Сабақ: Халық санағы Күні



Дата18.11.2023
өлшемі42,04 Kb.
#124675
түріСабақ

Абай орта мектебі


Халық санағы
(Ашық сабақ)
Сынып: 8
Мұғалімі: Ізбасарова А

2019ж




Сабақ:

Халық санағы




Күні: 28.01.2019

Мұғалімнің аты-жөні: Ізбасарова А




Сынып:8

Қатысқандар: 10

Қатыспаған:0




Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

8.4.1.1 халық санының анықтау әдістерін түсіндіреді




Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады: Тақырыптың мазмұнын түсінеді.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Халық санағы туралы түсініктерін жетілдіреді

Кейбір оқушылар орындай алады:еркін жауап береді.




Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады: тақырыптағы ақпаратты түсінеді.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: қоныс аударған, ынтымақ, татулық, санақ,тұрғын.

Диалог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: халық санағы, қоныс аударғандар, мемлекеттік саясат,басты бағыт.




Бағалау критерийлері:

Оқушылартақырып мазмұнын түсінеді. Негізгі ақпараттарды анықтайды.




Дескриптор

- 3-5 жаңа сөз қолданады;
- тапсырманы зерделейді;
-Тақырыпқа қатысты тәжірибелерді зерттейді




Құндылықтар

Ашықтық, құрмет, өмір бойы білім алу.




АҚТ қолдануы

Сабақ барысында слайдтар көрсету арқылы сабақ меңгеріледі. Ақпаратты визуалды қабылдауға дағдыланады.

2 мин.

Алдыңғы оқу

Қазақстан Республикасының рәміздер




Жоспар

Халық санағы

5 минут

Басы

Ұйымдастыру кезеңі : Сәлемдесу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Шаттық шеңберін құру, ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. Топқа бөлу. Достық, Ынтымақ Үй тапсырмасын тексеру.
«Кіру билеті» әдісі Сұрақтар шайқасы. Миға шабуыл (диалог- мұғалім мен оқушы арасында)
1. Балалар біз қандай елде тұрамыз? (егеменді, тәуелсіз, көпұлтты мемлекетте тұрамыз)
3. Елімізде қандай ұлттар тұрады? 
4. Біз олармен қандай қарым-қатынастамыз? (Тату-тәтті, достық қарым-қатынастамыз). Дұрыс, балалар. Біз Қазақстанда тұрамыз. Қазақстан егеменді, тәуелсіз мемлекет



10 минут

Ортасы

Сөзжұмбақ шешу. Халықтану – белгілі бір халықты тану. Сабақтың мақсатымен таныстыру. Жаңа сөздер: тұрғын-житель санақ-перепись татулық-согласие ынтымақ-солидарность Фонетикалық жаттығулар.Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс дыбыстау. «Белсенді оқу» әдісі Мәтін « Халықтану» Мемлекеттің негізі-халық.Қазақстан Республикасының 16,3 миллионға жуық тұрғыны бар.Бұл -тәуелсіздік алғаннан кейінгі екінші,яғни 2009 жылғы халық санағының алдын ала қорытындысы бойынша берілген көрсеткіші.
Республикадағы негізгі ұлт- қазақтар.Сонымен бірге саны жағынан көбірек ұлттар – орыстар, украиндар, өзбектер,немістер, татарлар және т.б. Олардың көпшілігі сталиндік қуғын-сүргін кезінде,тың және тыңайған жерлерді игеру жылдары қоныс аударғандар.
ХІХ ғасырдың аяғында Қазақстанға 1,5 миллион орыс шаруалары көшірілді.
Елімізді мекендеген халықтардың ынтымақты өмір сүруі – мемлекет саясатының басты бағыттарының бірі.
Халықтың үштен бірінен астамы – балалар.
І тапсырма. «Атқосшы мен арба» Балаларға сұрақтар мен жауаптар үлестіріледі. 
1. Республикадағы негізгі ұлт кімдер? Республикадағы негізгі ұлт – қазақтар.
2. Халықтың қанша бөлігін балалар құрайды? Халықтың үштен бір бөлігін балалар құрайды.
3. Мемлекет негізі кім? Мемлекет негізі – халық. 
4. ХІХ ғасырдың аяғында Қазақстанға қанша орыс шаруалары көшірілді?
ХІХ ғасырдың аяғында Қазақстанға бір жарым орыс шаруалары көшірілді
5. 2009 жылғы халық санағы қорытындысы бойынша елімізде қанша тұрғын бар?
2009 жылғы халық санағы қорытындысы бойынша елімізде 16 миллионға жуық тұрғын бар.
6. Елімізде саны жағынан көбірек ұлттар кімдер? 
Елімізде саны жағынан көбірек ұлттар - орыстар, украиндар, өзбектер, немістер, татарлар.
Пысықтау кезеңі: Дәптермен жұмыс. (Дәптерге дұрыс нұсқасын көшіру)
2- тапсырма Берілген сөйлемдердің дұрыс-бұрыстығын тексеріңдер: «+», «-»
18 миллионнан астам тұрғыны бар. -
1897 жылы халық санағы жүргізілген жоқ. - 
Тәуелсіздік алғаннан бері екінші рет халық санағы 2009 жылы жүргізілді. +
Қазақстанға 1,5 миллион орыс шаруалары көшірілді. + 
Халықтың үштен екісінен астамы – балалар. - 
1897 жылы елімізде халық санағы жүргізілді. + 
«Дара диаграмма» әдісі.
4-тапсырма. Сөздердің синонимін тауып жазу.
5-тапсырма.Сөздердің антонимін тауып жазу.
«Халық »сөзін септеу.
«Ұлт» сөзін тәуелдеу.
« Қазақ» сөзін жіктеу.



10 мин.

Соңы

«Ыстық орындық» әдісі.
«Өз миыңды сал» әдісі



5 минут



Бағалау







Пәнаралық байланыс:
орыс тілі, тарих, математика.

3 минут

Рефлексия:
1.Сабақтың оқу мақсаттары қолжетімді болды ма?
2.Бүгін оқушылар не үйренді?
3.Оқыту ортасы қандай болды?
4.Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма?
5. Мен өз уақытымды тиімді пайдалана алдым ба?
6.Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Үй жұмысын беру. 6-тапсырма, 21-22 бет
« Басбармақ»
Оқушылар бармақтарын көрсету арқылы сабақтағы көңіл -күйлерін, ұнағанын анықтайды.







Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет