Республиканская научно-познавательная газета "Білім айнасы"


Қасымов Муратбек Рахымбекович



Pdf көрінісі
бет4/4
Дата06.06.2022
өлшемі0,56 Mb.
#36413
түріСабақ
1   2   3   4
Қасымов Муратбек Рахымбекович 
Тараз қаласы, 
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің 
«Ұстаз» институты, «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру» 
кафедрасы, аға оқытушы 
ЖОО-да оқу үрдісінде жаңаша әдістерді пайдаланудың тиімділігі 
 
Қазіргі таңда өмір үнемі өзгеріп, қоғам үздіксіз дамып отырған шақта ақыл-ойы озық, білімі мен 
біліктілігі жоғары, ұлттық рухы күшті жастарды тәрбиелеу қажеттілігі күн озған сайын артып отыр. 
Сондықтан ел тұтқасын ұстар азаматтардың өнегелі тәрбиесі –бүгінгі күн тәртібінде тұрған маңызды 
мәселелердің бірі. Олардың білімі мен біліктілігін дағдысы мен шеберлігін, асқақ адамшылығы мен 
адамгершілік қадір-қасиетін, жаңа дүниетанымдық көзқарасын, салауаттылық дағдысын, ұнамды 
мінез-құлық нормасын қалыптастыру – үлкен қажеттілік. 
Қай кезеңде, қай қоғамда болсын жеке тұлғаның қалыптасуы жаңашыл ұстаздан басталады. 
Ендеше кез-келген ұстаздың алдында жас ұрпақты адал, шыншыл, сергек, өмірге құштар, 
көзі ашық, көкірегі ояу, қуаныш пен ренішке ортақтаса алатын, өз Отанын сүйетін, өз жерінің, 
елінің иесі бола алатын, еркін ойлау қабілеті бар, мәдениетті, іскер, адамдық қасиетке ие, рухани 
жандүниесі бай, жаны, ары таза азамат етіп тәрбиелеу міндетітұр. 
Еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елдер қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ 
бейнесінен көрінеді. Қазіргі білім беру саласындағы басты мәселе – тез өзгермелі жаңа әлемде 
бәсекеге төтеп бере алатындай білім беруді мақсат тұтатын жаңа білім мазмұнына сай оқытудың 
жаңа әдіс-тәсілдерін, инновациялық технологияны меңгерген жаңашыл ұстаздарды даярлау. 
Жаңа сабақты бастамас бұрын «Миға шабуыл» әдісін арқылы өткен сабақтарды түйінді 
сөздермен қорытындылауға болады. «Сыйқырлы сандар» арқылы үш топқа бөлуге болады. Әр 
топ өздеріне берген тапсырмаларды жоғары деңгейде қорғай алды. Келесі тапсырма бойынша 
берілген анықтамаларға талдау жасау керек және топтар өзара сұрақ қойып ұғымдардың мәнін 
жан-жақты ашуға болады. 
«Ой қозғау» мақсатында әр топқа төмендегідей тапсырмалар ұсынылады: 1.В.А.Сластенин 
бойынша тәрбие әдістерінің жіктелуі 2.Т.Е.Конникова, Г.И.Щукина бойынша тәрбие әдістерінің 
жіктелуі 3.Ю.К.Бабанский бойынша тәрбие әдістерінің жіктелуі. 
Әр топ өздеріне берілген тапсырманы кеңесе отырып постерде орындайды және қорғайды. 
Сонымен қатар семинар сабақта диалогты оқытуды пайдалануға болады. Студенттердің білім 
алуға деген құштарлығын арттырып, сын тұрғысынан ойлауына көмектесетінін түсінеді, бұл 
болашақта осындай жағдайда баға жетпес тәжірибе болатындығына сенімдімін. 
Диалогты оқыту студенттердің бір-бірінен үйренуіне, басқа студенттердің идеяларын
ойларын құрметтеуіне және бағалауына ықпал ететіндіктен жоғары оқу орнының оқу-тәрбие 
процесінде диалогты оқытуды пайдалану маңызды. 
Келесі тапсырма: Ю.К.Бабанский бойынша тәрбие әдістерінің түрлеріне жеке-жеке 
тоқталу, мәнін түсіндіру: Жеке тұлғаның сана-сезімін қалыптастыру әдістері. Іс-әрекетті 
ұйымдастыру мен мінез-құлықты қалыптастыру әдістері. Ынталандыру әдістері. 
Берілген тапсырмалар төңірегінде студенттер «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі арқылы жұмыс 
жасауға, мәнін ашып жете түсіндіреді. Беріген тапсырманы қорытындылау үшін 5-6 сөзден түратын 
сөздік құрастыруға болады. Сабақты «Кім жылдам, кім зерек» блиц-тур арқылы қорытындылауға 
болады. «Кім жылдам, кім зерек?» ойыны (блиц-тур сұрақтары) Баланың еркі, сезімі, іс- 
әрекетіне әсер ететін тәсілдер, жолдар -бұл: тәрбие әдістері; Жеке тұлғаның қоғамдық санасын 
қалыптастыру әдістері: түсіндіру, әңгімелеу, үлгі-өнеге, лекция, пікірталас. 
Қоғамдық мінез-құлықты қалыптастыру, іс-әрекетті ұйымдастыру әдістері: педагогикалық 
талап, үйрету, жаттығу, тапсырма, ситуация. Мінез-құлық пен іс-әркетті ынталандыру әдістері: 
мадақтау, жазалау, жарыс. Тәрбиелік педагогикалық іс-әрекетті сипаттайтынөзара байланысты 
компоненттердің реттелген жиынтығы – бұл: тәрбиелік жүйе. Сұрақ қою, жылдам әрі тез 


«Білім айнасы» 2022 ж. 
5
сұрақтарға жауап беру және сұрақты, сұрақтың жауабын ой елегінен өткізу 
студенттерге ойын жинақтауға көмек береді, іс-әрекеттерін тереңдетеді және 
шоғырландырады. 
Ұлы шығыс философы Әл-Фараби «Ұстаз жаратылысынан өзіне айтылғанның 
бәрін жете түсіне білетін, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында 
жақсы сақтайтын, еш нәрсені ұмытпайтын, алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі, 
мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл, жаны асқақ және ар 
намысын ардақтайтын, дирхем, динар атаулыға, жалған дүниенің басқа да 
атрибуттарына жирене қарайтын, табиғатынан әділеттілік пен әділеттерді сүйіп, 
жақындарына да, жат адамдарына да әділ, жұрттың бәріне өз білгенінше жақсылық 
пен ізгілік көрсетіп, қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек 
болуы керек»-деп бекер айтпаған шығар [2.49б.]. 
Қорыта келе мұғалімді адам жанының инженері, мінез-құлық сәулетшісі, ауру 
шипагері, ақыл-ой мен естің жаттықтырушысы, ой мен сезім дирижері, адамның 
алғашқы әділ қазысы, жас өркенді мәпелеуші бағбан дейді. Кез-келген жаңашыл 
мұғалім еліміздің болашағы өскелең ұрпақтың қолында екенін ескере отырып
жастарға, болашақ ұстаздарға жан-жақты, жаңаша әдіс- тәсілдерді пайдаланып сабақ 
өткізсе, дұрыс ойлауға, дұрыс іс- әрекет жасауға бағыт-бағдар берсе еліміздің 
болашағы жарқын болары сөзсіз. 
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ: 
1. Көбесов А. Әл-Фарабидің педгогикалық мұралары. -Алматы: Мектеп, 1991. -
126 б. 
2. Педагогика. Оқулық /Абай атындағы Қазақ ұлттық пед.университетінің 
педагогика кафедрасының авторлар ұжымы.-Алматы: Print-S, 2005. -429 б. 

Document Outline

  • «Білім айнасы» газетінің қосымшасы қаңтар 2022 ж. №01 (637-журнал) Приложение к газете «Білім айнасы» январь 2022 г. №01 (637-журнал)
  • Нұр-Сұлтан, 2022 жыл
  • Қасымов Муратбек Рахымбекович
  • ЖОО-да оқу үрдісінде жаңаша әдістерді пайдаланудың тиімділігі
  • ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет