Сабақ тақырыбы: Екінші реттік жыныс белгелері, жыныстық жетілу. Биологиялық және әлеуметтік жетілу



Дата07.04.2022
өлшемі176,73 Kb.
#30226
түріСабақ

Сынып: 9

Пән: Биология



Оқу мақсаты: Жыныстық жетілу кезеңіндегі екінші реттік жыныстық белгілердің дамуын сипаттау

Сабақ тақырыбы: Екінші реттік жыныс белгелері, жыныстық жетілу. Биологиялық және әлеуметтік жетілу

Жыныс бездерінің сырттай секреторлық қызметі


Аналық

(жұмыртқа жасушалары)

Аталық (сперматозоидтер)

Аталық жыныс гормондары

  • Тестостерон және т.б. андрогендер екінші реттік жыныс белгілерінің (бірінші реттік жыныс белгілері – сыртқы жыныс мүшелерінің құрылысындағы айырмашылықтар. Олар ең бірінші, яғни туған сәттен бастап көрінеді) қалыптасуына әсер етеді. Осы гормондар әсерінен қаңқа, шеміршек пен бұлшық ет, сонымен қатар көмей шеміршегі белсенді дамиды. Ер адамдардың көмейі үлкен (44 мм), дауыс байламдары ұзындау, сондықтан көбінесе дауысы жуан болады.

Аналық жыныс гормондары

  • Эстрадиол, прогестерон және т.б. Бетте түктің болмауына әсер етеді. Әйелдің көмейі кішкентай (36мм), дауыс байламдары қысқа, олардың тербелестері жиі, сондықтан дауысы жіңішке. Қаңқасы мен бұлшық етінің даму ерекшеліктері: жамбас сүйектері жалпақ, ал кеуде қуысы мен иығы керісінше қарқынды дамымайды (бірдей дене жүктемесі және жаттығу кезінде).

Жасөспірімдер мен қыздардың жыныстық жетілуі

Жасөспірім кезеңінде (қыз балада 11-15 жаста, ұл балаға 12-16 жаста).

Өтпелі кезең еш қиындықсыз өтуі үшін бір-біріңе, мұғалімге, ата-аналарыңа қайырымды, әдепті болуға тырысыңдар.Көп нәрсе үйренуге, түрлі салада өздеріңді шығармашылық тұрғыда көрсетуге тырысыңдар.

  • Биологиялық жетілу ағза физиологиялық тұрғыда көбеюге дайын бол,ан кезден басталады.
  • Әлеуметтік жетілу – бұл физиологиялық емес, психологиялық түсінік.
  • Кестеге екінші реттік жыныс белгілерді жазыңыз.

Аналық

Ортақ белгілер

Аталық

А. Бой мен салмақтың өсуі

В. Жамбас сүйегінің құрлымынының өзгеруі

С. Кеуде мүшелерінің ұлғаюы

D. Қолтық асты шаштың қалыптасуы

Е. Дауыс ырғағының жуандауы

F. Алғашқы мұрт пен сақал өсінділерінің қалыптасуы

Деекриптор

- Жыныстық жетілу кезеңіндегі екінші реттік жыныстық белгілерді ажыратады.


Биологиялық диктант

  • Эстрадиол, прогестерон бетте түктің болмауына әсер етеді...
  • Жасөспірім кезеңінде (қыз балада ... жаста, ұл балаға ... жаста).
  • Бірқалыпты, өзіне сенімді, айтқан сөзге берік жіне алға қойған мақсатқа жету...
  • Ағза физиологиялық тұрғыда көбеюге дайын бол,ан кезден басталады...
  • Заманауи адам ерекшеліктерінің бірі...

Үй тапсырмасы

  • §46. Екінші реттік жыныс белгелері, жыныстық жетілу. Биологиялық және әлеуметтік жетілу.
  • Хабарлама дайындап келу


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет