Сабақ модуль Отандық мәдениет тарихы Тақырып Жаһандану аясындағы қазақ мәдениеті



Дата06.01.2022
өлшемі19,36 Kb.
#15792
түріСабақ
Байланысты:
мәдениеттану 14 апта


Практикалық сабақ 9 

Модуль 3 Отандық мәдениет тарихы 

Тақырып 9 Жаһандану аясындағы қазақ мәдениеті 

Сұрақтар және тапсырмалар 

1. Жастар субмәдениеті және рухани, моральдік, эстетикалық және діни құндылықтар. 

2. Қазақ жазушыларының шығармаларындағы ұлттық жады және мәңгүрттік тақырыбы.

 3. Экологиялық мәдениет. Қазақстандықтардың экологиялық мәдениетінің қалыптасуы мен дамуы. «XX-XXI ғғ. Батыс Еуропадағы жастар субмәдениеті және оның қазақстандық жастардың құндылықтар жүйесіне тигізетін әсері» тақырыбында презентация дайындау.

1 сұрақ


Бүгінгі күнде еліміздің үштен бір бөлігін құрайтын жастар - келешек қоғамның жарқын болашағын қалыптастыратын стартегиялық мақсаттарды жүзеге асырушысы екені мәлім. Сондықтан жастардың білімді...

Бүгінгі күнде еліміздің үштен бір бөлігін құрайтын жастар - келешек қоғамның жарқын болашағын қалыптастыратын стартегиялық мақсаттарды жүзеге асырушысы екені мәлім. Сондықтан жастардың білімді, дәстүрмен қатар өз заманнның озық діни құндылықтарын меңгерген, бәсекеге қабілетті болғаны абзал. Осы тұста жастардың дұрыс әлеуметтенуімен қоса ұлттық құндылықтарда тәрбиеленудегі маңызы зор.

Жастар халықтың қоғамдық белсенді бөлігі және тәуелсіз еліміздің болашақ дамуы үшін стратегиялық ресурсы болып табылады. Жастардың мемлекет мүддесі мен мемлекеттің болашақта дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндіктері бар зияттылық және рухани саналы тұлғаның қалыптасу қажеттілігі аясында айқындалады.Қазақстан Республикасының мемлекеттiк жастар саясатының негiзгi мақсаттарының бірі ол жастардың әлеуметтiк дербестігі, дәстүрлі діни құндылықтарды тұлғалық қалыптасуын жүзеге асырумен қоса, құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық жағдайларды жасау және нығайту болып табылады. Жастар саясатын жүйелі жүргізу қажеттілігі өзінің әлеуметтендіру процесінде жас адамның кезігіп отыратын өмір қиыншылықтарымен айқындалады. Жастар өзінің біліктілігі және кәсіби даярлығы деңгейінің төмендігіне байланысты халықтың аз қорғалған бөлігі болып табылады.

ҚР Президенті Н.А.Назарбаев өзінің Қазақстан халқына арнаған 2012 жылғы  «Әлеуметтік-экономикалық дамуды жаңғырту – Қазақстанның басты бағыты» атты Жолдауында қазіргі қазақ жастарының құндылықтық бағдарларындағы ұлттық құндылықтардың рөлін анықтап берді.

Әлемдегі ғаламдану үдерісі, қоғамның рухани адамгершілікті қамтитын мәдениеттердің өзара байланысы және этномәдени дәстүрлер мен жалпыадамзаттык құндылықтардың құрамды бөлігі ретіндегі ұлттық құндылықтар негізінде тұлғаны қалыптастыруды алдыңғы қатарға шығарады. Бұл тұрғыдан рухани адамгершілігі қалыптасқан ұрпақты тәрбиелеуде ғасырлар бойы жинақталған өмірдің мәні туралы халықтың мәдени мұраларын, даналық ұлағаттарды пайдалануы жоғары деңгейде маңызды болмақ.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында, Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Қазақстан халкына Жолдауында, «Білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында», «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында», «Гуманитарлық білім беру тұжырымдамасында» ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде тұлғаның қалыптасуы мен дамуы үшін жағдайларды туғызу туралы қажеттілігін атап көрсеткен.

Ел Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында: «Біздің ғылыми және шығармашылық әулетіміздің деңгейі жоғары, білім өрісі биік халқымыз бар... Біз қолымыздағы осындай баға жетпес қазынаны жан-жақты танытуға және оның дамуы үшін барған сайын жаңа әрі неғұрлым өркениетті жағдай туғызуға тиіспіз» деп, рухани байлығымыздың қорын байыта түсу шаралары жүзеге асырылуда.

Осы тұрғыдан алғанда, ұлттық құндылықтарымызды бүгінгі заман сұранысымен сабақтастыра байланыстырып, оқу-тәрбие үдерісіне өндіруіміз қажет. Ал бұл ұлттық құндылықтарды өскелең ұрпақтың бойына сіңіртуге, сондай-ақ, ғылыми тұрғыда негізделген білім берудегі қоғамдық пәндердің алатын орны ерекше. Әсіресе, дінтану, тарих, мәдениеттану, қоғамтану пәндері ұлттық мұраларымыздың негізгі насихаттаушысы, жаршысы десек қателеспейтініміз анық. Халқымыздың атадан балаға ғасырлар бойы там-тұмдап жинақтаған рухани қазынасы тоқырау, тоталитарлық жүйе, кеңес өкіметі кезеңдерінде күйзеліске түсіп, тұншықтырылды. Сол қиын кезеңдерде халқымыз өзінің мәдени және діни құндылықтарынан ажырап қалды. Қиын қыстау заманында ұлттық құндылықтарымыз, салт-дәстүрлеріміз жеткілікті деңгейде бағаланбады. Сондықтан білім беру жүйесінің барлық деңгейлерінде, соның ішінде арнаулы орта білім беру ұйымдарында ұлттық құндылықтар тұрғысынан дінтану, мәдениет саласы жағынан білім беру, жас жеткіншектердің ұлттық сана-сезім түсініктерін кеңейту, оларды өз халқының ұлттық мұраларын қастерлеп, сақтай білуге үйретуіміз қажет.

Қорытындылай келе дәстүрлі дініміздің, әр бір ұлттың ерекшеліктерін ескеріп, салт-дәстүрімізбен құндылықтарымыздың озығын негіздей отырып, қоғамға оң көзқарасты тәлім ұсыну әр бір азаматтардың міндеті екенін ұмытпауымыз керек. Сол үшін бабалардан келе жатқан рухани мәдениетімізді әрі қарай жалғастыруымыз керек.

2 сұрақ


Қазақ прозасындағы мәңгүрттік тақырыбы әртүрлі уақыт ағымына және қаламгер шеберлігіне байланысты бірде эпизод, бірде көркемдік деталь, кейде символ, тұспалдау ретінде пайдаланылды. Ә.Кекілбаев, Ш.Айтматов сынды қаламгерлер психологиялық талдау, миф пен ақиқат шындықты ұштастыру, аңыз әңгімелерді қолдану тәрізді көркемдік әдіс-тәсілдерді игерді. Бұл орайда олар «әлем халықтарының талай ғасырларды, мыңдаған жылдарды қамтитын ақыл-ойының інжу-маржандарына жүгінді. Уақыт пен кеңістікке орай, өткен мен бүгінді, бүгін мен болашақты байланыстыра қарап, жаңа көзқараста көркем туындыларды дүниеге әкелді. Халықтық фольклор мен мифтік мотивтер жазушылар шығармаларының көркемдік бояуын әрлендіре түсті» [1, 13б.]. Аталмыш тақырыпты ХХғ. 60-70 жылдары өз шығармаларында игерген қаламгерлер Ә.Кекілбаев пен Ш.Айтматов мәңгүрттік туралы аңызды идеялық нысанына қарай қолданғанын байқаймыз. Əдебиетші ғалым Ж.Дүйсенбаева да осы мəселе төңірегінде нақты баяндайды [2,13б.]. Бұған қырғыздың белгілі сыншысы, əдебиеттанушы ғалым, академик Абылдажан Ахметалиев ««Мəңгүрт» кімдікі?» [3,23б.] деген мақаласында мәселе мəңгүрт жайындағы аңызды кім бірінші болып қолданғанында емес, сол дерек-аңызды кім бүгінгі тірлігімізге сай жаңаша дамыта алды деген тұрғыда жауап іздейді. Сондай-ақ ғалым Ж.Аймауытовтың мəңгүрт туралы ойды «Манас» эпосынан алғанын да сөз соңында айта кетіп, жырдың қырғыз тіліндегі нұсқасы мен орысша аудармасынан мысал келтіреді. А.Ахметалиев бұл аңыздық-деректі Ə.Кекілбаев өзінің «Дала балладаларында» жəне түркімен жазушысы Ш.Жұмагелдиев «Жоғалғандар» романында тек қана көркемдік деталь түрінде ғана алып, ал Ш.Айтматов қайтадан əдеби өңдеуден өткізіп, оны жаңаша жазып, оған жаңаша əр қосып, терең философиялық қорытынды жасағанын айтады. Ә.Кекілбаев мәңгүрттік туралы ескі аңызды қайта жаңғыртып, қайта баяндап қана қоймайды, оған философиялық, психологиялық реңк үстемелей отырып аңыздың әлеуметтік сипатын ашады. Бітімге келмей, тек қана жауласумен болған, өзара сыйыса алмай, ұғыса алмай өткен екі бауырлас жұрт талай тауқыметті бастан кешіріп, бірін-бірі кешіре алмайды. Автор талай замандар бойы қазақ даласы мен түркімен құмдарындағы зорлық-зомбылықтың неше алуан түрі: алып кету, шауып кету, жер дауы, жесір дауы, жазаның ең ауыр сұмдық түрі – мәңгүрт жасау сияқты аңыздық желілерді шебер қолдана білген. Сондай-ақ байырғы кездегі қоғамдық қарым-қатынастардың қандай сипатта дамығандығынан хабар беру үшін, қазақ пен түрікмен арасындағы жаулықтан қарапайым жандардың жапа шеккенін көрсету үшін де осы аңыздық желіге екпін түсірген.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет