Сабақ Тақырыбы: Тілдің мәні. Тілдің қоғамдық мәні, табиғаты мен қызметі



Дата11.12.2023
өлшемі13,02 Kb.
#137197
түріСабақ

№2 практикалық сабақ


Тақырыбы: Тілдің мәні. Тілдің қоғамдық мәні, табиғаты мен қызметі.


Сұрақтар:


1.Қоғам, қоғамдық формация дегеніміз не?
2. Тілдің табиғаты?
3.Тілге биологиялық, психологялық, таптық көзқарастар.
4. Тілдің коммуникативтік, экспрессивті, эмотивті, номинативті қызметтері?

Тіл – атадан балаға үйретілген құрал. Жаңа туған бала өз ата-анасының тілінде сөйлеуі де, сөйлемеуі де мүмкін. Жаңа туған жас бала өзі өскен ортаның тілінде сөйлейді. Бұл – тілдің биологиялық құбылыс еместігін дәлелдейді.


Лингвистердің енді бір тобы тілді психикалық құбылыс деп түсіндіреді. Мұның мәнісі: «тіл – құдай тағаланың жаратқан нәрсе емес, оны жеке адам жасайды, жеке адамның рухы туғызады» ,- деген түсініктен туған.. Бұл да қате пікір. Егерде тіл рухтың көрінісі болса, әр адамның жеке-жеке тілі болған болар еді де, бір тұтас халықтың, ұлттың тілі болмас еді. Тіл – жалпы халықтық құбылыс, сөйлеу – сол құралды пайдалану.
Кеңес лингвистикасында Николай Яковлевич Марр тілге таптық сипат берді. Революция тілде де болады деген қате пікірлер айтты. Осы айтылған пікірлерді саралай келе тіл, шын мәнінде, қоғамдық құбылыс. Тіл мен қоғамның өзара байланысы екі жақты. Біріншіден, тілсіз ешбір қоғам өмір сүре алмайды. Тіл жоқ жерде адамдардың қоғамда бірлесіп еңбек етуі, қоғамдық өмірді ұйымдастыруы мүмкін емес. Қоғамның өмір сүруі, адамдардың бірлесіп еңбек етуі үшін қатынас құралы, пікір алысудың құралы – тіл қажет.
Тіл – адам қоғамы дамуының шарты. Екіншіден, тіл қоғам бар жерде ғана өмір сүреді. Қоғам – тілдің өмір сүруінің шарты, ұжымнан тыс тіл жоқ.
Тілге анықтама беруде ең алдымен оның әлеуметтік қызметі, яғни қоғамдағы адамдардың қатынас құралы болу қызметі негізге алынады. Лингвистикада тілдің мұндай қызметі коммуникативтік (латынша «қатынас», «байланыс») функциясы, қызметі деп аталынады.
Тілдің екінші қызметі – адам ойын қалыптастыру және сол ойды жеткізу құралы болу. А.А.Реформацкий тілдің мұндай қызметін экспрессивті функциясы деп те атайды.
Үшінші қызметі эмотивті (латынша «алаңдату», «қызықтыру») функциясы. Мұны тілдің аффективті, эмоционалды қызметі деп те атай береді. Өйткені тіл адамның еркі, ішкі күйініш-сүйініш, сезімін білдіре алады. Яғни тіліміздегі тілдік бірлік адамның сол затқа, ұғымға деген өзіндік (субъективті) қатынасын, эмоциясын білдіре алады. Ол үшін одағайлар, еліктеуіш, кішірейту, еркелету қосымшалары, бұйрық етістік формалары, интонация мен сөздердің орын тәртібі тәсілдері қолданады. Мысалы: әке – әкешім – әкетай, алақай, қап, т.б.
Төртінші тілдегі толық мағыналы дербес сөздер заттар мен құбылыстарды білдіріп номинативті (латынша «атауыш») қызмет атқарады. Яғни тіліміздегі әрбір сөз, сөз тіркесі – белгілі бір заттың, ұғымның, қимылдың, сынның аты, атауы болып табылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет