Бөлім: 10.1А Молекулалық биология Майлардың химиялық құрылысы мен қызметтерін сипаттау. Оқушы біледі: - Липидтердің жіктелуін;
- Триглицеридтің түзілуін
Оқушы түсінеді: - Фосфолипидтің гидрофилді «бас» пен гидрофобты «құйрықтардың» қасиеттерін түсіндіре алады
Оқушы жасай алады: - Фосфолипидтердің химиялық құрылысын және қызметін сипаттай алады; - құрылымды бейнелеудің «стенографиялық» тәсілін түсіндіре алады
Сабақ мақсаты
Фосфолипидтердің гидрофилді «басы» мен гидрофобты «құйрықтарының» қасиеттерін түсіндіре алады.
Қаныққан, қанықпаған май қышқылдарын ажырата алады.
Триглицеридтің түзілу сызбасын сипаттай алады.
Липидтер – барлық тірі жасушалардың құрамына кіретін және тіршілік процестерінде маңызды рөл атқаратын май тәрізді заттар.
Липидтердің молекуласының құрамына С, Н,О элемент атомдары кіреді.
Липидтер қарапайым липидтер стероидтар триацилглицеролдар және балауыз фосфолипидтер сфингомиелиндер цереброзидтер ганглиозидтер сульфолипидтер холестерин және олардың туындылары Липидтердің жіктелуі химиялық құрамы мен құрылымы бойынша үш топқа жіктеледі
күрделі липидтер
Липидтер полярлы емес сұйықтарда, мысалы, бензинде, эфирде, хлороформда жақсы ериді, ал суда мүлде ерімейді. Липидтердің ішіндегі ең көп тарағаны және белгілісі – майлар.
Глицерин үш карбон (май) қышқылдары май молекуласы
Триглицерид
Триглицеридтер Триглицеридтер – полярсыз, себебі молекуласында зарядтар біркелкі таралмаған. Бұл олардың сумен байланыс түзбейтінін және суда ерімейтінін білдіреді, қысқаша айтқанда липидтер гидрофобты. Триглицеридтер тығыздығы судың тығыздығынан төмен, сол себепті олар су бетінде қалқып жүреді. Липидтің көмірсутектің құйрығының ұзындығы оның құрамына кіретін май қышқылдарына байланысты. Тристеарин молекуласын – стеарин қышқылының үш қалдығы түзеді, сол себепті оның көмірсутекті құйрығында көміртегінің 17 атомы болады.
Фосфолипидтер деп, құрамында фосфат тобы бар липидтерді айтады. Фосфолипид молекуласы – гидрофильді бастан және екі көмірсутектен тұратын гидрофобты құйрықтан тұрады. Гидрофильді басында электр заряды бар, сондықтан ол суда ериді. Гидрофобты құйрығы суда ерімейді. Оның бұл қасиеті мембрана түзілуінде өте маңызды.