Сабақ жоспары Бөлім: 3 Адам болам десеңіз



Дата16.03.2022
өлшемі25,36 Kb.
#28172
түріСабақ
Байланысты:
сабақ жоспар


Өзін-өзі тану бойынша сабақ жоспары


Бөлім: 3

Адам болам десеңіз

Мұғалімнің аты-жөні, тегі

Молдағалиева Назерке Молдағалиқызы

Күні:




Сынып: 1

Қатысушылардың саны:

Қатыспағандардың саны:

22 Сабақтың тақырыбы:

Көңіл күй шаттығы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

Бағдарламада анықталған нақыл сөздерді, рухани адамгершілік мазмұндағы өлеңдерді жатқа біледі.

Құндылығы:

Ішкі тыныштық

Қасиеттер:

Ақ көңілділік, ақниеттілік, кеңпейілділік

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға адам өміріндегі әлемді жағымды қабылдаудың маңыздылығын түсіндіру арқылы, Ішкі тыныштық құндылығының мәнін ашу.

Сабақтың міндеттері:


Білімділік: Оқушыларға риясыз қызмет ету қуаныш, шаттық, екенін түсіндіре отырып, ақниеттілік қасиеті туралы түсінік беру.

Дамытушылық: Оқушыларды жағымды ойлауға баулу арқылы кеңпейілділік қасиетін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды әлемді жағымды қабылдауға үйрету арқылы ақниеттілікке, ақкөңілділікке, кішіпейілділікке тәрбиелеу.


Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңі/ Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі

1.Жағымды көңіл-күй





Мұғалім оқушылардың сабаққа қатысуын тексереді.
Сабақтағы 5Т Ережесін еске түсіреді.

1.Тәртіп.



2.Талап.

3.Тыныштық.

4.Тазалық.

5.Татулық

-Оқушылар сабақтың ережесін есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, бүгінгі күнімізді сәтті өткізейік.

Су асты патшалығына ойша саяхат.

(Оқушылардан шеңбер құрып отыруды, қолдарын тізесіне немесе үстел үстіне қоюды, аяқтарын айқастырмауды өтініңіз. Арқаларын тік ұстауын қадағалаңыз. Жайлы, баяу музыка қойыңыз).



.

Оқушылар сабаққа дайындығын көрсетеді.


Оқушылар зейін қойып қабылдайды, жағымды күйге енеді, тыныштық орнайды

Оқулық,

мұғалімдерге арналған әдістемелік құрал.

https://youtu.be/kUhWprE6nF8


2. Алдыңғы үй тапсырмасын тексеру

«Ақ тиін мен қасқыр» ертегісін үлкендердің көмегімен оқып келу.

Сұрақтар:

1. Қасқыр неліктен әр уақытта ашулы жүреді?

2. Ал ақ тиіндер неліктен әрқашан көңілді жүреді?

3. Қалай ойлайсыңдар, адам қандай жағдайда қуанышта, шаттықта болады?

4.Өздерің аңдардың қайсысынан үлгі алар едіңдер? Неліктен?


Оқушылар мұғалімнің сұрақтарына жауап береді. Өз ойларын айтады.

№22 – сабақ.

98-бет. Презентация, слайд



3.Жағымды ой-пікір (дәйексөз) әңгіме


Дәйексөзді алдымен мұғалім дауыстап оқып береді. Сосын балаларға дауыстап қайталап айтуды ұсынады. Мұғалім оқушылардан дәйексөздің мағынасын қалай түсінгендерін сұрайды.

Жақсыға қарасаң, жаның жадырайды.

Мақал.

Сұрақтар:

  1. Дәйексөзден қандай ой түйдіңдер?

Мұғалім оқушыларға дәйексөздің мағынасын түсініп, жаттап алуды ұсынады.
Қорытынды: Жақсы адамдар әрқашан жадырап, көңілдері көтеріңкі жүреді. Олар ақжарқын, кеңпейілді жүздері жылы болып келеді.

Дәйексөзді бірінші ұл балалар қайталайды, сосын қыз балалар қайталап оқиды. Өз ойларын айтады.


Презентация, слайд, жұмыс дәптері

4. Оқиға айту (әңгіме)



4. Оқиға айту (Мұғалім сыйы).
Құлпынай мен шие

«Арман» атты дүкенде Сара мен Айсұлу жемістер сатады екен. Біреуі шие, ал екіншісі құлпынай. Екеуі жас кезінен келе жатқан достар. Кішігірім бизнесін де бірге бастаған еді. Күнде бір-бірінің алған табысына қуанып, бір-біріне қолдау беріп отыратын.

Айсұлу ауырып қалып біраз уақыт жұмысқа шыға алмады. Ал Сара осы уақытта ақша жинап та үлгерді. Айсұлу келгенде адамдар шиені аса көп алмай, құлпынайға жүгіретін болды. Айсұлудың көңіл-күйі бұзылып, көңілінің қошы болмай жүрді. Оны байқаған Сара ертеңіне құлпынайсыз келді. Айсұлудың шиесін сатуға көмектесіп, тепе-теңдікті орнатты.

Солай Сара жан құрбысының көңіл-күйін көтеріп, жұмыстарын ары қарай жалғастырды.



Сұрақтар:

  1. -Сара мен Айсұлу немен айналысты?

  2. -Айсұлудың неге көңіл-қошы болмады?

  3. -Сара неге құрбысы үшін олай істеді?

  4. -Егер сендер Сараның орнында болсаңдар не істер едіңдер?

  5. -Сараның бойынан қандай қасиеттерді байқадыңдар?

  6. -Сендердің біреуге риясыз жақсылық жасаған кездерің болды ма? Әңгімелеп беріңдер.

Оқушылар оқиғаны тыңдағаннан кейін, мұғалімнің сұрақтарына жауап бере отырып, ақкөңілділік, ақниеттілік, кеңпейілділік қасиеттердің адам өміріндегі маңыздылығы туралы ой түйеді.

Ақ көңілділік, а0oj0қниеттілік, ozin-ozi-tanu.kz

5.

Шығармашылық жұмыс


Мұғалім сыныпты екі топқа біріктіріп шығармашылық тапсырма ұйымдастырады.

1-тапсырма оқушыларға өздерін кімдер және нелер қуантатынын, көңіл күйлерін көтеретінін дәптерге сурет салу арқылы ұсынылады.

2- тапсырма Жақсы көңіл күйге бөленудің жолдарын құрып, дәптерге жазады.

Қорытынды:

Оқушылар көңіл-күйді көтеру, көңілді жүру адамның өзіне байланысты. Жақсы көңіл-күй адамға қанат бітіріп, қуат береді. Сөзі жүректен шығып, өз ісіне қанағаттанған адамның көңілі әрдайым жадыраңқы болады.


Берілген тапсырмаларды орындап, өз ойларын білдіреді.



Оқулықпен жұмыс. Баяу әуен қойылады.

6.Топпен

ән айту


6. Топпен ән айту.

Өлеңін жазған: Сабырхан Асанов

Әнін жазған: Әсет Бейсеуов

Жазда атамның аулына,

Барып едім қыдырып.

Бір қошақан алдымнан,

Шықты ойнап жүгіріп.

Қайырмасы: Ақ маңдайлы ай ма екен,

Шекер ме екен, бал ма екен?

Кеттім оны сағынып,

Қошақаным қайда екен?

Демалыста өзіңді,

Ӏздеп тағы барамын.

Қошақаным бәрі бір,

Тауып сені аламын.

Қайырмасы:

Қозыларым жүр ме екен.

Ерке сұлу сол ме екен?

Мені қашан келер деп,

Сағынып ол жүр ме екен?

Оқушылар мұғаліммен бірге ән шырқайды.

Экранға өлеңнің мәтіні, әуенімен қойылады.

https://youtu.be/zFctGDfWhsA



7.Үй тапсырмасы

«Отан деген...» мәтінін үлкендердің көмегімен оқып келу.


Оқушылар үлкендердің көмегімен мағынасын түсініп, оқиды

№23 сабақ. 101-бет

8. Сабақтың

қорытынды сәті


Мұғалім оқушыларға сабақта алған әсерлерімен бөлісіп оны жүрегінде сақтауды ұсынады.

Оқушылар мұғалімге кері байланыс жасайды.

Баяу әуен қосылады.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет