Құрылтайшы жəне шығарушы: «Қазақ газеттерi» Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi Редакторлар кеңесiнiң


М.О.Əуезов атындағы  Əдебиет жəне



Pdf көрінісі
бет6/6
Дата03.03.2017
өлшемі2,44 Mb.
#7323
1   2   3   4   5   6

М.О.Əуезов атындағы  Əдебиет жəне 

өнер институтының 

кіші ғылыми қызметкері.

Нұрбол ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ. «Ар арызын жазатын қаламгер»

40

Проза


Үш көршінің шарбақтарының түйіскен 

тұсында ең кемі алпыс жыл жасаған алып 

бəйтерек тұратын. Балтабай мен Қайрақбай 

орныққан көршілер де, Тойлыбай қала жаққа 

көшіп кетіп, үйін жаңадан отау болғандарға 

тастап кетті. Көршілердің де күткені осы еді, 

жаңа отауға алдымен Балтабай келді. Терек 

Тойлыбайдың шекарасында.

- Шырағым,-деді ол шілмиіп қабырғасы 

ырсиып, өлейін деп тұрған жас жігітке. Өзі 

ішетін неме ме, көздері кілдіреп тұр. – Мынау 

теректі дереу жығып алыңдар, отын-потынға 

жаратасыңдар...

Лəззат ОМАРОВА 

Қазақстан Жазушылар 

Одағының мүшесі. Төлеген 

Айбергенов атындағы 

сыйлықтың лауреаты. Əл-

Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіндегі 

«Ұлағат» баспасында редактор болып жұмыс істейді.  

АЛЫП 


БӘЙТЕРЕК

(Əңгіме )

Артынша Қайрақбай көрші де келді.

- Кесіп тастаңдар, -деді жастардан 

ақыл-кеңесін аямай. -Түкке керегі жоқ 

нəрсе... түнімен жапырағы шулап, кейде да-

уыл болғанда тура менің шарбағыма қарай 

дүрс ете қалатындай зəрем кетеді. Оның бер 

жағында бау-бақшама көлеңкесін түсіріп түк 

өсірмейді.

Екі көршіге де ең тиімді нəрсе – 

бəйтеректі кесіп тыну... Балтабайға бəрібір 

десе де болғандай еді, əйтсе де тура осы 

теректің түбіндегі «столбыдан» үйіне қарай 

өтетін телефон сымы да, жарық та, радио да 



41

қабаттасып жатады. Қит етсе осы теректің 

жапырағына шатысып, үзіліп түсіп əбіржітеді.

Екі көрші екі жақтан қанша қаузаса да, 

жас жігіт міз бағар болмады. Түк көрмегендей 

жып-жылмағай қалпында:

- Ойбай, көкелер, айттыңыздар, бітті! 

Тап осы қазір жайратам! - деп шығарып сала-

ды да, артынша жым-жылас болады. Ақыры 

алдын ала ақылдасып келісіп алған Балтабай 

мен Қайрақбай сəрсенбінің сəтінде жас 

жігіттің екі өкпесінен сығып, жан алқымға 

алды.

Қайрекең – соғыс жəне еңбек ардагері. 



Содан да болар құлақтан аздап мүкісі бар. 

Ылғи құлағына салбыратып салып жүретін 

аппаратын төс қалтасынан тастамайды. Өзі 

қайратты, екі иығына мынадай шілмиген екі 

жас жігіт мінгендей, ширатылған мұрты бар, 

жанары суалмаған, беті нарттай реңді кісі.

- Иə, Қайрекеңнің айтып тұрғаны тап 

рас,- деп қоштай кетті жанына ілесіп келген 

екінші көрші Балтабай. – Тойлыбайдың өзінің 

көшіп кетіп қалғаны қиын болды ғой, əйтпесе 

сұрамай-ақ сұлатып салар ек...

«Өзі барда неге сұлатып 

салмағансыңдар» деп сұрағысы келсе де, 

шілмиген жігіт сұрай алмады.

Балтабай – пəлен  жыл  партия 

комитетінің хатшысы болған кісі. Жасы 

алпыстан  асса  да,  қырықтың  үстіндегі 

қылшылдаған жігіттей, ауыр бейнет 

көрмеген, ешқандай мехнат шекпеген, өзін-

өзі мұқият сақтаған адам. Ақсары, маңдайы 

кереқарыс, нағыз қызметкер қалпында əлі... 

Екі ақсақалдың ортасындағы ілмиген жас 

жігіт қақпақыл болып, қақпанға түскен 

қарсақтай күй кешті. Көздері жыпық-жыпық 

етеді. Онысы қолға тірідей түскен жəндіктің 

ендігі жерде қайда қашып құтыларын 

білмегендей көрінген соң, жан-жағына қайта-

қайта жалтақтай түскен байғұсты екі көрші 

одан бетер дігерлей түсті.

- Давай, бол тез! Тап қазір кес! 

Арала! –деді еліре түскен Қайрекең құла-

ғындағы мүкісін жасыру мақсатында сəл 

дауыстаңқырап сөйлейтін əдетімен.

-Кіріс!


-Иə, кіріс!-деп қосыла бұйырды Балтекең 

де екі қолын артына ұстап шірене түскен 

қалпында.

- Ойбой-оу... Ақыры жас жігіт шегінерге 

жері қалмаған сəтте ойындағысын ақтарып 

салды.  –  Сосын...  мені  Тойлыбай  көке  сояды 

ғой?! Бəйте-регімді кесіп тастапсың, – деп 

төлеттіріп жүрсе... милицияға айтса қайтемін?

- Түк те істей алмайды!-деп қосарланды 

қос ақсақал. – Онда тап мына бізді ұстап 

бересің ! «Кес» деді, «арыз жазды» дейсің.

Ақыры үш көрші бірігіп, алпыс жылдық 

алып бəйтеректі кесуге уəделесті.

- Алдымен түскі асымызды ішіп, күш 

жинап алайық, - деді Қайрекең көңілі орнына 

түскен соң өзінен жастау көршісі Балтекеңе.- 

Не де болса күн қайтқан соң кірісерміз!

Түс қайта үш көрші үш жақтан 

«күшейіп» шықты. Жас отауда не болсын, 

Қайрекең арқан алып шықты. Балтекең ара 

мен балта көтеріп келді. Үшеуіне үш үйден 

бірталай қатын-қалаш, бала-шаға шуласа 

ілесіп шықты.

- Сен, шырақ, теректің тура басына 

шық! –деді Балтекең арқанды жас жігітке 

беріп. – Сонау ұшар басынан мықтылап 

тұрып  байлаған  соң,  тура  төмендегі  мына 

бізге лақтыр!

«Не үшін» деп сұрағысы келсе де, жас 

жігіт сұрамады. Арқанды қарына іліп алып, 

тура ұшар биікке өрмелей жөнелді. Жердегі 

бала-шаға мəз. 

- Ойбай, қараңдар, қалай-қалай 

өрмелейді ?! 

- Тошны-ы, «апаш-ши»! 

Лəззат ОМАРОВА. «Алып бəйтерек»


42

- Мə-ə, мынау тура маймыл ғой, – деп 

ішектерін тартқан бала-шағаны қариялар 

жағы дүркін-дүркін үркітіп тастайды. 

- Əй, əрі құрыңдар! 

- Төбелеріңе құлап түссе, өлдім дей 

беріңдер !

Екі қарияның екі кемпірі де шықты 

сықсиып... Екеуінің қолында екі қазық. 

Орталарына тал басындағы жігіттің 

келіншегін қосып алыпты. 

- Қазір қазықты сендердің бақшаларыңа 

қағамыз да, арқанды байлаймыз,-десті екі 

кемпір келіншекке. – Бəріміз жабылып тар-

тып отырамыз, құласа осылай қарай... сендер 

тұсқа құласын...

«Арамдарын қарашы... - деп ойлады 

келіншек. - Өздерінікін емес, біздің бақшаның 

қаусап қалғанын қалап отыр...»

Сонау ұшар биікке дейін өрмелеп 

шығып, арқанды терек басына барынша қатты 

байлап, төмендегі қарияларға кері лақтырған 

күйеуінің төменге түсуін асыға күткен қайқы 

қара келіншек дереу жігітін оңашалап алып, 

былай деп сыбырлады. 

- Мыналар талды біздің шарбаққа 

құлатпақшы....

- Қоя бер... - деді күйеуі тершіп кеткен 

мұрынын сүртіп үлгерместен.

- Қоя берің не, сорлы-ау! Басқа ағаштар 

мен егіп қойған помидор-пиязы-мыз быт-шыт 

болмай ма?!

- Енді қайтеміз?!-деді күйеуі білегіне 

жармасқан келіншегінің сүйір саусақтарын 

сілкіп тастап. - Құлатпасақ тыныштық 

бермейді, көріп отырсың ғой?!

- Ей, ессізқалғыр... - деген күйі күбір 

етті дəрменсіз келіншек. - Бері құламай ары 

құлап, өздерінің быт-шытын шығарса жақсы 

болар еді.

Түс ауа күн қатты қызып кетті. 

Шақырайған ыстық алаулаған екі бетті 

күйдіргені өз алдына, тыржалаңаш шешініп 

іске кіріскен жас жігіттің жон-арқасын алып 

түсті. Бір қабат терісі күлдіреп шиқандай бо-

лып кеткенін көрген келіншегі шырқырап, 

қайта-қайта су əкелумен болды. Айтылғандай 

қазық жас жігіттің жеріне қағылып, жуан 

арқан теректің ту басынан солай қарай тарты-

лып,   байланды. Алып теректің құйтақандай 

қазықты қалай болса солай жұлып кетері да-

усыз болғандықтан, екі қария кемпірлерімен 

жəне жұмыста жоқ бала-шағаларымен 

арқанды шірене, демдерін іштерінен алып, 

күшене тартып отырды. Жұмыстың ауыры – 

жас  жігітте...  Діңі  жуан  кəрі  терекке  не  бал-

та, не ара батпайды. Өйткені қурап та тұрған 

шағы емес, керісінше қайта көктеп, діңгегінің 

суланып, беріктеле түскен шағы. Сонда да 

жас жігіт қос қолдап балтамен теректің түбін 

үсті-үстіне ұрғылайды. Шауып жатыр, шауып 

жатыр... Екі алақаны ду-ду етеді. Одан əріге 

əл-дəрмəні құрыған соң, жерге өрмелеп түсіп, 

балтаны тастай беріп, терек көлеңкесіне 

шөкелей кетті. Арқан тартқандар ұлардай шу-

лап қоя берді.

- Əй, не болды,ей?!

- Осының ойы таза емес-ау?!

Артынша қас-қағым сəттен кейін 

қос қария жанына жетіп келді. Сөйлеуге 

шамасының жоғын көрген екеуі терекке қарап 

тұрып:


- Болмаса... біз де аралап көрейік, - де-

ген ұсыныс айтты. Содан соң екі шал араның 

бір басында, екінші жағында жас жігіттің 

өзі... жұмысқа қайта кірісті. Сонадай жердегі 

қарияларға кемпірлері айқайлап тіл қатып, 

дем беріп, қайраттандырып қояды.

-  Не  де  болса  екеуің  жарайсыңдар! 

Бүгінгі жастарда қай қауқар бар дейсіңдер?!

Жас жігіт алақанының ашығанына 

қарамай намыстанып, қатты тыраштанып 

кетті. Араны құлаштай тартады, алай да-

 *«Үркер»*№62014


43

бұлай да... əйтсе де қарсы жақтың қарымы 

аз. Бұның қауырт қимылына ілесе алмаған 

қариялар аздан соң тағы шу шығарды.

- Сен, шырағым, - деді алдымен ентігіп 

қалған Қайрекең төс қалтасындағы салбырап 

түсуге ыңғайланған аппаратын дұрыстап са-

лып алып. – Кімді мазақ қыласың?!

- Ерігіп отырған жоқпыз! - деп Балтекең 

де араны тастай бере орнынан тұрып, үсті-

басын сілікті. - Давай, жассың ғой, өзің 

бірдеңе қыл...

- Ойбай-ау, жалғыз өзім қайтіп аралай-

мын?! - деп шар етті жігіт.

Қариялардың жауабы дайын екен, тағы 

да қашып құтыла алмады.

- Келіншегіңді шақыр! Сендердей 

күнімізде біз мына апаларыңмен қосылып қос 

айдағанбыз, жер жыртқанбыз! Кесек құйып, 

там салғанбыз!

Қариялар демдерін басып, қақырынып-

түкірініп, кемпірлерінің жандарына барып, 

арқанды қайта шірене тарта түскенде, жас 

жігіттің жанына келіншегі келді. Екеуі араны 

енді екі жақтап тарта бастады. «Шиқ» еткізіп 

өзі бір тартса, келіншегі шиқ-қ еткізіп араны 

түбіне дейін емес, ортан беліне дейін шіреніп 

əзер жеткізеді. Одан соң жас жігіт лып етіп 

орнынан тұрып, келіншегі тұсқа шығып, ара-

ны қайтадан соңына дейін шірене түсіп тар-

тып соңына жеткізіп алады да, өзінің орнына 

келеді.


- Тарт! –деп айқайлайды сосын 

келіншегіне демеу беріп бар даусымен.

Осы кезде құр арқанды шіреніп тар-

та бергеннен əзірге түк шықпасын білген 

қариялардың кемпірлері де бүгіліп қалған 

белдерін жазып, немерелерін шұбыртып, 

үйлеріне барып, шалдарына сусын əкеліп, 

қарасып жатты.

- Біттім... - деді əлденуақытта 

келіншегінің де ерні кезеріп. Осы кезде жас 

жігіттің жаны шығып кете жаздады. Ендігі 

жерде қалай болғанда да осы теректі жалғыз 

өзі жайратуға ант берді.

- Үйге бар!- деп əмір берді келіншегіне. 

- Тамақ дайындай бер! Көріп алдым бұл 

бəйтеректі!

Келіншегі кеткен соң жас жігіт кілт жаңа 

шешім қабылдады. Балтаны беліне қыстырып 

алып, талдың басына қарай қайта өрмеледі.

- Өй-й... мынау қайда барады? – деп 

аңтарылған қариялармен қайтып ақылдасқан 

жоқ. Сол бойда өткір балтаның жүзімен 

қолы жеткен бұтаны жекелеп жерге шауып 

құлата берді, түсіре берді... Жердегілер улап-

шуласқан болыс-ты.

- Ойбай, жүгермектер! - деп кемпірлердің 

жан дауыстары шықты. Жігітті қызықтап 

тал астына жақындап қалған немерелерін 

қайырысты. – Өлесіңдер! Бастарыңа құлап 

түседі!


Жас жігіт болса онан да шапты, бұнан да 

шапты... Əп-сəтте аяқ астында жапырақтарын 

енді жая бастаған жас шыбықтар пырдай 

болып жатты. Былай көзге... бəйтеректің 

бұтақтары сирей бастағандай көрінгенмен, 

əлі қайда... Бұның бəрін бір күнде шауып 

бітіру мүмкін емес. Ашуы басылып, күлдіреп 

қалған алақаны «аймандай» болған жас жігіт 

жынынан айырылған бақсыдай тал басынан 

жоса-жоса терін сүртіп, қайтадан сүйретіліп 

жерге оралды. Қазығы мен арқанын тастай 

салып жанына жүгірісіп келген қариялар 

жағы мына тірлігіне шын сүйсіне қалысыпты.

- Жарайсың, балам,-деп арқасынан 

қағысты. - Тірліктің көбі кетіп, азы қал-ды! 

Енді ортан беліне дейін шапсаң болды, ар 

жағын арқанмен тартып құлатып аламыз!

Дəмесі зор қариялардың меселін 

қайтармай жас жігіт балтаны алып тағы да 

құлаштай сермеп, теректің түбін шапқылай 

бастады. Күн екіндіге құлаған шақта айна-

Лəззат ОМАРОВА. «Алып бəйтерек» 


44

ла салқындап бірте-бірте ауа тазара баста-

ды. Сыбыр-сыбыр еткен бəйтерек жапырағы 

айналаға салқын самалды себелеп, жанды 

жайландырады. Кеш болып, жұрт жұмыстан 

оралғанда, көршілер түгел аз-кем үзіліс жа-

сады. Қариялар да, жас жігіт те үйлеріне ора-

лып, бұйырған асты ішіп, аз тынығып алып 

тысқа тағы жиналды.

- Балаларыңызды шақырсаңыздаршы... 

- деді жас жігіт екі шалға. Ептеп көмек керек 

ниетін білдіріп.

- Ойбай-й,-деп алдымен Қайрекеңнің 

кемпірі баж-ж ете қалды. – Олар келу-ші ме 

еді...

- Біздікілер... - деп күмілжіді Балтекең. - 



Бір жаққа қонаққа кетті..

Мынадан кейін жас жігітті де жалқаулық 

билеп, күлдіреп кеткен алақанын үргілеп, 

олай бір, бұлай бір ойқастап, қашқақтап көріп 

еді, онысынан тағы түк шықпады.

- Шырағым, - деді Қайрекең жанына 

келіп. - Бұл теректі құлатпай саған да, бізге де 

тыныштық жоқ!

- Қулық жасаймын деп ойламай-ақ қой! 

– деп ескертті Балтекең қолындағы таяғын 

шошаңдатып. 

Көршілер кешкі салқынмен тағы біраз 

қарыштады. Дүңк-дүңк... бір қалып-ты 

балтаның дыбысы... Сонау қараңғылықтағы 

көз ұшында арқанды шірене тартқан 

қариялар мен кемпірлері қараңдайды. Жас 

жігіттің көздеріне қараңғыда қан толып, 

ештеңені байқамайды жəне ендігі жерде алып 

бəйтеректі де түк аямайды. О баста «Обал 

ғой, жан кіріп, жапырағын жайып қалды» де-

ген адамгершілік сезімі болатын. Қазір онысы 

«қайтсем де сені жайратпай тынбаймын» де-

ген қатыгездікпен алмасқан. Не де болса бүгін 

түн осы теректің шаруасын тындырмақ...

Күн əлдеқашан ұясына қонса да, жаздың 

күні тым кеш батады. Кешкілік көршілердің 

терезелерінен əлдебір музыкалық хабар 

беріліп жатса, енді бірінің терезесінен маг-

нитофон əуені естіледі. Жас жігіт ендігі 

жерде əдемі əуенге елітіп, музыкалатып 

шапқылап жатыр бəйтеректі... Бұның тірлік 

істеп жатқанын ұмытып кеткен қариялар 

жағы əлден уақытта самбырласып əңгімелер 

айтысты. Арагідік шаужайларына жармасып, 

түзету енгізіп жатқан кемпірлерінің де дауы-

стары шығады. 

Күндізгі майда бала-шағаны үй ішіндегі 

əке-шешелері жинап алса керек, қараңғы 

түн қойнауында алып бəйтерекпен бетпе-

бет бес-ақ жан қалды. Олар – бəйтерек діңін 

шапқылаған жас жігіт, оны өздеріне қарай 

тартып құлатпақ болып отырған екі шал мен 

екі кемпір... Бір орайда өз келіншегі де күдерін 

біржола үзгенін айтып кетті. 

- Мен ұйықтай берем, жалығып кеттім...

Осы сөздерден кейін жас жігіттің мойны-

на су кетті, ана шалдардың кемпірлері сияқты 

өз  келіншегі  де  жанында  отырса  іс  басқаша 

болар ма еді, қайтер еді... Бірақ келіншегі ізім-

қайым құрыды. Онысы «сенің қай ісің оңушы 

еді» деп табалағандай көрінді. 

Жас жігіт көздерін тарс жұмып алып, 

бар қайратын сарқып, түн ортасы болса да 

бəйтерекпен қаймықпай алысты. Арқан 

тартқан қариялар айқай салып жанына «біз» 

сұғып қояды.  

- Барсың ба, ей?! Мынауың өзі... 

берекесіздеу ме деймін...

- Ей, қай оңған неме дейсіңдер?- деп 

кемпірлері қоштай кетті.- Күнін көре алмай, 

көрінгеннің үйінде отырып, күл-қоқырын 

тазалағанына мəз болып жүрген біреу ғой... 

– «Сығарға биті жоқ» сорлы болса да, араққа 

ақша табатын көрінеді...

Сөздері анық естіліп тұр, өздері сыбыр-

ласып сөйлестік деп отырған болар... Сұрқия 

сөздер жас жігіттің намысын біржолата өртеп 

 *«Үркер»*№62014


45

жіберді. Ел билеген бастықсымақ болып, бала-

ларына «арам» дүние жинап беріп, тұяқтарын 

қыбырлатпай, дайын асқа тап қылғандарын 

мақтан тұтады. Оның бер жағында өз əкелері 

«күндеріңді көріңдер» деп адал ақы, маңдай 

терімен жиналған тақыл-тұқыл дүниесымағын 

он баласының қайсысына бөліп берерін 

білмей, тақыр жерге талтайып тарап кеткен 

совхозда «жұртта» қалып қойды. Содан бұлар 

бір көрпе, бір жастықтарын арқалап аудан 

орталығы деп осында келген... Бұнда да ешкім 

күтіп отырған жоқ екен. Не жұмыс, не баспа-

на жоқ, көрінгеннің қолбаласы боп, үйлерінің 

жұмысын істеп, ыбық-сыбық бір күндерін 

көріп жатыр.

Тер құйылған көздері удай ашып, 

жас жігіт балтаны пəрменімен періп кеп 

жібергені... Ең соңғы соққы екен... Айналаның 

бəрі дір-р етіп барып... бəй-терек кенет дүрс 

құлады. Жігіт өз басының қайда қалғанын 

білмейді. Əйтеуір бір жаққа қалпақтай ұшып 

кетті. Сол сəтте құлақ шекесі шың-ң етіп ба-

рып, тас керең болып қалды да... артынша 

ашылып жүре берді. Сірə, қатты қорыққаннан 

болар. 


- Ойбай – деп шыңғырған кемпірлердің 

дауыстарынан шошып кетті. - Өлді!

Жігіт орнынан ептеп тұрмақ еді, 

белінен төмен қарай опырылып кеткендей... 

Ойына өзгеден бұрын ең алдымен жақында 

ғана үйленген келіншегі оралды. Əлгіндегі 

айналадағы самаладай жарықтардың бəрі 

өшіп, тас қараңғылыққа бөленіпті. Белін 

екі қолымен сəл көтеріп, басын қылтитып 

маңайдағы жарықтың түгел сөніп қалғанын 

көргенде... жүрегі түк-түк етті. Шыңғырған 

дауыстарға шырқыраған дауыстар қосылып 

жатыр... Айнала əп-сəтте абыр-сабыр болды. 

Қалған көршілердің де ағылып жатқан легі 

байқалады. Тек өз келіншегінің ғана даусы 

естілмейді, ұйқысы қатты еді...

- Не болды, ей, жер сілкініп кеткендей 

болды ғой?!

- Терек құлады!

- Əй, терек сияқты емес қой, жер дүние 

дірілдеп кетті ғой?! 

Жігіт бəрін естіп жатыр, тек адам 

шығыны жоқ па екен деген күдік жанын 

жеп бара жатқанда үстінен дөп түскендей 

кемпірлердің біреуінің зарлы даусы аңырап 

қоя берді. 

- Ой-бой-й, сорлы-ы шал-еу-у! Нең бар 

еді қу терекпен алысып-оу?!

Жұрт дүрлігіп іздестіру жұмысын 

жүргізіп жатты. Кемпірлер жөн-жоба көрсетіп 

айтып жатыр. Терек құлаған сəтте екі 

шалдың... қараңғыда арқан-қазықтарымен қай 

жаққа ұшып кеткендерін аңғара алмай қалған 

жұбайлары «өлді ғой» деп зарлап жіберсе ке-

рек, үйлерінен бала-шағалары келіп, ұрсып, 

басу айтып жатқандары анық естіледі.

- Өздеріңе сол сауап! –деп ұрысты бірінің 

баласы. – Қарап тұрған ағашпен алысып... 

Ендігі жерде тап жігіттің жанына жақын 

келіп қалған басқа жұрттың дабыр-дұбыры 

анық естілді. 

- Əй, бұларың не?! Сендердің 

еріккендерің кімге керек?! Дереу «авари-

ныйды» шақыртып, жарықты жалғатыңдар! 

Тоқтың сымына түсіп, біреу-міреу өліп кетсе 

не істейсіңдер?! 

Сонда барып өзге жұрт:

- Қане, теректің өзі қайда құлапты?! - 

деп ағашты іздестіре бастағанымен түбінде 

сұлап жатқан жігітті ешкім аңғара қоймады. 

Ұшып кеткен шалдардың тек белдері үзіліп 

кете жаздап аман қалса керек, көзін ашып-

жұмып жатқан жігіт жұрттың арасында 

шоңқаңдап жүрген екеуді анық байқады. «Тірі 

екен ғой» дегенді ойлағанда көздері қайтадан 

қарауытты. Бірақ өз басын əзірге іздеп жатқан 

тірі жан жоқ. «Іздеушісі жоқ  деген осы екен 

ғой» деп күрсінді. Кенет... өнбойына ток 



Лəззат ОМАРОВА. «Алып бəйтерек» (əңгіме )  

46

жүгіріп  өткендей  болды.  Үй  жақтан  келе 

жатқан өз келіншегінің даусы анық естілді. 

Сірə, ұйқысынан шошып оянса керек.

- Үйбай-ай, қайдасың байғұсым-ау-у, 

тірісің бе?! Мына қос қақпас қоймады ғой 

жаныңды «Теректі кес те, кес» деп!

Жігіттің көздеріне жас үйірілді. Өліп 

бара жатқанда осылай шын шырқырап іздейтін 

бір адамыңның болғаны да бақыт екен ғой. 

Ендігі жерде сəл алаңсыз жата тұрды. Жас 

келіншектің даусынан шошынған жұрт жа-

пырлап өзін іздестіре бастады. Бірі теңкиген 

терекке тағы тақалып келді.

- Ой, жарықтық... мынау қалай-қалай 

құлаған... 

Екіншісі дəл жанындағы, былайша жос-

парда жоқ, теректің екпінімен қоса құлаған 

жарықтың столбысын көрді. 

- Ойбай, тоқ,тоқ! Кері шегініңдер!-

деп айқай салды əлгі адам. – Столбы қосыла 

құлапты! 

Жұрт жігітке қол созым жерге дейін 

жақындап келді. Сол кезде ыңырсып ды-

быс берді. Абыр-дабыр болған жұрт əйтеуір 

əрекет жасап, ебін тауып, жігітті терекпен 

айқаса құлаған столбының түбінен аман-

есен жазыққа алып шықты. Жанұшырған 

келіншегі жылап келіп құшақтай кеткенде 

жігіттің сыздап тұрған жерлерінің бəрі бірден 

жеңілдеп сала бергендей болды. Бойын тіктеп, 

келіншегінің иығына сүйеніп, аяқтарын ба-

сып көріп еді, жоқ тек қана қатты екпінмен 

құлағанға ұқсайды. Əншейін... белі ғана ауы-

рып қалыпты. 

Теректі  құлатқан  күннің  ертесіне  таң 

алакеуімнен маңайдың бəрі үш көршінің 

шарбақтарына жиналды. Теректің жанында 

болса да түндегі жарықтың столбысы қосыла 

сұлап жатыр... Екі шал өшін кімнен аларын 

білмегендей белгісіз біреулермен күбірлесіп 

ұрсысып жүр. Кешегі кемпірлерінің қарала-

ры мүлдем өшіпті. Құрып кеткір қу бəйтерек... 

жас жігіттің шарбағына қарай, қағып қойған 

қазықты бетке ұстап құлаудың орнына... 

ерегіскендей дəл екі шалдың бақшаларының 

түйіскен мүйісіне қарай құлапты. Бəрі де əдейі 

істелінгендей. Ал жігіт жақ болса дін аман, 

терек Қайрақбай шалдың бірнеше гүлдеп 

тұрған жеміс талын жəне егіп қойған бау-

бақшасының быт-шытын шығарған. Терек 

құлап бара жатып ортан белінен Балтабайдың 

ұштасып тұрған қора-қопсысын қаусатып, 

қызғыштай қорып жүрген телефон, жарық, 

радио сымдары шатысқан столбысымен қоса 

сырып түскен. Сирек кездесетін жəйт. Бұны 

суреттеп айту да қиын шығар, көзбен көрген 

кісіге Алла тағаланың əдейі істеген тірлігі 

іспетті. 

Кешегі жаналыс-жанберісте Қайрекең 

құлаққа асатын аппаратын мыжып алыпты. 

Түк естімейді. Самбырлай сөйлеп жігітке 

жарықты жалғату үшін жаңа столбы орна-

ту керектігін, одан басқа сым желілері үшін 

шығатын шығындарды есептеп, тəптіштеп 

түсіндіріп жатыр. Ішінің удай ашып бара 

жатқаны айтпаса да белгілі. Ал Балтекең бол-

са ойлана қарап, қанын ішіне тартып, үнсіз 

тұрды. Бұдан кейін, бір қызығы, жас жігітке 

қайтып салмақ түспеді. Екі көрші балаларын 

жауып жіберіп, құлаған көк терек пен ортан 

белінен опырылып түскен столбы ағашын 

бөлшек-бөлшек етіп кесіп, бір шыбығын да 

бұған ұстатпастан өз үйлеріне тасып алысты. 

Одан соң адам шақыртып, жаңа столбыны ор-

натып, жарықты қалпына келтіртті. Осымен 

тынса жарар еді деп жүрген жас жігітке көпке 

дейін құлатылған теректің діңі қатты əсер 

етіп жүрді. Көршілері құлаған шарбақтарын 

қайтадан ыдырамастай етіп сыммен қоршап, 

қайтып бұны танымастай, керек болса көрген 

жерде бет-жүздерін бұрып əкететіндей халге 

жетті... 

 *«Үркер»*№62014


Редакция мекен-жайы:

050009. Алматы қаласы. 

Абай даңғылы, 143, 6-қабат. 

Телефондар: 

бас редактор    – 394-41-34, 

бөлiм  

 – 394-37-27, 

компьютер 

бөлiмi  

 – 394-37-87

 

             www.urkerkaz.kz

E-mail: Urker_2010@mail.ru, 

 

     

Журнал Қазақстан Респуб-

ликасы Мəдениет  жəне  ақпарат  

министрлiгiнде 06. 04. 2009 ж. 

қайта тiркелiп,  № 10017-ж  куəлiк 

алған. Айына бір рет шығады.

 ***

Басуға қол қойылды:  .03.2014 

Қағазы офсеттiк. 4,2 баспа 

табақ. Таралымы     . Тапсырыс 

№1000. Бағасы келiсiмдi.

***

Редакцияға  түскен шығарма-

лар  рецензияланбайды. Қолжазба 

қайтарылмайды. Көшiрiп  басқан  

жағдайда  «Үркерге»  сiлтеме жа-

сау мiндеттi.

 ***

Жарияланған дүниелердегi 

деректердiң 

нақтылығына            

авторлар жауап бередi.

 ***

«Үркер» журналында жар- 

ияланған  материалдардың ав-

торлық   құқы  «Қазақ газеттерi»  

ЖШС-не тиесiлi.

 ***

Журнал «Қазақ газеттері» 

ЖШС-нің компьютер ор-

талығында  терiлiп, беттелiп, 

«Дəуір» ЖШС-нiң Республикалық 

полиграфиялық баспа комплек-

сінде басылып шықты. Алматы 

қаласы, Гагарин даңғылы 93.

***

Тел.   394-39-22,  394-39-24

«Үркер», №6 (70), 2014 ж.

« АЗА  ГАЗЕТТЕРІ»

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне 

арасты басылымдар:

Газеттер: «Ана тілі», «Экономика», «Уйғур авази»

Журналдар: «Ақиқат», «Мысль», «Үркер» 

« АЗА  ГАЗЕТТЕРІ»

жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қарасты 

газет-журналдарға берілетін 

жарнама-хабарландырулар ақысының 

баға мөлшері

 

ТТЫ ТАУ 

ЕСКЕ АЛУ 

К

ІЛ АЙТУ

 

Суретімен - 10000-15000 теңге 



Суретімен – 10000-15000 теңге 

Қолма-қол төлегенде 

 

Суретсіз – 8000-12000 теңге 



Суретсіз – 8000-12000 теңге  

5000-8000 теңге

 

(көлемі шектеулі) 



(көлемі шектеулі) 

Ақша аудару арқылы 

 

  10000-15000 



теңге

 

 



АЗАНАМА

 

 

20000-25000 теңге



Ша ын хабарландыру – 2000-6000 теңге

Ша ын ма алалар – 20000-60000 теңге

Кәсіпорындар, банктер және өзге де құрылымдар газет бетінің 

әр шаршы сантиметріне тг/см² есеп айырысады

4,5,... соңғы бет – (келісім/шарт бойынша) 700 теңге



Журнал бетіндегі т рлі-т сті сурет ба амдары 

(әр шаршы сантиметріне - тг/см²  )

 

Бірінші бет – 300 тг.  



Екінші бет –  300 тг.  

Мақалалар

 

Соңғы бет –  300 тг. 



Фотоочерк – 360 тг. 

5000 - 10000  тенге 

Ішкі беттердегі әр сурет 3000 – 6000 тг.

Бұған ҚҚС (НДС) қоса есептелген



Мазмұны

Қуандық ТҮМЕНБАЙ 

«Тіл үшін жанымды беремін», – дейді келінім ағынан жарылып .................. 1   

  

Əйгерім САРСАНОВА

Жүз теңге  ........................................................................................................... 3  

Айжан ТАБАРАКҚЫЗЫ

Менің ішкі шерімді кім түсінер, 

Өлеңнен басқа ешкімге айта алмаған... ........................................................... 6    

Салтанат ҚАЖЫКЕН

Өсер елдің баласы осындай ................................................................................ 10

Ырысгүл АШУОВА

«Журналистиканы құрғақ мақтанның құралына 

айналдыруға болмайды» ..................................................................................... 12

Жəнібек ҚОЙТАЙ

Аманат ................................................................................................................. 18

Нұрлан қажы Байжігітұлы АСАНОВ

Бір кесе сүттің ақысы ....................................................................................... 22

Лəззат ТЕРЕКБАЕВА

Көңілім көктем аңсаған тірліктің қоңыр күзі едім ........................................ 25

Жанайдар БОЛАТБЕКҰЛЫ

Ана жүрегінің көз жасы... ................................................................................. 27

Сəдуақас АҢСАТ

Қазіргі жастардың тілі ..................................................................................... 33

Нұрбол ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ

Ар арызын жазатын қаламгер .......................................................................... 37

Лəззат ОМАРОВА

Алып бəйтерек» ................................................................................................... 40


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет