Реферат тақырыбы: Вегетативтік дистония синдромы



бет1/3
Дата19.01.2023
өлшемі32,12 Kb.
#62021
түріРеферат
  1   2   3

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан Техникалық Университеті
Денсаулық және спорт орталығы
РЕФЕРАТ

Тақырыбы:


Вегетативтік дистония синдромы

Топ: 21-МСК-1


Орындаған: Төлгенова Құралай Фархатқызы
Тексерген: Шорганова Айнур Базарбеккызы


Өскемен қаласы
2023 жыл
ЖОСПАР
Кіріспе 3
1-БӨЛІМ. Вегетативтік-тамырлық дистония синдромының көрінісі және емделуі 4
2-БӨЛІМ. Вегетативтік-тамырлық дистония және спорт 5
Қолданылған әдебиеттер тізімі 8


КІРІСПЕ
Вегетативтік-тамырлық дистония (ВТД, ВСД), нейроциркуляторлық дистония, вегетативтік невроз, вегетативті жүйке жүйесінің соматоформалық дисфункциясы (МКБ-10) – вегетативтік жүйке жүйесінің дисфункциясымен сипатталатын полиэтиологиялық синдром. Бұл әртүрлі аурулар мен бұзылулардың әртүрлі клиникалық көріністерін қамтитын симптомдар кешені.
Вегато-тамырлық дистония кезінде ағзаның басқа жүйелерінде органикалық өзгерістер болмайды мысалы: эндокринді бездерде, жүйке жүйесінде, жүректе және т.б. Дегенмен ұстама уақыты кезінде жүрек-қан тамыр жүйесінің және вегатативті жүйке жүйесінің айқын зақымдалуы жүреді. Вегато-тамырлық дистония ауруы дамуына келесі факторлар роль атқарады,оларды топпен бөлетін болсақ:

  • ағзаның жұмысындағы ақаулар;

  • өткен инфекциялардың, жарақаттардың салдары, сондай-ақ созылмалы аурулардың болуы;

  • жаман әдеттер;

  • эмоционалды шамадан тыс жүктеме, стресс және т.б.

1-БӨЛІМ
Вегетативтік-тамырлық дистония синдромының көрінісі және емделуі
Вегето-тамырлы дистония өзін әртүрлі белгілермен сигналдауы мүмкін, бұл вегетативті жүйке жүйесінің организміне әсер етуіне байланысты, ол тыныс алу, қанмен қамтамасыз ету, терлеу, зәр шығару және ас қорыту сияқты негізгі вегетативті функцияларды реттейді. Вегетативті дисфункцияның белгілері тұрақты немесе мерзімді болуы мүмкін.
Ауру жүрек симптомдары, тыныс алу жүйесінің бұзылуы, терморегуляцияның бұзылуы, соның ішінде температураның құбылмалылығы, ас қорыту жүйесінің бұзылуы, несеп-жыныс жүйесі жұмысының бұзылуы, қан тасымалының бұзылуы және жүйке-психиатриялық көріністер ретінде көрінуі мүмкін. Синдромның негізінен 40-қа жуық белгілері болады.
Вегето-тамыр дистониясы бар науқастарда емдеу келесі мамандықтар бойынша дәрігерлердің бақылауымен жүзеге асырылады: терапевт, невропатолог, эндокринолог, психиатр. Бұл немесе басқа тағайындаулар ВСД-ның басым белгілеріне байланысты болады. Әдетте, аурудың сипаты мен этиологиясын ескере отырып, кешенді ұзақ мерзімді жеке терапия жүргізіледі. Кең тараған сауықтыру түрлері:

  • Күн тәртібін түзеу, орнықтыру;

  • Нормативтік емес режимде, ойын түрінде спортпен айналысу;

  • Арнайы диета ұстану, тамақ рационын түзеу;

  • Су және физиотерапия;

  • Акупунктура және емдік массаж;

  • Фитосауықтыру;

  • Психологиялық түзету;

  • Медикоменттік емдеу және т.б.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет