Софы Сматаев шахминам – МӘҢгілік махаббатым менің Аса қымбатты Шамшия келінім!



бет1/35
Дата14.07.2022
өлшемі302,94 Kb.
#37662
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35

Софы Сматаев
ШАХМИНАМ – МӘҢГІЛІК МАХАББАТЫМ МЕНІҢ


Аса қымбатты Шамшия келінім!


Біз сіздермен көрші болып, көп жылдар бірге тұрдық.
Сыйлас, сырлас, мұңдас та күй кештік.
Сіздер басқа үйге ауысып кеткелі де, біір сыпыра уақыт өтіпті. Бірнеше рет қонаққа шақырдыңыздар. Бүгін тағы да шақырып, кішілік құрмет көрсетіп отырсыздар. Оларыңызға шын жүректен алғысымды айтамын.
Жан жары жақсы болмай, жазушы жақсы, атақты, абыройлы бола алмайды. Оны өмірден көріп келе жатырмыз.
Жазушының сол жақсы, жампоз, ақылшы жарларының бірі ˗ Сізсіз, сүйікті Шамшия келін. Қазақтың қазіргі ең әйгілі, ең атақты, ең абыройлы классик жазушысы Софының ˗ менің ең жанашыр, ардақты інімнің ˗ 17 томының көзге көрінбейтін қосымша авторы Сізсіз. Өйткені оның әр томында Сіздің өлшеусіз еңбегіңіз: ақылыңыз, ниетіңіз, Софыға жасаған жанқиярлық қамқорлығыңыз бар. Сол үшін мен Сізді ерекше құрметтеймін, бас иемін.
Софы екеуіңіз қатар самғаған қос аққудай болып, ұзақ жасап, ерен еңбектеріңіздің, балаларыңыз бен немерелеріңіздің қызығын көруге тілектеспін.
Бұрын Сіздер шақырғанда, Халима қолына бірдеңе ұстай келуші еді сыйлық ретінде. Қазір Халима жеңгелерің жоқ.
Сол дәстүр бойынша Сіздің үйге сол кісі туралы жазған «Мәңгілік махаббат жыры» деген өз кітабымды ала келдім. Халима апаңыздың көзіндей көріп, қабыл алыңыз, Шамшия қалқам.


Ағалық ықыласпен,
Әзілхан Нұршайыхов
03.04.2010 ж

Бірінші бөлім. Туған жерде.
Бірінші тарау. Ауылым.

«Адам – табиғат перзенті дейміз. Сол адамның кейде ғажайып жұмбақтарымен мидай араласып кететін тұстары да болады. Мынаны қараңыз. 1941 жылдың 22-маусымы. Таңғы сағат жеті. Әлемдік қиянкескі соғыс басталыпты. Дәл осы сәтте қазақтың үлкен суреткер жазушысы Софы Сматаев дүниеге келіпті.


Бұл не сонда? Кездейсоқтық па? Әйтпесе әлденеге тұспал ма? Немесе тылсым нышан ба? Өздеріңіз енді ескере де, тексере де беріңіз» деп жазыпты. Мұзафар Әлімбаев ағам.
Иә, мен дәл сол күні туыппын. Сол күні дәл сол сағатта отан соғысы деп айғұлақтанып ұлы дүрбелең басталыпты. Соғыс ала келдім бе, жеңіс таба келдім бе, ол арасын анықтар мен емеспін.
Ал осы 22-маусым мен үшін қайғысы мен қасіреті мол қапалы күн екенін жақсы білемін.
1966 жылдың 22-маусымында мен 25 жасқа толған күні, ертеңгілікте төсектен тұрған анамның екі көзі бірден көрмей қалып, аза бойымды қаза қылғандай аңыраған даусымен ес-түсімнен айрылып, қалшиып қалғанымды неге ұмытайын...
1971 жылдың 22-маусымында мен отызға толдым. Дәл сол күні сүйікті әкем қылтамақтан қайтыс болып, қабырғам қақырап сөгілген еді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет