«Басқадан кем болмас үшін білімді, бай һәм күшті болуымыз керек. Білімді болуға оқу керек. Бай болуға кәсіп керек. Күшті болуға бірлік керек. Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек»



бет1/9
Дата04.12.2022
өлшемі107,53 Kb.
#54719
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Ұлтын ұлықтаған ұлы тұлға





«Басқадан кем болмас үшін білімді, бай һәм күшті болуымыз керек. Білімді болуға оқу керек. Бай болуға кәсіп керек. Күшті болуға бірлік керек. Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек»

«Ел бүгіншіл, менікі ертең үшін». Өз ғасырынан оза туып, тағдырын ұлтына арнаған ұлт ұстазы жас күнінен осындай ұстаным ұстанды. «Адамға тіл, құлақ қандай керек болса, білім де сондай керек» деп елін оқуға шақырған, «Масадай» ызыңдап, жұртын ұйқыдан оятқан, қазақ мектебінің іргесін қалаған Ахмет Байтұрсынұлының тау сілеміндей мол мұрасы шексіз. Ұлтын сүйген ұлы жүрек ғұмыр бәйгесінде тіл мен ғылымның өз бәйгесін алуға да елеулі үлес қосты.


Қазақтың рухани көсемі атанған алаш ардақтысы, ұлт ұстазы, қазақ тіл білі-мінің негізін қалаушы ғалым Ахмет Байтұрсынұлының туғанына-150 жыл. Алаштың арда азаматының мерейтойы Қазақстан түгілі, ЮНЕСКО көлемінде
әлемнің бірнеше елінде ауқымды тойланбақ.

«Көсем сөз әлеуметке басшылық есебінде айтылатын сөз болғандықтан, жұрт ісіне мәні зор болады. Басшылығы дұрыс болса,әлеуметті түзейді. Теріс басшылық қылса, әлеуметті адастырады. Солай болған соң көсем сөз жазып, әлеуметке басшылық қылатын адам көпті көрген көсем, білімді адам боларға керек» -деп әр қазақ баласы кішкене болсын білім мен өнер үйренсін деп, ауыр да азапты, қамшының сабындай ғұмырын ғылым жолына, ұлт жолына арнаған Ахмет Байтұрсынұлының дара жолын Гимназия директоры А.М.Қырықбай жалғастырып келеді. Білікті басшының атсалысуымен мектеп-ке мектептің дамуы мен «гимназия статусы» берілді. Осылайша, тәжірибесі мол, іскер басшы бұл мектепті де облыс аумағындағы үлгілі білім ошағы дәре-жесіне жеткізіп, «Шелек ауылындағы гимназия» атануына толық себепкер болды.


Мектеп педагогтары осы жетістіктердің барлығы талантты басшының өзіне де, өзгеге де талап қоя білуінің және үйлесімді ұйымдастырушылығының нәтижесі деп біледі.
Залдың безендірілуі:

А.Байтұрсыновтың портреті, кітап көрмесі, тақырыптық слайд, Ахмет шығарма-шылығынан салынған суреттер, «Ұлтын ұлықтаған ұлы тұлға» тақырыбындағы баннер.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет