Фонетика – тіл білімі ғылымының тіл дыбыстарын зерттейтін бір саласы. Фонетика – гректің фоне – дыбыс деген мағынаны білдіретін сөзі. Фонетика дыбыстардың жасалуын, айтылуын, естілуін, буын, екпін, интонацияны қарастырады.

Тіл дыбыстары өкпе, дауыс шымылдығы, ауыз және мұрын қуысы, таңдай, тіл, ерінсияқты сөйлеу мүшелері арқылы жасалады.
Әліпби – жазуда қолданылатын әріптердің рет тәртібі дегенді білдіретін араб сөзі. Әріп – дыбыстардың жазудағы таңбасы.Қазақ халқының жазу-сызуы араб әліпбиі арқылы қалыптасқан. Араб әліпбиінің негізінде 24 әріптен тұратын қазақ әліпбиінің емлесін түзіп, заңдастырылған нормасын жасаған – А. Байтұрсынов.

Қазақ әліпбиі үш рет өзгерді: алғаш араб әліпбиі, кейін латын әліпбиі, соңында қазіргі пайдаланып жүрген кирилл әліпбиіболған.Қазақ жазуы араб әліпбиінен 29 әріптен тұратын латын әліпбиіне 1929 жылы көшті. Латын әліпбиіне көшкеннен бастап бас әріппен жазу пайда болды. 1940 жылы қараша айынан бастап кирилл әліпбиіне негізделген қазақ әліпбиіқолданыла бастады.