С. Б. Оразова Г. Ж. Уəлиханова «биотехнология негіздері: Өсімдіктер биотехнологиясы»



Pdf көрінісі
бет209/217
Дата31.12.2021
өлшемі2,87 Mb.
#21818
1   ...   205   206   207   208   209   210   211   212   ...   217
Жасушалық  инженерия – (ор.  клеточная  инженерия,  ағ. cell 
engineering) – қайта құрастыру, будандастыру негізінде жасушаның жаңа 
типін жасау əдісі. Жасушаларды жасанды жолдармен будандастырғанда, 
сомалық  (жыныстық  емес)  жасушаларды  бір-біріне  қосқанда  будан 
геномы  түзіледі.  Ал,  жасушаларды  қайта  құрастырғанда  жасушаның 
құрамына  кіретін  ядроны,  цитоплазманы,  митохондрияларды,  хлороп-
ластарды, хромосомаларды əртүрлі жасушалардан алып жаңа жасушаны 
жасайды. 
Жасушалық  селекция – (лат. selectio-таңдау,  сұрыптау),  ор. 
клеточная селекция, ағ. cell selection- сұрыптаушы қоректік ортаны қолда-
нып мутант жасушалар мен сомаклондық варианттарын бөліп алу əдісі 
Жасушалардың кері немесе негативтік селекциясы – (ор. непря-
мая  или  негативная  селекция  клеток,  ағ. negative selection) – белгілі  бір 
жағдайлар  жасап  сұрыптау,  бұндай  жағдайда  жасушалардың  жабайы 
типтері ғана бөлінеді де, біраздан кейін өліп қалады, ал керек қасиеттері 
бар мутант жасушалар бұл ортада өспейді, бірақ тірі қалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   205   206   207   208   209   210   211   212   ...   217




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет