Сабақ: қазақ әдебиеті «Шаңырақ»



бет1/3
Дата04.10.2022
өлшемі31,24 Kb.
#41376
түріСабақ
  1   2   3

Сабақ: қазақ әдебиеті


«Шаңырақ» көпсалалы мектеп-гимназия» КММ

Сынып:8

Мұғалімнің аты-жөні: Мынгатова Гаухар

Күні : 26.04.2018 ж.

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Бөлім/тақырып

Қорқыттың нақыл сөздері

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

8.1.4.1 Көркем шығармалардан алған үзінділерді өз көзқарасын дәлелдеу үшін орынды қолдану.

Сабақ мақсаты:

Барлық оқушылар орындай алады:
Көркем шығармалардан алған үзінділерді өз көзқарасын дәлелдеу үшін орынды қолданады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
Қоркыттың нақыл сөздеріндегі құндылықтарды түсіндіреді.

Кейбір оқушылар орындай алады:

  1. Көркем шығармалардан алынған үзінділердің өзіндік ерекшеліктерін дәлелдейді.

Бағалау критерий



  1. Көркем шығармадағы түйінді ойға өз көзқарасы бойынша дәлел ұсынады.

  2. Қоркыттың нақыл сөздеріндегі құндылықтарды түсіндіреді.

  3. Көркем шығарманың өзіндік ерекшеліктерін дәлелдейді.




Тілдік мақсат:

Оқушылар орындай алады:
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: Баят, оғыздардың, әзелде жазылмаса, әулие, т.б.
Талқылауға арналған сұрақтар:

  1. Не себепті Қорқыттың нақыл сөздері бүгінгі күнге дейін құнын жоғалтпаған?

  2. Қорқыттың нақыл сөздері арқылы болашақ жастарға қандай тәрбие береміз?

Құндылыққа баулу:

Тарихи, мәдени құндылықтарды бойына сіңіріп, қадірлеп қастерлеуге баулу.

Пәнаралық байланыс

Тарих, ән-күй, қазақ тілі.

Алдыңғы оқу

Көркем шығармадағы кейіпкер бейнесін ашып,үзінділерді жатқа айтуды біледі,өз қарастарын білдіре алады.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

5минут



Ширату жаттығуы: Оқушыларды сыни тұрғыдан ойландырту үшін «Ой қозғау» әдісі арқылы сұрақ қоямын. Осы сұрақтар арқылы сабақтың тақырыбын айқындаймын.

  1. Қорқыт туралы қандай аңыз білесіңдер?

  2. Қорқыттың нақыл сөздері бізді неге жетелейді?

  3. Неліктен «Қайда барсаң Қорқыттың көрі» деген тіркес қалған?

  4. Қорқытты қандай ғұлама ақындарға теңестіресіңдер?

МЖ = Мұғалім жасаған



10 минут



ЖЖ.
«Идеяны ұстап алу» әдісіарқылы Қорқыттың нақыл сөздерін аудиобаспа арқылы тыңдатамын. Осы әдісте
оқушы тыңдаған мәліметтерді талқылайды. Нақыл сөздердің мазмұнын ашады.


Тапсырма

  1. Қорқыттың нақыл сөздерін түсініп тыңда.

  2. Тыңдалған ақпаратты есте сақта.

  3. Қоркыттың нақыл сөздеріндегі құндылықтарды түсіндір.

  4. Тыңдалған үзінділерге өз көзқарасыңды білдір.

  5. Нақыл сөздердің тәрбиелік мазмұнына баға бер.

Дескрипторлар:

  1. Қорқыттың нақыл сөздерінің мазмұнын түсінеді.

  2. Тыңдалған ақпаратты есте сақтай алады.

  3. Қоркыттың нақыл сөздеріндегі құндылықтарды түсіндіреді.

  4. Тыңдалған үзінділерге өз көзқарасын білдіреді.

  5. Нақыл сөздердің тәрбиелік мазмұнына баға береді.



ҚБ: «Өзара» бағалануды іске асырамын.

Мәтін атауы
Оқулық «Арман пв» баспасы

18,19 БЕТ





10 минут





Т.Ж.
«Оқылымға саяхат» әдісі арқылы Қорқыттың шығармаларындағы тарихи құндылықтарға талдау жасатамын. Шығармадағы өзіндік орны бар ерекшеліктерге дәлеледер ұсынады.
«Оқылымға саяхат»





2.Тапсырма :

  1. Шығарма авторының ойын анықта.

  2. Шығарманың тарихи құндылығына баға бер.

  3. Шығармадағы тәрбиелік насихатта берілген сөздер мен сөз тіркестерін тап.

Дескрипторлар:

  1. Шығарма авторының ойын анықтайды.

  2. Шығарманың тарихи құндылығына баға береді.

  3. Шығармадағы тәрбиелік насихатта берілген сөздер мен сөз тіркестерін табады.



ҚБ: «Бағдаршам» арқылы бағалауды іске асырамын.

Флипчарт, маркер, т.б.







Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет