Реферат Тақырыбы: Шәкәрім Құдайбердіұлының «Ләйлі Мәжнүн» поэмасын талдау Орындаған: Адилхан Дастан Мамандық: Әдебиеттану



бет1/2
Дата02.03.2022
өлшемі100,27 Kb.
#26849
түріРеферат
  1   2

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Реферат


Тақырыбы: Шәкәрім Құдайбердіұлының «Ләйлі Мәжнүн» поэмасын талдау

Орындаған: Адилхан Дастан

Мамандық: Әдебиеттану

Тексерген: Солтанаева Е. М.

2022 ж

Шәкәрім Құдайбердіұлының «Ләйлі-Мәжнүн» поэмасын талдау

ХХ ғасырдың басындағы көркем аударма саласына көп еңбегі сіңген ақын жазушымыз – Шәкәрім Құдайбердәұлы. Оның қазақ әдебиеті тарихында, әсіресе көркем аудармада алатын орны ерекше. Ш.Құдайбердіұлының шығыс тақырыбындағы ең көлемді мұрасы «Ләйлі-Мәжнүн» дастаны. Бұл бүкіл шығыс әдебиетіндегі нәзира дәстүрін Шәкәрімнің қазақ топырағында өнімді дамытуы болды. Олай дейтініміз еңбекті қазіргі ұғымдағы аударма деп айту қиын. Ләйлі мен Мәжнүннің ғашықтық хикаясы Низамиге де, Науаиге де шабыт берген. Шығыстың сөз зергерлерінің жыр жарысы - нәзира дәстүрі бойынша, ақынның ең басты мұраты жаңа тақырып табу емес, жаңа жол табу, белгілі сарынды өзгеше түрге болеу, өзіндік бояу мен бейнелеу десек, Шәкәрім қалдырған «Ләйлі-Мәжнүн» дастаны мың жылдық тарихы бар ежелгі сюжеттің ең соңғы көрінісі.

Бұл жайында қазақ поэзиясының алыптарының бірі - Әбілдә Тәжібаев былай дейді: «”Ләйлі –Мәжнүн” Шәкәрімнің шығыс алыптарымен жарысқа түскенде көтерілген жаңа биігі, жаңа тауы десек те болады. Бұл тау қазақ даласына түгел көрінген қарлы шыңы, қара орманы, тасқын өзендерімен, барлық ғажайыптары мен көрінген бүкіл халқымызды қуанышқа бөлеген биік еді». Шәкәрім «Ләйлі-Мәжнүн» шығармасын Физули Бағдади жырлаған нұсқадан аударып, жаңа туынды етті.Ауызша және жазбаша тараған шығыс дастаны «Ләйлі-Мәжнүнге» VII ғасырда өмір сүрген Қайыс атты ақынның қайғылы ғашық отын басынан кешіргені туралы араб аңызы негіз болғаны белгілі. Шәкәрім Физули дастанын жоғары бағалаған:

«Ондайғып еш бейітші жаза алмаған,

Нақысын шын келтіріп,қаза алмаған.

Кітабын Фзулидің іздеп тауып,

Кез болды былтырғы жыл азар маған.

Мен оның келтіре алман мыңнан бірін,

Айтуға тіл жетпейді тәтті жырын.

Мәжнүннің атын білер, жайын білмес,

Қазаққа ұқтырайын біраз сырын»-дейді. Шәкәрімнің Физулиден аудардым дегенімен бұл шығарманы аударма дүние деу қиын. Дұрысы-Шәкәрімнің «Ләйлі-Мәжнүн» шығыстың әйгілі ақындарымен өнер жарыстыра отырып, нәзира үлгісінде туындатқан төл шығарма деуге өте лайық. Шәкәрім дастанның сюжеттік желісін негізге ала отырып, өзінше жырлаған, қазақ қауымының түсінігіне лайықтау үшін үрлі өзгерістермен толықтырулар еңгізген.

Қазіргі таңда Ш.Құдайбердіұлының «Ләйлі-Мәжнүн» поэмасының үш түрі бар. Оның негізгісі 1907 жылы жазылған. Бірінші рет 1922-1923 жылдары «Шолпан» журналының 2-3 (82-105б.), 4-5 (102-120б.), 6-7-8 (144-162б.) сандарында жарық көрген. Шығарманың бұл журналда жариялануына себепкер болған Мұхтар Әуезов. Ол қолжазбаны редакцияға тапсырып, жарық көруіне көмектескен.

Поэманы екінші рет 1935 жылы Сәкен Сейфуллин «Қазақстан көркем әдебиет баспасынан» жеке кітап етіп шығарған.

Үшінші рет Қазақстан Компартиясының Орталық Комитетінде «Ақын Шәкәрімнің творчестволық мұрасы жөнінде» мәселе қаралғаннан кейін, 1988 жылы «Жазушы» баспасынан Ш.Құдайбердиевтің «Шығармалары» атты кітабында жарық көрді.

1924 жылы 31 қаңтарда «Қазақ» газеті Ш.Құдайбердіұлының «Қазақ тілі басқармасына ашық хатын» жариялайды. Онда Шәкәрім былай деген екен: «Төмендегі сөзіме гәзетіңізден орын берсеңіз екен. Баяғыда түріктің атақты ақыны Физули өлеңінің басында айтқан: «А, құдай! Менің өлеңімді үш түрлі антұрғаннан сақта. Бірінші, әннің ретін білмейтін кісіден сақта, себебі ондай кісіге айтқан жақсы өлең де жаман көрініп байыбына бара алмайды. Екінші, күңшілден сақта, оның себебі жақсы өлеңімді жамандап, теріс мағыналап, халықтың жүрегіне азғыру салады. Үшінші, қате жазушыдан сақта, оның себебі менің «көз» деп жазғанымды «көр» деп жазып, көзімді соқыр етеді», - деген.

Сол айтқандайын Ташкенттегі «Шолпан» журналы өлең қылған «Ләйлі-Мәжнүн» әңгімесін сонша көп қате қылып басыпты. Оны түзеу қайтадан бір кітап жазғаннан қиын. Кей өлең мүлде жоқ, кейбіреуінің жартысы жоқ, әріп қатесі есепсіз көп. Өлеңімді соқыр, ақсақ, шолақ қол қылыпты. Өлеңнен хабары бар кісі оқыса, ол менің кемшілігім емесін білер» - деген хабарламаны жариялайды.

Шәкәрім айтқандай 1922-1923 жылғы «Шолпан» журналында және 1935 жылығы Қазақстан көркем әдебиет баспасынан шыққан «Ләйлі-Мәжнүн» нұсқасынан 1988 жылы жарық көрген «Ләйлі-Мәжнүн» мәтінінің едәуір айырмашылығы бар. Үшінші басылымын құрастырып, баспаға әзірлеген М.Жармұхамедов, С.Дәуітовтер «Ләйлі-Мәжнүн» поэмасының мәтінін өзге жарық көрген нұсқаларымен салыстырылып, қолжазба нұсқасын берген.

Үш мәтінді салыстырып көретін болсақ, автордың соншалықты налуының себептерін де көруге болады. Ал ендеше сол нұсқаларға талдау жасайық.

Поэманың алғашқы шумағының өзі бір-бірінен бөлек жазылған:

1) Арабта бір бай болды дәулеті асқан,

Саудасы әр патшамен араласқан.

Құдайдан бір мирас құл бала сұрап,

Малыңның садақаға көбін сатқан.

2) Арабта бір бай болды дәулеті асқан,

Саудасы әр патсамен араласқан.

Құдайдан бір мирасқор бала сұрап,

Малыңның садақаға көбін шашқан.


  1. Бай еді қайыры мол, бек қанағат,

Тіледі «бала бер» деп көп жамаңат.

  1. Бай еді қайыры мол, бек қабағат,

Тіледі «бала бер» деп көп жамаңат.

  1. Ес қылып, ат мінгізіп, шапан жапты



  1. Ас қылып, ат мінгізіп, шапан жапты



  1. Сый қылып, ат мінгізіп, шапан жапты –делінген.

Жалпы Шәкәрім шығармашылығы ақылмен емес, жанмен сезінуді алғашқы орынға қоятын, «іштегі халді» сипаттайтын сопылық поэзияның образдарымен беріледі. «Нұр», «хақ», «хақиқат», «әлем», «дүние», «жалған» секілді сопылық поэзияда терең мағынаға ие тұрақты қолданыстарға толы.

1)Алланың бір қияметі болса керек,

2)Алланың бір хикметі болса керек,

1) Арбап тұр түрлі жүзі жүрегіңді

2)Арбап тұр нұрлы жүзі жүрегіңді

1)Жанғанда жануменен өткізе көр

2)Жанғанда жатуменен өткізе көр

Одан өзге бірнеше өзгері терді көруімізге болады:





  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет