Реферат тақырыбы: Перикард,миокард және эндокард ауруларын дербестеу Орындаған: Ерғарина Әсел вм-409



бет2/4
Дата30.04.2022
өлшемі287.51 Kb.
#32889
түріРеферат
1   2   3   4
Перикардит (pericarditis) - жүрек қабының қабынуы. Қабыну жарақаттан (P.traumatica) не басқа себептерден болуы мүмкін. Өтуі бойынша: жіті (p.acuta) және созылмалы (р.еһгопіеа) түрде, пайда болу және өту уақытына байланысты негізгі немесе туындаған, таралуы бойынша ошақты (p.circumscripta) және кіріккен (p.diffusa), экссудаттың түрлеріне байланысты-ұйымалы, белок талшықты, қанды, іріңді, шіріген болып бөлінеді. Жүрек қабының қабынуларының кұрғақ (p.sicca), экссудатты немесе сарысулы (p.exudativa) түрлерін айырады.

Себептері. Мал арасында негізгі перикардит салыстырмалы сирек кездеседі, ал көбінесе суықтың әсерінен болған перикардит ұшырасады. Жиі кездесетіні, түрлі індет немесе жұкпалы емес аурулардың асқынғандығынан болатын туындаған перикардит. Ірі қарада, кейде ұсақ малда жұмыршақ қарын мен іш перденің жарақаттануы салдарынан (жарақатты ретикулит, ретикуло-перитонит) жарақатты перикардит пайда болады.

Жарақатты перикардиттің пайда болуына жұмыршақ қарын арқылы жем-шөппен кірген істік темірлер немесе басқа заттар әсерін тигізеді. Істік темірлер жүректің қабын, кейде бұлшық етін, ішкі қабатын жарақаттайды. Жарақаттайтын заттар өзімен бірге жүрек қабының қуысына түрлі микроорганизмдерді енгізеді. Жарақатты перикардит жаңа туған, кенеттен жығылған, қатты күшенген малдарда пайда болады. Жарақатты перикардиттің жиі немесе сирек кездесуі жұмыршақ қарын мен іш перденің жарақатты қабынуын тудыратын әсерлерге байланысты.

Жарақатты перикардиттің негізгі ауру түрінде дамуы өте сирек кездеседі. Ондай жарақаттану кеуденің сыртқы жүрек жағынан тосыннан болған ауыр соққыдан (үшкір затпен түйрелеуден, сынған қабыртқаның әсерінен т.б.) болады.

Дамуы. Перикардиттің дамуы, әсіресе жарақаттанған түрі, екі кезеңде өтеді. Алғашында перикардит кұрғақ болып, басталады да, сонан соң біртіндеп ылғалдыға ауысады. Құрғақ перикардитте алдымен жүрек қабының қабаттары қабынады, бірте-бірте оның қабаттарына белок талшықтары (фибрин) ұйып жиналады да олардың бетін кедір-бұдырлайды. Жүрек қабының созылмалдылығы әлсірейді. Осылар жүректің жұмысын қиындатады.

Аурудың ары қарай даму процесінде жүрек қаптары бір-біріне жабысып, бітісіп кетеді. Ылғалды (экссудативті) перикардитте жүрек қабының ішіне көп мөлшерде сарысу жиналады, ірі қара малда мөлшері 20-25 литрге дейін жетеді. Жиналған экссудат жүрекке жан-жағынан қысым түсіріп, оның диастоласын әлсіретіп, қанның систолалық көлемін азайтады. Жүректің қанды сорып-айдау қызметтері бұзылады. Экссудат жүректі айнала қысқандықтан (тампонада) оның соғуын тоқтатып тастауы мүмкін. Жүрек қысылғанда көкірек іш перде (көк еттің) қимылы бәсеңдейді, сол себептен өкпе мен бауырда венозды қан іркіледі. Осы жағдай веналар мен капиллярда қанның қысымын көтеріп, іркілістен денені ісіндіреді.

Веналарда қанның қысымының көтерілуіне байланысты артериялық тамырларда қысым азайып, жалпы қан айналысы бәсеңдейді. Кейде жүрек қабының қабынуы жүрек етінің қабынуына себепші болады.

Перикардиттің қай түрі болсада, әсіресе жарақатты түрінде, қанға қабынулық заттардың өтуінен және жиналған экссудаттың ыдырап, шіріуінен организм уланады, қызуы көтеріледі, қан мен зәрдің құрамдары өзгереді, біраз ағзалар мен жүйелердің қызметтері бұзылады.

Патологиялық-анатомиялық өзгерістер. Жүрек қабының қуысында әр түрлі көлемде экссудат: құрғақ қабынуда-белокты фибринді-талшық, сарысулы түрінде-ұйымалы, ұйымалы-белокты, фибринді-талшықты, қанды іріңді, шірікті түрлері. Жүрек қабы қалындайды, олар белокты фибринді-талшықтармен қабатталады. Жүрек қаптарының қабаттары бір-бірімен жабысып, бітісіп кететін жағдайлар жиі кездеседі. Әктенген (беріштенген) уақытында “сауатты жүрек” көрінісі байқалады. Жүрек еті мен плевраның (көкіректің сірі қабығы) қабынуы жиі кездеседі. Жүрек етінің семуі (атрофия) де-жиі кездесетін құбылыс. Өкпе, бауырда және басқа да ағзаларда ырықсыздық қан кернелуі байқалады. Жарақаттан болған қабынуда экссудат көбінесе, іріңді не шірікті түрлерінде болады.

Шірікті түрі сұйық, қоңыр не сарғыш-қоңыр түсті, өткір, сасық иісті болып келеді. Ішкі ағзалардың көпшілігінде қабынуға (сепсис) тән түрлі өзгерістер анықталынады. Жүрек қабының қуысында, жүрек қабының өзінде немесе жүрек етінде, алдымен, мес қарынның, сонан соң жүрек қабының дерттерін тудыратын түрлі бөтен үшкір жарақатттаушы заттар (сымтемір, шеге, түйреуіш, ине т.б.) жиі кездесіп тұрады. Бөтен заттың қалдырған жолында фибрин талшықтары, іріңдіктер (абсцесс), ішінде іріңі, шірігі бар көз жолдары анықталынады. Көп жағдайда жүрек қабы, көкіректің көк етімен мес қарынның араларында тығыздалынған қосымша дәнекер ұлпалы талшықтар өскені анықталынады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет