Бұл жерде матрицаны санға көбейту дегенімізден оның барлық элементін осы санға көбейту керек екендігін көреміз. Керісінше, егер матрицаның барлық элементтерінің ортақ көбейткіші болса, оны матрица белгісінің сыртына көбейткіш ретінде шығаруға болдады.
Ал анықтауышта осындай ортақ көбейткішті әрбір жатық жолдан немесе әрбір тік бағанадан жеке-жеке анықтауыш белгісінің алдына сыртына шығаруға болады. Керісінше, анықтауыштыбір санына көбейту үшін оның тек бір жатық жолын немесе тек бір тік бағанасын осы санға көбейту жеткілікті.