Сабақ: Халықаралық ойындар "Тоғыз құмалақ ойыны Мектеп: "Ахмет Байтұрсынов атындағы нөмері 20 орта мектебі"



Дата30.12.2022
өлшемі25,3 Kb.
#60205
түріСабақ

Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ: Халықаралық ойындар “Тоғыз құмалақ ойыны

Мектеп: “Ахмет Байтұрсынов атындағы нөмері 20 орта мектебі” КММ

Күні: 20.12.2022

Мұғалімнің аты-жөні: Түсіп Айбат

Сынып: 9

Қатысқаны:

Қатыспағаны:

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

9.3.5.1 Басқа адамдардың дене жаттығуларының тәжірибелерін байытуға арналған дағдыларды бағалай білу



Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады: құмалақты қазандыққа бөле алады




Жаңа білімді түсінді




Оқушылар көпшілігі орындай алады:




Оқушылар ойын кезінде өздерінің қызығушылық қаблеттерін арттырды .




Кейбір оқушылар орындай алады:




Ойынға қатысу арқылы

Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады:




Ойын барысында берілген тапсырмаларды орындай алады




Пәнге қатысты сөздік мен терминдер:




162 құмалақ, 18 ұйашық, 2 қазандық тоғыз құмалақ тақтасы

Жетістік критериилары

Оқушылар бір біріне ойын тактикасын үйретіп бір бірінің қызығушылығын арттырады

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пән аралық байланыс

Математика, Тарих

АКТны қолдану дағдылары

Интернет ресурстарын қолдану. Тоғыз құмалақ тақталары




Диалог құруға арналған пайдалы тіркестер:




Тоғыз құмалақ ойынының тарихын кім біледі?
Тоғыз құмалақ ойынының ережелерін айтып бере аласыздарма?






Талқылауға арналған сұрақтар:







Не себепті .....деп ойлайсыз?
Тоғыз құмалақ ойыны ақыл ойды арттыра ма ?
Ойын барысында қандай кедергілер болды?
Тоғыз құмалақ ойынының адамға пайдасы




Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Басы

Сәлемдесу,оқушыларды түгелдеу ,түзелу спортық киміне көңіл бөлу
Жаңа сабақтын тақырыбымен,мақсатымен жетістік критерилермен таныстыру.


Саптық жаттығулары
-Оңға бұрыл
-Солға бұрыл
-Кері айнал
-Секіріп кері айнал
Жүру жаттығулары
Қол жоғарыда аяқтын ұшымен жүру
Қол желкеде өкшемен жүру
Қол белде табаның сыртымен жүру
Қол белде табаның ішімен жүру
Қол кеуде алдында жартылай отырып жүру
Қол тізеде толық отырып журу
Жүгіру жаттығулары
Оң қапталмен қолды алға айналдырып жүгру
Сол қапталмен қолды артқа айналдырып жүгіру
Қол алда созулы алақанға тізені тигізіп жүгіру
Әр адымга тізені көтеріп жүгіру
Қол желкеде аяқты алға қайшылап жүгіру
Қол желкеде аяқты артқа қайшылап жүгіру
Оң сол қапталмен аяқты қайшылап жүгіру
Тізені кеудеге тартып секіру
Табаның ішкі және сыртына қолды тигізіп жүгіру
Секіру жаттығулары
Оң аяқпен секіру
Сол аяқпен секіру
Тізені кеудеге тартып секіру
Бір аяққа тұрып оңға,солға секіру
Жалпы дамыту жаттығулары
Қол белде басты
4сан оңға
4сан солға
Айналдырамыз
Қол иықта
4сан қолды алға
4сан қолды артқа
Айналдырамыз
Қол жанда созулы
4сан блезіктен
4сан шынтақтан
4сан толық айналдырамы Оң қол белде сол қол жоғары
4сан оңға
4сан солға Иілеміз

Қол тізеде


4сан оңға
4сан солға
айналдырамыз
Қол кеудеалдында созулы
1Оң аяқа отырамз
2Б.Қ
3Сол аяққа отырамыз
4Б.Қ



Оқу бағдарламасы, мұғалімге арналған нұсқаулық.

Ысқырғыш,уақыт өлшегіш.тоғыз құмалақ тақьасы



Ортасы

Тоғызқұмалақ ойыны арнайы тақтада екі адам арасында ойналады. Ойын тақтасы – 2 қазан, 18 отау, 162 құмалақтан тұрады. Ойын басында әр ойыншыға бір қазан, тоғыз отауға тоғыз-тоғыздан салынған сексен бір құмалақ тиесілі.
Алғашқы жүріс жасаған ойыншыны – бастаушы, қарымта жүріс жасаған ойыншыны – қостаушы деп атайды. Кейде бастаушы үшін – ақ жағы, қостаушы үшін қара жағы деген тіркестерді де қолданамыз.
Тақтаға ойын ережесін түсіндіріп жазу

Берілген диаграммаларда бастаушының отаулары мен ондағы құмалақтар мөлшері үнемі төменгі жағында орналасады.


Жүріс жасау ерекшеліктері


Жүріс ойыншылар тарапынан кезектесіп жүріледі. Жүрісті кімнің жасайтыны жеребемен немесе қарсыластардың келісімімен анықталады.

  • 1.Жүріс жасау үшін өз жағыңыздағы отаулардың бірінен біреуін орнына қалдырып, қалған құмалақтарды қолға алып, солдан оңға қарай бір-бірлеп таратамыз.

Тарату сәтінде құмалақтар өз отауларымыздан асып кететін болса, қарсыластың отауына таратамыз. Егер соңғы құмалақ қарсыластың тақ санды құмалағы бар отауына түсіп, ондағы құмалақтарды жұп қылса (2, 4, 6, 10, 12), сол отаудағы құмалақтар ұтып алынып, өз қазанымызға салынады.
Егер соңғы құмалақ қарсыластың жұп санды құмалағы бар отауына түсіп (3 құмалақтан басқа), тақ қылса немесе өз отауымызға түссе, құмалақ ұтып алынбайды.
Мәселен, жоғарыдағы тақтадағы алғашқы жағдайда бастаушы №3 отаудағы 9 құмалағын таратса, соңғысы қарсыласының №6 отауына барып түседі және ондағы 9 құмалақ соңғы құмалақпен 10 болып, ұтып алынады және қазанға салынады.
2.Отаудағы жалғыз құмалақ көрші отауға жүргенде орны бос қалады.

  • 3.Жүріс жасаған кезде отауларға құмалақ салмай немесе 2-3 құмалақ бөліп алып жүруге болмайды.




Тоғыз құмалақ тақтайшасы

Соңы

Тақталардың тасын санап бәрін жинау және өткізу.
Ойында жеңілген балаларды қарап байқау және үйрету






















Рефлексия
Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма ? Бүгін оқушылар не үйренді?
Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өттіЖоспарланған саралау жақсы іске асты ма ? (тапсырмалар сәйкес болды ма ?) Уақытты қалай пайдаландым? Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге?

Өз сабағыңызды талдау үшін осы бос орынды пайдаланыңыз. Сол жақта берілген сұрақтарға жауап беріңіз?
Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды
Бүгінгі сабақта Ойының жүру тәсілдерін уйренді
Өте жоғарғы денгейде өтті

Отчёт:...

Қорытынды бағалау


Ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты )

1: Барлық оқушы ойынға қатыса алды


2 Оқушылар сабақтың түсінді және ойын ередесін үйренді


Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту мен оқуға қатысты) ?

1: Балалардың IQ жоғары болуы


2 Тез есептеп үйренуі
Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім ?

1:Сабақ кезінде белсенді оқ әдістерін пайдалану


2:Сабақты өз жоспарымдағыдай өткізіп мақсатқа жетуге ұмтылу




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет