«Рефлексивті негіз»



бет2/8
Дата06.01.2022
өлшемі5,19 Mb.
#12335
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8

Бестармақ (синквейн)

Ойды тиянақтап, өзіндік түсінікті нақты сөздермен келтіруге мүмкіндік беретін тәсіл. Бұл тәсілде қатысушылар өз ойын қорытындылау үшін тек 11 сөзді қолдану қажет. Ол бес жолдан тұрады, ал әрбір жол саны және сөз таптары белгіленген сөздерден құралады.

Бірінші тармақ – негізгі ойға байланысты 1 зат есім;

Екінші тармақ – негізгі ойға байланысты 2 сын есім;

Үшінші тармақ – негізгі ойға байланысты қимылды білдіретін 3 етістік;

Төртінші тармақ – тақырыпқа байланысты 4 сөзден тұратын сөз тіркесі;

Бесінші тармақ – бірінші тармақтағы сөзбен мағыналас 1 сөз.

Рефлексивті тест


А. Мен жаңадан көп нәрсені білдім

В. Бұл менің өміріме қажет болады

С. Туындаған сұрақтарыма жауап ала алдым

Д. Сабақта нәтижелі жұмыс жасадым

Е. Бүгін өзіме көңілім толмады

Төрт сөйлем тәсілі


Сабақ барысында оқушылар өздерінің түсінік және жұмыс жасау деңгейлерін бағалау үшін келесі тапсырмалар орындайды:

1. Пікір. Сабақ бойынша туындаған өзіндік пікірін бір сөйлеммен келтіру.

2. Дәлел. Келтірілген өзіндік пікірді бір сөйлеммен дәлелдеп шығуы керек.

3. Мысал. Енді өзіндік пікірді тағы да бір негіздеп кетуі үшін бір сөйлеммен мысал келтіру қажет. Мысал өмірден, практикадан алынуы қажет.

4. Қорытынды. Өзіндік пікірді тағы да бір рет пысықтап, қорытынды шешімді бір сөйлеммен келтіру керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет