұндай иректілік пішіні – толқынды немесе созылған – қылшық және ұяң жүндерге тән. Иректілігі жоқ жүн – тегіс деп, аталады. Иректілігі жоғары – доға биіктігі оның негізінен үлкен болады. Сонымен қатар иректіліктің қиыңқы, биік, ілмекті түрлері де кездеседі. Қысыңқы, биік иректілік түрлері жүннің сиректілігі мен солғылдық жағдайларымен тығыз байланысты.
Жүн мықтылығы (беріктігі) (талшықтың да үзілуге қарсы тұру қабілеті) – мықты маталар дайындауда өте маңызды.
Созылғыштығы – жүннің бұл қасиеті созғанда ұзындықтан да ұзарып, босатқанда бастапқы ұзындығына қайта келуімен сипатталады. Талшықтың нақты ұзындықтан ұзаруы жүн түріне байланысты 20-25 процент және одан да жоғары болады.
Серпінділігі – жүннің созғанда немесе қысқандағы қайтадан қалпына келу қабілеті, серпімді жүннің техникалық құндылығы болып, түкті (ворстық) маталарды (драп, сукна) өндіру және осындай маталардан тігілген кілемдердің бастапқы пішінін жоғалтпайтындығымен сипатталады.
Жүнді кейін бастапқы қалпына келу жылдамдығын - иілгіштігі (эластичность) деп атайды.
Жүн түсіне байланысты: биязы және биязылау жүндер де - ақ, ал ұяң және қылшық жүндерде әртүрлі түсті болып келеді. Олар: ақ, қара, сары, сұр.Жүн түсі жүндегі қандай түс, басымдылығына байланысты. Өнеркәсіпте ақ түс бағалы болып саналады. Себебі, оны басқа түстерге бояу оңайға түседі.
Жүн жылтырлығы – жүн сәулесінің түсуіне байланысты жүн талшықтарының аз немесе көп мөлшерде жылтырауы. Бұл қасиет жүннің қабыршақты қабатының құрылымы мен жүн иректілігіне байланысты. Жүн жылтырлығы:өте күшті, орташа, жібек тәрізді және шыны тәрізді болуы мүмкін. Жүн жылтырлығы жоқ жүн – күңгірт деп аталады.
Жүн талшықтарының морфологиялық құрамы. Жүн өзектен, түбірден және жуашықтан тұрады.
Өзек — тері үстінде тұратын жүн талшығының қатты бөлігі. Жүн терінің қиылған бөлігінде шикі түрде өзектен тұрады.
Түбір — теріде қалыңдау болып келетін жүннің тірі бөлігі, бір жағынан (жоғарғы), өзекке жалғасқан, екінші жағынан, жуашыққа жалғасқан.
Жуашық — талшық түбірінің төменгі бөлігі. Онда жасушаның көбею нәтижесінен жүн талшығы өседі. Емізікше талшықтың қоректенуін қамтамасыз етеді. Оның негізі көптеген капиллярдан тұратын біріктіруші ұлпалардан тұрады, ол қан арқылы қоректену, өсу дамуды қамтамасыз етеді. Талшық түбірі теріде бірнеше қабыршақты эпидермалы жасушалармен қапталған. Бұл түтік талшықты қынап деп аталады, ол өз алдына талшықты қынапты құрайтын біріктіруші ұлпадан тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет