С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ҧлттық медицина


Австралиядағы медициналық білім беру жҥйесі



Pdf көрінісі
бет3/10
Дата06.04.2017
өлшемі0,98 Mb.
#11191
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

 

1.4. Австралиядағы медициналық білім беру жҥйесі 

 

Австралияның  білім  беру  жүйесі  практика  жасаушы  дәрігерлердің  салалы  мамандардың 

дипломнан  кейінгі  базалық  оқуына  негізделген.  Австралияда  медициналық  білім  берудің 

әртүрлі  модельдері  бар.  Білім  берудің  орташа  мерзімі  5-6  жылды  қамтиды.  Медициналық 

мектептерге түсу үшін орта мектепті аяқтау керек. Талапкердің білім деңгейі мектеп білімі және 

әңгімелесу  негізінде  сертификат  бойынша  Umat  нәтижесімен  бағаланады.  Graduate  medical 

programs  жүйесі  бойынша  білім  алу  4  жылды  қамтиды  және  Camsat  тестін  санамағанда  және 

интервью  бакалавр  дәрежесін  талап  етеді.  Австралияда  бағдарламаға  байланысты  студенттер 

Медицина Бакалавры немесе Хирургия Бакалавры дәрежесін алады.   

Австралияда  Интернатура  аккредиттелген  ауруханаларда  ӛткізіледі,  алайда  интерндер 

«жіктелмейді»;  яғни  әр  түрлі  мамандықтар  бойынша,  негізінен  терапия,  жалпы  немесе  тар 

ауқымды хирургия және шұғыл медицина бойынша айналымда жүреді. 

Интернатурадан  кейін    дәрігерлер  Медициналық  Кеңес  Штатында  немесе  Аймақта 

(Medical  Board  of  their  State  or  Territory)

 

  тіркеледі  және  жеке  медициналық  практика  үшін 



лицензия  алады.  сонымен  қатар,  кӛптеген  дәрігерлер  ӛз  оқуын  2  жыл  бойы    Resident  Medical 

Officers (RMOs) сияқты ауруханаларда жалғастырады. 

Тар  ауқымды  мамандардың  дайындалуы  колледждерде  ӛтеді.  Олардың  кӛбінде  оқу 

тіркеуші дәрежесінен басталады.  

Ауруханадағы  тіркеуші  жұмысымен  бір  уақытта  олар  солардың  қатарындағы    Royal 

Australian  College  of  General  Practitioners,  Royal  Australasian  College  of  Surgeons  сияқты 

мамандырылған  Медициналық  колледждерге  емтихан  тапсыруға  дайындалады.  Енді  олар  тар 

ауқымды  мамандар  болып  саналады  және    практикамен    шұғылдануға  немесе  ауруханаларда 

кеңесші  ретінде  істей алады. 

 

1.5. Еуропа жоғары оқу орындарындағы студенттердің білімін бағалау 



 

Еуропалық  білім  беру  жүйесі  ӛз  қызметінде  Болондық  декларацияның  негізгі 

принциптеріне  сүйенеді.  Болондық  декларация  1999  жылы  19  маусымда    Болоньяда 

қабылданып, Болондық үрдістің негізін қалады. 

Болондық  үрдіс  білім  беру  жүйесінің  негізгі  ұстанымдары,  яғни  жоғары  білімнің  кӛп 

деңгейлі  жүйесінің,  академиялық  несие  жүйесінің  енгізілуі,  оқытушылар  мен  студенттердің 

жинақылығын қамтамасыз ету, дипломға бірыңғай  Еуропалық қосымшаның берілуі т.б. сияқты 

артықшылықтар. Еуропа университеттеріндегі Болондық үрдіс бойынша жасалған реформаның 

маңызды бағыттарының бірі – оқу  сапасын   салыстырмалы ӛлшемдері мен жоғарғы әдістерді 

жасау  мақсатымен  білімнің  жоғары  сапасын    қамтамасыз  ету  (А.Ақанов,  О.Мырзабеков,  В. 

Ахметов және басқалар 2010 ж.)  Осылай студенттердің білімін бағалаудың  бірыңғай  жүйесі 

әзірленді.  

● Еуропалық университеттерде  студенттің білімін бақылап, бағалайтын негізгі  екі құжат 

бар:  Университет  әкімшілігінің,  студенттердің,  оқытушылардың  міндеттері    мен  құқықтары, 

қарым-қатынастары, жүргізілетін шаралары туралы жазылған студенттердің білімін бағалайтын 

стандарт- жалпы құжат. 

●  Білімді  бағалау  саясаты  (соның  ішінде  факультеттік  ұстанымдар)  –  факультеттер  мен 

мамандықтардың 

шұғылдығын, 

ӛзгешеліктерін 

кӛрсететін 

құжат 


(

http://tempus-

scm.narod.ru/ru/Assessment.htm

).  


15 

 

Студенттердің  білімін  бағалау  бойынша  университет  стандарты  келесі  бағыттардан 

тұрады: 

1.

 



Мақсаттар, ұстанымдар, бағыттар. 

2.

 



Тараптардың жауапкершілігі. 

3.

 



Бағалау рәсімдері (шаралары) 

4.

 



Емтиханды қайталау рәсімдері (шаралары) 

5.

 



Диссертация, курс, диплом жұмыстарын және жобаларды қорғау. 

6.

 



Кері байланысты бекіту. 

7.

 



Модерлендіру рәсімі 

 

 



«Мақсат және ұйғарымдар» бӛлімі келесі тараулардан тұрады: 

 

студенттердің білімін  бағалауды  тағайындау



 

білімді  бағалау түрлері; 

 

бағалау ұстанымдары; 



 

бағалау әдісі; 

 

заң бұзушылықтың түрлері. 



 

 

 



«Жауапкершілік» бӛлімі келесі тараулардан тұрады: 

 

университет жауапкершілігі; 



 

факультет жауапкершілігі; 

 

кафедра жауапкершілігі; 



 

пән жетекшілерінің (дәріскердің) жауапкершілігі; 

 

студенттің жауапкершілігі; 



 

«Бағалау рәсімдері» бӛлімі келесі бӛлімдерден тұрады; 

 

емтихан тапсырмаларына қойылатын талап; 



 

бағалау сызбасы (схемасы); 

 

бағалау критерийі ; 



 

баға қою рәсімі (шаралары); 

 

заң  бұзушылық  кезінде  болатын  рәсімдер  (емтихан  кезінде  әңгімелесу,  басқа 



студенттен  кӛшіру,  рұхсат  етілмеген  материалдарды  қолдану,  электронды-рұхсат 

етілмеген материалдарды, анықтамалар мен басқа да тыйым салынған материалдарды 

пайдалану т.б.) 

 

жеңілдететін жағдайлар: 



 

емтихан кеңесі және  апелляция бекіткен бағалау рәсімдері (шаралары).  

   

«Диссертация  мен  курстық,  дипломдық  жұмыстар  және  жобаларды  қорғау» 



бӛлімі тӛмендегілерден тұрады: 

 

күнтізбелік  жоспарлау  мен  есеп  беруді  дайындау  үрдісін  жасау  және  ғылыми 



жетекшімен байланыс орнату; 

 

презентацияны бағалау рәсімі (шарасы); 



 

плагиатты табу және жазалау. 

Бағалаудың  бұл  түрін  жүргізу  үшін  мына  үрдіске  кӛңіл  аудару  қажет:  студенттің 

ұйымдасу  қабілеті  мен  тәртіптілігі  оның  нәтижелерінің  дәлелі  мен  сенімінің    кепілі  болып 

саналады.  Сонымен  қатар  бұл  оның  осы  жұмыс  түрін  орындау  барысында,  жоғарғы  баллды 

кездейсоқ алуды болдырмайды. 

   

«Кері байланыс орнату» бӛлімі тӛмендегілерден тұрады: 



 

кері байланыс ӛткізудің уақытша шеңбері; 

 

кері байланыстың талаптары мен мазмұны; 



 

студент жұмысының комментарийін пайдалану регламенті; 

 

кері байланысты керек қылмайтын жағдайларды сипаттау. 



Кері  байланыс  студенттің  оқудағы  ӛзіндік  ерекшелігін  дамытуына  және  жетілдіруіне, 

сондай- ақ болашақта үздік нәтижелерге жетуіне кӛмектеседі. 

«Модерлендіру»  бӛлімі  студенттің  білімін  бағалаудағы  ішкі  және  сыртқы    модерлендіру 

шарасын кӛрсетеді. 



16 

 

Бұдан  басқа  әдетте,  стандартқа  пайдалы  басылымдар  мен  тақырыптық  сілтемелерді, 



бағалау  түрін  таңдауға  ұсыныстар,  оқу  нәтижелерін,  бағалау  межесін  тұжырымдау  бойынша 

ұсыныстар,  кері  байланысты  қамтамасыз  етуге  нұсқаулар,  керекті  құжаттар  үлгілері  мен 

формулярлары кіреді. 

Бағалау (assessment) рәсімінің мақсаты күтілетін оқу нәтижесі арқылы (learning outcomes) 

студенттің деңгейін анықтау болып табылады. Сондықтан күтілетін оқу нәтижесін тұжырымдау 

және оны барлық деңгейде келісіп шешу ӛте маңызды. 

 

Стандарт мынындай түсініктер шығарып, қорытады: 



 

білім беруде күтілетін нәтижелер;  

 

формативтік, диагностикалық және қорытынды бағалау; 



 

бағалаудың межелері мен сызбалары (схемалары); 

 

ішкі және сыртқы модердендіру, екі жақты (қосарлы) бағалау; 



 

Негізгі  білім  нәтижелерін  тұжырымдаған  кезде  ең  алдымен  курс  дәріскерінің 

(құрастырушының)  ниет-мақсаты  емес,  студенттің  нақты  жеткен  жетістіктері  есепке  алынуы 

тиіс. Оқу нәтижесі дегеніміз – студенттің курсты аяқтаған кезде  кӛрсете алатын білім, түсінік, 

шеберлігінің жиынтығы. 

 

Оқудың күтілетен нәтижесін дәлелдеп тұжырымдағанда: 



1.

 

Оқуға қойылатын маңызды талаптардың анықталуы; 



2.

 

Бағалау (тексеру) мүмкіндігінің қол жетерліктей болуы; 



3.

 

Оқу  нәтижесін  тұжырымдаған  кезде  қолданылатын  терминдер  студенттер  мен  жұмыс 



берушілерге түсінікті болуы; 

4.

 



Оқу нәтижесінің мақсаттары айқын болуы керек. 

 

 



Ресми мәлімделген бағалау ұстанымдары: 

 

Заңдылық:  бағалау білім берумен біртұтас және оның мақсатымен сәйкес келуі тиіс. 



 

Әділдік:  бағалау  қарама-қайшылықсыз  ӛткен  мониторинг,    бағалау  және  түзетулер 

есебінен объективті түрде ұйымдастырылған әділ, адал, дұрыс болуы керек

 

Сенімділік:  студенттердің  білімін  бағалау  негізінде  алынған  пайымдау  сенімді,  дәл, 



тексерілген,  келісілген  және  мазмұнды  болуы  керек,  ал    ӛлшемдер  алдын  ала 

кӛрсетілуі әрі бекітілуі тиіс. 

 

Айқындылық:  бағалау    үрдісінің  барлық  кезеңдері  анық  және  осы  үрдіске 



қатысушыларға,  оның  ішінде    студенттер    мен  емтихан  алушыларға  тікелей  қол 

жетімді болуы керек. 

 

Сәйкестік:  бағалау  әдісі  оқудың  күткен  нәтижесімен  сәйкес  келуі  қажет,  ол  тиімді 



түрде оқуды қамтамасыз етуі тиіс. 

 

Әртүрлілік: студенттердің түрлі пәндері бойынша алған білімдері жоғары болуы үшін 



бағалау әдістері әртүрлі болы керек. 

 

Нәтижелік:  бағалау  үрдісі  студенттер  үшін  де,  осы  үрдіске  қатысты  университет 



қызметкерлері үшін де әулетті түрде орындалуға тиіс. 

 

Кері  байланыс:  бағалау  студенттер  оқу  барысында  ең  жоғары  деңгейге  жетуі  үшін 



қажет. 

Әр  нақты  жағдайда  қолданылатын  бағалау  әдісі  оқудың  күткен  нәтижесімен  анықталады. 

 

Бағалау әдістеріне: 



-

 

эссе жазу; 



-

 

есеп беру дайындығы; 



-

 

әдебиеттерге шолу жасау және рефераттар жазу; 



-

 

курстық, дипломдық жұмыстар мен диссертациялар жазу; 



-

 

әдебиеттерді аннотациялау (пайдалану). 



-

 

проблемалық  жағдаяттарды (кейстерді), шағын  жобаларды, зертханалық  жұмыстарды 



шешу; 

-

 



мақалалар мен тезистер жазу; 

-

 



презентация жасау; 

-

 



сынақтар мен емтихандар кіреді. 

 

Сонымен  қатар  бағалау  әдісі  тек  студенттің  білімін  бағалап  қана  қоймай  оқу  үрдісіне 



қажетті  оның  кейбір  ерекшеліктерін  ашуға,  мысалы,  командамен  жұмыс  істеуге,  кӛшбасшы 

17 

 

болуға,  шешендік,  ұйымдастырушылық,  кӛппен  жұмыс  істеуге,  компьютерлік  техниканы  т.б. 



меңгеруге кӛмектеседі. 

 

Студенттердің  білімін  бағалау  үрдісі  жоғарыда  кӛрсетілген  принциптер  мен  талаптарды 



қамти отыра, келесі сызба арқылы кӛрініс таба алады: 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 

1-сурет. Еуропа жоо-ларындағы білімді бағалау рәсімдері (процедурасы 

(

http://tempus-



scm.narod.ru/ru/Assessment.htm

Оқытушы (пән жетекшісі) емтихан тапсырмаларын, бағалау межесі мен сызбасын даярлап, 



оларды кафедра меңгерушісі алдын ала бекітіп, кафедра мәжілісінде талқылайды.  

Бұдан  әрі  құжаттар  пакеті  сыртқы  емтихан  алушыға  жіберіледі,  ол  тапсырмалардың 

күтілетін  нәтижелеріне  және  бағалау  стандартына  сәйкестігін  талдайды,  тұжырымның 

күрделілігі мен дәлдігін бағалап, ӛзінің ескертулерін хабарлайды.  

Сыртқы  емтихан  алушының  ескертулері  ескеріліп  түзетілген  соң,  тапсырма  қайтадан 

кафедраның қорытынды бекітілуіне жіберіледі. Содан кейін емтихан алынады, бағалау межесін 

қолданып,  бағалау  сызбасы  бойынша  бағалар  қойылады.  Емтихан  нәтижелері  студенттер 

жұмыстарының  үлгілерімен  бірге  сыртқы  емтихан  алушыға  және  емтихандық  кеңеске 

жіберіледі.  

Сыртқы  емтихан  алушы  бағалаудың  дұрыстығын  тексереді,  зерттеу  нәтижесімен 

қанағаттанбаған жағдайда студенттердің барлық жұмыстарын талдауды талап ете алады. Ереже 

бойынша, сыртқы емтихан алушыға студенттің әртүрлі: жақсы, жаман және орташа деңгейдегі 

жұмыстарын  дайындықтарына  сәйкес  келетін  етіп  бағыттайды.  Сыртқы  емтихан  алушы 

ұсынылған  жұмыстарды  осы  топтарға  бӛлу  керек.  Емтихандық  кеңес  оқытушының  берген 

мәліметтерінің  негізінде,  сыртқы  емтихан  алушының  пікірлерін,  жеңілдететін  жағдайларды, 

куәландырушы құжаттарды, шағым нәтижелерін, студенттің жалпы үлгерімін және т.б. ескере 

отырып емтиханды қорытындылайды.  

Одан  әрі  мәліметтер  деканатқа,  деканның  бекітуіне  және  архивке  жіберу  үшін 

бағытталады.  

 

Сырттан келген емтихан алушылар 

Сырттан  емтихан  алушылардың  қызметін  реттеу  үшін  сыртқы  емтихан  алушылардың 

стандарты жасалады. Оған тӛмендегі бӛлімдер жатады:  

1.

 



Сырттан емтихан алушыны тағайындау шарасы;  

2.

 



Жалпы ережелер;  

3.

 



Міндеттері;  

4.

 



Пән және мамандықтар бойынша сыртқы емтихан алушыларға қойылатын талаптар.  

ЕМТИХАН 

Кафедра 


Кафедра меңгерушісі 

Бағалау 

Оқытушы 

Сырттан келген  емтихан 

қабылдаушы 

Емтихандық  

Кеңестің шешімі 

Кезеңдердің уақытша шеңбері 

емтихан алдындағы                                   1 -8 -6  апта 

емтихан алдындағы                                   2 -6- 4  апта 

емтихан алдындағы                                   3-4-2  апта

                                                                  

 


18 

 

Сыртқы емтихан алушыны таңдайтын факторлар: 



 

мерзімдер;  

Мысалы,  Ұлыбританияда:  бір  пән  бойынша  сыртқы  емтихан  алушы  4  жыл  бойы  1 

мамандық  қосып  қана ала алады.   

 

мамандық (квалификация) және тәжірибе; 



Егер  сыртқы  емтихан  алушының  тәжірибесі  болмаса,  бірақ  мамандығы  (квалификация) 

болса, ол тағайындауға бӛгет бола алмайды.  

 

жүктеме; 



 

университетке (кафедраға) деген қарым-қатынас;  

5  жыл  бойы  университетпен  және  оның  қызметкерлерімен  байланыстардың  болмауы 

талап етіледі.  



 

Ҧлыбритания 

Yhe  Times  Highet  Education  болжамы  бойынша  2009  жылдағы  200  ең  үздік 

университеттердің  арасында  бірінші  бестікті  АҚШ-тың  –  Harvard  University  (1-ші  орын)  және 

Yale University  (3-ші орын) кейін тұратын Ұлыбритания университеттері иеленеді. 

Ұлыбританияның  медицина  мектептерінің  арасындағы  The  Times  Good  University  Guite  

айтуы бойынша ең үздік 10 мектеп тӛмендегілер:  

1.

 

University of 



Oxford

 

2.



 

University of 

Cambridge

 

3.



 

University of 

Edinburgh

 

4.



 

University

 College London 

5.

 



Imperial College

 London 


6.

 

University of 



Aberdeen

 

7.



 

Newcastle

 University 

8.

 



University of 

St. Andrews

 

9.

 



Hull York Medical School

 

10.



 

University of 

Leeds

 

Британиядағы  жоғары  білім  жүйесі  –  дүние  жүзіндегі  ең  кӛнелердің  бірі.  Бірінші 



университеттер  бұл  жерде  сонау  ХІІ  ғасырда  Оксфорд  және  Кембридж  университетері 

негізделген  кезде  пайда  бола  бастады.  ХІХ  ғасырдың  басына  дейін  Англияда  бұлардан  басқа 

университетер  болмады.  Дегенмен  университеттер  Шотландияда  негізделді  –  мысалы,  Сент-

эндрэсседе  (1411  ж.),  Глазгода  (1451  ж.),  Абердинада  (1495  ж.).  және  Эдинбургте  (1583  ж.). 

Қазіргі уақытта Ұлыбританияның барлық университеттерін шартты түрде кӛне және жаңа деп 

бӛлуге  болады.  Ұлыбританиядағы  кӛне  және  жаңа  университеттердің  айырмашылықтары 

біртіндеп  жойылып  келеді,  дегенмен  олар  әлі  де  бар.  Ӛнеркәсіп  және  сауда  мекемелерімен 

тығыз байланысты Ұлыбританияның жаңа университеттері ӛзінің оқу бағдарламаларын жұмыс

 

берушілердің сұраныстарына орай құруға ұмтылуда.



 

Ұлыбританияның кӛне университететтері 

де, жергілікті, ұлттық экономикамен қатынастарын қалыптастыруға тырысып, осы жолға шығу 

үстінде.  Дегенмен,  оларда  әлі  теориялық  пәндер  басым  –  философия,  әдебиеттану,  тарих, 

жаратылыстану  ғылымдары  оқытылады.  Жалпы  алғанда,  Ұлыбританияның  оқу  орындары,  ең 

алдымен, оқытудың жоғары сапасын кӛрсету арқылы ӛздерін таныта алуда. Сонымен қатар, оқу 

бағдарламаларын,  оқу  әдістемелері  мен  білім  бағалауларын  ең  қатал  ӛлшемдерге  сәйкес 

келетіндей  қатаң  тексеруден  ӛткізу  арқылы  олар  әрдайым  ӛздерінің  абыройларын  сақтап 

қалуда.  

Ұлыбританияда  жоғары  мектептегі  оқу  курсы  дәріс,  семинар,  практикалық 

тапсырмалардан тұрады.  

Ұлыбританияда  студенттердің  білімін  бағалау  жүйесі  жоғары  шынайылылығымен  және 

оқу  нәтижесінің  сапалылығымен  ерекшелінеді.  Емтихан  кӛбінесе  жазбаша  жүргізіледі  және 

студенттер тектерін (фамилияларын) белгілемейді, әр студентке арнайы код тағайындалады. Ол 

тек  оқу  бӛлімінің  қызметкеріне  ғана  белгілі  болады,  осының  бәрі  білім  тексерудің 

шынайылылығын кӛтереді  және оқытушылар арасында жемқорлық қауіп-қатерін тӛмендетеді. 

Сонымен  қатар,  бағалау  шынайылылығын  кӛтеру  үшін  басқа  жоғары  оқу  орнынан  сыртқы 


19 

 

емтихан  алушы  шақырылады,  ол  әр  студенттің  жұмысын  тексереді,  соңында  осылай    екі 



емтихан алушының орта арифметикалық бағасынан емтихандық баға шығарылады.  

Жоғары білім Англияда үздік және үздік емес болып сұрыпталады, жоғары білімнің үздік 

болып  сұрыпталуы  үміткердің  жұмыстарының  орындалған  және  ӛткізілген  орта  есебіне 

негізделеді.  

Тӛменде Ұлыбританиядағы жоғары білім дәрежелерінің сұрыпталуы кӛрсетілген, бірінші 

тӛртеуі үздік болып саналады:  

 

Бірінші үздік дәрежесі (бірінші не 1) 



 

Жоғары екінші үздік дәрежесі (2:1) 

 

Тӛменгі екінші үздік дәрежесі (2:2) 



 

Үшінші үздік дәрежесі (үшінші немесе 3) 

 

Қарапайым білім (қанағаттанарлық) 



 

Сәтсіздік (дәреже берілмейді) 

Бұл  ӛте  оралымды  бағалар  жүйесі:  егер  үміткерлердің  орта  бағалары  қаралып  жатқан 

бағалардың жоғары дәрежесіне жақын болса және олар жоғары дәрежеге сәйкес кӛп жұмыстар 

ӛткізсе, кандидатқа жоғары дәреже берілуі мүмкін. Бірақ, егер кандидаттар курстың бір бӛлігін 

сәтсіз  ӛткізсе,  тіпті  жинаған  орта  бағалары  жоғары  болғанның  ӛзінде  де,  тӛмен  дәреже  алып 

қалу қаупі де бар. 

Сондай-ақ,  университеттердің  арасында  да,  әсіресе  Шотландияда  айырмашылықтар  бар. 

Ол жерде үздік дипломды курс аяқталғанда ғана алуға болады, ал ол курс тӛрт жыл немесе одан 

кӛбірек болуы мүмкін, үш жылдық курс аяқтағандар тек Қарапайым Білім алады. Үздік диплом 

алу үшін қажетті орта бағадан басқа да талаптар болуы мүмкін.  

Сондай-ақ  Шотландияда,  Біріккен  Корольдіктің  басқа  бӛлімдеріне  қарағанда, 

университетте  оқуды  бір  жыл  бұрын  бастау  қалыпты  жағдай  болып  саналады,  ӛйткені 

Шотландияда  оқуға  түсу  емтиханы  18  емес  17  жаста  ӛткізіледі,  сондықтан  ол  жердегі  тӛрт 

жылдық курстар Ұлыбританияның үш жылдық бағдарламаларымен (бір жаста) бірдей бітеді. 

 

1.6. Ҧлыбританиядағы медициналық білімінің жҥйесі 

 

Ұлыбританияда  медицина  мектептері  әдетте  болашақ  дәрігерлерді  дайындауға  жауапты 



универститет департаменттері кұрамына кіреді және  барлық медицина мектептері мемлекеттік 

болып  табылады.  Олардың  басты  мақсаты  –  Ұлттық  Денсаулық  сақтау  Қызметтің  атынан 

дәрігерлерді дайындау (National Health Service). 

Ұлыбританияда студенттер жоғары медициналық білімін 18-19 жастан ала бастайды; ол 5 

жылға  созылады,  онын  ішінде  2  жыл  академиялық  дайындық  және  3  жыл  универститет 

клиникалары  базасында  клиникалық  оқыту.  Студенттер  оқу  бітіргенде  медицина  бакалавры, 

хирургия бакалавры және т.б. дәрежелерге ие болады. 

Студенттер оқу бітірген соң жұмысқа Foundation House Officer (FNO) ретінде орналасады, 

сол  кезеңде  олар  супервайзерлар  жетекшілігімен  Базалық  Оқудың  алғашқы  жылын  аяқтайды 

және  General  Medical  Council-де  тіркеледі.  Базалық  Оқу  7  ұстанымға  негізделеді,  олар: 

студентті  бір  орталыққа  бағыттау,  біліктілікті  бағалау,  сапасын  бақылау,  икемділік,  үрдістің 

құрылымдылығы және жақсартылуы. 

Дипломнан  кейінгі  білім  алу  үшін  (орташа  4-5  жыл)  GAMSAT-тің  (Graduate  Australian 

Medical  Schools  Admissions  Test)  немесе    MSAT-тің    (Medical  Schools  admissions  Test) 

емтихандарынан жоғары нәтиже алу қажет, бірақ та бәсеке ӛте жоғары, бірқатар аймақтарда бір 

орынға 60 үміткер таласады. 

Кейбір  студенттер  қосымша  интеркалирлік  дәреже  (ғылыми  жұмыс)  алу  үшін 

медициналық мектепте қосымша бір немесе екі жыл оқуы  мүмкін. 

Ұлыбританияда  медик-студенттер  бірлестіктерінің  желісі  ӛте  жақсы  дамыған,  оларды 

ӛзара  Біріккен  Корольдіктің  Медициналық  Студенттер  Ассоциациясы  (The  United  Kingdom 

Medical Students Association, UKMSA) біріктіреді. 

 

 


20 

 

2-ші тарау. Медициналық жоғары оқу орындарындағы студенттердің біліктілігін 



бағалау әдістері мен қалыптасу кезеңдері 

 

 Ұзақ  уақыт  қазақстандық  медициналық  жоғары  оқу  орындарында  студенттердің 



теориялық және мануалды тәжірибелік дағдылар мен шеберлігін бағалау үшін әр түрлі әдістер 

қолданылды:  ауызша  сұрау,  клиникалық  есептерді  шешуге  негізделген  жазбаша  емтихан, 

электрокардиограмма мен рентгенограмманы клиникалық жинақтау, биоорталарды клиникалық 

және биохимиялық зерттеу нәтижелері туралы жағдаяттық есептер бойынша сұхбаттасу. Бірақ, 

бұл  әдістердің  барлығы  субъективті  сипаттама  ғана  береді,  олардың  ішінде  бақылау 

нәтижелерін  бағалау  үшін  стандартталған  жол  жоқ,  олар  соңғы  нәтижеге  –  пәнді  /  курсты 

аяқтаған кезде студенттің ие болған білім нәтижелерін, біліктілігін анықтауға  бағытталмаған. 

Сонымен, студенттердің білімін бағалаудағы дәстүрлі жолдар қазіргі заманға сай жоғары білім 

мен түлектерге қойылатын талаптарға сәйкес келмейді.  

Студенттердің оқу іс-әрекетін бағалау стратегиясында болып жатқан ӛзгерістерді талдап, 

зерттеушілер тӛмендегі беталыстарды бекітеді: 

4 кесте 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет