Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
4.2.2.4. Жануарлар мен өсімдіктердің өзара байланысы туралы білу, жануарлардың өзара қарым-қатынас түрлерін сипаттау, оларды түрлі белгілері бойынша топтарға жіктеу.
Сабақ мақсаттары
Барлық оқушылар: Жануарлар мен өсімдіктердің өзара байланысы туралы біледі, жануарлардың өзара қарым-қатынас түрлерін сипаттайды, оларды түрлі белгілері бойынша топтарға жіктей алады.
Көптеген оқушылар:Түрлі жануарлар қалай қоректенетінін біледі, өз өлкесіндегі мекен ететін жануарларды біледі.
Кейбір оқушылар: Жануарлардың тіршілік ортасындағы жағдайлардың, адамның іс-әрекетінің жануарлардың санының азаюына әсер ететінін біледі.
Оқушылар жануарлардың өсімдікқоректі және жыртқыш болатынын, қоректік тізбек және оның әр буыны сақталуының маңызын түсінеді.
Тұрғылықты жердегі жануарлар туралы көп білуге ынталанады. Жануарлардың табиғаттағы орнын түсінеді және оларды сақтаудың жолы мен амалдары туралы біледі.