С. Мәжитов Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты Пікір жазған К. Л. Есмағамбетов



жүктеу 6.48 Mb.
Pdf просмотр
бет7/14
Дата22.12.2016
өлшемі6.48 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14
§ 16. ҰЛЫБрИтАНИя
Ұлыбританияның соғыстан кейінгі жағдайы. Ұлы-
британия антигитлерлік коалицияның бір мүшесі ретінде 
Екінші дүниежүзілік соғыста жеңіске жетті, бірақ бұл елдің 
материалдық шығыны айтарлықтай көп болды. Ұлыбри-
тания экономикасы соғыстан дағдарыс жағдайында шық-
ты.
Соғыс жылдарында Ұлыбритания ұлттық табысының 
25%-ынан айырылды. Онымен қоса ол өзінің бірқатар 
сыртқы қаржы активтерін жоғалтып, АҚШ-қа және өзінің 
доминиондарына қарыздар болды. Соғыс қажетіне алтын 
қорының едәуір бөлігін және шетелдердегі салымдардың 
1/4 бөлігін жұмсады. Елдің мемлекеттік қарызы өсті. 
Соғыс жылдарында Ұлыбританияның коммерциялық 
экспорты қысқарып, сауда флотындағы кемелер саны да 
азайды. 
Британия доминиондары өздерінің экономикалық 
және саяси тәуелсіздікке икемді екенін дәлелдеп берді. 
Отарлардағы ұлт-азаттық қозғалыстар етек жайып, өрши 
түсті.
Соғыс жылдарында У. Черчилль үкіметінің қолдауына 
сүйенген консерваторлар, лейбористер мен либералдар 
коалициясы ұлттар мен ұлыстардың бірлігін нығайтып, 
басын біріктіруде маңызды рөл атқарды.
Лейбористер партиясының билікке келуі және Эттли 
үкіметінің саясаты. Лейбористік партия 1945 жылғы 
сайлау науқанына тыңғылықты дайындалып, көңілге 
қонымды жобаларын ұсынды. Партияның бұл жобасы 
британ экономикасы мен әлеуметтік салаларын жаңартып, 
“ауқатты мемлекет” негізін құрастырамыз” деген қағидаға 
сүйенді. Бұл үшін экономиканың бірқатар салаларын мем-
лекет қолына көшіру арқылы қоғамның барлық мүшесінің 
жағдайын жақсартып, тұрақты молшылыққа қол жеткі-
зуге болады деген ұмтылыс пайда болды. Лейбористер 
өздерінің “Ұлыбритания социалистік ынтымақтастығын” 
құруға ұмтылған партия екендігі туралы мәлімдеді.

95
1945 жылғы 5 шілдеде өткен сайлау қорытындысы лей- 
бористердің Қауымдық палата шеңберінде ірі жеңіске жет-
кенін көрсетіп берді. К. Эттли бастаған лейбористік өкімет 
алдында аса ірі саяси, экономикалық және қаржы мәселелері 
тұрды. 1945 жылы тамызда Құрама Штаттар Ұлыбританияға 
лендлиз арқылы қаражат төлеуді тоқтатты. Лейбористер 
өкіметі АҚШ пен Канададан қарыз сұрауға мәжбүр болып, 
1945 жылғы желтоқсанда және 1946 жылғы наурызда 
5-6 млрд доллар мөлшерінде қарыз алды.
Азық-түлік тауарлары және тұрмыстық заттар кар- 
точкалық негізде сатылды. Бұл қыспақтан шығу үшін 
лейбористер үкіметі жоспарлы экономиканы кеңей тіп, 
мемлекеттің тікелей әлеуметтік қамқорлығын орна-
туға мәжбүр болды. Бұл үшін көмір, болат және газ 
өнеркәсіптері, электр қуаты және автокөлік салалары 
мемлекет қолына көшті. Ағылшын банкі де мемлекет 
қарамағына алынды. 
Лейбористер бірқатар әлеуметтік реформалар жүргізді. 
Олар 1927 жылы қабылданған жұмысшыларға қарсы 
заңның күшін жойды. Кәсіподақ құқығын қалпына 
келтірді. 1945—1948 жылдары әлеуметтік қамсыздандыру 
және денсаулық сақтау салаларына жаңа жүйе енгізілді. 
Жұмыссыздыққа, жұмыс қабілетін жоғалтқанда, өнді-
рістік жарақат алғанда төленетін жәрдемақы, сондай-ақ 
қартайғанда және жесір қалғандарға зейнетақы төлеу 
мөлшері қарастырылды. 1948 жылы денсаулық сақтау 
саласының ұлттық жүйесі құрылып, тегін дәрігерлік  
көмек көрсету ісі қолға алына бастады. 
1948 жылы Британия экономикасы соғысқа дейінгі 
деңгейіне жетіп, елдің әлеуметтік жағдайы тұрақталды. 
Бірақ мемлекеттің шаруашылық жағдайына тікелей ара-
ласуы жекеменшік секторына тиісті қаржы мөлшерін 
едәуір қысқартты. Мемлекеттің қаржыландыру  ісі  күн-
нен-күнге әлсірей түсті. 1950 жылы Эттли кабинеті “Мар-
шалл жоспарынан” бас тартуға мәжбүр болды.
Өзінің сыртқы саясатында Эттли кабинеті 1946 жылғы 
5 наурыздағы У. Черчилльдің Фултон қаласындағы сө-
зін қостап, “қырғиқабақ соғыс” тартысына жол ашты. 
Англияның АҚШ-пен “ерекше қатынастар” және атлан-

96
тикалық ынтымақтастық принципімен жақындасуы жос-
парланды. 1946 жылы Британияда атом бомбасын жасау 
туралы шешім қабылданды. 1948 жылы Британия Батыс 
одақ бірлігіне, 1949 жылы Еуропа Кеңесінің мүшелігіне 
қабылданды.
1949 жылы Ұлыбритания мен АҚШ үкіметі Солтүстік 
Атлант блогын (НАТО) құрушылардың алдыңғы тобында 
болды. Ұлыбритания өз отарлары — Үндістанға, Бирмаға 
және Цейлонға тәуелсіздік беруге барды.
Консерваторлар билігі кезінде (1951—1964 жж.). 
1951 жылы өткен сайлауда консерваторлар партиясы 
жеңіске жетті. У. Черчилль қайтадан өкімет басына 
келді. Консерваторлар лейбористер құрған әлеуметтік 
құрылымды өзгертпеді. Оған қоса, олар мемлекеттік әл-
ахуалды жақсарту идеясын қабылдады.
Экономиканың дамуы барысында консерваторлар шо-
йын өндіру өнеркәсібі мен автокөлік жолдары саласын 
мемлекет меншігіне алды, импорттың қысқаруына байла-
нысты азық-түлік бағасы өсті. 1950 жылдардың ортасына 
қарай Ұлыбританияның экономикалық жағдайы біршама 
жақсарды. Өнеркәсіптің ілгерілеуі энергетика, авиа-авто-
мотор, машина жасау, атом, химия, әскери және т.б. жаңа 
салаларда айқын байқалды.
Бірақ консерваторлар кабинеті экономиканың бір-
қалыпты, тұрақты даму жолын ұстай алмады, экономи-
каның өрлеу көрсеткіштерінің баяу дамығанын байқатты. 
Консерваторлар кабинетінің ең өзекті міндеттерінің 
бірі — Британия Ұлттар достастығы тобындағы байланыс-
тарды барынша сақтап, Ұлыбританияның ықпалын 
бұрынғы дай іске асыру болды. Ұлыбритания 1952 жы-
лы “Еуропаның көмір және болат бірлігі” ұйымының 
құрылғанын қолдап, Еуропадағы ықпалдастық талпыныс-
ты және елді НАТО блогына енгізуді барынша жақтады.
У. Черчилль қызметтен кеткен соң консерваторлық 
кабинеттің басшылығына А. Иден (1955—1957 жж.) келді. 
Жаңа премьер-министр бұрынғы кабинеттің саясатын 
жалғастырып, кабинет құрамындағы орта буынның соңы-
на қосылды.
Халықаралық қатынаста консерваторлар партиясы 
АҚШ-тың сыртқы саясат бағытын қолдады. Ұлыбритания 

97
Оңтүстік-Шығыс Азия елдері ұйымына, Бағдад пактісіне 
мүше болып кірді. 1956 жылғы қазан — қараша айларында 
Ұлыбритания Франция мен Израильге қосылып, Египетке 
қарсы соғыс ұйымдастырды.
1956 жылғы Суэц каналы аймағындағы тартыстың 
сәтсіздігі А. Иден кабинетінің қызметтен кетуіне себеп 
болды. Жаңа үкіметті консерватор Г. Макмиллан (1957—
1963 жж.) басқарды. Г. Макмиллан жетекшілігі кезінде 
мемлекеттік саясатты жаңарту әрекеті байқалды. 
Британ отарлау жүйесінің күйреуі. 50-жылдарда 
отарлық империяның ыдырауы туралы болжам шын-
дыққа айналды. Мұндай жағдайда Британияның беделін 
сақтау үшін Г. Макмиллан көпнәсілдік ассоциа ция де-
ген идеологиялық бағытқа жол ашты. Байсалды және 
либералдық даму саясаты негізінде ол Шығыс және 
Орталық Африкадағы Ұлыбританияның отаршылдық 
үстемдігінен бас тартып, билікті жергілікті қара түсті 
халықтар өкілдеріне қайтару ниетін білдірді.
60-жылдардың басында барлық Британия отарлары 
тәуелсіздік алды. Ал 70-жылдардың басында Британ 
империясынан бар болғаны Гонконг, Гибралтар, Белиз 
аралда ры сияқты қалдықтары ғана қалды. Британия импе-
риясы Ұлттар  Достастығы деп жаңаланды. Ол тәуелсіз, 
егеменді елдердің ерікті қауымдастығы ретінде қаралды. 
Ұлыбритания 60—70­жылдарда. 1964 жылы кезек-
ті парламент сайлауындағы күшті тартыс кезінде лей-
бористердің жолы болып, “Лейбористер және ғылыми 
революция” деген өздерінің бағдарламаларын қабылдады. 
Лейбористердің Г. Вильсон өкіметі (1964—1970 жж.) 
бірінші ұлттың бесжылдық экономикалық жоспарын 
қабылдады. Үкімет  өкімет-бизнес-кәсіподақтың  бір лес-
кен әрекетін қамтамасыз етуге тырысты. Ниет  туралы  
Декларация бағаның және еңбекақының өсуін белгілі 
мөлшерде шектеуді ұсынды. Қара металлургияны мемле-
кет қарамағына алды. Әлеуметтік саясаттың даму бағытын 
жылдамдатуға тырысты: зейнетақы көлемі өсірілді, жал-
дау ақысы жөніндегі жаңа заңның жобасы дайындалды, 
халыққа қолайсыз болған дәрігерлік рецепт қағаздарына 
салынатын салық түрі жойылды, кең түрде муниципалдық 
тұрғын үйлер салу әрекеті іске асырылды. 

98
Сол кезде Солтүстік Ирландиядағы католиктер мен про-
тестант топтардың арасындағы қақтығыстар жиілей түсті.
Сыртқы саясатта Г. Вильсон елдің жалпы нарыққа ара-
ласуы туралы мәселе қойды.
Франция 1973 жылға дейін оған қарсылық білдірді.
70­жылдардағы “жаңа консерватизм”. 1970 жылы 
парламент сайлауында консерваторлар жеңіске жетті. 
Жаңа үкіметті Э.Хит басқарды (1970—1974 жж.). Оның 
экономикалық саясаты өндірістің дамуын үдетумен си-
патталды. Бұл саясат жұмыссыздар санын өсірді және 
құнсызданумен күрестің құралы ретінде кәсіподақ 
ұйымдарына қарсы заңдар қабылдауға мәжбүр етті.
1973 жылғы 1 қаңтарда Ұлыбритания  Еуропалық  
экономи калық  қоғамдастықтың  мүшесі болды.
Консерваторлар өкіметі меншіктік секторды, өндірісті 
құнсыздану арқылы өсіру саясатын нығайтуға тырысты. 
Мемлекет өндірістің бір бөлігін жекеменшік капиталға 
сатты. 1974 жылы мерзімінен бұрын болған парламент 
сайлауында басым дауыспен лейбористер тағы да жеңіске 
жетті.
Лейбористердің өкімет басына қайтадан келуі (1974—
1979 жж.). Премьер-министр Г. Вильсон баға  мен  кіріс  сая-
саты деп аталатын басқа жоспар түрін қабылдауға мәжбүр 
болды. Вильсон—Каллагэн үкіметтері саясатының басты 
өзегі әлеуметтік келісімшарт, басқаша айтқанда, кәсіподақ 
пен үкіметтің келісімі болды. Ол бойынша кәсіподақтар 
еңбекақыны көтеру талаптарын жылына 5%-дан асырмай-
ды, ал үкімет бағаны ұстай отырып, еңбекшілер мүддесіне 
сәйкес реформалар жүргізеді.
Лейбористер  Өнеркәсіптік қа тынастар  туралы 
заңды және мемлекеттегі төтенше жағдайларды жойды. 
Жұмыссыздық үшін төлем және зейнетақы біршама 
көбейтілді, пәтерақының өсуі бір жылға тоқтатылды.
1970 жылдары Ольстер, Шотландия, Уэльс мәселелері 
қиын жағдайда болды. Солтүстік Ирландиядағы жағдай 
шиеленісе түсті. Лейбористердің сыртқы саясатында ең 
маңызды  орында  ЕЭО  мен  АҚШ  қатынастары  тұрды. 
Ұлыбритания Оңтүстік  Африка  Республика сы және Ро-
дезиямен ымыраға келу саясатын қолдады.

99
М. тэтчер мен Дж. Мейджор дәуірі. 1979—1981 жыл-
дары экономикалық дағдарыстың циклдік сипаты ша-
руашылықтың барлық салаларын қамтыды. Өнім беруші 
өнеркәсіп те жапа шекті. Жұмыссыздар қатары өсе берді.
1979 жылы сайлауда консерваторлар партиясы жеңіп, 
билікке Маргарет Тэтчер бастаған үкімет (1979—1990 жж.) 
келді.
Неоконсервативтік нұсқасы қолға алынып “толық 
еңбекпен қамтамасыз ету”, “ауқатты мемлекет” және бюд-
жет тапшылығы ұмытылды. Экономика мен әлеуметтік 
салалардағы жаңа саясат “тэтчеризм” деген атқа ие бол-
ды. Алдымен қатаң монетаристік  саясат бас талды.  Ол 
айналымдағы ақша мөлшерін шектеді, шы ғынды азайтты. 
Бұл құнсыздануды шектеді, бірақ жұмыссыздықты тежей 
алмады.
Мемлекет қызметіне байланысты саясат өзгеше болды: 
мемлекеттік реттеуді шектеу, баға мен еңбекақыға  шек-
теу  қоюдан  бас  тарту,  нарықтық  механизмді  күшейту,  
белсен ді іскерлікке жол ашу, одан кейін мемлекеттік 
секторларды кең көлемде жекешелендіру. Ақыр соңында, 
Тэтчер үкіметі қаржы жинауға жағдай жасау үшін жаңа 
салық саясатын жүргізу жолына түсті.
Осы саясат негізінде Ұлыбритания өндіріс дамуын-
да секіріс жасады, ал еңбек өнімділігінің өсуі бойынша 
барлық дамыған капиталистік елдерді басып озды.
Миллиондаған  азамат тар фирмалар мен өнеркәсіптер-
дің акция иелеріне айналды. Олардың саны 7%-дан 25%-
ға өсті. Жекеменшіктік қатынастарды нығайту үшін 
муниципалитеттер мен шігіндегі тұрғын үй қорын сат-
ты. Жекеменшік секторды, нарықтық механизмді және 
қаржы-салымы саясатын белсенді жүргізу арқасында 
2,5 млн жұмыс орны пайда болды.
Дегенмен М. Тэтчер кезеңінде жаңа мәселелер туын-
дады. Сондықтан ол консерваторлар партиясы бас шы-
лығынан кетіп, 1990 жылы қарашада Британия жаңа 
премьер-министр — Джон  Мэйджорды (1990—1997 жж.) 
мойындады.
Дж. Мейджор өкіметі шағын бизнесті қолдау саяса-
тын жалғастырды. 1992 жылы “Шағын бизнестің Хар-
тиясы” негізінде шағын кәсіп иелеріне қарыз беру және 

100
салықтарды жеңілдету шаралары белгіленді. Электр 
қуатын өндіру, кеніштер мен теміржол салаларын жеке-
шелендіру жүргізілді. 
Консерваторлар өкіметі кезеңінде мемлекеттің эко-
номикалық деңгейі жақсы көтерілді, құнсыздану мен 
жұмыссыздық қысқарды, өнеркәсіп салалары жаңар-
тылды, еңбек өнімділігі артып, кәсіп иелерінің рухы қайта 
жандана бастады.
Неоконсерваторлардың сыртқы саясаты.  Тэтчер  
үкіме ті АҚШ-тың Батыс Еуропа аймақтарында орта 
қашықтыққа ұшатын ядролық зымыран қаруын орна-
ластыру жоспарын қолдап, Ұлыбритания жерінде де 
осындай 160 зымыран болуын мақұлдады және АҚШ-тың 
“ғарыштық соғыс” бағдарламасын жақтады. 1982 жылы 
Фолкленд аралы үшін болған ағылшын-аргентиналық 
тартыста жеңіске жетті.
Гонконг мәселесі бойынша Қытай Халық Республика-
сымен ымыраға келді (1997 ж.).
Мэйджор өкіметі кезінде Ұлыбритания Батыс елдері 
қатарында Қазақстанның тәуелсіздігін мойындады және 
оның халықаралық құрылымға кіруіне қолдау көрсеткен 
елдің бірі болды.
Энтони  Блэрдің  “жаңа  лейборизмі”.  1997  жылғы  
ма мыр айында парламент сайлауында Э.Блэр бастаған 
лейбористер партиясы кабинет құрды.
ХХ ғасырдың соңы мен XXI ғасырдың басында ағыл-
шын экономикасы жақсы қарқынмен даму жолына түсті. 
Жиырма жылға созылған жаңа реформа кезінде қазіргі 
салалық құрылымдар жоғары қарқынмен дамып,  ағыл-
шын өнімдерінің бәсекелестік деңгейі мықты екенін 
дәлелдей түсті. Өндірілетін өнеркәсіп өнімдерін көбейту 
жолындағы қызмет көрсету жұмысы алғашқы орынға 
шықты. Ауыл шаруашылығы саласы да жақсы дамып, 
халықтың азық-түлікке деген сұранысы қамтамасыз етіл-
ді. Британия экономикасы шетел қаржы салымдарының 
келуіне кең мүмкіндік ашты.
Ольстер мәселесін реттеуде 1998 жылы АҚШ-тың 
делдалдығы негізінде Ұлыбритания және Ирландия 
үшжақты бейбіт бітім жасалды.
2001 жылғы парламент сайлауында лейбористер екінші 
рет жеңіске жетіп, билігін жалғастырды. Э. Блэр үкіметі 

101
АҚШ-тың Югославия, Ауғанстан, Судан, Ирак елдеріне 
қарсы әрекеттерін ашық түрде жақтау саясатын ұстады.
Ұлыбритания — Еуропалық Одақты құру және НАТО-
ның Шығыс өңірлерге қарай кеңею саясатын да жақ-
таушылардың бірі.
2007 жылы Э. Блэр үкімет басынан кетіп, орны-
на  Г. Браун келді. Оның үкіметі де бұрынғы саясатты 
жалғастыра түсті.
Кезекті сайлауда консерваторлар жеңіп, үкіметті  
Д. Кэмерон құрастырды. 2008 жылы күзде басталған 
қаржы-экономикалық дағдарыс елді айтарлықтай күй-
зеліске түсірді. ЖІӨ өсімі төмендеп, өндіріс орындары 
қысқартылды,  жұмыссыздық күшейді. 2011 жылы жазда 
Лондонда және т.б. қалаларда ереуілдер басталып, оған 
кедей тұрғындары қатысты. Жастар арасындағы “Ситиді 
басып ал” қозғалысы күш алды. Ұлыбритания еуро айма-
ғы на қатыспай, өз ақшасын сақтауда.
Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Консервативтік партия мен оның жетекшісі У.Черчилль 1945 жылы 
сайлауда неліктен жеңіліске ұшырады? 
2.  Үкімет басына лейбористердің келу себептерін айтып беріңдер. 
3.  “Ауқатты мемлекет” теориясы деген не? 
4.  М. Тэтчер үкіметі экономикалық саясатының негізгі бағыттарын көр­
сетіңдер. “Тэтчеризм” деген не?
5. “Ольстер күйзелісі” тақырыбына баяндама дайындап, ұлттық және 
конфессиялық қақтығыстардың себептері туралы сұхбат ұйымдас­
тырыңдар. 
6.  Ұлттық Ынтымақтастық және Біріккен Еуропа, АҚШ елдеріне сәй кес 
Ұлыбритания сыртқы саясатының ерекшеліктерін анықтаңдар.
§ 17. ФрАНцИя
Франция соғыстан кейінгі конституциялық өзгерістер-
ге сай тарихи үш кезеңге бөлінеді: 1944—1946 жылдар 
арасы — Уақытша үкімет тәртібі; 1946—1958 жылдардағы 
Төртінші Республика кезеңі және 1958 жылдан қазірге 
дейінгі Бесінші Республика кезеңі.
Францияның соғыстан кейінгі жағдайы және уақытша 
тәртіп. Екінші дүниежүзілік соғыс Францияның қоғам-

102
дық-экономикалық жүйесін қатты өзгертті. 1875 жылдан 
бастап қалыптасқан Үшінші Республика тәртібі жойылды. 
Францияның өндірістік күштерінің 10%-ы қиратылды. 
Өндіріс өнімдерін өндіру деңгейі төмендеді. Соғыстың 
салдарынан Францияның отаршылдық империясының 
ыдырауы күшейе түсті.
Соғыс кезіндегі қарсыласу қозғалысы Францияның 
соғыстан кейінгі саяси-партиялық жүйесінің қалыпта-
суы на және жаңа конституция сипатына орасан зор әсер 
етті. Уақытша үкімет құрамына қарсыласу қозғалысына 
қатысқан негізгі саяси партияларға Франция Коммунистік 
партиясы, Социалистік партия, Халықтық-республика- 
лық қозғалыс партиясы, Республикалық азаттық партия- 
сы өкілдері кірді. Уақытша үкіметті 1944 жылдың 30 та-
мызынан бастап “Азат Франция” қозғалысының жетекші- 
сі генерал Шарль де Голль басқарды.
Бұл жылдары маңызды әлеуметтік-экономикалық 
реформалар жүргізілді: өнеркәсіптің кейбір салалары, 
көлік, газ және электрмен қамтамасыз ету орындары, шах-
талар және т.б. мемлекет меншігіне алынды, сақтандыру, 
әлеуметтік қауіпсіздендіру, еңбек заңдылықтары, ақылы 
демалыс енгізілді. Құрылтай жиналысы жаңа конститу-
ция қабылдады.
Кәсіподақ ұйымдарының жұмысы қайта жанданды. 
Жалпы еңбек конфедерациясы, ең ірі кәсіподақ ұйым-
дарының басында болды. Көмір кеніштері, атақты “Рено” 
автомобиль зауыты және басқа да ірі өндіріс орындары 
мемлекет меншігіне өтті.
Францияның ішкі саяси өмірінде мемлекеттік құрылыс 
ең өзекті мәселе ретінде қаралды.
Құрылтай жиналысы құрамындағы қайшылықтардың 
одан әрі шиеленісе түсуі 1946 жылдың 20 қаңтарында 
де Голльдің қызметтен кетуіне себепкер болды. Үкімет 
басына социалист Ф. Гуэн, ал 1946 жылдың маусымын-
да Халықтық-республикалық қозғалыстың жетекшісі 
Ж. Бидо тағайындалды. 1946 жылдың қазан айында  бол-
ған референдумда жаңа Конституция бекітілді.
төртінші  республика  (1946—1958 жж.).  Экономика­
лық өрлеу. Жаңа Конституция негізінде Франция  Пар-
ламенттік  республика болып жарияланды.

103
Мемлекеттік билік, негізінен, Парламентке тиесілі 
болып, ол Ұлттық жиналыс және Сенат палаталарынан 
тұрды. Мемлекет басшысы — Президент екі палатаның 
бірлескен отырысында 7 жылдық мерзімге сайланатын 
болды.
1946 жылғы қарашада Л. Блюм бастаған социалистер 
бірпартиялы кабинет құрды.
1947 жылдың мамыр айында үкімет үш партия өкіл-
дерінен құралды. Осы кезден бастап Төртінші Республика 
тәртібі құлағанға дейін үкімет бірнеше партиялардың 
коалициясы негізінде құрылды. Төртінші Республика  
тұсын да 15 кабинет ауысты.
Дүниежүзіндегі қалыптасқан жағдай, сондай-ақ эко-
номиканы қалпына келтіру қажеттілігі капитал қорының 
көп бөлігін өнеркәсіпке жіберуді қажет етті. Бұл елдің 
өнеркәсіптік даму ырғағын жеделдетті. 1948 жылы Фран-
ция өнеркәсібінің көлемі соғысқа дейінгі деңгейінен асты. 
Ауыл шаруашылығы бұл деңгейден 1950 жылы өтті.
1948 жылдың жазында Франция “Маршалл жоспары-
на” қосылып, АҚШ-пен бірқатар экономикалық, саяси 
және әскери келісімдер жасалды. Франция НАТО-ның 
құрамына кірді, Батыс Германияны қарусыздандыру жос-
парын қолдады, АҚШ-тың әскери базаларына өз аумағын 
берді.
1950 жылдары әлеуметтік жанжалдар өрши түсті. 
Жұмысшы қозғалыстары нәтижесінде ұжымдық келісім 
туралы заң қабылданды, еңбекақы көбейтілді, кепілденген 
еңбекақы минимумы енгізілді.
1951 жылғы сәуірде алты мемлекет (Франция, Ита-
лия, Бельгия, Голландия, Люксембург, ГФР) Көмір  мен 
болаттың  еуропалық  бірлестігін  құру шартына келісті. 
Франция өзінің отарлық империясын сақтап қалуға 
тырысты. Вьетнамдағы соғыста жеңіліс тапқан француз 
отаршылдары 1954 жылы Алжир халқына қарсы соғыс 
бастады. 1956 жылы социалистердің жетекшісі Ги Молле 
үкіметі Марокко мен Туниске тәуелсіздік беруге мәжбүр 
болды. Ол Суэц соғысында жеңіліс тапты. Француз ар-
миясы Алжирдегі ұлт-азаттық қозғалысты баса алмады. 
1958 жылы мамырда Алжирде реакцияшыл офицерлер 

104
бүлігі бұрқ ете түсті. Бүлікшілер Францияда күшті өкімет 
орнатуды талап етті.
Үрейленген қаржы олигархиялық топтары таптық 
мүддені қорғау үшін генерал Шарль де Голльге назар ау-
дарды. Олар атқарушы билігі бар жаңа саяси тәртіп орнату 
соның ғана қолынан  келеді деп есептеді.
1958 жылы маусымда Ұлттық мәжіліс де Голльді үкі-
мет басшысы етіп бекітті. Оның төтенше өкілеттер мен 
жаңа Конституция жасауына келісім берілді. Бұл оқиға-
лар Франциядағы Төртінші Республика дәуірін аяқтады.
Бесінші республика және Шарль де Голльдің (1958—
1969 жж.) жеке билік тәртібі. Аса кең өкілеттік алған 
де Голль барлық күшті атқарушы өкіметті нығайтуға 
шоғырландырды. 1958 жылы конституция президенттің 
құқығын кеңейтті.
Жаңа Конституция бойынша Бесінші Республиканың  
басын  құраған  де  Голль  өте  кең  өкілетке  ие  болды:  ол  
елба сы, қарулы күштердің қолбасшысы болды, премьер-
министрді және басқа да жоғарғы қызмет адамдарын 
тағайындады, ұлттық жиналысты мерзімінен бұрын 
таратуға, ал төтенше жағдайда елдегі өкімет билігін бүтін-
дей өз қолына алатын болды. Президент сайлау тәртібіне 
өзгерістер енгізді. Енді президент жалпыхалықтық дауыс 
беру арқылы сайланды. Референдум арқылы бірқатар 
маңызды мәселелерді жалпыхалықтық дауыспен шешті. 
1960 жылы Францияның 14 отарына тәуелсіздік 
берілді. 1962 жылы Эвиан қаласында Алжирге тәуелсіздік 
беру туралы келісімге қол қойылды.
Сыртқы саясаттағы маңызды шаралар Францияның 
НАТО әскери ұйымынан шығуы, мемлекет аумағын аме-
рикалық базалардан тазарту болды.
Де Голль Вьетнамдағы АҚШ-тың озбырлығын айыпта-
ды. КСРО-мен қатынастың жақсаруы Шығыс пен Батыс 
арасындағы шиеленістерді бәсеңдету туралы маңызды 
Декларация қабылдаудан көрініс тапты. Сонымен қатар 
Франция өзінің ядролық-зымырандық бригадасын құрды.
Жаңғырту ісі жекеменшік кәсіпкерлер алдына ұшақ 
құрылысын, атом энергетикасын, ғарыштық техноло-
гияны және зымыран құрылысын мемлекеттік өндіріспен 
бірге ауқымды жаңарту міндеттерін қойды.

105
Жылдам ұшатын “Конкорд” аэробусын, “Ариан” зы-
мыранын, жүйрік пойыздар жасауға кірісті, сондай-ақ 
АҚШ пен Жапония деңгейінде ұшақ, ғарыштық және 
электронды есептеу техникалары, байланыс құралдары 
өндірісін дамытты.
Ауыл шаруашылығында да маңызды өзгерістер бол-
ды. Францияда бұрынғы аз жерлі шаруашылықтардан 
тауарлы фермерлік өндірістер құрылды, кооперативтер 
қозғалысы күшейді, мемлекет тарапынан ауыл шаруа-
шылығына біршама көмек көрсетілді.
“Қызыл мамыр” (1968 ж.) дағдарысы және де Голльдің 
қызметтен кетуі. Де Голль режімінің едәуір жетістіктеріне 
қарамастан 1960 жылдарда Францияның ішкі жағдайы 
түзеле қоймады. 1967 жылы парламент сайлауында сол-
шыл топтағылардың іс-әрекеті оңға баса бастады. Олар “го-
шистер” (франц. gauchisme — солшыл) деген атқа ие болды. 
Экономиканы жаңғырту және оның айтарлықтай жедел 
дамуы, өзінің теріс салдарын да байқатты. 1968 жылдың 
мамыр—маусым айларында елдегі саяси дағдарыс қар-
сыласушы топтардың қақтығысына әкелді. Оқиғаның 
басталуына жоғары білім жүйесін демократияландыру 
идеясын көтерген студенттер қозғалысы себеп болды. 
Олар елдің қоғамдық құрылысында түбірлі өзгерістер 
жүргізуді талап етті. 3 мамырда ереуілге шыққан сту-
денттер Сорбонн университеті ғимаратын басып алды. 
Полиция студенттер ді аяусыз ұрып-соқты. Жүздеген мың 
париждіктер де  Голль тәртібіне қарсы шерулерге қатысты. 
10 млн жұмысшы өздерінің талаптарын көтеріп ереуілге 
шықты.
Бұл де Голль үшін күтпеген және ауыр соққы болды. 
Франциядағы оқиғалар халықаралық қолдауға ие болды. 
Көптеген еуропалық елдерде және АҚШ-та студенттердің 
ереуілдері болып өтті. 1969 жылдың 27 сәуірінде де Голль-
дің ұсынысы бойынша Францияны жаңа аймақтық  бөлу  
туралы және сенат реформасына сәйкес  заңдастырылған  
референдум өткізілді.
Референдумның нәтижесі де Голльдің үмітін ақтай ал-
мады. Халықтың 52,4%-ы оған қарсы шықты. 1969 жылы 
сәуірде генерал де Голль президенттік қызметтен кетуге 
мәжбүр болды.

106
70­жылдардағы Франция. партиялық­саяси күштер­
дің қайтадан топтасуы. Сол жылдың маусым айындағы 
сайлауда Жорж Помпиду (1969—1974 жж.) президент 
болып сайланды. Ол өзінің бағытын “Сабақтастық және 
сұхбат”деп атады. Оның бірінші бөлігі де Голльдің саяса-
тын жалғастыру дегенді білдірсе, екінші сі оппозициямен 
жақындасуды көздеді. Үкіметті тәуелсіз республикашыл-
дар лидері Валери Жискар д’ Эстен басқарды. Сұхбат сая-
саты еуропалық құрылыс қатынасы мен еуропалықтарға 
жол беруді ұсынды. Франция Англияның жалпы нарыққа 
кіруіне ризалық білдірді. Әлеуметтік-экономикалық стра-
тегия неолиберализмге, нарықтық қатынасты қалпына 
келтіруге көшті. 
Бұрынғы көпсалалы экономика құрылымын дамыту 
саясатынан бірнеше күшті корпорацияларды дүниежүзі-
лік рынокқа шығару саясатына бетбұрыс жасалды. 
1973 жылғы наурыздағы сайлауда голльдіктер 4 млн да-
уыс жоғалтты. Голлизм дағдарысы айқын байқалды. Бұл 
жағдай 1974 жылы президент Ж.Помпидудің күтпеген 
өлімімен аяқталды. В. Жискар д’ Эстенді жеті жыл 
мерзімге Францияның президенті етіп сайлады. Премьер-
министр болып басқа саяси партияның (Республиканы 
қолдау бірлестігі) жетекшісі Жак Ширак тағайындалды.
Президент В. Жискар д’ Эстен мемлекет басында болған 
уақытта дүниежүзілік экономикалық және құрылымдық 
дағдарыстар басталды (1974—1975 жж., 1980—1982 жж.), 
ғылыми-техникалық революцияның жаңа кезеңі дамы-
ды (өндірістің компьютерлендірілуі, гендік инженерия, 
биотехнология), халықаралық бәсе келестік және жаңа 
әлеуметтік мәселелер шиеленісе бастады.
“Голлизм” дәуірінен кейінгі Франция. Жаңа бастама-
ларды талап ететін әлемдік тарихтың жаңа ғасыры ашыл-
ды. В. Жискар д’ Эстен елдің саяси өміріндегі либералдық 
ағымды көрсетті. Оның идеясы революциясыз, реформа 
арқылы алдыңғы қатарлы либералдық қоғам орнату бол-
ды. Ең аз еңбекақыны көбейту әрекеті жүргізілді, сайлау 
құқығы 20 жастан 18 жасқа төмендетілді және бірнеше 
басқа да жаңалықтар енгізілді. Президент экономика-
ны дамытудың нарықтық механизмін күшейтуді және 
халықаралық саудада табыс қа жету күресін жақтады. 

107
Экономика құрылымын қайта құру міндеттері осыны та-
лап етті.
Социалистік және коммунистік партиялардың біріккен 
бағдарламасы елдің әлеуметтік-экономикалық мәселесін 
шешуде басқа жол ұсынды. 1981 жылғы сайлауда солшыл 
социалист  Ф. Миттеран (1981—1995 жж.) президент 
болып сайланды әрі Ұлттық мәжілісте солшылдар басым 
көпшілікті өзіне қаратып алды. 1947 жылдан кейін алғаш 
рет социалистер коммунистерге коалициялы үкіметке 
қатысуға ұсыныс жасады. Үкіметті социалист П. Мо-
руа  басқарды. Ол біріккен бағдарлама бойынша барлық 
банктерді және ірі өнеркәсіп орындарының бір бөлігін  
мемлекет  меншігінен  алу,  әлеуметтік  қаталдықты 
жұмсарту, әлеуметтік теңсіздікті азайту, еңбекпен толық 
қамтамасыз етуді мақсат етіп қойды. Төлемдік қабілетке 
сәйкес жалақының ең аз мөлшерін арттыру, отбасылық 
төлемақыны көтеру, мүгедек, қарт адамдарға қарыз беру, 
жалғызбасты аналарға жәрдемақыны көбейту мәселелері 
жүзеге асырылды. Еңбекпен қамтамасыз ету артты, 
ақылы демалыс мерзімі 5 аптаға ұзартылды. Алайда елде 
жұмыссыздық деңгейі жоғары болып қала берді.
1984 жылы Ұлттық жиналыс сайлауында оңшыл пар-
тиялар көпшілік дауысқа ие болды. Құрылған оңшылдар 
үкіметі қаржының жетіспеушілігін қысқарту мақсатымен 
қатал экономика тәртібін орнатты және жекешелендіруді 
жүргізе бастады.
Ф. Миттеран 1988 жылғы президент сайлауында тағы 
да жеңіске жетті. Солшыл президент пен оңшыл үкіметтің 
дағдарыссыз қызметі жалғасты.
Солшылдар ел басына ауыр жағдай түскен кезде би-
лік етуіне тура келді. Жаңа үкіметтің басты міндеті 
елді экономикалық дағдарыстан алып шығу болды.  
Ф. Миттеран экономика саласына мемлекеттің еркін 
араласу құқығына иелену саясатын ұстанды. Әлеуметтік 
бағдарламалар кеңейтіліп, еңбекақы мен нарық мем-
лекеттің бақылау шеңберіне енді. 
Үкімет басына оңшыл күштердің қайтып оралуы. 
1995 жылғы мамырда президент болып Париж қаласының 
мэрі Жак Ширак (1995—1999, 1999—2007 жж.) сайлан-
ды. Жұмыссыздық деңгейін төмендетуді жақтаған жаңа 

108
консерваторлық үкімет қос палатаның да қолдауына ие 
болды.
1997 жылы президент Ұлттық мәжілістің кезектен тыс 
сайлауын өткізді. Бірақ Ж. Ширактың ойы іске аспай, 
жеңісті солшыл күштер блогы (социалистер, коммунистер, 
“жасылдар”) алып кетті. Франция текетірестік кезеңіне 
қайта оралды, оңшыл президент тұсында солшыл үкімет 
құрылды. Президент Ж. Ширак ішкі саясат саласында 
жұмыссыздықты азайтуға, алым-салықты төмендетуге, 
білім жүйесін қайта қарауға және ерікті армия құруға 
қадамдар жасады. Сонымен қатар әлеуметтік көмек беру 
салаларын қысқартып, кең түрдегі жекешелендіру саяса-
тын қолдады.
2002 жылдың қаңтарында Еуропа Одағына мүше елдер-
де ортақ валюта “еуро” енгізілді.
Жаңа заманда Франция ең күшті дамыған елдердің 
қатарында болды. Жылдық ішкі өнім өндірудің көлемі 
жағы нан дүниежүзі бойынша төртінші орынды иемденді. 
Жан-жақты дамыған көпсалалы ауыл шаруашылығы 
халық тың 10%-ын жұмыспен қамтамасыз етті. Еуропа 
аумағында бидай, ет, сүт, май, ірімшік өндірушілердің 
алдыңғы сапында келеді. Ұшақтар мен зымырандардың 
түр-түрін жасау бағытында Еуропа Одағы шеңберінде 
ең бірінші орынға шыққан мемлекет. Кезіндегі прези-
дент Ж. Ширак үшін Еуропа Одағы шеңберіндегі саясат 
жағынан алғанда ең маңызды, ең қажетті міндеттердің 
бірі болды.
АҚШ президенті Дж. Буштың Ирак халқына жасаған 
озбырлық әрекеті Франция, Германия, Ресей Федерация-
сы сияқты елдер тарапынан қолдау тапқан жоқ. Таяу 
Шығыстағы Израиль мен Палестина арасындағы қантөгіс 
әрекеттерді тоқтату ниетімен АҚШ, Ресей, Франция, Гер-
мания басшылары “Жол картасы” атты жобаны жақтады.
Франция біршама қарсыластыққа қарамастан, 
1990 жылы Германияны біріктіруді қолдайтын “2 + 2” 
келісіміне қол қойды. Оның әскери күштері халықаралық 
коалицияның мүшесі ретінде 1991 жылы Парсы шы-
ғанағындағы соғысқа қатысты. 2004—2007 жылдар ара-
лығында Парижде және басқа да қалаларда ірі ереуілдер 
жиі орын алып тұрды. Бұл ереуілдерге шығушылардың 

109
басым бөлігі иммигранттардан тұратын. Осы арқылы олар 
елдегі әлеуметтік саланың дұрыс жолға қойылмағанына 
наразылық білдіріп тұрды.
2007 жылы президенттік өкілеттігінің мерзімі аяқ-
талған соң Жак Ширак президенттіктен кетіп, оның ор-
нына Н. Саркози келді. Ол АҚШ-пен арадағы байланысты 
жақсартуға барынша күш салды. Н. Саркози 2008 жылы 
шілде айында Еуропа және Жерорта теңізі елдерінің 
48 мемлекетінің басын қосып, одақ құру келісіміне қол 
жеткізді.
Франция “Араб көктеміне” қуатты қолдау көрсетті. 
Ливиядағы М. Каддафиге қарсы шыққандарды қолдады. 
Германиямен бірге еуро аймағын қаржы дағдарысынан 
құтқаруға белсенді қатысуда. 2012 жылы көктемде прези-
дент сайлауында Н. Саркози жеңіліске ұшырап, ел басына 
социалист Франсуа Олланд келді.
Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Соғыстан кейін Франциядағы саяси күштердің жаңа арақатынас­
тары қалай құрылды? 
2.  Төртінші Республиканың табыстары мен сәтсіздіктері қандай болды?
3.  Францияның соғыстан кейінгі тарихындағы Шарль де Голльдің рөлін 
қалай бағалайсыңдар? Жеке билік тәртібін қалай түсіндіре сіңдер? 
“Голлизм” дегеніміз не? 
4.  1968 жылғы студенттер қозғалысын әңгімелеңдер. 
5. 1970—1980 жылдарда партиялық­саяси күштердің топтасуы қалай 
және неліктен пайда болды?
6. Ж. Ширак билік еткен кездегі Францияның жағдайын әңгімелеңдер. 
Н. Саркози және Ф. Олландтың саясатын бағалаңдар.

Каталог: media -> upload
upload -> Болат Боранбай Қазақ тіл білімінің Қалыптасуы мен дамуы
upload -> Әож 930 (574) Қолжазба құқығында
upload -> Қазақ хандығының құрылуы және Керей мен Жәнібек cұлтандар Хандықтың құрылуы
upload -> ТӨленова зирабүбі Маймаққызы, Қр бғМ ҒК
upload -> Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына қазақ сайлаушыларынан аманат (1917 ж.) Серікбаев Е. Қ. М. Х. Дулати атындағы ТарМУ, т.ғ. к.,доцент
upload -> АҚТӨбе облысының тыл еңбекшілері ұлы отан соғысы жылдарында
upload -> Ұлы отан соғысы жылдарындағы мұнайлы өҢір а. Ж. ƏБденов
upload -> Ж. Е. Жаппасов XVI-XVIII ғҒ. ҚАзақ-орыс
upload -> Жоба бакалавриаттың тарихшы емес мамандықтары үшін
upload -> Серіктестігі


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет