Сабақ жоспары №11
Күні:
Тақырыбы:Ғасырлық туынды
М. Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы
|
Мектеп:
|
Мұғалімнің аты:
|
Сынып: 10
|
Қатысушылар саны:
|
келмегендер:
|
Оқу мақсаттары
|
11.3.1.1 шығарманы ғаламдық тақырыптармен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалау.
|
Сабақ мақсаттары
|
Шығарманың тарихи және көркемдік құндылығын бағалау.
|
Бағалау критерийі
|
Шығарманың тарихи және көркемдік құндылығын анықтап, бағалайды.
|
Дескриптор
|
Пайымдау сұрақтарына жауап береді;
Шығармадағы басты мәселелерді талқылайды;
Үзіндіні жалғастырып сюжетті әңгіме жазады.
|
Құндылықтарды дарыту
|
Ұлттық және адами құндылықтарға деген құрмет;
Шығармашылық.
|
Пәнаралық байланыс
|
Тарих «Абай жолы» эпопеясындағы көркемдік-тарихи шындық
https://baribar.kz/student/1950/abay-zholy-epopeyasyndaghy-koerkemdik/
|
АКТ қолдану дағдылары
|
Алашты әлемге паш еткен «Абай жолы»
https://turkystan.kz/article/23816-alashty-lemge-pash-etken-abaj-zholy
|
Осыдан бұрын алған білім
|
Алдыңғы сабақта шығарманы әлемдік әдебиет тақырыптарымен байланыстыра талдап, өз көзқарастарын ортаға салып, бір-бірімен ой алмасты.
|
Жоспар
|
Уақыт
|
Жоспарланған іс-шаралар
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
|
Миға шабуыл
Оқушыларға «Абай жолы романындағы тарихи және көркемдік шындық» деректі мақаласы таратылады. Сынып оқушылары «Пайымдау сұрақтары» әдісі арқылы сұрақтарға өз көзқарастарын мақаладағы мәліметтермен байланыстыра отырып жауап береді.
«Абай жолы» роман-эпопеясы туралы қосымша қандай тарихи деректер, ақпараттар білдіңіздер?
Шығарманың жанрлық тұрғыдан осы тақырыпқа жазылған ғаламдық тақырыптармен ортақ ұқсастығы қандай ?
Шығарманың көркемдік құндылығы туралы қандай ой түйдіңіздер?
|
Мәтін , стикерлер, түрлі-түсті қарындаштар.
«Абай жолы» эпопеясындағы көркемдік-тарихи шындық
https://baribar.kz/student/1950/abay-zholy-epopeyasyndaghy-koerkemdik/
|
Сабақтың ортасы
|
ТЖ. «Айналмалы бекеттер» әдісі
Талқылау тақырыптары:
XІX ғасырдың ІІ жартысындағы қазақ халқы мен XXI ғасыр қазағының болмысын шығарманы негізге ала отырып салыстырыңыз.
Шығарманың тарихи және көкемдік құндылығы неде? Баға беріп айтыңыз.
Көзқарасыңызды нақты дәлелдер келтіре отырып білдіріңіз.
1. Оқушылар берілген тақырыптарға сүйеніп, мәселені, тақырыпты тереңнен, жан-жақты қамтуға тырысады.
2. Сынып бөлмесіне шығармадан алынған үзінділер мен тақырыптар ілінген қағаз және түрлі-түсті қаламдар бар бекеттер қойылады (оқушылар қалам түстеріне қарай топқа бөлінеді, әр топтың әр түсті қаламы топтың жұмысқа қосқан үлесін анықтайды).
3. Әр топ өз бекетінің жанына орналасады. Берілген тақырып пен проблеманы талқылап, өз идеяларын газетке немесе тақтаға жазу үшін топтарға 5 минут уақыт беріледі. Уақыт аяқталғаннан кейін топтар жаңа бекеттерге көшеді, ол бекетте бұған дейін болған топтардың идеяларын негізге ала отырып, талқылауды жалғастырады. Барлық топтардың бекеттерден өтіп, өзгелердің түсініктемелерін қарастыруға 5 минут беріледі. 5 минуттан кейін топтар бекеттерін ауыстыруы шарт.
Шығармамен жұмыс кезеңі
3-тапсырма
«Соңғы сөзді мен айтайын» тәсілі арқылы
шығарма үзіндісін жалғастырып, сюжетті әңгіме жазыңыз. (тыныс белгілеріне ерекше назар аударыңыз)
«Абай балтаның жыры тоқтап, салқын кеңес басталғанын көрген соң есіктен қайта бұрылды. Осы уақытта Қаратай ауыз үйге шығып, Ызғұтты мен Майбасарды шақырып ап:
- Татулық болды, татуластырды! Алшекең мен Баймұрын екі жақтың да бар сөзіне ие боп өздері сөйлеп, өздері шешіп отыр. Осылай етіңдер деп мырза да, Бөжей де ерік беріп еді! – деді.
- Ал байлау не болды?... Тынымы не болған екен?..- деп, Майбасар да ентелей түсті.
- Тынымы да өзгешелеу болды , білем... Араларың алыс болса, қыз алысып, құда болыңдар дер едік. Ағайынсың, жақынсың, бірақ сол жақындығың қайта жаңғырсын! Екеуің бала алсыңдар! Бөжей Құнанбайдан бала ауысып, бауырына салсын. Сүйтіп, иістерің аралассын! – десті.
- Осыған тоқтасты ма?
- О не қылған бала?... Өзінен туған бала ма? – деп, Майбасар, Жақып қайталай сұрасып еді...
- Тәйірі, айттым ғой!... Өз баласы!... Асырауға алады!...- деп, Қаратай асығып қайта кетті.
Абай мына байлауға қатты аңырып, аң-таң болумен бірге, ішінен бір түрлі түршігіп қалды.
- - Қай бала?... Кім беріледі?... Оспан ба, Смағұл ма?...- деп, еркек балалар беріледі екен деп ойлады. Жаңағы атаған екі інісінің ешқайсысын да ана қойнынан алып, өзге жаққа жіберуге қиятын емес... »
Бағалау дескриптор бойынша жүзеге асады. (топтық бағалау)
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |