С. Ə. Тортаев орта ғасырлардағы азия жəне африка тарихы алматы 2009



Pdf көрінісі
бет149/162
Дата06.01.2022
өлшемі7,49 Mb.
#14221
түріОқулық
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   162
Эфиопия. ХVІ ғасырдың басында Эфиопияда феодалдық 
бытыраңқылық күшейді. Елдің ішкі жағдайы сондай-ақ көрші 
көшпелі тайпалардың шабуылымен де нашарлап кетті. Арабтар 
Эфиопияны басып алуға тырысты. Сыртқы қауіп негустерді 
еуропалықтармен одақ құруға итермеледі. 1510 жылы эфиоптықтар 
Португалияға елшілік жіберді. Келіссөз көпке созылып кетті. Тек 
1520 жылы ғана Массауаға шағын португалдық елшілік келіп жетті. 
Ал оның алдында, 1516 жылы негус Лебна Денгаль ірі Сомали эми-
раты Адалға шабуыл жасап, Зейлу аралын басып алды. Бұл та-
быс Эфиопияның уақытша бірігіп, өзара қырқысуды тоқтатуының 
нəтижесі  болды.  1527  жылы  Лебна  Денгаль  жаңа  жорық  жасап, 
Адалға тағы да қатты соққы берді.
Харрара патшасы Ахмед Гран өз қаласына шағын жағалық 
эмираттарды біріктіріп, Эфиопия аумағына шабуыл бастағанда 
теңіздегі жағдай өзгерді. Ол Эфиопия армиясын екі рет талқандап, 
Харрараға көп олжамен оралды. 1529 жылы Гран Эфиопияға екінші 
жорық жасап, алдымен Шоа, сонан кейін Амхара провинцияла-
рын басып алды. Гранның əскері Аббаидың сол жағаларындағы 
барлық Эфиопия қалаларын талқандап, өртеп жіберді. 1534 жылы 
Эфиопияның ежелгі астанасы Аксумды талан-таражға салып 
өртеді. Лебна Денгаль аман қалған əскерімен Тан көлінің оңтүстік 
шығысындағы Дараға қашты.
1535 жылы Гран тағы да Эфиопияға шабуыл жасап, талан-
таражға салды. Эфиопия негусының қол астында шағын ғана аумақ 
қалды. Лебна Денгаль Португалияға екінші елшілік жіберді, əскери 
көмек сұрады. Елшілікті португалдық Бермудес басқарды. Ол 
Эфиопиядағы шіркеудің абуны /митрополиты/ болатын. Эфиопияға 
көмекке португалдық Гао провинциясынан 500 солдат жіберілді. 
Бірақ бұл отряд Эфиопияға 1541 жылғы маусымда ғана келіп жетті. 
Алғашында Эфиопия əскері мен Кристоф да Гама басқарған порту-
гал отряды Гранның қолын артқа шегіндерді. Бірақ 1542 жылғы та-
мызда португалдық əскер жеңілді. Кристоф да Гама болса тұтқынға 
түсіп,  басы  алынды.  1543  жылы  эфиоптар  мен  португалдықтар 
барлық күшін жиып, 10 мыңдық Гран əскерін талқандады. Ахмед 
Гран өлді. Қысқа мерзімде эфиоптықтар барлық жоғалтқан 
аумақтарын қайтарып алды. Хадийя жəне Дамот облыстарын басып 
алып, эфиоптықтар өз аумағын бұрынғысынан бетер кеңейтті.
ХVІ ғасырдың бірінші жартысында рулық құрылыстың 
кұлдырау кезеңіндегі көшпелі мал шаруашылығымен айналыса-
тын галла тайпалары Абиссиния қырқалары жақтағы облыстарға 
жақындай бастады. Эфиопияның бұл солтүстік аудандары Гран-
ның жорықтарынан кейін бос қалған еді. Галла тайпалары бұл 


364
365
аудандарға еш соғыссыз-ақ кіре бастады. Бірте-бірте галлдықтар 
жергілікті халықпен араласып кетті. Негустер галлдықтардан жалда-
малы əскер құрды. ХVІ—ХVІІ ғасырларда галлдықтар Эфиопияның 
оңтүстігіндегі Шоа жəне Амхара облыстарының тұрғындарының 
едəуір бөлігін құрады.
Эфиопия негустарының Гранмен күресінде көмек көрсеткен 
португалдықтар өздерінің саяси ықпалын бекітіп, онан əрі кеңейтуге 
тырысты. Бұл ықпалды күшейтуді олар католицизмді тарату арқылы 
жүзеге асырмақ болды. Олар шіркеудің өте зор идеологиялық, сая-
си ықпалын ескерді. Португалдықтар католик миссионерлерінің 
қызметіне рұқсат алды.
ХVІ ғасырдың ортасы сепаратистік пиғылдағы феодалдардың 
орталық үкіметке қарсы бүліктерімен, феодалдық қырқысуларымен 
белгілі. 1561 жылы негусқа қарсы феодалдық бүлік болды. Үкімет 
əскері бүлікшілерді талқандады. Жеңілген бүлікшілер Түркияға 
қашып, оның патшасынан көмек сұрады. Жеңіске жеткен күнде 
түріктерге Дебороа мен Массауа аралығын бермек болды. Бүлікті 
епископ басқарған португалдық миссионерлер де астыртын 
қолдады. Бұл əрекет жөнінде біліп қойған негус католик дінін 
əрмен қарай таратуға, португалдықтардың Эфиопиялық əйелдерге 
үйленуіне тыйым салып, миссионерлерінің басшыларын елден 
қуды. Португалдықтар католик дініне көшуге уəде берген бүлікшіл 
феодалдар жағына ашықтан-ашық шықты. Бүлікшілерді 1562 
жылы Эфиопия армиясы талқандады. Көмекке кешігіп келген түрік 
əскерлері де жеңілді.
Дегенмен кейінірек Эфиоптық негус пен феодалдарға пор-
тугалдықтар ықпалы күшейді. Негус бастаған бір топ феодалдар 
католик дінін қабылдады. Эфиопия шіркеуі негусқа қарсы көтеріліс 
ұйымдастырды. Бұл діни соғыс елден португалдық миссионерлер 
мөн көпестерді қуумен аяқталды.
Португалдықтар қуылған соң Эфиопия шіркеуінің ықпалымен 
елде оқшаулану, жекелену, басқа елдермен қатынас үзу үрдісі орын 
алды. Сыртқы қауіптің жойылуы феодалдардың орталық үкіметтен 
құтылу ниетін тудырып, Эфиопияның феодалдық ыдырауын 
тездетті.
ХVІІ ғасырдың басында ірі феодалдардың сепартистік пиғыл-
дары күшейді. Негустер ірі феодалдардың артықшылықтарын 
кысқартуға /шектеуге/ тырысты. Бірақ бұл əрекет қарсы күресті 
үдетті. Галла тайпаларының шонжарлары бұл жанжалға белсене 
араласып, орталық үкіметті жоюға күш салды. Ақыры көптеген 
провинциялардағы үкімет билігі галлалардың қолына көшті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет