Сабақ конспектілері каз 1-Дәріс. Сандық әдістер пәніне кіріспе. Қателіктер теориясы


Қателіктерді қатаң ескерусіз есептеулер



бет3/32
Дата06.01.2022
өлшемі1,67 Mb.
#15152
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32
1.2.4. Қателіктерді қатаң ескерусіз есептеулер

Дұрыс цифрлар түсінігі.

Анықтама 1. а саны кең мағынада дұрыс деп аталады, егер жуықтаудың абсолютті қателігі а саны жататын разряд бірлігінен аспаған жағдайда.

Мысал 1.

Айталық, x=7,158+-0,0009, өйткені ∆a=0,0009<0,001, онда х-санының жуық мәні a=7,158 санының барлық цифрлары кең мағынада дұрыс цифр болып табылады.



Анықтама 2.

а саны қатаң мағынада дұрыс деп аталады, егер жуықтаудың абсолютті қателігі а саны жататын разряд бірлігінің жартысынан аспаған жағдайда.

Мысал 2.

Айталық, a=1,731 санының барлық цифрлары қатаң мағынада дұрыс болсын. Төмен разрядтың бірлігі 0,001 санымен өрнектелгендіктен

a=1/2*0,001=0,0005.

Анықтама 3.

Ондық бөлшек түрінде жазылған санның мәнді цифрлары деп оның сол жақтан бірінші нөлден ерекше цифрынан бастап барлық дұрыс цифрларын айтады.



Мысал 2.

7,36; 0,000207;5,64, 0,300 сандарының әрқайсысында, егер осы цифрлар барлығы дұрыс цифрлар болса, үш мәнді цифрлар бар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет