Дәрістер тезистері



бет1/20
Дата30.04.2023
өлшемі441,95 Kb.
#88548
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

ДӘРІСТЕР ТЕЗИСТЕРІ



Апта №

Дәріс атауы және тезистері

Сағат көлемі


Заттардың молекулалық-кинетикалық теориясы бойынша қысқаша мәліметтер
Қазіргі заманның микроскопиялық әдістері зат молекулаларын тікелей бақылауға мүмкіндік береді. Мысалы, электронды микроскоптар көмегімен ірі молекулаларды көруге болады. Ал, кейінгі жылдары дамыған голографиялық микроскоптар әдістері, тек қана молекула емес, заттардың атомдарын көруге де мүмкіндіктер ашты.
Молекулалық-кинетикалық теорияның дұрыстығын бұлардан басқа тәжірибе жүзінде бақыланатын құбылыстар толық дәлелдей алады. Солардың негізгілеріне тоқтала кетейік:

  1. Газдардың жоғары сығылу мүмкіндіктері газ молекулаларының бір-бірінен ара қашықтарының едәуір екенін көрсетеді.

  2. Газдардың кез келген үлкен көлемді ыдыстарда бірыңғай таралып орналасуы газ молекулаларының бір-бірінен байланыссыз қозғалатынын көрсетеді.

  3. Өзара жанасқан газдардың бір-біріне өтуі - газ диффузиясы - бір газ молекулаларының екінші газ молекулалары арасындағы “бос кеңістікке” қозғала алатынын көрсетеді. Бұл мысалды сұйық заттардың бір-бірімен араласуы, қатты денелердің еруі, булануы т.б. жалғыстыруға болады.

  4. Газ толтырылған ыдыстың қабырғаларына түскен қысым оның молекулаларының соғу күшімен түсіндіріледі. Газ тығыздығын жоғарылатқан кезде қысымның да өсуі қабырғаны “бомбылайтын” молеклулалар санының көбеюімен байланыстырылады. Ал, температура жоғарылағанда қысымның да өсуі (көлем тұрақты болсын) молекулалар жылдамдықтарының артуына байланысты, олардың ыдыс қабырғасын соғу жиілігінің және күшінің де арта түсетінін көрсетеді.

Міне, осы сияқты тәжірибелерге сүйеніп, мынадай үш жағдайды негізге алуға болады - молекулалық-кинетикалық теорияның үш қағидасы:

  1. Барлық заттар (денелер) өте ұсақ бөлшектерден яғни атомдардан және молекулалардан құралады.

  2. Атомдар мен молеклалар үздіксіз қозғалыста болады. Бұл қозғалыс еш уақытта, ешқандай жағдайда тоқталмайтын “мәңгілік” болады.

  3. Әр түрлі заттардың молекулалары өз ара түрліше әрекеттеседі. Бұл әрекеттесу негізінен молекулалар тегіне және олардың ара қашықтарына байланысты болады. Мысалы, заттардың әр түрлі агрегаттық күйіндегі (газ, сұйық, қатты дене) сапалық ерекшеліктері (айырмашылықтары) молекулалар ара қашықтығына байланысты болатын молекула аралық күштермен түсіндіріледі.

Сонымен, бұдан былай қозғалыстың екі түрі қарастырылады: бүкіл дене қозғалысы және дене молекулаларының хаосты қозғалысы немесе жылулық қозғалыс.
Газдың белгілі бір мөлшері, массасы мынандай үш шамамен - параметрмен сипатталады: қысым, көлем және температураның мәндері арқылы анықталады. Бұл параметрлердің бірінің өзгерісі қалғандарында өзгертетін заңдылықпен байланысқан. Бұл байланысты аналитикалық функциясы түрінде былай:
(1)
жазуға болады. Бұл берілген массадағы газ параметрлерінің арасындағы байланысты көрсететін күй теңдеуі деп аталады. Егер де (1) теңдеуін қандай да бір параметрге қатысты, мысалы, қысымға қатысты шешетін болсақ, онда күй теңдеуі
(2)
түрінде жазылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет