С. Аманжолов атындағы шығыс қазақстан



Дата10.04.2023
өлшемі22,26 Kb.
#81344
түріБағдарламасы

С.АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН
УНИВЕРСИТЕТІ КЕ АҚ
ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖ
БАЯНДАМА

Тақырыбы: «Оқушының таңдауы бойынша» оқу іс-тәжірибесі бойынша бағдарламасымен танысу.


Орындаған:Мәліков.А.Қ


Группа:ФК-3Б(9) Тексерген:Сағымғалиева.Н.Қ

Өскемен қ,2022


Мұғалімнің біліктілігін арттыру- педагогиканың өзекті мәселелелерінің бірі. Білім сапасының кепілі –мұғалімнің кәсіби дайындығы мен шеберлігі. Оқушылардың білім сапасының мұғалімнің кәсіби даму деңгейіне тікелей тәуелді екенін халықаралық зерттеулер негізінде жасалған диаграммадан көруге болады. Төменде келтірілген диаграмма мұғалімнің кәсіптік дайындығы мен оқушының білім сапасы арасындағы тәуелділікті дәлелдей түседі. Диаграммада білім деңгейі бірдей екі оқушы берілген. Бірақ 8 жастан бастап оларды кәсіби деңгейі әр түрлі мұғалімдер оқытқан: жоғарыда көрсетілген оқушы –кәсіби шеберлігі жоғары мұғалімдерден, ал төменде көрсетілген оқушы біліктілігі төмен мұғалімдерден білім алады. Арада үш жыл өткен соң, үздік мұғалімдерден білім алған оқушының білім сапасы — 90 %, ал екінші оқушының білім сапасы- 37 %. Зерттеу нәтижесі жоғары білікті мұғалім сабақ беретін сынып оқушыларының біліктілігі төмен мұғалім сабақ берген оқушыларға қарағанда танымдық тұрғыдан 3 есе тез дамығанын көрсетіп отыр.Көптеген нормативті құжаттарға сәйкес мұғалім 5 жылда бір белгілі сағаттар мөлшеріне сәйкес біліктілік курстарынан өтіп, өзінің шеберлігін шыңдап отыруы тиіс.
Осы уақытқа дейін семинарлар мен конференцияларға қатысу, әріптестерінің сабақтарына қатысу және ғылыми-әдістемелік әдебиеттермен танысу мұғалім тәжірибесін жетілдірудің оңтайлы тәсілдері ретінде қаралып келді. Бірақ аталған тәсілдер арқылы біліктілік арттыру оқу үдерісіне елеулі өзгерістер енгізіп, олардың тұрақты орын алуына ықпал ете алмағандығын уақыт дәлелдеп бергендей. Аталған біліктілік арттыру тәсілдері сыртқы білімді (эксплициттік) ғана қалыптастырады. Эксплициттік білімді имплициттік білімге айналдырғанда ғана ол нәтиже береді. [4, 8-б.]. Осы тұрғыдан мұғалімнің күнделікті оқыту тәжірибесін зерттеуі ішкі білім алудың аса тиімді тәсілі болып табылады, өйткені олар мұғалімдерді өз тәжірибелеріне терең үңіліп, оған сыни көзбен қарап, өз жетістіктері мен кемшіліктерін талдау негізінде шеберлігін шыңдауға мүмкіндік береді. Сол себепті Педагогикалық шеберлік орталығымен әзірленген біліктілік арттырудың деңгейлік бағдарламаларында мұғалімдерге күнделікті тәжірибесін зерттеу негізінде кәсіби дамуына ықпал ететін заманауи тәсілдер қарастырылған.
Солардың бірі — іс-әрекеттегі зерттеу. Көптеген Батыс елдерінде бұл тәсіл әртүрлі білім беру ұйымдарындағы педагогикалық үдерістің ажырамас бөлігі болып табылады, сонымен қатар университетте «Іс-әрекеттегі зерттеу» курсынан өтуге болады; әдетте бұл курс магистратурада оқитын азды-көпті тәжірибесі бар студенттерге ұсынылады, өйткені ол мәні және мазмұны бойынша тәжірибеге бағытталған. Ал біздің білім беру жүйемізде іс-әрекеттегі зерттеу мұғалімдер үшін жаңа ұғым. Білім беру саласындағы дәстүрлі зерттеуде оқу үдерісін әдетте ғалымдар зерттейді. Ал деңгейлік бағдарламада қарастырылған іс-әрекеттегі зерттеуді сабақ беріп жүрген мұғалімдер өз күшімен жүзеге асырады, өйткені аталған тәсіл идеясы оқу үдерісіне тікелей қатысты адамдарға негізделген. Зерттеуді сыныпта анықталған маңызды, көкейтесті мәселесі бойынша бір мұғалім, жалпы проблема бойынша жұмыс істейтін мұғалімдер тобы жүргізе алады.Іс-әрекеттегі зерттеудің мәніне тоқталсақ, ол келесі қадамдардан тұрады: проблеманы айқындау, деректер жинау, жинақталған мәліметтердің талдауы және интерпретациясы, деректер негізінде әрекет ету; нәтижелерді бағалау, болашақтағы әрекеттерді жоспарлау .
Іс-әрекеттегі зерттеу кезеңдерінің сипаттамасы:
І кезең: проблеманы айқындау. Мұғалімдерде тәжірибе барысында бір емес, бірнеше өзекті мәселелер болатыны сөзсіз, дегенмен мұғалім анықталған бірнеше мәселенің ең маңыздысын таңдап алуы тиіс ( мысалы, мұғалім өз тәжірибесінде топтық жұмыс тиімділігінің тиімсіздігін байқайды). Проблеманы айқындап болғаннан кейінгі мұғалімнің міндеті- зерттеу сұрағын тұжырымдау. Өз кезегінде зерттеу сұрағы оқушылардың нәтижелеріне, мектептегі ахуал мен мектеп мәдениетіне, оқу үдерісіне қатысты болуы мүмкін.
Тақырыпқа қатысты теориялық әдебиетті зерделеу- зерттеу үдерісінің маңызды бөліктерінің бірі болып табылады. Әдістемелік әдебиетке шолу жасаудың пайдалылығын растайтын үш себеп бар:

  1. Сіз таңдаған педагогикалық мәселеге қатысты басты идеяларды анықтауға көмектеседі.

  2. Қаралып отырған мәселе мен басқа пәндік салалар арасындағы байланыс туралы ақпарат аласыз.

  3. Осы тақырыпты зерттеумен айналысып жүрген басқа адамдардың зерттеу нәтижелерімен танысасыз.

ІІ кезең: деректерді жинақтау. Жинақталған деректер белгілі бір сыныпта не болып жатқанын анықтауға мүмкіндік береді. Бұл сатыда мұғалім зерттеуге қолайлы болып табылатын дерек жинау тәсілін таңдайды. Тәсіл таңдау барысында әрбір тәсілдің артықшылықтары мен кемшіліктерін ескерген жөн.
ІІІ кезең : деректерді түсіндіру/ талдау.
Мұғалім жинақталған деректермен танысып, анағұрлым жиі кездесетін және маңыздылығы жоғары сәттерді анықтайды. Мысалы, мұғалім 5 сынып оқушылары бойынша жинақталған деректерді талдау негізінде үздік оқушылардың оқуға деген ынтасының төмендігін анықтайды. Мұғалім бастапқыда бұнымен келісе алмай, осының дұрыс-бұрыстығына көз жеткізу үшін мектеп психологымен бірлесіп, қосымша зерттеу жүргізеді. Қосымша зерттеу нәтижесінде үздік оқушылардың оқуға ынтасының төмен болуының себептері анықталады. Оның себебі – сабақта сралаудың жүзеге асырылмауы, яғни сабақ жоспарлау барысында оқушылардың танымдық деңгейлерінің ескерілмеуі.
ІV кезең: деректер негізінде әрекет ету, яғни негізгі мәселені шешуге бағытталған тәсілді енгізу негізінде сабақ жоспарлау және оны жүзеге асыру. Жоғарыда келтірілген зерттеу мысалын жалғастырсақ, үздік оқушылардың ынтасының төмен болу себептерін анықтап алған соң , мұғалім олардың сабаққа деген қызығушылығы мен ынтасын арттыру мақсатында сабақ жоспарына мақсатты түрде саралау тәсілдерін енгізіп, өз тәжірибесінде қолдану туралы шешім қабылдайды.
V кезең: нәтижелерді бағалау. Тәжірибенің жақсарғанын анықтау үшін, енгізілген өзгерістерді келесі сұрақтар мәнмәтінінде бағалау қажет:
Шын мәнінде жақсару байқала ма және оны жинақталған деректер растай ма?
Егер ойдағыдай жақсару, алға ілгерілеу болмаса, нәтижені жақсарту үшін оқыту тәжірибесіне қандай өзгерістер енгізу қажет?
VІ кезең: болашақ әрекеттерді жоспарлау.
Деңгейлік бағдарламалар бойынша курстан өткен соң мұғалімдер өз пәндері бойынша оқыту тәжірибесін зерттеуге талпыныс жасауда. Әрине, бұл үдерісті жүзеге асыруда мұғалімдер көптеген қиындықтарды бастарынан өткеруде. Соның бірі – зерттеу сұрағын дұрыс тұжырымдау. Зерттеу сапасы зерттеу сұрағының дұрыс тұжырымдалуына тікелей байланысты. Осы тұрғыдан мұғалімдерге біліктілік арттыру ұйымдары тарапынан, нақтырақ айтсақ, тренер тарапынан қолдау қажет.
Бұл бағытта Педагогикалық шеберлік орталығы өз жұмысын жалғастыруда. Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мекетептерінде зерттеу мәдениетін қалыптастыру және мұғалімдердің зерттеушілік жұмысын жандандыру, қолдау көрсету мақсатында 2018 жылдан бастап, «Мұғалім тәжірибесіндегі зерттеу» мектепішілік кәсіби даму бағдарламасы бойынша мектеп тренерлерін даярлау курстары жүргізіліп келеді. Бұл бағдарлама Сабақты зерттеу және Іс-әрекеттегі зерттеу үдерістерін зерделеуге бағытталған. Оның мақсаты – жоғарыда айтылған екі зерттеу тәсілін жүзеге асыру барысында мұғалімдердің зерттеу дағдыларын дамыту. Бұл мұғалімдердің зерттеу дағдысын қалыптастыруды көздеп отырған алғашқы бағдарлама. Осы бағдарламаның жүзеге асырылуы мектептердің кәсіби қоғамдастығында зерттеу мәдениеті қалыптасып, мұғалімдердің тәжірибесін зерттеу сапасы артады деген сенім ұялатады. Оқыту процесінің қозғаушы күштері. Оқыту процесінде кездесетін қарама-қайшылықтарды шешу — оқыту процесінің қозғаушы күші болып табылады. Оқу процесінің негізгі қозғаушы күші оқушылардың алдына қойып отыратын мұғалімнің міндеттері мен оларды орындауға қажетті оқушылардың білімдері, іскерлігі және ақыл-ойлары арасындағы қарама-қайшылық. Басқа қарама-қайшылықтар, оқу материалын баяндау жүйесі мен оқушылардың меңгеруі арасында, мұғалімнің түсінігі мен оқушы түсінігі, теориялық білімдер және оларды тәжірибеде қолдану, оқу процесіндегі қиындықтың деңгейлері, сипатын дұрыс анықтау және оларды оқушылардың түсінуі, мұғалімнің материалды жатық баяндауы және әрбір оқушының оны түсінуі араларында болады.
Мысалы, ынтымақтастың педагогикасы дәстүрлі педагогиканың кемшіліктерімен күресіп, ондағы көптеген қарама-қайшылықтарды шешуге ат салысты. Олар:
• оқушылардын, қызығушылығы және сабақ тақырыбы арасындағы қайшылық;
Оқушылардың пікірінше мұғалімдерімен жанжалдасуының себептері:
1. Мұғалімнің оқушының намысына тиіп, дөрекілік, ұстамсыздық көрсетуі.
2.Бағаны дұрыс қоймау.
3.Мұғалімнің сабақты қызықсыз өткізуі.
4.Үй тапсырмасын орындамау.
5.Сабаққа қатыспау.
4. Білім, іскерлік, дағды. Білім - адамзаттың жинақтаған тәжірибесі, заттар мен құбылыстарды, табиғат пен қоғам заңдарын тану нәтижесі. Білімді жеке адамның игілігіне айналыру үшін оны ойлау операциясы, талдау, синтездеу, салыстыру, жіктеу және жинақтау арқылы терең ұғыну қажет. Оқушы ойлау операциясына сүйеніп өз білімін шындыққа айналдырады. Бұл дамытып оқытудың негізгі ережесі, яғни оқушылардың таным іс-әрекетін дамыту, оларды өз бетімен ізденуге, зерттей білуге және жаңа білімді еркін игеруге үйрету.
Оқушылардың білімі - оқыту процесінің, ең бірінші кезекте оқу материалдарын меңгерудің нәтижесі. Сондықтан оқушылардың білімді меңгерген, меңгермегенін оқыту жобаларымен-бағдарлама, оқулықтарымен салыстырып анықтайды.
Білім - қандай да бір іс-әрекетті жасау негізі. Іс-әрекет жеке тұлғаны калыптастырады.
Білім - қоғамдық-өндірістік тәжірибеде қолданылады, меңгерілген білім көмегімен адам жаңа білімдер жасауға қатысады, еңбекке дағдыланады, қоғамдық-материалдық байлықтың артуына, рухани мәдениеттің дамуына өз үлесін қосады. Осылайша жеке тұлға сапалы білім керектігін, оның пайдасын көреді. Білім жеке тұлғалық бөлікке енеді. Бұл жағдайда оқыту балаға тек білім беретін процесс емес, ол баланын, жеке тұлғалық бағыттарын, жақсы мен жаманға көзқарастарын қалыптастырады.
Әл Фараби "Бақытты болу, кәмелетке келу, қоғамдық тіршілікті жақсарту - барлығы да білімділікке байланысты. Білім мен өнерді меңгергеннен кейін адамда іскерлік пен өз бетінше әрекеттену, одан соң парасаттылық пайда болады"- деген.
Білім толық, жинақы, жүйелі, берік, пәрменді болу керек.
Аталған белгілер ақыл-ой сапаларын қалыптастырады. Олар: белсенділік, өздік, өнімділік, сыншылдық, ұғымталдық, тұрақтылық, тереңдік.
Білім өздік жұмыс және сабақтан тыс шығармашылық іс-әрекетте қолданылады, сөйтіп, ой жұмысы тұрақты, терең жүреді.
Ой тұрақтылығы дегеніміз - ойдық маңызды, оқу материалдарына тоқталуы, оларды ойда сақтау керек жерде қолдана білу.
Ойдың тұрақтылығы ақыл-ой жұмысының жоғары деңгейіне, ұзақ уақыт ақыл-ой жұмысымен айналысуға байланысты.
Ойдық терендігі оқылған объектіні терең білуден, оны өз бетімен зерттеп, ішкі байланыстарын, басқа объектілермен байланыстарын аша білуден көрінеді. Материалға шығармашылық тұрғыдан қарау, алынған білімдерді теориялық және тәжірибелік жұмыста қолдану, білімнің ішкі мотивтерге және сенімге айнауы ойдық тереңдігін көрсетеді.
Сонымен біз білімнің аса маңызды қасиеттеріне тоқталдық.
Ол қасиеттер білімді меңгеру процесі арқылы пайда болады. Меңгеру - аниқатты білу арқылы болмысты тану процесі.
Меңгеру нәтижесінің сапасы оқушылардың білім, іскерлік, дағдыларын бағалау арқылы анықталады. Білім сапасы- білімді меңгеру нәтижесі.
Іскерлік — бұл кез келген іс-әрекет емес, ол табысты, тиімді орындалатын іс-әрекет. Іскерлік дегеніміз - іс әрекетті жақсы істеуге керекті жұмыс тәсілдерін белгілі бір жағдайларға байланысты таңдау және қолдану, адамның жұмысты жаңа жағдай-дп оиімді, сапалы, уақытында істей білу қабілеті.
Іс-әрекет іскерлікке айналу үшін педагогикалық жағдайлар жасалады.
Іскерліктің құрамы күрделі. Оған "елес, ұғым, білім, дағды, зейінді шоғырландыру, бөлу, ауыстыру, қабылдасау, ойлау, іс-әркет процесін реттеу және өзін-өзі бақылау дағдылары" енеді. Осы бөліктердің бірлігі арқылы оқушы өз жұмысының нәтижесін түсініп, оған жету үшін іс-әрекеттің тиімді тәсілдері арқылы жұмыс істеп жақсы нәтиже алады. Дидактиктер іс-әрекетке байланысты теориялық және практикалық (өлшеу, есептеу, энергия көздерін, реактивтерді қолдану, т.б.) іскерліктерді бөледі. Ал психологтар психикалық процеске керек ес, қабылдау, ойлау іскерліктерін атайды.
Танымдық іскерлік (бақылау жүргізе білу, тәжірибе жасау, әдебиетпен жұмыс және басқалары оқу еңбегінің жалпы іскерліктері оқушының өз жұмысын жоспарлауынан, оны тиімді ұйымдастырудан, бақылаудан көрінеді.
Психология және дидактика тәжірибесі оқу бағдарламаларына өте маңызды оқу іс-әрекеттерін енгізуді талап етті. Олар:
• арнайы іскерлік;
• оқу жұмысын тиімді ұйымдастыру іскерлігі;
• ақыл-ой іскерлігі.
Білім мазмұнын жетілдіру әр түрлі білімді қолдануға керекті іскерліктерді жинақтауды, бағдарламаға енгізуді талап етті. Осыған байланысты "Жалпы білім беретін мектептің оқу бағдарламаларына (І-ІУсыныптар)" (Алматы,1997), "білім, білік, дағдыларды күнделікті бақылап бағалауға қойылатын негізгі талаптар" деген бөлім енгізілді.
Бірінші топ — арнайы (немесе жеке) іскерліктер оқушылардың бойында нақты оқу пәндерін оқу процесінде қалыптасады. Олар оқу материалымен, жұмыс істеуге керекті және оны түсінуге елеулі ықпал етеді.
Екінші топ - оқушының оқу жұмысын тиімді ұйымдастыру іскерліктері: оқу материалдарын меңгеру, талдау, оларды түрлі танымдық міндеттерді шешуге қолдану, жұмысты безендіру, Өз жұмысын бақылау, оның нәтижелерін түзету, өзінің іс-әрекетін басқару.
Үшінші топқа интеллектуалдық іскерліктер енеді. Олар: талдау және жинақтау, қорытындылау және саралау, абстракция және нақтылау, салыстыру және ұқсату, себеп-салдарлық байланыстарды табу.
Әрбір топтағы іскерліктер оқушының теориялық, ішкі және сыртқы, репродуктивтік және өнімді іс-әрекетінде көрінеді.
Қ. Жарықбаевтың анықтамасы бойынша "дағды- алғашқыда саналы орындауды қажет ететін іс-әрекет бөліктерінің қайталап жаттығудың нәтижесінде автоматтандырылуы". Дағды — іс-әрекеттің автоматтандырылған бөлігі, ол іс-әрекетті жақсы, көп күш жұмсамай, жасауға мүмкіндік береді.
Іс-әрекетке дағдыланған адам, іс-әрекетке керекті қимыл-қозғалыстарды, жаттығуларды шапшаң жасайды.
Дағдылар ақыл-ой, тілдік, сенсорлық, ерік-жігер, мәдени, гигиеналық болып бөлінеді. Ақыл-ой дағдылары: әдебиеттерді, сызбаларды оқу, есте сақтау, өткенді тұрақты түрде қайталау. Тілдік дағдылар: сөйлемдерді дұрыс құру, дәйекті дәлелдерге сүйеніп сөйлеу және жазу, таза сөйлеу, қыстырма сөздерді қолданбау. Қозғалыс дағдылары: киіну, өзіне-өзі қызмет ету, жүріс. Еңбек дағдылары: түрлі еңбек құралдарымен, станоктармен, машиналармен жұмыс істеу. Сенсорлық дағдылар: ана тілін, кеңістік және уақытты қабылдау.
Ерік-жігер дағдылары: іс-әрекеттегі белсенділік, тәртіптілік, талап қоя білу. Мәдени дағдылар: ұжымды, басқа адамдарды құрметтеу, өзін-өзі тәрбиелеу.
Гигиеналық дағдылар: денені таза ұстау.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет