С. Г. Тажбаева Редакция алқасы


Асан қайғы, Шалкиіз, Доспанбет, Жиембет, Марғасқа, Бұқар, Қазтуған, Ақтамберді, Шал, ,нет



Pdf көрінісі
бет224/587
Дата06.01.2022
өлшемі7,04 Mb.
#13134
1   ...   220   221   222   223   224   225   226   227   ...   587
Асан қайғы, Шалкиіз, Доспанбет, Жиембет, Марғасқа, Бұқар, Қазтуған, Ақтамберді, Шал, ,нет 
жgне т.б. поэзия тіліндегі толғаулары, қанатты сөздері танымдық маңызымен қатар, тарихи, м`дени, 
рухани, адамгершілік, эстетикалық, отаншылдық, патриоттық т`рбиелік м`німен де аса құнды. Аузы 
дуалы  жыраулар  мен  шешен,  билер  елге  басшылық  етіп,  ақыл-кеңесші  болумен  бірге,  шығарма-
ларында сол д`уірдегі халықтың мұңын, азаттық үшін болған қанды майдан көрінісін, ерлердің ерлігі 
мен  қаһармандығын  арқау  етіп,  тарих  шындығын  өз  жырларына  қосты.  Олар  өз  шығармаларында 
халыққа т`н адалдық, патриотизм, гуманизм, еңбексүйгіштік, мейірімділік, достыққа деген беріктілік, 
өз жауына деген қаталдық, батылдық секілді қасиеттерді жан-жақты жырлады.  
Осындай  есімдері  танымал  тұлғалар  шығармашылығы  мен  қатар  біз  өз  т`жірибемізде  жергілікті 
Батыс Қазақстан аймағынан, Ақтөбе өңірінен шыққан хандар мен билердің, батыр бабалар тұлғалары 
мен  олардың  шығармаларын,  тарихи  ескерткіштерді  студент  жастарға  түрлі  шаралар  көлемінде 
барынша кеңінен терең таныстырып, насихаттауды мақсат еттік. Бұл бағыттағы т`рбие шараларын да 
студенттер  тарихи  тұлғалар  өмірі  мен  шығармашылығы  туралы  мол  м`лімет  жинақтап,  тағылымға 
толы  жырларын  жатқа  айтып,  өзара  сайыстар  өткізуде  зор  құлшыныс  пен  ынта-ықылас  танытты. 
Бабалар  рухына  бас  иген  талантты  жас  ақын  студенттеріміз  өз  туындыларын  да  ұсынып,  шығарма-
шылық  шабытпен  қызығушылық,  белсенділік  көрсетті.  Оған  д`лел  ретінде,  Қазақ  хандығының  550 
жылдығына орай осы мақала авторының басшылығымен ұйымдастырылған «Педагогика ж`не психо-
логия»  мамандығының  студенттері  арасында  «Қазақ  хандығы  тұсындағы  жыраулық  мектеп 
тарихындағы этнопедагогикалық ой-толғаулар»  тақырыбында  өтілген  танымдық-т`рбиелік  іс-шара 
аясында  жазылған  4-курс  студенті  nлия  Аманияздың  «Қазақ  хандығы»  атты  тақырыптағы  өзінің 
жүрекжарды жыр жолдарынан үзінділер келтіріп кетейік. 
 
 


Вестник КазНПУ им. Абая, серия«Педагогические науки», №2 (50), 2016 г. 
146 
Шу менен Талас өзені, 
Хандықтың бастау өзегі. 
Сырдария бойымен 
Жетісуды киелі, 
Бағындырып бабамыз, 
Құрды алғаш өз-елін. 
«Қазақ» деген хандықтың, 
Тамыры терең жайылған.  
Керей мен Жeнібек 
Негізін салып қалаған. 
Қасым, Тeуке, Тeуекел, 
nділ хандар саналған. 
Жеті Жарғы заңымен, 
Кезең болды танылған. 
Абылай хан боп сайланған тұста қазағым, 
Ұмытқан біраз бейнеті менен азабын. 
nскердің саны біразға жетіп бұл тұста, 
Салынған екен бұзылмас берік қамалы. 
Бұқар жыраудың болатын ол тұс заманы 
Елінің болды жыршысы eрі қалауы, 
Мұңын да елдің, зарын да шырқар ақындар, 
Сол кезде ғана туылған еді-ау талайы. 
Ақтабан келіп аңыртқан еді бір кезі, 
Алакөл келіп қаңғырған еді бабамыз, 
«Елім-ай», деп те eндеткен дана қазағым 
Сенің де жоқ қой көрмеген қайғы-азабың. 
Мінекей, біздің «Алаш» дер алтын ордамыз, 
Қиын тұстарда берілмей болды қорғаныс. 
Бас иіп өтем, өмірін қиған eр жанға, 
Жол ашқан бізді жетелер сонау арманға. 
 
Осындай  шығармашылық  шабыт  тудырған  шаралар  мазмұны  студенттерді  халықтық  м`дени-
рухани мұраларымыздан хабардар етіп қана қоймай, олардың бойында ұлттық м`дени мұраға деген 
аса  бір  құрмет  пен  мақтаныш  сезімін,  жалынды  жастық  шақтағы  тұлғалық,  азаматтық  бейнелерін 
жетілдіріп, туған ел тарихы мен `дебиетіне деген қызығушылықтарын оятып, елдік рухтарын т`рбие-
леуде зор серпін берді деп айта аламыз.  
Өз Отаны Қазақ жері, елінің т`уелсіздігі үшін жан аямай күрескен халық батырлары Қазақстанның 
Батыс  аймағында  көп  болғаны  тарихтан  белгілі.  Олар:  Махамбет  Өтемісұлы,  Тама  Есет,  Есет 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   220   221   222   223   224   225   226   227   ...   587




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет