Реферат тақырыбы: «Полимер материалдардың негізгі өндірісі. Полимер материалдардың жіктелуі»



бет1/4
Дата24.11.2022
өлшемі33,27 Kb.
#52317
түріРеферат
  1   2   3   4

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті

РЕФЕРАТ
Тақырыбы: « Полимер материалдардың негізгі өндірісі. Полимер материалдардың жіктелуі »


Тобы: ПСМ-17-1

Қызылорда,2020 жыл


Жоспары:

  1. Негізгі түсініктер мен ұғымдар. Негізгі полимерлік материалдардың сипаттамасы;

  2. Полимерлердің жіктелуі.

  3. Полимер өндірісі және қолданылуы


1. Негізгі түсініктер мен ұғымдар. Негізгі полимерлік материалдардың сипаттамасы 
Орыс тілінде әртүрлі полимерлер мен полимерлі материалдарды белгілейтін көптеген сөздер бекітілген. Кейбір терминдердің мағынасын берейік.
Сонымен қысқаша сөздік.
Полимер немесе жоғары молекулалық қосылыстар – бiр–бiрiмен химиялық байланыстар арқылы байланысқан жүздеген, мыңдаған атомдардан құралған заттар. “Полимер” – сөзi тура аударғанда көп бөлiктер, сегменттер деген мағына бередi. 1974 ж. жарияланған ИЮПАК-тың құжаттарында «полимер» - бiр немесе бiрнеше құрам буындарының санын кемiткенде не өсiргенде қасиеттерi бәлендей өзгермейтiндей мөлшерде өзара байланысқан, бiрдей не әртүрлi атомдар немесе атомдар топтарының көп рет қайталануымен сипатталатын макромолекулалардан тұратын заттар».
Мономер – молекулалары нақты жағдайда бір - бірімен полимер түзіп қосылуға қабілетті молекулалық массасы кішкентай заттар.
Реакция жүруі үшін мономер молекуласында еселі байланыс, тұрақсыз цикл немесе реакцияға қабілетті функционалды топтар болуы қажет. Бiрнеше рет қайталанатын атомдар тобын - қарапайым буын дейдi.
Көптеген мономерлер температурадан және қысымнан тәуелді қатты, сұйық және газ тәрізді бола алады. Қалыпты жағдайда олар газдар немесе тұтқырлығы төмен сұйықтар. Стирол, формальдегид, этилен – бұлардың барлығы мономерлер.
Полимерлердің бір бөлігі температурадан тәуелді қатты немесе сұйық, бір бөлігі – тек қатты болуы мүмкін. Теориялық есептеулерде “газ тәрізді полимер” түсінігіне сүйенеді, бірақ, мұндайды жасау мүмкін емес, тіпті космостық вакуумда полимерлер буланбайды.
Поли- және моно- түбірлерінің өзі жеңіл түсінік береді. Полимерлер химиясында стерео- түбірі де қолданылады, бірақ радиотехникадағы мағынасында емес. Химияда ол макромолекулалардың кеңістіктік құрылымын анықтайды.
Жоғары молекулалы қосылыстарды қысқаша ЖМҚ деп стандартты атауға немесе "полимерлер" деуге болады. Полимерлер (грек. "поли"—көп, "мерос"—бөлшек) ондаған және жүздеген мың, кейде миллиондаған атомдардан тұратын үлкен молекулалар.
Атомдар санының өзгеруіне қарай макромолекулалардың сапалық қасиеттерінде де ерекшеліктері болады. Химиялық таза полимерлердің макромолекулалары қайталанып отыратын құрылым буындарынан құралады.
Құрылым буындарының саны полимерлену дәрежесі – n деп аталады, оның сан мәні 1000-нан 1 млн-ға жуық болуы мүмкін. Іс жүзінде кез келген полимерлер — құрамы және химиялық құрылысы бірдей, тек құрылым буын саны әр түрлі бірнеше макромолекуланың қоспасы. Егер құрылым буындары әр түрлі болса, онда сополимер деп атайды.
ЖМҚ кұрамының күрделілігі оның молекулалық массасының да өте үлкен болуын қамтамасыз етеді. "Үлкен", "кіші" деген сөздер салыстырмалы шартты түрде қолданылады. Сондықтан Мr < 500 болса, кіші молекулалы, Мг >5000 болса, жоғары молекулалы қосылыс деп саналады. Ал 500 < Мг<5000 болса, онда олигомер (грек. "олигос" — "көп емес, шамалы" деген мағынаны білдіреді) деп аталады. Бұлай бөлудің негізі молекула шектен тыс көп атомнан тұратын жағдайда олардың сандарының шамалы өзгеруі қасиеттеріне аса көп әсерін тигізбейді, кейде тіпті өзгермейді.
Полимерлердің осындай ірі макромолекулаларының пішіні әр түрлі болады. Оларды: сызықтық, тармақты немесе торлы және кеңістіктік, т.б. деп бөледі. Табиғи полимерлерден целлюлоза мен табиғи каучуктың құрылымдары сызықты екенін білесіңдер, ал синтетикалық полимерлерден капрон, төменгі қысымда өндірілетін полиэтилен сызықты болады. Тармақты құрылымды полимерлерге: крахмал, полипропилен жатады. Жүн, резеңке мен фенолформаль-дегид полимерлерінің құрылымдары кеңістік болады.
Полимерлер химиясы үшін гомо-, со- и олиго- түбірлері тән.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет