С есебі Оқыту мен оқуда өзгеріс енгізілгенін және ол басқарылғанын растайтын тізбектелген сабақтар топтамасы туралы рефлексивті есеп



Дата06.01.2022
өлшемі29,65 Kb.
#11339
түріСабақ

Қабдолданова Альмира Рахимгалиевна мұғалім портфолиосы С есебі

№3 топ 3- деңгей

Өскемен қаласы 16.05.2014жыл



С есебі

Оқыту мен оқуда өзгеріс енгізілгенін және ол басқарылғанын растайтын тізбектелген сабақтар топтамасы туралы рефлексивті есеп
Мұғалімдерге көптеген оқыту стратегиясы, түрлі педогогикалық тәсілдерді араластырып қолдану мүмкіндіктері, сондай-ақ нақты әдістер мен стратегияларды жасау және қай жағдайда қолдану қажеттілігі туралы білім қажет.

Мұғалімдер пайдаланатын стратегиялар жалпы алғанда, бүкіл сыныпты оқыту мәселелерін, сонымен қатар жүргізілетін зерттеудің бағытына, топтық жұмыстарға,өзіндік жұмыстарға және жеке жүргізілетін зерттеулерге қатысты болмақ. Оның үстіне білім беру стратегиялары әрбір оқушымен болатын жеке кері байланысты да есептен шығармауға тиіс.Мұғалімдер әріптестерімен үлес қосу үшін өзінің мүмкіндіктерін барынша жетілдіріп отыруы тиіс.(1) Жаңа әдіс-тәсілдердің біздің жұмысымызға қаншалықты әсер еткенін, сол қысқа мерзімде өзіміздің және оқушыларымыздың қаншалықты өзгергендігін анық байқадық. Бұрынғы ұстанымдардан бөлек, жаңаша бағытта жұмыс істеуді үйрендік. Оқытудағы кедергілерді жеңе отырып, білім беруге болатынына көз жеткіздік.Бұл Бағдарламада басты мақсат мектептің заманауи талаптарға сай жабдықталуы емес, оқушы мен мұғалім арасындағы үйлесімділік. Бірақ Қазақстан мектептерінің барлығы дерлік заманға сай жабдықталса, мұғалім жұмысы әлдеқайда жеңілдер еді. Мен осы курс бағдарламасынан көп нәрсені үйрендім. Мен білмейтін, кейбір әдіс-тәсілдер, көрнекі-құралдарды сабақ кезінде қолдануға болады екен. Бұл Бағдарлама менің өзгеруіме, пәніме, оқушыларыма басқаша қарауыма жол ашты. Осы Бағдарлама құзырлы мұғалімнің алдына оқушының жан дүниесін жақсы түсіне білу жөнінде нақты міндеттеме қойып отыр.Құзырлы оқытудың маңызды факторы мұғалімнің оқушының тақырыптың мәнін өз бетімен меңгеруін ,түсінуі мен бағалай алуы болып табылады. Мұндай тәсіл бұл үдеріске оқушының өзінің қатысуын талап етеді. Осылайша, оқушы да өзінің оқуы үшін жауапты болады. Оқушы мұндай жауапкершілікті көбіне сабақ беру барысында мұғалім қалыптастыратын ортада сезініп, қабылдайды. Сондықтан Шульман «мұғалімнің үш көмекшісі» (Shulman,2007ж) деп атаған үш қасиеттер болған жағдайда ғана оқыту жақсы болып саналады [1,,8].

Сабақтың жоғары деңгейде өтуі ең әуелі мұғалімге байланысты деп ойлаймын. Өйткені сыныпты ұйымдастыратын да, оқушыларға бағыт-бағдар беретін де- мұғалім.

Бағдарламаның 7модулін « мен өз сабақтарымда қалай және неге енгізілгені » жайында тоқталып өтсем. Мен тізбектелген сабақтардан тыс уақытта да Бағдарламадан үйренген әдіс-тәсілдерді қолднуға тырыстым. Сол


сабақтарда 5сынып оқушыларымен топпен жұмыс істеуде қиындықтар көп болды, себебі 5сынып оқушылары барлығы өз дегенімен жүргісі келетін оқушылар. Оқушыларға топпен жұмыс жасап, топ ережесін сақтауды, өзін және сыныптастарын әділ бағалауды қалыптастыру, оқытуда кедергі тудырған жағдайлар да кездесті. Оқушылардың ашылып сөйлеуіне жағдай туғызып, мүмкімдіктеріне шектеу қоймауға, ойларын бөлмеуге, тек бағдарлап, қолпаштап отыруға дағдыландым. Бас кезінде оқушылар өз ойын айтудан тартыншақтап, бағалауға келгенде асыра бағалау орын алды. Сыныптағы көшбасшылары оқушылар басқалардың сөйлеуіне мүмкіндік бере қоймады. Кейбір оқушылар тіл байлықтарының жеткіліксіз болуынан өз ойларын дұрыс жеткізе алмады. Бірақ келесі сабақтарда осы кедіргілерді бірігіп жеңуге тырыстық. Әр оқушыға сенім білдіріп, оның пікірімен санасуын қадағаладым. Сенім білдіру арқылы қалаған нәтижеге жетуге болатынына көз жеткіздім. Оқушылар оқытудағы өзгеріске жоғары қызығушылық таныта білді. Әр оқушының пікірі тыңдалып, сынып ынтымақтастықта жұмыс істеуге бейімделді. Кері байланыстарынан-ақ әр оқушының ойын сабақтан алған әсерін тануға бұл әдістің тиімді екенін байқауға болды екен. Оқушылар өткізілген әр сабақта белсенділік танытып, өз бетінше ізденуге, оқуға, алған білімін ұтымды пайдалануға және топ мүшелерімен талқылап, оңтайлы шешім

қабылдауға бейімделді. Әр сабақ сайын оқушылар жаңаша оқытуға үйренісіп , шапшаң қимылдай бастады. Әр сабақтан бір жаңалық күтіп,соған қызығушылық тантты. Қолдаған әдіс –тәсілдер оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттырып, өз бетімен жұыс істеуге, қортындылыр жасауға , жүйелі білім алуға жетелейді.

Ең алдымен бұрын сабақ жоспарлаған кезде,өзім үшін жазған болатынмын, ал енді оқушылардың даму деңгейін, жас ерекшелігін, «қалай оқу керектігін үйренуін»,сыни тұрғыда ойлауын ескере отырып, оларға бейімдеп жазатын болдым.Әдеттегідей мақсат пен міндет белгілеп алған соң, мынандай аспектілерге назар аудардым:

*мен үшін сабақтан күтілетін оқу нәтижесі,

*сабақтың негізгі идеясын анықтау,

*оқушыдан күтілетін нәтиже,

*сабақтың маңыздылығы

*- бұрынғы білімін қалай пайдалана алады?

*-өмірден алған тәжірибесінің әсері?

*-сабқтың болашақта оқушыға қандай пайдасы бар?

*қызығушылығын арттыру үшін қандай іс-әрекет қолдану керекпін?

*Өздері өздерін бағалай ала ма?

Деген сұрақтар туа бастады. Бұл сұрақтардың бәріне жауап беру үшін, көп еңбектену керек болды. Бастапқы кезде өте қиын болды. Жоспар құрған кезде ең түйінді мәселені табуда қиналдым. Сындарлы оқытудың мақсаты- оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімін сыныптан тыс жерде , кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету(МАН 6 бет). Сол мақсатты басшылыққа ала отырып, өз оқушының идеясын мен білім –біліктілігін дамытуға ықпал ететін міндеттерге сай ұйымдастыруға тырыстым. Сыныпқа келген соң оқушылармен, сынып жетекшілерімен ақылдастым. 5сынып оқушыларымен

топпен жұмыс ережесін әрқайсысына құрғыздым соның ішінен қажеттісін алдық. Оқушыларды ынтымаққа шақыру керек,ол үшін ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру керек деп ойладым. Педагогтың тұлғасы көп жағдайда шешуші рөл атқаратынын басшылыққа ала отырып, сабақ беретін сыныбымда «Не ортақ?», «Мен сізді таныстырғым... келеді?» ,

«Мен сенімен сұхбаттасқаныма өте қуаныштымын» атты кіріспе ойындар арқылы ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырғанымда оқушылар бір-біріне деген қатынасы артып,сабақта ынталанып, сыныпта болатын жағдайлардың бәріне белсенді қатысуға кірісті, топқа бөлінуге құлшынысы артты.Сабақтарымда бұрын жиі қолданбаған топқа бөлінудің әртүрлі әдістерін қолдандым, бұл жаңалық оқушыларыма өте ұнады.

Жақсы қарым-қатынастардың кілті өзара түсіністік пен бірлескен жұмыста жататындығын ұғынып «Бәріміз үшін біріміз, біріміз үшін бәріміз» деген ұранды басшылыққа алды.Жеке тұлғаны тәрбиелеуде Кембридж ұсынып отырған жеті модульдік бағдарламаны барлық бағыттарын қолдану тиімді екенін білдім.Бірінші сабақтан кейін-ақ мен бұл бағдарламаның жақсы нәтижеге қол жеткізуге себепші болатынына көз жеткіздім.Өткізілген әрбір сабақта ынтымақтастық атмосферасы жоғары болды.Оқушыларды түрлі әдіс- тәсілдермен топтарға бөліп, тиімді де қызықты тапсырмалар орындату арқылы сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыта түстім.Дәстүрлі сабақта мұғалімнің монологімен, мұғалімнің рұқсатымен жауап берумен, мұғалімнің шектеліп қалса, ендігі сабақтар оқушылардың диалоымен, өзін-өзі немесе бірін-бірі бағалаумен, өз ойын еркін жеткізумен жалғасты. Үлгерімі орташа өзіне сенімділігі таяз, ұялшақ оқушылар топта басқа оқушылармен диалогқа түсе отырып өзгере бастады. Әрбір оқушының жеке ойларын еркін айта бастағанда сенімділік жоғарлап, соның арқасында сыныпта күлкі жиі естілетін болды.Сыни тұрғыдан ойлануға, талантты және дарынды оқушыларды, көшбасшыны анықтауға бағытталған тапсырмалар арқылы оқушылармен диалогқа түсе отырып олардың қандай екенін, бүгінгі күнде қандай көңіл күйде сабақта отырғанын байқайтын болдым. Бұл мен үшін үлкен жаңалық, себебі осы курс келгенге дейін тек өзімнің сабағымды түсіндіріп, есеп шығаруды үйретсем сол жеткілікті деп ойлайтынмын. Сабақ барысында ынтымақтастық атмасферасын қалыптастыру «құрдастар тобындағы өзара қарым –қатынас оқуда маңызды рөл атқарады» (Мерсер, 2005) деген пікін ойдың шарықтау шегі екенін білдіреді.

«Білім беру арқылы адам факторына капитал құю үздіксіз экономикалық дамуға апаратын жол болып табылады» (Бағдарлама,4 бет) деген сөзді ескере отырып, тақырыптардың мазмұны мен мақсатын кең көлемде ашуға оқушыларға сыни тұрғыдан ойлауға сұрақтар қойып отырдым. Түрлі жағдаяттармен, тарихи деректермен, қағидалармен, жаңалықтармен байланыстыруға бағытталған сұрақтар болды. Оқушылар түрлі жауаптар берді, мысалы «Ондық бөлшектер мен жәй бөлшектерді тек математикада ғана қолданамызба?» деген сұраққа оқушылар түрліше жауап берді. Құзырлы оқытудың маңазды факторы мұғалімнің оқушының тақырыптың мәнін өз бетімен меңгеруін түсінуі мен бағалай алуы болып табылады.(Нұсқаылық, 7 бет). Аталған пікірді басшылыққа алған жағдайда, әрбір оқушы түрлі қарым-қатынастық жүйелерге енді. Осы жүйенің арқасында сабақтың негізгі мақсаты функцияның ең үлкен және ең кіші мәнін табу алгоритмін есеп шығаруда қолдану екенін ұғады.

5сынып екінші сабағымда оқушылар топпен жұмысқа, пікірлерін ашық айтуға үйренгендей көрінді. Себебі сабақты бекіту кезінде Мадина , Ермек,Диас өз ойларын жақсы жеткізді. Оқушылар топ жетекшісінің бағалауына, бірінші сабақтағыдай қарсылық көрсетпеді, себебі бағалу әділ болды, тек «Сұңқар» тобында бағалау артықтау болды. Екінші сабағымда уақытымды тест тапсырмасын тексеруге кетіріп алдым. Болшақта тексеруді АКТ-ның көмегін қолдану керек деп шештім. 10сынып алгебрадан «Функцияның ең үлкен және ең кіші мәні» тақырыбы бойынша өткен сабағымда «Сыни тұрғысынан ойлауға үйрету» модулі негізінде оқушылардың жаңа тақырыпты өзбетімен меңгеруге ықпал жасадым, оларға сәйкестендіру тесін орындағаннан кейін, топ болып функцияны зерттеуге тірек сызба құрып, жаңа тақырыпты өзбеттерінше оқуды тапсырдым. Оқушылар тапсырманы ойдағылай орындады, әсіресе «Талантты және дарынды балаларды оқыту» модулі негізінде Назерке мен Жұлдыз берілген тапсырманы өте жақсы орындап , жаңа тақырытың ең негізгі түйінін ,яғни

функцияның ең үлкен және ең кіші мәндерін табу алгоритмін оқушыларға талдап көрсетті. Екінші топ, «График» топ жетекшісі Біржан квадраттық функция графигі бойынша жұмыс жасады. Ноутбук арқылы функцияның графигін қолдана отырып, ең үлкен және ең кіші мәнін тапты, ал «Функция» тобы функцияның ең үлкен және ең кіші мәніндерін табу алгоритмін қолданды , екеуінен бірдей мән шыққанда, оқушылардың қуанғанын көрдім,

оқышылардың сабаққа деген қызығушылығы артып, шабыттана түсті. Қорғанатын Дейвте (Рамазан деген оқушым) белсенділік танытып, сабаққа деген құлшынысын көрсетті. Жас ерекшелігіне байланысты топтар бірін –бірі бағалауда қолпаштау, бағалау парағын қолданды. Төртінші сабағымда

« Функцияның ең үлкен және ең кіші мәндері» есептер шығару. Ынтымақтастық атмосферасын қалытастыру сәтінде оқушылар сағат тіліне қарсы бағытта бір-біріне тілек (Осы сабақта саған сәттілік тілеймін, болашағың жарқын болсың, үнемі күліп жүр ...) айтты.Топқа пазлдар (Астана, Лондон) арқылы бөлдім. Үй тапсырмасын қайталауда «Ыстық орындық» әдісін қолдандым. Ш көшбасшы болды, қойылған он сұраққа толық жауап қайтарды. Бұл әдіс оқушыларға ұнады,сыныпта оқушы аз болғандықтан ыстық орындаққа барлық оқушы отырды. «математикалық лото» шығармашылыққа арналған тапсырмада дарынды оқушым Назерке функцияның ең үлкен және ең кіші мәндерін табуға берілген есепті екі тәсілмен шығарып көрсетті. Ол берілген есепті бірінші алгоритм бойынша , екінші векторлық тәсілмен шығарып, өз білімін дәлелдеді. Рамазан алгоритмді қолданып тек қана квадраттық функцияға берілген есептерді шығара алды. Барлық оқушы екінші сабақта функцияның ең үлкен және ең кіші мәніндерін табу үшін кез келген функциядан туынды алып теңдеуді шеше білу керек екеніне көз жеткізді. Оқушылар кез келген тақырыпты осылай зерттеп, не қалай, қайдан шықанын,өткен тақырыппен байланысын өзіміз тапсақ ,сабақты жақсы түсінетіндіктерін айтты. Жас ерекшеліктеріне байланысты сергіту сәтінде «он сұрақ» ойынын ойнады, бұл жерде көп сөйлемейтін А ойынға қатысуды сұрады, бұдан оқушының қызығушылығы ойанды деп ұқтым. Оқушыларды бағалау бағалау критерийлері бойынша бағалау мониторингісіне сүйеніп жиындық баға қойылды.

«Оқыту үшін бағалау –бұл білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек екендігін және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар және олардың мұғалімдері қолданатын мәліметтерді іздеу, түсіндіру үдерісі»(МАН 58бет) Мектептегі тәжірибе кезінде осы курстан алған бағалау туралы білімімді пайдаланып, оқушыларды оқуға деген қызығушылығын арттыруда оқыту

үшін бағалаудың мәні ерекше екенін байқадым. Әр сабақтарымда дұрыс жауаптарына қол шапалақтар мен смайликтер арқылы бағалатып және критерийлер арқылы топ басшыларына бағалатып отырдым. Формативті бағалаудың оқушы мен мұғалімнің мақсатқа жету жолындағы әрекеті екендігін анық сезіндім. Бұл бағалаулар оқушыларды ынталандырып, оқуға деген қызығушылықтарын арттырып отырды. Олар сыни ойлана отырып тапсырмаларды дұрыс орындалуын қадағалады, бір-бірін бағалауды үйренді, өздеріінің жеткен жетістігі мен жіберген қателігін көре білді деп ойлаймын.Сабақтарымда АКТ-ны пайдалануым да сабағымның нәтижесін бердіме деп ойладым.Өйткені әр сабақта АКТ-ны пайдалану оқушылардың қызығушылығын арттырып, белсенділіктері күшейтті.Олардың визуалды есте сақтауын және сыни ойлауын қамтасыз етті.Болашақта сабақтарымды осы жаңа әдіс-тәсілдер арқылы өткізуге тырысамын.Өйткені осы әдіс- тәсілдер арқылы оқыта отырып оқушы бойында өзіне сенімділік ұялатып,сандық технологияларды жетік меңгеруіне және оны өмірде қолдана алуына мүмкімдік туғызамын. Болашақта өзіме оқушыны сыни ойлауға дағдыландыратын тапсырмаларды көптеп ұйымдастырып, дағдыландыру керек екен деген мақсатта жұмыс істемекпін.»Оқушылар өзін-өзі ынталандырғанды және соған орай, оларға ұмтылыс пен қызығушылық пайда болады» (МАН 34) Осыған орай оқушының оқу үдерісіне белсене араласқанда ғана материалды терең меңгеруге қол жеткізуге болатынын түсіндім.Бұрынғы дәстүрлі сабақтарда бала басқаруға қатыспады, дамуы жан-жақты емес, сыңар жақ бағытта жүрді. Тапсырма оқушыға жалпы берілді де, іс ұжымдасып атқарылмады ғой. Өзара шынайы сұхбаттасу болмады, тек қана мәлімет алмасу ғана жүрді. Бала өз ойын айта алмай жүрексінетін, жасқанатын.Ал топта жұмыс істеу оларда:-өзін-өзі басқаруға, бірін-бірі оқытуға үйретті.
-Мұғаліммен тең әрекеттесуге үйретті.

-Өз білімін бағалаудың маңызын үйретті.

Диалогтік әңгіме оқушылардың білімін жетілдіруде зор рөл атқаратынына көзім жетті. Оқушылардың пікірін,яғни «Оқушы үнін» назарға алу маңызды екен.Д.Раддок: «Оқушымен пікірлесудің мақсаты-қабылдаушының көзқарасы тұрғысынан алғанда оқудың не екенін түсіну, жекеленген оқушылар мен топтар үшін оқуды қалай жақсарту» екендігін жазған. (МАН 46бет) Осы курста АКТ-ны қолданудың мүмкіндіктерін әріптестерімнің көмегімен біраз үйрендім.

Болашақта: Оқытудың әдіс-тәсілдерін тереңірек жетілдіремін;

Сабағыма өзгерістер енгізе отырып, оқушы белсенділігін арттырамын

Оқушы үніне құлақ түре отырып, пікірлерімен санасамын,

Бағдарлама идеясын өз мектебімдегі ұстаздар арасында насихаттаймын;

Оқушының өзін-өзі реттеуіне ықпал жасаймын;

Формативті бағалау мен кері байланысты дұрыс жолға қоямын, жетілдіремін. Кәсіби білімімді үнемі жетілдіріп отырамын.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:



  1. Мұғалімге арналған нұсқаулық, «Назарбаев Зияткерлік мектебі»ДББҰ,2012


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет