Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі:
Кәсіп пен еңбек. Болашақ мамандықтары
|
Мектеп: Семей қаласы «Т.Аманов атындағы №16 ЖОББ» КММ
|
Күні: 24.11.2020ж
|
Мұғалімнің аты жөні: Каримова Назгүл Калелхановна
|
Сынып: 8 «в»
|
Қатыспағандар саны:
Қатысқандар саны :
|
|
Сабақтың тақырыбы
|
Логистика туралы не білеміз?
|
|
|
Осы сабақ арқылы іске асатын оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
|
8.1.5.1. перифраз түрінде берілген сұрақтар арқылы мәтіннен қажетті ақпаратты таба білу, көтерілген мәселе бойынша ой тұжырымдау.
8.4.3.1-сөздік қор және сөздік құрам ерекшеліктерін түсініп қолдану
|
Сабақтың мақсаты
|
Оқушылардың барлығы: перифраз түрінде берілген сұрақты түсінеді, мәтіннен қажетті ақпаратты тауып, жауап бере алады.
Оқушылардың көпшілігі: мәтіндегі ойды қорытындылап пікір білдіреді.
Оқушылардың кейбірі: сөздік қор мен сөздік құрамды ажыратады, Сөйлеу тілінде ерекшеліктерін қолдана алады.
|
Бағалау критерийлері
|
Перифраз түрінде берілген сұрақтарды түсінеді.
Мәтіннен қажетті ақпаратты тауып, жауап бере алады;
Сұрақтарға тыңдалым мәтіні бойынша жауап береді;
Мәтіндегі ойды қорытындылап пікір білдіреді,ойға жеке көзқарасын білдіреді.
Сөздік құрам,сөздік қорды ажырата отырып, сөйлеу тілінде ерекшеліктерін қолданады.
|
Тілдік
мақсаттар
|
Пән лексикасы және терминология:
Перифраз, көтерілген мәселе, тұжырым жасау
Тыңдалым мен айтылымға қажетті сөз тіркестері:
Өмір — үйретеді.
Ісіңе сен.
Еңбек ет те, міндет ет.
Ер дәулеті — еңбек.
Бір еңбектің — бір рахаты бар.
|
Құндылықтар
|
Ашықтық, құрмет
|
|